Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
2 4
Қазақстандықтар көбінесе интернетке үйде отырып кіреді: ондайлар интернет пайдаланушылардың
жартысын дерлік құраса, үштен бірі онлайн жұмыс орнынан шығады, ал қалған үлес теңдей дерлік
дəрежеде мектептер мен басқа қолжетімді орындардың үлесіне тиеді.
43
4-кесте
Интернет (абоненттер саны халықтың жалпы санының %-тік көрсеткішімен)
пен ұтқыр байланыстың енуі (қолданыстағы SIM-карта саны жұртшылықтың
жалпы санының %-тік көрсеткішімен)
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
Интернет, барлығы
1,9
2,0
4,4
4,5
4,8
9,6
7,8
Оның ішінде:
кеңсалалы
0,019
0,199
1,755
2,2
3,6
8,9
7,4
Ұтқыр байланыстың
кеңсалалы желісі
д/ж
д/ж
д/ж
д/ж
д/ж
23,1
38,4
Ұтқыр телефонмен
қамту
35,5
50,8
79,9
96,0
95,9
121,07
155,74
Оның ішінде: 3G
0
0
0
0
д/ж
д/ж
д/ж
Ескерту.
д/ж – деректер жоқ.
Дереккөз:
ХЭБО-ның Қазақстан бойынша деректері, 2013 жылғы қаңтар.
ХЭБО АКТ деректерінің Статистика
қоры (АКТ индикаторлары, http/www.itu.int/ITU-D/ICTEYE/Indicators/Indicators.aspx#) Қазақстан
Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі,
Қазақстанның Ақпараттық қоғамы (орнатылған
орнықты сым интернеті үшін).
1 .2. Қалаулы медиалар
1.2.1. Жаңалықтар мен ақпараттар тұтынудағы негізгі өзгерістер
Жаңалықтар тұтынудың сипаты туралы жүйеленген жəне шынайы деректердің жəне оның негізгі
тұтынушыларының болмауы жағдайында қазақстандықтардың өзгеріп тұратын қалауларының
тікелей себебін анықтау қиын. Статистикалық деректер қаншалықты мардымсыз болса да, олар
теледидардың жаңалықтар тұтынудың басты көзі болып қалып отырғанын дəлелдейді.
Ал осы
уақытта Қазақстанда интернет-қоғамдастық серпінді кеңейіп, сонымен бірге жаңалықтардың
онлайн-ресурстарының саны да артып отыр. Интернет-ресурстардың рейтингі тым өзгермелі
болса да, жаңалықтар ресурстарының бірқатары қазақстандық сайттардың кең танымалдығының
есепшісі Zero.kz рейтингінің алдыңғы 25-тігі тізіміне кіреді.
44
Баспа БАҚ-тарының тираждары туралы сенімді деректердің жоқтығына байланысты ақпарат
көздері ретіндегі нақты газеттердің танымалдығы рейтингін анықтау да қиын. Қазақстанда БАҚ-
тар есепке қоюға жатады. Баспа БАҚ-тарының рұқсат етілетін тиражы міндетті түрде берілетін
(шықпа) деректерде көрсетіледі. Алайда басылып шыққан көшірмелердің саны іс жүзінде аз болуы
43 Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі,
Қазақстанның Ақпараттық қоғамы, http://www.stat.kz/digital/inf_obsh-
estvo/Pages/default.aspx (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 3-і).
44 CountZero рейтингі, http://Zero.kz/rating/ (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
2 5
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
мүмкін нақты тиражға əрдайым сəйкес бола бермейді (1.3.1-тармақты қарауыңызға болады). Одан
өзге, мемлекеттік басылымдардың тираждық көрсеткіштері көбінесе «міндетті жазылу»
есебінен
артады. Мемлекеттік мекемелер мен мектептер өздерінің қызметкерлерін белгілі бір мемлекеттік
басылымдарға жазылуды міндеттейтін тəжірибе қалыптасқан, ал бұл олардың тираждарын
айтарлықтай көбейтеді (7.3-1-тармақты қараңыз). Үлкен тираждар мемлекеттік те, жеке де
басылымдарға жоғары жарнамалық бағалар белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Көптеген қазақстандық газеттер өздерінің интернет-нұсқаларын шығарады. «Голос республики»
газеті əлеуметтік желілерді де кеңінен пайдаланады («Голос республики» баспа басылымы
соттың шешімімен 2012 жылғы желтоқсанда жабылды.
4.1-1-тармақты қараңыз). Жаңалықтар
тарататын қазақстандық телеарналар ақпарат контентінің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен
сапасы жағынан айырмашылығы бар меншікті веб-сайттарын іске қосқан; олардың көпшіліктері
танымалдығы жағынан басқа бұқаралық ақпарат құралдарынан кейін қалып отыр. Қазақстандық
интернет-ресурстардың рейтингінде жоғары орында тұрған «КТК» телекомпаниясы бұлардың
қатарына жатпайды.
45
«КТК» веб-сайтының кəсіби дизайні тартымды: жаңалықтар таратудан
басқа, оның телекөрермендер форумы бар, əрі Facebook, Twitter, Vkontakte жəне Uou Tube
телекомпанияларының беттеріне сілтеме жасау секілді қызметтер ұсынады.
46
Барлық танымал радиостанциялар да (7-кестені қараңыз) интернетте хабар жүргізеді, бірақ
олардың онлайн-хабарлар таратуда кең танылғандығы туралы деректер жоқ. Радиостанциялар
көбінесе ойын-сауық контентіне шоғырландырылған жəне маңызды жаңалық көздеріне
жатпайды.
47
1.2.2. Қолжетімдік жəне жаңалықтар контентінің əртүрлілігі
Жергілікті жаңалықтар үлкен алуан түрлілігімен көзге түспейді, əрі билікті сынауға бағыт
ұстанбаған. Хабар тарату кеңістігі бақылауға алынған: телеарналар тікелей үкіметке бағынады
немесе олар билікті қолдайтын тұлғаларға жатады. Баспа БАҚ-тарының нарығы, керісінше,
сынды нысанаға алып жұмыс істейтін бірқатар газеттердің бар болуымен ерекшеленеді.
Кабельдік жəне жерсерік теледидары шетелдік жаңалықтар бағдарламаларын көрсетеді, бірақ
ол бағдарламалардың Қазақстанға арналғандары өте аз.
Интернет, сөз жоқ, ақпарат таратудың
ең əлеуетті көзі болып саналады, бірақ тосқауыл қою, сүзгіден өткізу жəне DDoS-шабуылдар
(ағылшынша – Distributed Denial-of-Service) көбінесе сын садағына ілетін БАҚ-тарға қарсы жиі
қолданылатын тəжірибеге айналған (
7.3.1-тармақты қараңыз). Мысалы, 2012 жылдың соңында
сот шешімімен бірнеше баспа жəне онлайн-басылым жабылды.
45 Ең танымал қазақстандық жаңалықтар сайттарының жəне БАҚ сайттарының арасында 2012 жылғы қарашаның 12-сіндегі Zero.kz
рейтингінде жəне қазақстандық веб-сайттардың жалпы рейтингінде КТК телеарнасының сайты екінші орын иеленді.
http:// Zero.kz/rating/ (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 12-сі).
46 Қараңыз: http://www.ktk.kz/ (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
47 «MediaNet»
Халықаралық журналистика орталығы (ары қарай – «MediaNet» ХЖО), Қазақстандағы интернет, 2009 ж. www.zero.kz/
rating/ (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 16-сы), www.alexa.com/topsites/countries/kz (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның
16-сы).