Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы



жүктеу 354,68 Kb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата11.02.2018
өлшемі354,68 Kb.
#9368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

қаржылық есептiлiгi;

 

      8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан 



Республикасы Үкiметiнiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.

 

      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 



№ 258-IV

 Заңымен.

 

      8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар



 

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан 

Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды 

қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан 

Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен 

азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар 

мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.

 

      



Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 

№ 408-V


 Заңымен (01.03.2016 бастап 

қолданысқа

 енгізіледі).

 

      8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті



 

                әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті

 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында:



 

      1) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті 

шамасын жыл сайын белгілейді;

 

      2) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аударудың тәртібін және 



мерзімдерін бекітеді;

 

       3) 



алып тасталды - ҚР 29.09.2014 

N 239-V


 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

 

      4) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Қордан 



төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдайды;

 

      5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан 



Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен 

жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

      


Ескерту. 1-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.02.2013 

№ 75-V


 Заңымен (алғашқы 

ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

өзгерістер енгізілді - ҚР 10.01.2014 

N 156-V


 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 

29.09.2014 

N 239-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң 



қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

      9-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы



 

              бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 

 

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті орган:



 

      1) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілейді;

 

      2) Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды 



қамтамасыз етеді;

 

      3) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық 



аударуын бақылауды қамтамасыз етеді;

 

      4) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ 



Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері 

бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарайды.

 

      


Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 

№ 408-V


 Заңымен (01.03.2016 бастап 

қолданысқа

 енгізіледі).

 

      10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен



 

               міндеттері

 

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 



бастап қолданысқа енгізіледі).

 

      1. Мемлекеттік корпорацияның:



 


        1) Қорға беру үшiн құжаттарды қабылдау мен олардың жиынтықтылығын тексерудi 

жүзеге асыруға; 

 

        2) 



алып тасталды - ҚР 17.11.2015 

№ 408-V


 Заңымен (01.03.2016 бастап 

қолданысқа

 

енгізіледі);



 

      3) осы Заңда көзделген қызметтердi көрсеткенi үшiн Қазақстан 

Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қаражат алуға;

 

      4) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың қолданылу мерзімі 



аяқталған кезде әлеуметтік төлемді тоқтата тұруға құқығы бар.

 

      2. Мемлекеттік корпорация:



 

      1) жеке сәйкестендiру нөмiрi негiзiнде әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк 

төлемдердi есепке алуды жүзеге асыруға және мемлекеттік кіріс органдарымен бiрге 

әлеуметтiк аударымдардың түсiмін салыстырып-тексеруді жүргiзуге;

 

      1-1) қате есепке жатқызылған немесе артық төленген әлеуметтік аударымдар және 



(немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсімпұлдар 

сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға;

 

        2) әлеуметтiк төлемдерден жүргiзiлген ұстап қалу туралы алушыларды хабардар 



етуге; 

 

      3) артық төленген сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған 



жағдайда, бұл туралы алушыға хабарлауға;

 

        4) Қорға жасалған аударымдардың мөлшерi мен мерзiмiне қарамастан, мiндеттi 



әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдарға қызмет көрсетудiң тең жағдайларын қамтамасыз 

етуге; 


 

        5) банктiк үш күн iшiнде әлеуметтiк аударымдарды Қорға аударуға; 

 

        6) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды жасауға және оларды 



Қорға осы Заңда көзделген мерзiмде беруге; 

 

        7) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын уақтылы қамтамасыз етуге; 



 

      8) артық төленген әлеуметтiк аударымдар сомаларын осы қаражат Қордан Мемлекеттік 

корпорацияның шотына аударылған кезден бастап банктiк үш күн iшiнде төлеушiлерге 

аударуды жүзеге асыруға;

 

      9) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, 



әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы 

ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге; 

 

        10) осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органға және Қорға қажеттi есептiлiктi табыс 



етуге; 

 

      11) әлеуметтiк төлемдердi алу мәселелерi бойынша қажеттi түсiндiрме беруге 



мiндеттi.

 

      



Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 

224


 (2012.01.01 бастап 

күшіне енеді); 2012.01.12 

№ 538-IV

 (қолданысқа енгізілу тәртібін 

2-баптан 

қараңыз); 

04.02.2013 

№ 75-V


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 

№ 248-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 



күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 

№ 408-V


 (01.03.2016 

бастап 


қолданысқа

 енгізіледі) Заңдарымен.

 

      10-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік



 

                 сақтандыру саласындағы құзыреті

 

      1. Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік 



монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:

 

      1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдары 



мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды және олардың орталықтандырылған 

дерекқорын қалыптастыруды;

 

      2) Қордың қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды;



 

      3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізуді және 




жүктеу 354,68 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау