3 1
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
1.3.1.2. Теледидар
Аса танымал телевизиялық жаңалықтар арналарының бірі болып акцияларының 80%-і –
Қазақстан үкіметіне, 20%-і Ресей Федерациясы үкіметіне тиесілі «Бірінші арна «Еуразия» арнасы
саналады.
54
Іс жүзінде мемлекетке қарасты бола отырып, ол Ресейдің «Бірінші арнасының»
бағдарламаларын қайталап шығаруды қазақстандық түпнұсқалық контентпен үйлестіріп,
коммерциялық құқықтық мəртебесі мен сипатын сақтаған. Рейтингілері жоғары апталық «Апта
бейнесі» шоуы сияқты бағдарламалары бар жеке «КТК» арнасы да телекөрермендер арасында кең
танымалдыққа ие болып отыр. Басқа арналардың жаңалықтар бағдарламаларының таралу ауқымы
анағұрлым тар. «Хабар», «Қазақстан» секілді мемлекеттік жетекші арналар кең танымалдыққа
жете қойған жоқ (мемлекеттік арналар туралы
2.1.1-тармақта егжей-тегжейлірек айтылады).
Бұл үрдіс соңғы бірнеше жыл ішінде сақталып отыр: мемлекеттік жетекші телеарналардың
рейтингтері жеткілікті дəрежеде төмен, ал сол уақытта коммерциялық телеарналардың таралу
ауқымы анағұрлым кең.
MediaNet Халықаралық журналистика орталығы 2000 сауалнамаға жауап берушімен өткізген
сұхбат қазақстандықтардың веб-сайттарда (17,4 процент) немесе газеттерде (14,5 процент) жəне
журналдарда (2,5 процент) жарияланған, радиодан еститін (4,7 процент)
ақпаратқа қарағанда,
теледидардан алатын ақпаратқа анағұрлым көбірек сенетінін (44,7 процент) көрсетті. Сауалнама
нəтижесінде əртүрлі қалалардың тұрғындарының тілек-қалауларында елеулі айырмашылықтар
бар екені анықталды. Мысалы, Алматы тұрғындарының 39,6 проценті жаңалықтарды
теледидардан қадағалап отырады жəне сол үшін «КТК», «Бірінші арна «Еуразия», «Хабар» жəне
ресейлік: «НТВ», «Ресей» жəне «REN TV» арналарын қалайтын болса, ал Астана тұрғындарының
54 проценті: «Қазақстан», «Хабар», «Жетінші арна», «КТК» жəне «Бірінші арна «Еуразия»
арналарының бағдарламаларына ықылас танытады.
55
5-диаграмма
Республикалық жетекші телеарналар көрермендерінің ауқымы
(көрермендердің жалпы санының %-тік көрсеткіші), 2011 ж.
Дереккөз:
«TNS Central Asia», Телеарналар көрермендерінің ауқымы, 2011 ж.
54 Кабельдік операторлардың «Азия» халықаралық қауымдастығының төрағасы Антон Шинмен сұхбат, Астана, 2012 жылғы
қазанның 25-і.
55
Tengrinews, «Қазақстандықтардың көпшілігі баспа БАҚ-тарына қарағанда, теледидарға көбірек сенім артады», 2012 жылғы
шілденің 17-сі. http://en.tengrinews.kz/markets/Majority-of-Kazakhstan-citizens-trust-TV-more-than-printed-media-11523/ (қолжетімді
күн: 2012 жылғы қарашаның 12-сі).