Country report цифрлық медиалар картасы


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет44/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
9 8
қоғамның  өкілдері  оның  мазмұнына  жəне  қабылдануының  асығыстығына  қатысты  өздерінің  
алаңдаушылықтарын білдірді.
ARTICLE 19 Халықаралық құқық қорғау ұйымы аталған заң жобасына талдау жасай келе, оның 
«үкіметтің  араласуына  көз  жұма  қарайтынын  жəне  жеке  құқықтардың  қамтамасыз  етілуіне 
кепілдік жоқтығын, сондай-ақ «хабар тарату туралы заңнаманы қолдануға қатысты дискрециялық* 
өкілеттіктерді қоса беріп, үкіметті реттеушіге айналдырып, «хабар тарату саласында мемлекеттік 
бақылауды күшейтетінін» атап көрсетті.
241
Есептемеде  «үкіметтің  хабар  таратуды  басқару  мен  бақылау  саласындағы  бұл  өкілеттіктері 
Қазақстанның БАҚ бостандығын алға ілгерілету жəне қорғау жөніндегі міндеттемелеріне қарама-
қайшы  болып  отырғаны»  атап  көрсетілген.
242
  Сарапшылардың  пікірінше,  заң  жобасындағы 
негізгі  кемшіліктер  төмендегідей:  хабар  тарату  саласындағы  бақылау  жасау  өкілеттіктерінің 
үкіметтік органға берілуі; уəкілетті органның қоғам алдындағы есептілігін талап етудің болмауы; 
плюрализмнің  хабар  таратуды  реттеудің  негізгі  ұстанымы  ретінде  танылмауы;  редакциялық 
тəуелсіздікті  қорғау  кепілдіктерінің  жоқтығы;  хабар  таратушылар  үшін  теңдей  мүмкіндіктерге 
кепілдік беретін ережелердің болмауы; шетелдік БАҚ-тарды бақылау бойынша кең өкілеттіктер; 
мемлекеттік  хабар  таратудың  басымдық  алуы  жəне  қоғамдық  БАҚ  туралы  заң  нормаларының 
болмауы.
  
«Интерфакс-Қазақстан»  ақпараттық  агенттігіне  берген  сұхбатында  Қазақстанның  Медиа 
одағының, БАҚ мүдделерін қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар коалициясының  төрағасы 
Əділ Жəлилов:
«Бұл заңның салдарлары қазақстандық теледидар үшін де, қазақстандық көрермен үшін 
де, күллі индустрия үшін де қауіпті. Жалпы алып қарағанда, оны əзірлеушілердің жалғыз 
ғана мақсаты – қазақстандық теледидарды мемлекеттік жəне мемлекетті қолдаушы, 
«қолға үйретілген» етіп шығару», – деп мəлімдеді.
 
Ол  ел  президенті  Н.Назарбаевтың  бұл  заңға 2012 жылдың  қаңтарында  қол  қойғанын,  бірақ 
түпкілікті редакциясының əлі жарияланбағанын көрсете келе, заң қабылданған кезде шешімдердің 
ашықтығының, айқындығының төмен дəрежеде болғанын сынға алды.  Жəлилов мырза сонымен 
қатар  заңда  қоғамдық  теледидар  туралы  ережелердің  де  жоқтығын  көрсетіп,  қоғамға  есеп 
берушіліктің болмағанына налитынын білдірді:
«Бізде  заң  бойынша  теле-радио  хабарларын  тарату  мəселелері  жөнінде  комиссияның
болуы көзделген, бірақ оның кеңес беру жəне кеңесу сияқты ғана қызметтері бар, бəрібір 
онда  мемлекет  жеке-дара  үстемдік  етеді».  Қорыта  келе,  Жəлилов  мырза  бұл  заңның 

Дискреция – лауазымды тұлғаның немесе мемлекеттік органның өз қарауы бойынша шешім қабылдауы.
241  ARTICLE 19, «Қазақстан: «Теле-радио хабарларын тарату туралы» Заң жобасы, 2011 жылдың қыркүйегі, 2-т., http://www.arti-
cle19.org/data/fi les/medialibrary/2733/11-09-14-Kazakhstan-legal-analysis-RUS.pdf (қолжетімді күн: 2013 ж. 10 қаңтар). (Ары қарай 
– Article19, «Қазақстан: «Теле-радио хабарларын тарату туралы» Заң жобасы»).
242 Article19, 
«Қазақстан: «Теле-радио хабарларын тарату туралы» Заң жобасы».


