Country report цифрлық медиалар картасы


 7 « А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет21/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54

4 7
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
деген жауап алдық. «Өкінішке қарай, бүгінгі таңда оған саяси ерік-жігер жоқ», – дегенді 
қоса айтты М.Елшібаева ханым.
87
Қазақстанда  қоғамдық  теледидар  құру  туралы  ресми  тұлғаларға  жүгінген  сəтсіз  əрекеттерден 
кейін,  медиалық  үкіметтік  емес  ұйымдар – «Internews Kasakhstan», «MediaNet» Халықаралық 
журналистер орталығы, «Əділ сөз» қоғамдық қоры жəне Қазақстан Ұлттық теле-радио хабарларын 
таратушылар    қауымдастығы – бұл  мəселеде  саяси  ерік-жігердің  жоқ  екені  туралы  пікірлеріне 
беки түсті.
2.2.2. Коммерциялық БАҚ-тар негізінде қоғамдық хабар тарату
Қазақстанда қоғамдық хабар тарату қызметін реттеп отыратын заңнамалық база жоқ. Тиісінше, 
коммерциялық  БАҚ-тарға  өздерінің  негізінде  қоғамдық  теледидар  құруға  мүмкіндік  беретін 
қандай да бір ережелер де жоқ.
  
Бірақ  бəрібір  осындай  нормалардың  қолданылып  жүрген  заңнамаға  енгізілуін  жақтаушылар 
бар.  Ш.Жақсыбаева  ханымның  ойынша,  қазіргі  қалыптасып  отырған  жағдайда  коммерциялық  
телеарналарға  дербес  қоғамдық  БАҚ  құруға  əрекеттенгеннен  гөрі,  қоғамдық  бағдарламалар 
өндіріп,  таратқандары  үшін  мадақтау  жүйесін  ұсыну  ақылға  қонымдырақ  болар  еді.  Ол: 
«Менің ойымша, бұл үлгі – мейлінше іске асыруға тұрарлық үлгі. Егер қоғамдық хабар тарату 
коммерциялық теледидардың негізінде құрылатын болса,  мемлекет контентпен көмектесер еді, 
ал бұл бүкіл қоғамға пайдалы болмақ», – деді.
88
2.3.  Қорытынды 
«Теле-радио  хабарларын  тарату  туралы»  Заңның  қарсыластарының  ойынша,  цифрлау 
электрондық  БАҚ-тарды  бақылауды  күшейтудің  себебіне  айналды.  Жерсеріктік  хабар  таратуға 
орасан көп қаражат салынып, мемлекеттік телеарналардың көпшілігі артықшылықтарға ие болған 
пакеттер  құрылды.  Мемлекеттің  тікелей  қатысуымен  салалық  телеарналардың    теңдессіз  көп 
саны іске қосылып, олар нарықтың басқа ойыншыларын ығыстырып, сол бойда міндетті пакеттің 
(ағылшынша – must-carry) құрамына кіріп үлгірді.
 
Плюрализмнің  дамуына  лицензия  беру  ережелеріндегі  жаңа    өзгертулер  кедергі  жасай  алуы 
мүмкін. Бұл, сірə, шетелдік жəне коммерциялық БАҚ-тардың жұмысын қиындатар, əрі іс жүзінде  
телекөрермендердің  көруіне  қолжетімді  бағдарламаларды  қысқартуы  да  кəміл.  Аналог  хабар 
тарату дəуірінде коммерциялық БАҚ-тарға соттың шешімімен ғана қайтарылып алынуы мүмкін 
87 «Internews Kasakhstan» атқарушы директоры Маржан Елшібаеваның сұхбаты, Алматы қаласы, 2012 жылғы мамырдың 24-і.
88  Қазақстан Ұлттық теле-радио хабарларын таратушылар қауымдастығының атқарушы директоры Ш.Жақсыбаевамен сұхбат, 2012 
жылғы ақпанның 15-і.


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
4 8
мерзімсіз лицензиялар берілетін. Цифрлау заманында бұл лицензиялар есепке қою куəліктерімен 
ауыстырылатын болады.
Қазақстанда  қоғамдық  хабар  таратуды  заңнамалық  тұрғыда  реттеу  жоқ.  Мемлекеттік  БАҚ-
тарды қоғамдық БАҚ-тарға ауыстырудың мүмкіндіктері осы мəселе көтерілген 10 жыл бұрынғы 
мүмкіндіктерге қарағанда аз.  Саяси ерік-жігердің болмауы себепті қазіргі қалыптасып отырған 
жағдайда  медиалық  ҮЕҰ  (үкіметтік  емес  ұйымдар)  Қазақстанда  қоғамдық  хабар  таратудың 
құрылу мүмкіндіктеріне шүбəланып қарайды.


4 9
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
3. Электрондық БАҚ жəне қоғам
3.1.  Пайдаланушылық контент
3.1.1. Пайдаланушылық контентке шолу
Пайдаланушылық  контент  (ағылшынша user-generated content – UGC) қазақстандық  интернет 
пайдаланушылар  ерекше  ықылас  танытатын  шетелдік  те,  жергілікті  де  сайттарда  орасан 
көп  беріледі.  Дүние  жүзіндегі  ең  танымал  сайттардың  барлығында  қандай  да  бір  дəрежеде 
пайдаланушылық контент бар, ал олардың тең жартысы толықтай UGC-сайттар болып табылады.
89
  
Сол  сияқты,  ең  көп  пайдаланылатын    домен.kz-тің 10 сайтында  пайдаланушылық  контенттің 
елеулі үлесі бар.
Соңғы  бірнеше  жыл  ішінде  де,  есептемені  жариялау  кезінде  де  қазақстандық  интернет  
пайдаланушылар арасында кең танылған сайттардың алғашқы 10-дығында, Alexa.com рейтингінің 
деректері бойынша, шетелдік UGC-сайттар басым; олардың ішінде: ресейлік Mail.ru,  америкалық 
Google басқаратын 5 іздестіру машинасы: ресейлік Yandex  іздестіру жүйесі; америкалық бейне-
хостинг YouTube жəне  үш  əлеуметтік  желі – Vkontakte, Odnoklassniki, Facebook бар.  Алдыңғы 
10-дықтың ішінде əр кездері қазір 11 орында тұрған Wikipedia.org. жиі-жиі көрініп жүр.
Аса  танымал 10 сайттың  бесеуін  америкалық  компаниялар  басқарады  немесе  солармен 
біріккен,  қалған  бесеуі – ресейлік  компаниялар. Google.kz пен  Yandex.kz қазақстандық  домен 
атауын  пайдаланғанмен,  америкалық  жəне  ресейлік  иеленушілерге  тиесілі. Google мен Yandex 
қазақстандық  пайдаланушыларды .com сайты  доменінен .kz доменіндегі  өздерінің  сайттарына 
автоматты түрде қайтадан жолдай қояды, сондықтан іс жүзінде қанша пайдаланушысының Google.
com-ға емес, нақ осы Google.kz-ке енгісі келетінін анықтау мүмкін емес. Өз кезегінде, бұл ақпарат 
Казнеттің  пайдаланушыларының  ақпараттық  таңдауларын  зерттеуде  ерекше  қызығушылық  
тудырады. Alexa.com рейтингінде 12 жəне 13-орындарды иеленіп отырған танымал қазақстандық 
екі сайт – Kolesa.kz  пен Nur.kz аса танымал сайттардың ондығына кірмейді.
90
  
89  Қазақстандық  пайдаланушылар  кіретін  сайттардың  онлайн-трафик  статистикасы, http://www.alexa.com/topsites/countries/kz 
(қолжетімді күн: 2011 жылғы наурыздың 29-ы).
90  Alexa.com. http://www.alexa.com/topsites/countries/kz (қолжетімді күн: 2012 жылғы  қазанның 15-і).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау