Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет27/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36

« Құштар  көңіл»  (1977),  Ш. Жиенқұлованың  «Өмірім менің – өнерім»  (1983),
Д. Қонаевтың «Өтті  дəурен  осылай» атты  кітаптары  өмірбаянның  осы  түріне
жатады.
Өмірбаянның  үшінші  түрінде  қоғамға  белгілі  қайраткерлердің
өмірі  мен  шығармашылық, саяси  қызметтері  өз  тарапынан  емес, басқа
біреулердің тарапынан баяндалады. Мысалы, ұлы жазушылар мен ақындар – А.
Құнанбаев, Ш. Уəлиханов, А.С. Пушкиннің  өмірлері  туралы  шығармалар
осындай өмірбаян түріне жатады.
Атап айтсақ, С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз», М. Əуезовтың «Абай
жолы» шығармалары. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың əр түрлі
жанрларында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Бұл  өмірбаян  алдыңғы  екеуінен  өзгеше, қоғамдық  талапқа  сай
публицистикалық  тілмен  жазылады. Мұндағы  мақсат – мəліметті  қоғамның
жалпы мəдениеті, экономикасы мен əлеуметтік жағдайына сəйкестендіре беру.
Сондықтан, өмірбаянда  субъектінің  суырыпсалма  ақын  болғандығы  немесе
жетім қалғандығы  сол кездегі қоғамдық ортаға қатысты баяндалады.
Əдеби-публицистикалық  өмірбаянның  көлемі  əр  түрлі  болып
келеді. Мысалы, С. Мұқановтың «Өмір  мектебі», Б. Соқпақбаевтың «Менің
атым – Қожа», С. Сейфуллиннің «Тар  жол  тайғақ  кешуі» сияқты  көлемді,
өмірбаяндық шығармалары да кездеседі.
Күнделікті  өмірде  ең  жиі  қолданылатын  құжаттың  біріншісі –
өмірбаян. Ол əркімнің өз қолымен жүйелі түрде бірінші жақта, жекеше формада
баяндалады.
Өмірбаянның құрылымы төмендегідей
болып келеді:
1. Құжаттың аты;
2. Өмірбаянын  жазушы  адамның  азаматтық  жағдайы  туралы
мəлімет;
3. Білімі, оқыған оқу орны;
4. Кəсіби тəжірибесі жəне кəсіби біліктілігі;
5. Қоғамдық-саяси қызметі;
6. Қосымша мəліметтер;
7. Отбасы жағдайы туралы;
8. Мекен-жайы, аты-жөні, қолы, қай күні жазғандығы, айы, жылы.
Өмірбаянның грамматикалық
ерекшеліктері
Өмірбаянда  жазылатын  құжаттағы  барлық  мəлімет I жақ  жекеше
түрде  баяндалады, оның  жіктік  жалғауы: -м.  Етістіктің  жедел  өткен  шақ
формасы қолданылады, оны жасайтын жұрнақтар: -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы:
дүниеге кел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.


Өмірбаян  иесінің  əке-шешесіне, жолдасына, балаларына, туған-
туысқандарына  қатысты  мəлімет III жақта  баяндалады. Мысалы: ту+ған,
бітір+ген, оқы+ған, т.б.
Өмірбаян  иесінің  дəл  қазіргі  кездегі  өмірін, білімін, қызметін
баяндайтын  мəліметтер  етістіктің  осы  шақ  формасы  арқылы I жақта  беріледі.
Мысалы: оқы+п жүр+мін, істе+п жүр+мін, атқар+ып отыр+мын, т.б.
179-тапсырма. Өмірбаянның үлгілерімен танысыңыздар.
Ө М І Р Б А Я Н
Ү л г і :
Мен, Қуаныш  Өмірбекұлы  Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда  Семей
облысы, Аягөз  ауданы, Баршатас  ауылында  тудым. Ұлтым – қазақ. 1970-1980
жылдар  аралығында  Баршатас  орта  мектебінде  оқып, оны  ерекше  аттестатпен
бітірдім.
1981-1986 жылдар  аралығында  В.И. Ленин  атындағы  Қазақ
политехникалық  институтының  металлургия-полиграфия  факультетінде  оқып,
бітірдім. Қазір осы институтқа қарасты кафедраның аға оқытушысымын.
Институт 
қабырғасында 
өткізіліп 
тұратын 
іс-шаралардың
барлығына  қатысып, өзіме  тапсырылған  жұмыстарды  уақытында  орындап,
жауапкершілікпен қараймын.
Ғылыммен  шұғылданамын. Халықаралық  жəне  республикалық
ғылыми-теориялық  конференцияларға  қатысып, ғылыми  мақалаларымды
жариялап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіземін.
Ата-анам  бар: əкем – Өмірбек  Қасенов – Ұлы  Отан  соғысының
ардагері, құрметті  зейнеткер; анам – Хадиша  Қасенова – ұзақ  жылдар  бойы
Баршатас орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеді, қазір зейнеткер.
Отбасым  бар: жұбайым – Жазира  Дүйсенқызы  жоғары  білімді
маман, дəрігер. Мектеп  жасындағы  бір  ұл, бір  қызымды  тəрбиелеп  отырмын.
Ұлым – Марат  Қасенов 1990 жылы, қызым – Маржан  Қасенова 1995 жылы
туған, олар Алматы қаласындағы №54 орта мектебінің оқушылары.
Əскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар. Қосымша
мəліметтер: Ана  тілім – қазақ  тілі, орыс  жəне  ағылшын  тілдерін  жетік
білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын  толық  меңгергенмін. Интернетпен
жұмыс  істеймін. Жеңіл  атлетикадан  разрядым  бар, университетаралық  жəне
қалалық жарыстарға қатысып тұрамын.
Мекен-жайым: Алматы  қаласы, «Қазақфильм» ықшамауданы, 47
үй, 18 пəтер, телефон: 251-48-37.
Өмірбаян иесі           _____________       Қ.Ө. Қасенов
                                              қолы
Өмірбаянды жазған күн:   2005 жыл, 18 наурыз
* * * * *


Ө М І Р Б А Я Н
Ү л г і :
Мен, Серік  Жұмаділұлы  Қалымбетов, 1984 жылы  Қызылорда
облысы, Арал  ауданы, Арал  қаласында  қызметкер  отбасында  дүниеге  келдім.
Ұлтым – қазақ.
1990-2001 жылдар  аралығында  Арал  қаласындағы  З. Шүкіров
атындағы  №20 орта  мектепте  оқыдым. Мектепте  оқып  жүргенде  үздік  оқушы
екенімді  көрсете  білдім. Əр  түрлі  қоғам  жұмыстарын  атқарып, спортпен
тұрақты түрде шұғылдандым.
Ата-анам  бар: əкем – Ж. Қалымбетов 1955 жылы  туған, Арал
қаласында  жекеменшік  кəсіпорында  жұмыс  істейді. Шешем – З. Қалымбетова
1957 жылы  туған, Арал  қаласындағы  №20 орта  мектепте  орыс  тілі  пəнінен
сабақ береді.
1998-2001 жылдар  аралығында  мектеп  қабырғасында  жүріп, Арал
қалалық  мəдени  орталығында  мəдени  жұмыстар  жөніндегі  ұйымдастырушы
қызметтерін  қосымша  ретінде  атқарып, өзіме  біраз  тəжірибе  жинадым.
Көпшілікпен мəдени қарым-қатынас жасап, ортақ тіл таба білуге дағдыландым.
2001 жылы  аталған  орта  мектепті  бітірген  соң, Қ.И. Сəтбаев
атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық  университетіне  тау-кен  инженері
мамандығын  алу  үшін  оқуға  түстім. Бүгінгі  таңда  осы  оқу  орнының II курс
студентімін, үйленбегенмін.
Ағылшын  тілін  меңгеру  үстіндемін, компьютерлік  курсқа  барып
жүрмін. Кітап  оқығанды, Абай  атындағы  мемлекеттік  опера  жəне  балет
театрына  барып  классикалық  шығармаларды  тыңдағанды  жақсы  көремін.
Қысқы  уақыттарда  шаңғы, коньки  тебумен, табиғатқа  шығып  демалумен
əуестенемін.
Алдыма қойған мақсатым – жоғары білім алып, жаңа технологияны
толық меңгеріп, білімді маман болып шығу, еліме, халқыма аянбай қызмет ету,
мемлекеттік  тілді  дамытуға  өз  үлесімді  қосу, мемлекеттік  тілде  іс  қағаздарын
жүргізуді тиісті деңгейге көтеруге атсалысу.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, Наурызбай  батыр көшесі 23 үй, 36
пəтер, телефон: 393-20-02.
Өмірбаян иесі          _____________       С.Ж. Қалымбетов
                                           қолы
Өмірбаянды жазған күн:   2003 жыл, 20 мамыр
180-тапсырма. Өмірбаян  мəтінінің  мазмұны  бойынша  берілген
сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Өмірбаянның түрлеріне тоқталыңыздар. 2. Өмірбаян мазмұнына қарай
құжаттың қай түріне  жатады? 3. Өмірбаянның бірінші түрін кім жазады, оның
құрылымына  не  кіреді? 4. Өмірбаянның  екінші  түрі  қалай  жазылады, оған


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау