Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет23/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36

5. Бұл стиль немен байланысты болып келеді? 6.  Ресми құжаттарда терминдер
қолданыла  ма? 7.  Ресми  стильге  жататын  мемлекеттік  құжаттарға  ортақ
сипаттарды атаңыздар. 8. Іс қағаздарының үлгілерін атаңыздар.
158-тапсырма. Ресми іс қағаздары  тілінің стиліне сұрақ-жауап
құрастырыңыздар.
159-тапсырма. Төмендегі  құжаттардың  жазылу  үлгісімен
танысып, олардың стиліне назар аударыңыздар.
Қосымша демалыс беру жөнінде
Бостандық  аудандық  қаржы  бөлімінің  бас  маманы  Сəрсекеева
Гүлназ  Айдарқызының  баласы  үш  жасқа  толғанға  дейін  бала  күтіміне
байланысты 2011 жылдың 19 қарашасынан бастап 2014 жылдың 8 қыркүйегіне
дейін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берілсін.
Негіздеме:  Г.А.Сəрсекееваның  өтініші. Баланың  тууы  туралы
куəлігінің көшірмесі бірге тіркеліп отыр.
Алматы қаласы Бостандық
          аудандық қаржы бөлімінің
          меңгерушісі      ____________  Айтжанова Сəуле Сейіткəрімқызы
                                   қолы
Еңбек демалысынан шақыру туралы
Өндірістік  қажеттілікке  байланысты, ұйымдастыру  кадр  бөлімінің
бастығы
Бакиева  Айгүл  Əдікенқызы 2011 жылдың 15 қаңтарынан  еңбек
демалысынан шақырылып, пайдаланбаған күндерін өзіне қажетті басқа уақытта
пайдалану құқығы берілсін.
«Капитал» компаниясының
директоры           _____________     Оспанова Шолпан Мұхтарбекқызы
     қолы
Ж ы л д ы қ     д е м а л ы с   ж ө н і н д е
        Ү л г і:
Қазақстан  Республикасының  10.12.1999 жылғы  № 493-1 «Қазақстан
Республикасындағы жұмыс туралы» Заңының 60 бабының 3 тармағы бойынша
əлеуметтік  жұмысқа  байланысты  категориясыз  (Q-12) маман  Абдиев  Жұман
Сайынұлына  2011 жылдың 1 қыркүйегінен 19 қыркүйегіне дейін 18 күнтізбелік
күнге жыл сайынғы жылдық демалысы берілсін.
Негіздеме: Ж.С.Абдиевтің  2011 жылдың 18 тамызындағы өтініші.
Аудан əкімінің     ____________    Садақбаев Тəңірберген Тұрсынбайұлы
 орынбасары                қолы


 Енгізілсін:
Аудан əкімі аппаратының
басшысы      _____________      Рыскелдиева Гүлдария Дəулетқазықызы
                              қолы
Келісілді:
Мемлекеттік құқық
бөлімінің бастығы   _____________   Итемирова Ақмарал Сейітқызы
                                            қолы
160-тапсырма. Жоғарыдағы  үлгілерді  пайдаланып,  төмендегі
мəселелерге байланысты құжат үлгілерін жазыңыздар.
1. Жұмысқа  қабылдау туралы;
2. Белгілі қызметке тағайындау туралы;
3. Жұмыстан шығару туралы;
4. Тəртіптік жаза беру туралы;
5. Белгілі бір міндетті жүктеу туралы.
11-апта. 22 сабақ
161-тапсырма. Түйіндеме  қандай  құжат, оны  қай  уақытта, неге
байланысты талап етеді? Сабақ барысында талқылаңыздар.
162-тапсырма. Түйіндеменің  құрылымына  не  кіреді? Бір-біріңізбен
пікір алмасыңыздар.
163-тапсырма. Түйіндеме  туралы  берілген  мəліметпен  танысып,
оның жазылу үлгісін есте сақтаңыздар.
Т Ү Й І Н Д Е М Е  (
Резюме
)
Түйіндеме (резюме)  француз  тілінен  аударғанда  айтылған  немесе
жазылған  мəселенің «қысқаша түйіні»  деген  мағына береді.
Түйіндеме – белгілі  бір  тұлғаның  өмірбаяны,   білімі,  мамандығы,
кəсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа  мəлімет беретін
анықтамалық-ақпараттық іс қағаздарының бір түрі.
Түйіндеме  жұмысқа тұру  мақсатында  немесе істеп жүрген  қызметінен
өзіне  лайықты  басқа  қызмет  іздеген  жағдайда, бос  орынға  жарияланған
конкурсқа  құжат  тапсырған  кезде, т.б. да  көптеген  жағдайларда  жазылады.
Түйіндеме мəтінінің  соңына  түйіндемені  жазған тұлға  өз қолын қояды.
Сіздің түйіндемеңізді оқыған адам сіздің кім екендігіңізден,  қашан, қайда
оқып, жұмыс  істеп, қандай  тəжірибе  жинағандығыңыз, алға  қойған
мақсатыңыз,  кім  болып  жұмыс  істегіңіз  келетіндігінен, жеке  басыңыздың
қасиеттерінен  хабардар болып, мəлімет ала алуы керек.
Түйіндеменің құрылымы төмендегідей:
1. Құжаттың аты.    Мысалы:  Түйіндеме.
2. Түйіндемені жазушының  жеке басы туралы мəлімет.
Аты-жөні, туған, оқыған  жері, жылы. Мысалы:  Айдарова  Кəмшат
Жансерікқызы 1967 жылы  22 ақпанда  Қарағанды  қаласында  дүниеге  келдім,
ұлтым – қазақ.


3. Мекен-жайы, телефоны. Мекен-жайым:  Алматы  қаласы, Жамбыл
көшесі, 141 үй, 56 пəтер.  Үй  телефоны:  368-71-26. Ұялы  телефоным:  8-701-
246-13-36.
4.
Үміттеніп  отырған  вакансиясы.        Мысалы:    Қ.И.  Сəтбаев
атындағы  ҚазҰТУ, Қазақ  тілі  кафедрасында  доценттік  қызмет;  баспа
қызметкері;  инженерлік  қызмет.
5.
Білімі  мен  қызметі  туралы  мəлімет.  Мысалы: Білімім  жоғары,
мамандығым:    қазақ тілі  мен əдебиеті сабақтарынан оқытушы. Əрі қарай қай
жылдары қай  мекемелерде не қызмет атқарғаны жазылады.
6.
Қоғамдық, кəсіптік, т.б. жұмыстары  туралы  негізгі
мəліметтер.  Бұл бөлікте  түйіндеме  иесінің кəсіптік, қоғамдық, ғылыми жəне
басқа  да  жұмыстарының  түйіндеме  мақсатына  қажетті  деп  табылатын
негізгілері  ғана  айтылады.  Мысалы:
Қоғамдық  жұмыстарға  белсене
араластым. Көпшілікпен  тіл  табыса  аламын,  ұйымдастырушылық
қабілетім бар.  Тапсырылған іске  жауапкершілікпен  қараймын. Баспа ісін
жақсы білемін. Компьютерді толық меңгергенмін, т.б. Сондай-ақ  еңбектегі
табыстары, ғылыми атағы мен  ғылыми  дəрежесі.
7.
 Қосымша мəліметтер.  Бұл бөлікте  ана тілінен басқа  меңгерген
тілдері,  компьютерлік  техниканы  меңгеру  деңгейі,  интернет
бағдарламаларымен  жұмыс  істеу  деңгейі,  спортқа, өнерге  қатысы, шетел
сапарлары,  жеңіл  көлік  немесе  транспорттың  басқа  түрлерін  жүргізе
алатындығы, т.б. атап көрсету қажет.
8.
 Кепілдеме. Соңғы  жұмыс  орнынан  немесе  жеке  тұлғалардың
атынан  алынған  кепілдеме  болса,   оның  бар  екендігі  түйіндемеде  бір
сөйлеммен  айтылады.  Қажет  деп  тапқан  жағдайда  оны  түйіндемемен  бірге
тапсырады.
9.
 Түйіндеменің  жазылған  күні, ізденушінің  қолы.
Түйіндеме
соңынан  түйіндеме  жазылған  күн, аты-жөні, фамилиясы, қолы  қойылады.
Мысалы: Қожанова Жібек Əлиқызы, 27 шілде 2009 жыл.
Грамматикалық ерекшеліктер:
Түйіндемеде жазылатын құжат иесіне қатысты мəліметтің барлығы I жақ
жекеше  түрде  баяндалады, оның  жалғауы:
-м.
  Етістіктің  жедел  өткен  шақ
формасының  жұрнақтары: -ды, -ді, -ты, -ті  қолданылады. Мысалы: дүниеге
кел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.
Түйіндеме  иесінің  дəл  қазіргі  кездегі  өмірін, білімі  мен  қызметін
баяндайтын  мəліметтер  етістіктің  нақ  осы  шақ  формасы  арқылы I жақта
беріледі. Мысалы: оқы+п жүрмін, істе+п жүрмін, атқар+ып жүрмін, т.б.
Нақ  осы  шақтың  дара  түрі отыр, жүр, жатыр, тұр  етістіктеріне
жіктік  жалғауының  тікелей  жалғануы  арқылы  жасалады. Мысалы:
мен
отыр+мын, сен  жатыр+сың, сіз  тұр+сыз, ол  жүр, біз  тұр+мыз, сендер
жүр+сіңдер, сіздер отыр+сыздар, олар отыр.
Нақ осы шақтың күрделі түрі лексикалық мағыналы етістікке: -ып, -іп,
-п жұрнақтары  жалғанып, тұр, жүр, жатыр, отыр  етістіктеріне  жіктік
жалғауының  жалғануы  арқылы  жасалады. Мысалы: Мен  оқы+п  отыр+мын.
Сен көр+іп жатыр+сың. Сіз ал+ып тұр+сыз. Сендер біл+іп жүр+сіңдер.


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау