жаңартып отыруды;
4) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды
деректерді қалыптастыруды;
5) әлеуметтік төлемдерге ай сайынғы қажеттіліктерді, олардың графиктерін
қалыптастыруды және Қорға әлеуметтік төлемдерге қаражаттар қажеттілігі туралы өтінім
жіберуді;
6) уәкілетті органға және Қорға міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы
ақпараттық жүйелерден ақпарат беруді;
7) құжаттар қабылдау, әлеуметтік төлемдерді тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату,
қайта бастау және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша
Қормен өзара іс-қимыл жасауды;
8) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы
ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлеріне сәйкес, міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
9) төлеушiлерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк
аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Қорға аударуды,
әлеуметтiк аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) олар бойынша
өсiмпұлдарды төлеушiлерге қайтаруды жүзеге асыруды;
10) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін
қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілердің
келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды;
11) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер
жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған
әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдарды есепке алу, аудару, қайтару
мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және
уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 1-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10
N 34-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР
17.11.2015
№ 408-V
Заңымен (01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) Қордың қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
2) қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, Қордың және
Мемлекеттік корпорацияның оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды;
3) Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім береді;
4) Қор қызметi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан
өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер алуға
құқылы;
5) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген
тәртіппен Қордың қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асырады;
6) Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді
әзірлейді;
7) Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді;
8) Қордың бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметті
жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
9) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті
шамасын белгілеу туралы жыл сайын ұсыныс әзірлейді;
10) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аударудың тәртібін және мерзімдерін
әзірлейді;
11) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу
(айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын әзірлейді
және бекітеді;
12) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда, Қордан
төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді;
12-1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметіне тексеруді жүзеге асырады;
12-2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау
қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен
дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12-4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген
есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін жүргізу
тәртібін айқындайды;
12-5) Мемлекеттік корпорацияның міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы
статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
13)
алып тасталды - ҚР 29.09.2014
N 239-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген
өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.02.2013
№ 75-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер
енгізілді - ҚР 10.01.2014
N 156-V
(01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 29.10.2015
№ 376-V
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015
№
408-V
(01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне
қатысушының және алушының құқықтары мен
мiндеттерi
1. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру
жүйесiне қатысушының және алушының:
1) Мемлекеттік корпорацияға еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (егер өтініш
берген кезде адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе),
асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда (егер адам жұмыссыз
ретінде тіркелсе), жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап
алуына байланысты, бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен
айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
1-1)
алып тасталды - ҚР 17.11.2015
№ 408-V
Заңымен (01.03.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі);
1-2) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген кезде МӘС
бөлімшесіне еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы
өтініш беруге;
1-3) жұмыссыз адам ретінде тіркелген кезде халықты жұмыспен қамту орталығына
жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;
1-4) жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне
байланысты табысынан айырылған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы
әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;