Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет26/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36

жатқызуға  болады. Олар: қызметтік  хаттардың  барлық  түрі, бұйрық, хаттама,
т.б.
2. Формасына  қарай:  а) типтік; ə) трафареттік  жəне  б) еркін  болып
бөлінеді.
Типтік  іс  қағаздары  деп  қалыптасқан  мəтін-үлгі  бойынша
жазылатын іс қағаздарын айтады. Олар: арыз, өтініш, т.б.
Трафареттік  іс  қағаздары  деп  мəтіннің  белгілі  бір  бөлігі  алдын  ала
типографиялық əдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтады.
Мəтіннің  алдын  ала  дайындалған  бөлігінде  өзгермейтін  ақпарат
жазылады. Мысалы, студенттің  белгілі  бір  оқу  орнында  оқитынын  растайтын
анықтама (анықтаманың  бланкісі). Мұнда  студенттің  аты-жөні, оқитын  бөлімі
мен  курсы  жазылатын  арнайы  орын  қалдырылып, қалған  бөлігі (бланкісі)
типографиялық əдіспен басылып, дайындалады.
Еркін мəтінді іс қағаздарына  белгілі  бір мəселе, ғылыми немесе əдеби
еңбек, өнер  туындысы, т.б. туралы  ресми  түрде  жазылатын  құжаттар  жатады.
Мысалы: пікір. Еркін  мəтін  іс  қағаздарына  да, жалпы  іс  қағаздарына  да
қойылатын талаптар сақталады.
3. Жасалу орнына қарай: а) мекеменің ішкі іс қағаздары; ə) сырттан келіп
түсетін іс қағаздары болып бөлінеді.
Мекеменің   ішкі іс қағаздарына мекеменің қызмет ету барысында, оны
құжаттау процесінде мекеме ішінде дайындалған іс қағаздары жатады.
Мекемеге  басқа  ұйымдар  мен  мекемелерден  келіп  түсетін  құжаттар
сырттан келіп түсетін іс қағаздарына жатады.
4. Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары: а) түпнұсқалық жəне ə)
көшірмелік болып бөлінеді.
Түпнұсқалық іс қағаздарына  кез келген құжаттың бірінші рет жасалған
нұсқасы (оригинал) жатады.
Көшірмелік  іс  қағаздарына  түпнұсқаның  мəтіні  сол  күйінде  өзгеріссіз
сақталып  алынған  толық  нұсқасы  немесе  бір  бөлігі  жатады. Көшірмелік  іс
қағаздарына  кез  келген  құжаттың  көшірмесін (диплом, бұйрық  көшірмесін,
т.б.),  үзіндісін (хаттамадан  үзінді, бұйрықтан  үзінді, т.б.), дубликатын
жатқызуға  болады. Үзінді – құжаттың  қажетті  бөлігінің  мəтіні  өзгертілмей
жазылып, қолға берілетін нұсқасы. Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетін
құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.
173-тапсырма. Ұйымдық  құжаттардан  мəлімет  алып, мəтінді
мазмұндаңыздар.
Ұ  й  ы  м  д  ы  қ         қ ұ  ж  а  т  т  а  р
Ұйымдық  құжаттарға  мекеменің  ұйымдастырылуына, құрылуына
қатысты  құжаттар  жатады, олар: басқару  аппараттық  құрылым, оның  құрамы,
штат  кестесі, ішкі  тəртіп  ережесі, жарғы, міндеттер, қызметтік  нұсқау
(инструкция), т.б. құжаттар жатады.
Мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған сəттен    бастап  заңды тұлға болып
саналады. Тіркеуге  алынған  мағлұматтар  заңды  тұлғаларды  тіркейтін


Мемлекеттік реестрге алынады. Ұйымдық-құқықтық əрекетіне қарай мекеменің
құжаттарына  мекеме  жарғысы, құрылтайшылар  келісімі, коммерциялық  емес
ұйымдардағы жалпы ережелер жатады.
Мекеме  жарғысы  белгіленген  тəртіп  бойынша  бекітіледі. Жарғыда
мекеменің  іс-əрекеті,  негізгі  бағыты, басқа  бірлестіктер, жеке, заңды
тұлғалармен  қарым-қатынасы, құқықтары  мен  міндеттері  жазылады. Жарғы
мекеменің  атын, мекен-жайын, оның  ұйымдық-құқықтық  əрекеттерін, басқару
органын, бақылаушыларын, мекеменің  қайта  құрылуын, қызметін  тоқтатуын
реттейді, растайды. Жарғы  негізінде  мекеменің  құрылымдық  жүйесі  мен
жұмысшылар саны анықталады.
Штат  кестесінде  қызметтік  атаулар  мен  еңбекақылар  көрсетіледі.
Мекемелердің  құрылымдық   бөлімшелерінің  құқығын  анықтайтын,
жауапкершілік   міндеттерін, қызметтерін белгілейтін Ереже жасалады.
174-тапсырма. Өкілеттік  құжаттарға  берілген  мəтінмен  мұқият
танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.
Ө  к  і  л  е  т  т  і  к      қ  ұ  ж  а  т  т  а  р
Өкілеттік  құжаттарға  мекеменің  қызметтік  іс-əрекеттеріне  жəне
қызметкерлеріне  байланысты  жазылатын  бұйрықтар  мен  нұсқаулар  жатады.
Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік басшысы қол қояды.
Өкілеттік  құжат  мəтіндерінің  тақырыптары «... туралы», «... жөнінде»,
«... жайында»  деген  сияқты  шылаулармен  келген  сөз  тіркестерінен  тұрады.
Тақырып  аттары  қысқа, нақты  болуы  керек. Мысалы: «... өзгеріс  енгізу
туралы»,  «... қайта  қарау  жөнінде», «... шара  қолдану  жайында», «...
қорытындысы жөнінде», т.б.
Бұйрықтарда ұйымның өндірістік-шаруашылық жəне басқа да маңызды
бағыттағы мəселелері жазылады. Бұйрықтың ең маңызды бөлігі – оның мəтіні.
Бұйрықтың  мəтіні  өкілеттік  бөлімдерден  құралып, «БҰЙЫРАМЫН»  деген
сөзбен  беріледі  жəне  жеке  жолға  жазылады. Онда  іс-əрекеттің  орындалу
мерзімі, орындаушының аты-жөні, қызметі көрсетіледі.
175-тапсырма.  Анықтама-ақпараттық құжаттардан  мəлімет  алып,
мəтіннің мазмұнына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.
Анықтама-ақпарттық құжаттар
Ұйымдық-өкілеттік  құжаттардың  көп  кездесетін  түріне анықтама-
ақпараттық құжаттар жатады.  Олар: хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме,
мəлімхат, акт, анықтама жəне т.б. қызметтік хаттар жатады.  Бұл құжаттардың
барлығы ақпарат беру мақсатында жазылады,  белгілі бір оқиғаны, фактіні, іс-
əрекетті белгілейді, баяндайды.


Хат, жеделхат, телефонхаттар  арқылы  мекемелер  арасында  ақпарат
алмасуы  болады,  ұсыныстар  айтылып, алдын  ала  келісімдер  жасалады,  яғни
мекеме  басқа бірлестіктермен  ресми байланыс жасайды.
Анықтама-ақпараттық  құжаттардың бірі – акт. Ол  мекеме жетекшісінің
тағайындауымен  құрылған  тексерушілер  тобы  жəне  жауапты  адамдардың
қатысуымен  жазылады. Актілердің  бірнеше  түрлері  кездеседі.  Олар:
материалдық  құндылықтарды  жарамсыз  деп  санау, іс  қағаздарын  қабылдап
алу, өткізу, материалдық  құндылықтарды  қабылдау, өткізу, т.б. Құжатта  акт
жазушылардың аты-жөндері міндетті түрде жазылады.
12-апта. 24-сабақ
176-тапсырма. Өмірбаянда не жазылады, оның құрылымына не
кіреді? Берілген сұраққа жазбаша жауап дайындаңыздар.
177-тапсырма. Өмірбаян  неше  түрлі  болып  жазылады? Өз
пікіріңізбен ой бөлісіңіздер.
178-тапсырма. Өмірбаян  туралы  берілген  мəліметпен  мұқият
танысып, оның жазылу жолын меңгеріп алыңыздар.
Өмірбаян жəне оның түрлері
Өмірбаян – жеке  адамның  өмір  жолы  мен  қызметі  хронологиялық
тəртіппен туған күнінен бастап, бүгінге дейін жазылатын анықтама-ақпараттық
іс қағазының бір түрі. Тəжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады:
Біріншісінде адам өзінің өмірі мен қызметі туралы баяндайды. Бұл
көбінесе  қызметке  орналасу  кезіндегі  жеке  іс  қағаздарына  қоса  тігу  үшін
жазылады. Онда  адам  өзінің  аты-жөнін, туған  күнін, айын, туған  жерін  толық
көрсетеді. Одан  кейін  өзінің  өмірі  мен  қызметі  туралы  деректерді  ретімен
жазады.
Өмірбаянның  бұл  түрі  көбінесе  ресми  іс  қағаздары  стилімен
жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі – мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың,
өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.
Мұндай  өмірбаяндар  көркем  шығармаға  жақын  əдеби  тілмен, шебер
жазылғандығымен  оқырманды  қызықтырады  жəне  ол  оқырманды  жеке  адам
өмірімен ғана емес, қоғамның дамуымен де таныстырады.
Өмірбаянның  бұл  түрінде  жазушының  көзқарасы, дүниетанымы
көркем сөзбен жан-жақты баяндалады. Яғни ойды, сезімді, оқиғаны көркем сөз
арқылы  əсерлі  жеткізіп, оқушының  сана-сезіміне, көңіл-күйіне  əсер  ету
принципі негізге алынады.
Мұндай  шығармалардың  қай  тілде  болмасын  өте  көп  жəне  қара
сөзбен  де, өлең  сөзбен  де  жазылатын  түрлері  кездеседі.    Мысалы,    Қ.
Байсейітовтың


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау