Country report цифрлық медиалар картасы


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н



жүктеу 169,95 Kb.
Pdf просмотр
бет6/54
Дата13.02.2018
өлшемі169,95 Kb.
#9467
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 4
Əлеуметтік индикаторлар
Халық (тұрғындар саны) – 16 миллион 878 мың адам (2010 ж.)
Үй шаруашылықтарының саны – 4 391 759 (2009 ж.)
13
 
1-диаграмма
 
Қала жəне ауыл халқы (халықтың жалпы санының %-тік көрсеткіші), 2009 ж. 
Дереккөз: 
Қазақстан  Республикасының  Статистика  жөніндегі  агенттігі,  Қазақстан  Республикасы  халқының 
 2009 
жылғы Ұлттық  санағы,  Астана 2010. 
2-диаграмма
Этностық құрам (халықтың жалпы санының %-тік көрсеткіші), 2009 ж. 
Ескерту. 
«Басқалары» санаты: корейлерді, поляктарды, немістерді, чечендерді, күрдтерді жəне басқа да ұлттық 
 
азшылықтарды қамтиды.
Дереккөз: 
Қазақстан  Республикасының  Статистика  жөніндегі  агенттігі,  Қазақстан  Республикасы  халқының 
 2009 
жылғы Ұлттық санағы,  Астана 2010. 
13  Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Үй шаруашылықтары, 2009 жылғы Ұлттық 
халық санағының қорытындылары, 2-том, Астана, 2011 ж. http://bit.ly/17OmFt (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).


1 5
« А Ш Ы Қ   Қ О Ғ А М »   Қ О Р Ы Н Ы Ң   Е С Е П Т Е М Е С І           2 0 1 3
3-диаграмма
Қазақ жəне орыс тілдерін білу 
(халықтың жалпы саны бойынша %-тік көрсеткіш), 2009 ж.
Ескерту.  
Қазақ жəне орыс тілдерін жақсы меңгерген жұртшылық  үлесі («еркін оқып, жазамын»).
Дереккөз:  
Қазақстан  Республикасының  Статистика  жөніндегі  агенттігі,  Қазақстан  Республикасы  халқының 
 
2009 жылғы Ұлттық санағы,  Астана 2010. 
Кеңес заманы тұсында орыс тілі саясатта, бизнесте, білім беру саласы мен БАҚ-тарда басымдық 
алған тіл болды. Бүгінгі хал-ахуал осы мұрагерлікті айқын көрсетіп отыр. Қазақ халқының үлесі 
ұдайы артып отырғанына қарамастан, көпшілік жұртшылық əлі күнге дейін күнделікті өмірде, 
жаңалықтарды  тұтынуды  қоса  алғанда,  орыс  тілін  пайдалануды  жөн  көреді.  Конституцияға 
сəйкес,  қазақ  тілі – мемлекеттік  тіл.  Мемлекеттік  ұйымдарда  жəне  жергілікті  өзін-өзі  басқару 
органдарында  қазақ  тілімен  қатар,  ресми  түрде  орыс  тілі  қолданылады. «Тілдердің  жұмыс 
істеуі мен дамуының 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
14
 (Президенттің 
Жарлығымен 2011 жылғы маусымның 29-ында бекітілген)
15
 қазақ тілінде сөйлейтін жұртшылық 
санын 95 процентке  дейін  арттыру  мақсатын  көздейді (2009 жылғы  Ұлттық  халық  санағы 
деректеріне сəйкес, қазақ тілін жұртшылықтың 62 проценті меңгерген).
16
Қазақстандағы  көптеген  ұлттық  азшылықтардың,  орыс  немесе  қазақ  тілдерінен  өзге,  басқа  да 
тілдерде сөйлейтініне қарамастан, іс жүзінде ол тілдерде сөйлейтін тұрғындардың саны қанша 
екені  туралы  деректер  жоқ.  Қазақстандағы  тілдердің  əралуандығы  жайында  мағлұмат  алудың 
жалғыз тəсілі – мектептердегі ұлттық азшылықтарды тілдерге оқыту жөніндегі деректерге жүгіну. 
14 Todey.kz, «Тілдердің  жұмыс  істеуі  мен  дамуының 2011-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы»  жобасы, 2010 
жылғы  шілденің 29-ы, http://www.todey.kz/ru/news/kazakhstan/2010-07-29/27249 (қолжетімді  күн: 2013 жылғы  қаңтардың 
7-сі). 
15  Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы маусымның  29-ындағы «Тілдердің жұмыс істеуі мен дамуының 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 110-Жарлығы, http://journal.zakon.kz/223537-utverzhdena-gosudarstven-
naja-programma.html (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
16 «Жаңалықтар-Қазақстан»  ақпараттық  агенттігі, «Қазақстандықтардың 60%-інен  астамы – қазақ  тілін, 85%-ке  жуығы  орыс 
тілін  еркін  меңгереді – халық  санағы  деректері», 2010 жылғы  қарашаның 12-сі, http://newskaz.ru/society/20101112/921425.html 
(қолжетімді күн: 2012 жылғы қаңтардың 7-сі).


Ц И Ф Р Л Ы Қ   М Е Д И А Л А Р   К А Р Т А С Ы         Қ А З А Қ С Т А Н
1 6
«Білім  беру  туралы»  ҚР  Заңының 9-бабында  «меншік  түріне  қарамастан,  барлық  білім  беру 
ұйымдары оқушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, сондай-ақ орыс тілін жəне шетел 
тілдерінің  бірін  білуін  қамтамасыз  етуге  тиістігі»  айтылады.
17
  Ұлттық  азшылықтар  үшін  орта 
мектепте    жексенбілік  жəне  факультативтік  сабақтар  ұйымдастыруға  болады.  БАҚ  хабарлары 
бойынша 2011/2012 оқу жылында орта мектептерде оқушылардың қалауы бойынша өткізілетін 
қосымша  сабақтарда  да,  оқу  бағдарламасының  аясында  да  дүнген  тілін – 4 853, түрік  тілін  –                 
4 291, ұйғыр тілін 4 076, поляк тілін – 728, күрд тілін – 463, əзірбайжан тілін – 385, корей тілін – 
228 жəне татар тілін 109 оқушы оқып үйренген.
18
4-диаграмма
Дін ұстану (халықтың жалпы санының %-тік көрсеткіші), 2009 ж.
Дереккөз:  
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі, Қазақстан халқының 2009 жылғы Ұлттық
 
санағы, Астана, 2010 ж. 
17  Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы»  Заңы,  № 319-Шот, 2007 жылғы  шілденің 27-сі, http://online.zakon.kz/
Document/?doc_id=30118747#sub_id=10000  (қолжетімді күн: 2013 жылғы қаңтардың 7-сі).
18 Nur.kz, «Қазақстанда қазақ тілінде оқытатын – 3843, орыс тілінде оқытатын 1508 мектеп есепке алынған», 2012 жылғы қаңтардың 
25-і, http://news.nur.kz/207313.html (қолжетімді күн: 2012 жылғы қазанның 3-і).


жүктеу 169,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау