1 7
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
Экономикалық индикаторлар
1-кесте
Экономикалық көрсеткіштер
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
Б
2013
Б
ЖІӨ (ағымдағы
бағалармен),
млрд. АҚШ долл.
57,12
81,00
103,14 135,22 115,30 148,04 186,19 200,64 220,14
Жан басына шаққандағы
ЖІӨ (ағымдағы
бағалармен), АҚШ доллары
3 753,4 5 261,8 6 626,2 8 570,6 7 118,5 9 008,6 11 167,0 12 021,2 13 176,2
Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ),
жан басына шаққанда
7 880
8 690
9 550
9 720
10 080 10 620 11 310
д/ж
д/ж
Жұмыссыздық (халықтың
жалпы саны бойынша
%-пен алғанда)
8,1
7,8
7,2
6,6
6,5
5,7
5,4
5,4
5,3
Инфляция (өткен жылға
қатысты %-пен алынған
орташа жылдық мəн)
7,6
8,4
18,7
9,5
6,1
7,8
7,4
5,6
6,5
Ескерту.
Б – болжам; д/ж – деректер жоқ.
Дереккөз:
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) – ЖІӨ, жұмыссыздық, инфляция жөніндегі мағлұматтар; Дүниежүзілік
банк – жалпы ұлттық табыс жөніндегі мағлұматтар.
Ц И Ф Р Л Ы Қ М Е Д И А Л А Р К А Р Т А С Ы Қ А З А Қ С Т А Н
1 8
1. Медиа-тұтыну: цифрлау факторы
1.1. Цифрлық технологиялардың дамуы
1.1.1. Цифрлық құрал-жабдық
Жұртшылықта цифрлық дабыл қабылдаудың арнаулы құралдарының бар болуы туралы
статистикалық деректерге сəйкес, қазақстандықтардың электрондық БАҚ-тарға қол жеткізе
алу мүмкіндігі кеңейді. Дегенмен əлі де көптеген істер атқаруға тура келеді.
19
Дүниежүзілік
Экономикалық форумның Желілік дайындық индексі 2012-ге
20
сəйкес, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту жəне цифрлау бойынша Тəуелсіз Мемлекеттер
Достастығы (ТМД) елдерінің ішінде Қазақстан жетекші ел (рейтингте одан кейін Ресей мен
Əзірбайжан тұр) болып, жалпы рейтингтегі 142 елдің арасында 55-орынды иеленіп отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімдіктің артуы есебінен Қазақстанның
дəрежесі айтарлықтай көтерілді. Мысалы, 2005 жылы Қазақстанда 1000 адамға бар-жоғы 23
компьютерден келсе, ал 2009 жылға қарай бұл сан үш еселеп артып, 1000 адамға 62 компьютерден
келетін жағдайға жетті (келесі жылдар үшін деректер жоқ).
21
Интернет желісін пайдаланушылар
үлесі 2008 жылғы 1,1%-тен 2011 жылы 49,5%-ке көбейді.
22
Алайда ары қарай дамып жетілуді
тежеп отырған фактор – ол саяси ахуал жəне заңдық орта (92-орын), атап айтқанда, тəуелсіз сот
жүйесінің жоқтығы жəне зияткерлік (интеллектуалдық) меншіктің осал қорғалуы.
Цифрлық ақпараттық технологияларды дамыту Қазақстан үкіметі үшін ұлттық басты мақсатқа
айналды. «Ақпараттық Қазақстан-2020» атты мемлекеттік бағдарламаға сəйкес, 2020 жылға қарай
Қазақстанның үй шаруашылықтары АКТ-ға 100 процент қол жеткізуге тиіс; қазақстандықтардың
19 Қазақстанда сенімді статистикалық деректер табу өте қиын, өйткені осындай ақпарат жинауға жауапты ұлттық агенттіктер
əрдайым толық жəне дұрыс ақпараттар бермей келді. Бұл маңызды үрдістерді қадағалап отыруға немесе дұрыс статистикалық
салыстырулар жүргізуге тырысатын зерттеушілер үшін белгілі бір қиындықтар тудырады. Уақыт серпінінде салыстырмалы
жағдайды нақты көрсету үшін қажетті ақпараттың жетіспеушілігі себепті зерттеулерде бұл қиындық өзгеше айқын көрінеді.
20 Дүниежүзілік Экономикалық форум, Желілік дайындық индексі-2012, http://www3.weforum.org/docs/GITR/2012 GITROverallRank-
ings_2012.pdf (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
21 Қазақстан Үкіметі, Статистикалық анықтамалық: Қазақстан Республикасындағы көлік жəне коммуникациялар, 2005-2009
жж., Астана, 2010, http://www.stat.kz/publishing/Pages/sborniki 2010.aspx (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
22 ҚР Статистика жөніндегі агенттігі, Қазақстанның ақпараттық қоғамы, «Интернет пайдаланушылардың 100 тұрғынға
шаққандағы саны», http://www.stat.kz/digital/inf_obshestvo/Pages/default.aspx (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 3-і).
1 9
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
75 проценті интернет желісін пайдалануға тиіс; электрондық БАҚ-тардың цифрлық дабылдары
(белгілері) ел аумағының 95 процентін қамтуы керек, ал білім беру мекемелерінің 100 проценті
бірыңғай зерттеу жəне білім беру желісіне байланыстырылуы қажет.
23
Қазақстанның Статистика жөніндегі ұлттық агенттігінің деректері бойынша, үй шаруашылық-
тарын телевизиялық қабылдағыштармен жабдықтау көрсеткіші жоғары: 2009 жылы ол 97
процент болған. Халықаралық электр байланысы одағы (ары қарай – ХЭБО) беріп отырған
үлес салыстырмалы түрде төмен – 86,79 процент. Халықаралық электр байланысы одағы мен
Қазақстанның Статистика жөніндегі агенттігінің деректері арасында айырмашылықтар болуының
себебі айқын емес, бірақ ХЭБО өзіне мағлұматтарды үкімет беретінін мəлімдейді. Бүгінгі күні тек
2010 жылға дейінгі деректерді ғана ала аламыз. ХЭБО ақпараты бойынша, теледидарлары бар үй
шаруашылықтарының (ҮШ) саны 2006 жылғы 1 893 542-ден анағұрлым артып, 2009 жылы 3 480
850-ге дейін жетті. Радиоқабылдағыштардың бар саны туралы деректер қаралып отырған кезең
үшін жиналмаған.
2-кесте
ТВ қабылдағыштармен жəне дербес компьютерлермен жабдықталған
үй шаруашылықтарының саны, 2006-2010 жж.
24
Жабдық
2006
2007
2008
2009
2010
ҮШ саны
(мың)
ҮШ
ЖС
%
ҮШ саны
(мың)
ҮШ
ЖС
%
ҮШ саны
(мың)
ҮШ
ЖС
%
ҮШ саны
(мың)
ҮШ
ЖС
%
ҮШ саны
(мың)
ҮШ
ЖС
%
Теледи-
дарлар
1,893
49,0
д/ж
д/ж
д/ж
д/ж
3,561
86,7
24
д/ж
д/ж
Дербес
компью-
терлер
д/ж
д/ж
631
15,6
748
18,3
888
21,6
882
25,1
Ескерту.
ҮШ – жабдықпен қамтамасыз етілген үй шаруашылықтарының жалпы саны; ҮШ ЖС – елдегі үй
шаруашылықтарының жалпы саны; д/ж – деректер жоқ.
Дереккөз:
Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭБО), Қазақстан бойынша мағлұматтар, 2010 жылғы
қаңтардың 10-ы, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, Статистикалық жинақ:
Қазақстан Республикасындағы көлік жəне коммуникация, Астана, 2010 ж.
1.1.2. Платформалар
Теледидар – ең танымал жəне кең тараған БАҚ болып табылады. Кабельдік жəне жерсерігі
теледидарларын пайдаланушылар саны артып келеді.
23 Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы жəне
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы наурыздың 19-ындағы № 957 «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін
бекіту туралы» Жарлығына толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы желтоқсанның 4-індегі № 1534 Жарлығы. http://medialawca.
org/posts/24-12-2012/67995.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
24 ХЭБО, 2010 жылдың желтоқсаны (ҚР Статистика жөніндегі агенттігі жоғарырақ көрсеткіштерді, яғни үй шаруашылықтарының
97 проценті теледидарлармен жабдықталғанын келтіреді).
Достарыңызбен бөлісу: |