Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
3 2
Елде ақпарат контентінің сапасы бойынша Батыстың танымал БАҚ-тарымен салыстыруға келетін
жаңалықтар корпорациялары жоқ, дегенмен қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары арасында
ойын-сауықтарға бағдарланған арналарға қарағанда, жаңалықтарға көп көңіл бөлетіндерді
ажыратып қарауға болады. Сөйтіп, мысалы, рейтингте екінші орын иеленіп отырған «КТК»
арнасы жаңалықтар бағдарламаларын жеткілікті дəрежеде сапалы жасайды. «Астана», 31-арна»
жəне «Жетінші арна» да сапалы жаңалықтар өндірушілер ретінде таныла бастады.
Жаңалықтарды
ең бір тəуелсіз жеткізуші саналып келген «31-арнаның» акцияларының 20 процентін 2008 жылы
Ресейдің ойын-сауыққа бағдарланған СТС медиа-холдингі сатып алған соң, жаңалықтар блогы
арнаның бағдарламалық жоспарынан шығып қалды. Алайда арнаның «Информбюро» деп аталатын
танымал кешкі жаңалықтар шолуы жабылғаннан кейін бірнеше ай өткенде, көрермендердің
талап етуі бойынша бұл бағдарлама эфирге қайтарылды. Бұған оның редакциясының тəуелсіздігі
белгілі бір дəрежеде ықпал еткені анық. 2012 жылдың қыркүйегінде «31-арна» «Час Бендицкого»
деп аталатын журналистік зерттеулердің жаңа бағдарламасын шығарды, оның продюсері де,
жүргізушісі де – бұрын «Время» газетінде жұмыс істеген тілші Геннадий Бендицкийдің өзі.
Керісінше, мемлекеттік «Хабар» мен «Еларна» телеарналары көрермендер ауқымын кеңейту
үшін, комедиялық жəне ойын-сауық шоуларын өндіруге лицензиялар сатып алуға көп ақша
жұмсады. Сөйтіп, ақпараттарды беру əдісі мен мəнері бойынша олар коммерциялық арналарға
көбірек ұқсап бара жатыр.
1.3.1.3. Радио
Қазақстанда радио жаңалықтар беруге емес, көбінесе ойын-сауыққа бағытталған бұқаралық
ақпарат құралы ретінде танылған. Əдетте, радиода ойын-сауық бағдарламалары өте қысқа түрде
жаңалықтар беру үшін тоқтатыла тұрады. Ол үшін көбінесе ақпарат агенттіктерінің материалдары
пайдаланылады. Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Баспа жəне электрондық
БАҚ кафедрасының доценті Светлана Велитченко Медиа-құрылтай-2011-де, қазақстандық
жетекші кəсіби сұхбат алаңында сөйлеп: «Радио тыңдаушыларға біз ештеңе ұсына алмаймыз.
Іс жүзінде бірде-бір бағдарлама жоқ, көңіл көтеретін хабарлар мен музыка ғана бар. Кез келген
беделді радиостанцияларда бар ток-шоулар Қазақстанда мүлдем жоқ», – деп мəлімдеді.
56
2010 жылы іске қосылған «Tengri FM» радиостанциясы «Tengrinews.kz» «Vesti.kz»
жаңалықтар
сайттарымен, ұлттық «Жетінші арна» телеарнасымен жəне «Алаш-Медиа-Групп» медиа-
холдингіне кіретін, қазақ тілінде шығатын «Алаш Айнасы» газетімен қатар, түпнұсқадағы
жаңалық контентін шығарады. Бұл БАҚ-тар, ішінде «Tengri FM» де бар, жалпы ақпараттық
контентті пайдаланады. Радиостанция ойын-сауық бағдарламаларының арасына қысқа
жаңалықтар топтамаларын енгізу үлгісі бойынша жұмыс істейді.
«TNS Central Asia» елдегі жетекші 11 радиостанцияның тізімін келтіреді, олардың 10-ы –
Қазақстанның ірі қаласы Алматыда, алтауы – аймақтарда, ал мемлекеттік «Астана» радиосы елдің
56 С.Велитченко. «Медиа-құрылтай-2011»,
Қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мəселелері жөніндегі 4-конференцияның
материалдары, «Қазақстанның медиа-нарығы: тəуелсіздікке жиырма жыл жəне болашаққа болжамдар», 2011 жылғы қазанның
31-і. 10-бет.
3 3
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
астанасында ғана хабар таратады. Станциялардың ішіндегі ең бір танымал болып отырғаны –
тұрақты түрде 40 процент тыңдарманы бар, рейтингтердің тұрақты көшбасшысы «Ретро FM
Қазақстан», сондай-ақ рейтингте көбінесе екінші орын «Русское Радио Азияның» үлесінде. Басқа
станциялардың таралу ауқымдары айтарлықтай тар.
Аймақтардың бірқатарында елге Кеңес Одағынан мұра болып қалған, кеңес заманында хабар
тарату үшін де, азаматтық қорғаныс мақсатында да пайдаланылған радионүктелер əлі күнге
дейін сақталған. Бүгінгі таңда радионүктелер арқылы қазақ тілінде үкіметтік жаңалықтарды,
ақпараттық бюллетеньдерді жəне ұлттық музыканы беретін «Шалқар радиосы» жəне «Қазақ
радиосы» бар. Екі станция да республиканың бүкіл аумағында қазақ тілінде хабар таратады
жəне үкіметтік жаңалықтарды, ақпараттық бюллетеньдерді, сондай-ақ қазақ ұлттық музыкасын
береді. Екі станция да қарапайым хабар тарату форматында қолжетімді. Бүгінгі күні қанша үй
шаруашылығының жұмыс істеп тұрған радионүктелері бар екені туралы мағлұматтар жоқ.
7-кесте
Ай ішіндегі ауқымы бойынша Қазақстандағы радиостанциялардың
алдыңғы 5-тігі (тыңдармандардың жалпы санының %-тік көрсеткіші), 2008-2012 жж.
2008 жылдың
тамызы
2009 жылдың
тамызы
2010 жылдың
тамызы
2011 жылдың
тамызы
2012 жылдың
тамызы
Радиостан-
цияның
атауы, түрі
Рей-
тинг
Радиостан-
цияның
атауы, түрі
Рей-
тинг
Радиостан-
цияның
атауы, түрі
Рей-
тинг
Радиостан-
цияның
атауы, түрі
Рей-
тинг
Радиостан-
цияның
атауы, түрі
Рей-
тинг
«Радио NS»
(мемле-
кеттік)
77,6
«Радио NS»
(мемле-
кеттік)
78,1
«Русское
радио
Азия»
(жекемен-
шік)
69,5
«Радио
Ретро FM
Қазақстан»
(жекемен-
шік)
67,7
«Радио
Ретро FM
Қазақстан»
(жекемен-
шік)
68,7
«Радио Еу-
ропа плюс
Қазақстан»
(жекемен-
шік)
76,3
«Русское
радио
Азия»
(жекемен-
шік)
77,8
«Радио Еу-
ропа плюс
Қазақстан»
(жекемен-
шік)
65,6
«Русское
радио
Азия»
(жекемен-
шік)
62,0
«Русское
радио Азия»
(жекемен-
шік)
61,9
Russkoye
Radio Asia
(private)
76,0
«Радио Еу-
ропа плюс
Қазақстан»
(жекемен-
шік)
76,2
«Радио
NS»
(мемле-
кеттік)
64,8
«Радио NS»
(мемле-
кеттік)
53,2
«Радио NS»
(мемле-
кеттік)
56,1
«Радио
Ретро FM
Қазақстан»
(жекемен-
шік)
19,4
«Радио
Ретро FM
Қазақстан»
(жекемен-
шік)
20,8
«Tengri FM»
(жекемен-
шік)
35,4
«Шалқар
радиосы»
(мемле-
кеттік)
38,3
«Шалқар
радиосы»
(мемле-
кеттік)
34,6
«Hit FM
Қазақстан»
(жекемен-
шік)
18,3
«Hit FM
Қазақстан»
(жекемен-
шік)
19,6
«Радио
Ретро FM
Қазақстан»
(жекемен-
шік)
13,9
«Қазақ
радиосы»
(мемле-
кеттік)
32,5
«Қазақ
радиосы»
(мемле-
кеттік)
23,8
Дереккөз:
TNS Central Asia Қазақстан, «Радио тыңдаушылардың бір айдағы ауқымы».