9 9
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
«отандық теленарықтың сапасы жағынан нашарлап, айтарлықтай қысқаруына» себеп 
болатынын  айтты:  «Жеке  меншіктегі  телеарналар  да,  плюрализм  мен  сын  да  азаяды,  
теледидарда  шығармашылық,  инновациялық  жобалар  да  аз  болады.  Есесіне,  жалпы, 
паралардың саны артады».
243
Басқа қарсыластар 43 баптан тұратын жəне заңдық күші бар 20-дан астам актіні қарастыратын 
«Теле-радио  хабарларын  тарату  туралы»  ҚР  Заңының  тым  күрделі  екенін  айтады.  Жақсыбаева 
ханым  заңды  «өте-мөте  жалпылама»  деп  атайды: «Теле-радио  хабарларын  тарату  туралы» 
Заңның азаматтық қоғамның сараптамалық пікірін ескеріп əзірленгеніне қарамастан, заңдық күші 
бар актілер оның қатысуынсыз  жасалады».
244
 Белгілі медиа-заңгер Игорь Лоскутовтың ойынша, 
«уақыт бұл заңды нағыз сынаққа алады. Қазір оның ықпалы туралы айту ертерек, өйткені заңдық 
күші бар актілер əлі қабылданған жоқ».
245
7.1.1.1. Қол жеткізу жəне қолжетімдік
2010  жылы  үкімет  цифрлық  форматта  хабар  таратуға  көшудің  бірнеше  сатыда  жүзеге 
асырылатынын, оның үстіне, алдымен жерсерік арқылы хабар таратуды енгізу басталып, 
екінші  сатыда  жерүсті  хабар  тарату  инфрақұрылымы  орнатылатынын,  ал  үшінші 
сатыда цифрлық арналар мен бағдарламаларға жалпыхалықтық қолжетімдік болатынын 
жариялады.  Бірінші  саты 2009-2010 жылдары  жерсеріктік  теледидардың  жекеменшік 
операторы «Кателко Плюс»  дабыл берудің жерүсті желісінің ұлттық операторы болып 
табылатын  «Қазтелерадио»  АҚ-ымен  біріккен  кезде  басталды. «Қазтелерадио»  АҚ-ы 
кейіннен «Otau TV»  деп  аталатын  жаңа  брендті  іске  қосып,  алыс  ауылдық  жерлерде 
жалпыұлттық  телеарналарды  қабылдауды  қамтамасыз  ету  міндетін  алдына  қойды 
(2.1.2-тармақты қараңыз). Цифрлық форматта теле-радио хабарларын таратуға көшудің 
бірінші кезеңінің аяқталғаны 2011 жылғы қаңтарда ресми түрде жарияланды.
246
 
Көлік  жəне  коммуникациялар  министрлігінің  ақпараты  бойынша, 2012 жылдың 
қарашасында «Otau TV-ға» жазылушылардың саны сол жылдың мамырындағы 130 мыңнан 
асып, 200 мыңға жеткен.
247
 Бұл – бұрын ұлттық арналардың дабылдарын қабылдамаған 
617 елді мекендегі қосымша 5 500 үй шаруашылығы деген сөз.
248
 
243 «Интерфакс-Қазақстан»,  Қазақстанның  Медиа  одағының  төрағасы  Əділ  Жəлилов: «Бұл  заңның  салдарлары  қазақстандық 
теледидар үшін де, қазақстандық көрермен үшін де, күллі индустрия үшін де қауіпті», 2012 жылғы қаңтар, http://www.interfax.
kz/?lang=rus&int_id=13&category=exclusive&news_id=140 (қолжетімді күн: 2013 жылғы ақпанның 11-і).
244  Қазақстан  ұлттық  теле-радио  хабарларын  таратушылар  қауымдастығының  атқарушы  директоры  Ш.Жақсыбаевамен  сұхбат. 
Алматы, 2012 жылғы  маусым.
245  Медиа-заңгер, «ЮрИнфо» ЖШС-інің директоры И.Лоскутовпен сұхбат, Алматы қ., 2013 жылғы қаңтардың 14-і.
246 Khabar.kz, 
«Назарбаев жерсерік арқылы хабар таратудың ұлттық желісін іске қосты». 2011 жылғы  қаңтардың 18-і, http://www.
khabar/kz/rus/politics/Nursultan_Nazarbaev_ zapustil_nationaljnuju_ seti_sputnikovogo_veshtanija.html (қолжетімді күн: 2012 жылғы 
маусымның 12-сі).
247  Otautv.kz,  «Қазақстанның 420 елді мекені цифрлық теледидарға қол жеткізді», http://otautv.kz/?page_id=51& id=743 (қолжетімді 
күн: 2013 жылғы қаңтардың 8-і). 
248 Kazteleradio.kz, 
«Отау  ТВ»  абоненттерінің  саны 130 мың  адамнан  асты», 2012 жылғы  мамырдың 31-і, http://kazteleradio.kz//
rus/2012/05/31/ (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 9-ы).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау