Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,06 Kb.
Pdf просмотр
бет28/36
Дата13.11.2017
өлшемі5,06 Kb.
#94
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36

қандай  шығармаларды  жатқызуға  болады? 5. Үшінші  түрі  туралы  қандай
мəлімет білесіздер, оны кім жазады? 6. Өмірбаянның грамматикалық ерекшелігі
қандай?
181-тапсырма. Əр студент өз өмірбаяндарыңызды жазыңыздар.
182-тапсырма. Өмірбаянның  екінші  түрі  бойынша  жазылған  бір
көркем шығарманы сабақ барысында талқылаңыздар.
183-тапсырма. Өмірбаянның  үшінші  түріне  жататын  көркем
шығармалардың біреуіне тоқталып, өзара пікір алмасыңыздар.
184-тапсырма. Төмендегі 
сөз 
тіркестерімен 
сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Дүниеге  келу, үйлену, тұрмысқа  шығу, жоғары  білім, жұмыс  істеу,
мамандық алу, арнайы бөлім, оқу орнын бітіру, қызмет орындары, тұрғылықты
жері.
185-тапсырма. Берілген  үлгі  бойынша  сөйлемдерді  бірте-бірте
күрделендіріңіздер.
Ү л г і :
Бітіру: 1. Мен  бітірдім. 2. Мен  университет  бітірдім. 3. Мен  Қазақ
Мемлекеттік  Əлем  тілдері  университетін  бітірдім. 4. Мен 1995 жылы  Қазақ
Мемлекеттік  Əлем  тілдері  университетін  бітірдім. 5. Мен  Қазақ  Мемлекеттік
Əлем  тілдері  университетін  ағылшын  тілінен  мұғалім  мамандығы  бойынша
бітірдім.
Əкем жұмыс істейді. Інім  оқиды. Ағам  тұрады. Балам дүниеге  келді. Ол
оқуға түсті.
186-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Сіздің  аты-жөніңіз  кім? 2. Сіз  қандай  отбасында  дүниеге  келдіңіз? 3.
Сіз  қай  жылы  тудыңыз? 4. Əке-шешеңіздің  аты-жөндері  кім? 5. Олар  қайда
жұмыс істейді? 6. Мектепті қай жылы, қайда бітірдіңіз? 7. Біліміңіз қандай? 8.
Қай оқу орнын бітірдіңіз, мамандығыңыз кім? 9. Отбасыңыз бар ма? 10. Мекен-
жайыңызды атаңыз.
13-апта.  25-сабақ
187-тапсырма. Жеке  іс  парағы  қандай  жағдайларда  жазылады? Өз
ойларыңызды ортаға салыңыздар.
188-тапсырма. Жеке іс парағының құрылымын есте сақтаңыздар.


189-тапсырма. Мəтінде  берілген  мəліметті  толық  меңгеріп, жеке  іс
парағын қалай толтыру керектігін мазмұндаңыздар.
Анықтамалық-ақпараттық құжат
* * * * *
Ж Е К Е    І С    П А Р А Ғ Ы
Жеке  іс  парағы – жұмысқа  қабылдану, түрлі  ұйымдарға  сайлану,
сондай-ақ  ұйымдар  мен  мекемелер  талап  еткен  басқа  да  жағдайларда  жеке
адамның  өмірі  мен  қызметі  жайлы  нақты, ресми  мəліметтер  жазылып
толтырылатын іс қағазының бір түрі.
* * * * *
Жеке іс парағында  жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, бітірген
оқу  орны, кəсібі, мамандығы, қоғамдық  қызметі  мен  еңбек  жолы, т.б.
көрсетіледі. Жеке  іс  парағында  көрсетілген  мəліметтер  оқу  орнын  бітіргендігі
туралы құжатта, əскери билетінде, тууы туралы куəлікте, еңбек кітапшасында,
өмірбаянда, орта  білімі  туралы  аттестаты  мен  жоғары  білімі  туралы
дипломында берілген мəліметтермен дəлме-дəл жазылуы керек.
Жеке  іс  парағы  жеке  тұлғаның  өмірі, білімі, қызметі, əлеуметтік
жағдайы  туралы  мəлімет  беретін  болғандықтан, мазмұн-мақсатына  қарай
анықтамалық-ақпаратттық іс қағазына жатады.
Жеке  іс  парағында  негізінен  стандартты 15 пункт  беріліп, онда
төмендегідей мəліметтер қамтылады:
1. Тегі, аты, əкесінің аты қысқартусыз толық жазылады. Мысалы:
Қалықова Əлия Жұманқызы.
2. Жынысы ер немесе əйел деп көрсетіледі.
3. Туған күні, айы, жылы жазылған кезде ай аты толық көрсетіледі.
Мысалы: 25 қазан 2008 жыл.
4. Туған  жері  төлқұжатында  көрсетілген  мəліметпен  бірдей, сол  кездегі
ресми  атауы  өзгеріссіз  көрсетіледі. Мысалы: Алматы  облысы, Қаскелең
ауданы, Еңбекші ауылы.
5.  Ұлты  да  жеке  куəлікте, төлқұжатта  көрсетілген  мəліметпен  сəйкес
жазылады. Мысалы: қазақ.
6. Білімі.  Тек  орта  мектепті  бітірген  болса, орта; техникум, училище,
колледж  бітірген  болса, арнаулы  орта;  институт, университет  бітірген  болса,
жоғары деп  көрсетіледі. Ол  оқу  орындарының  сіз  бітірген  кездегі  бұрынғы
атауы жазылады. Мысалы: əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атауын 1972 жылы
бітіргендер Қазақтың  С.М. Киров  атындағы  Еңбек  Қызыл  Ту  орденді
Мемлекеттік  университеті деп  жазады. Алған  мамандығы: филолог, қазақ
тілі мен əдебиетінің оқытушысы, диплом ЭК № 152 436.
7. Тіл  білу  дəрежесі.  Мысалы: ана  тілім – қазақ  тілі, орыс  тілінде  еркін
сөйлеймін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде білемін.


8. Ғылыи  атақ, дəрежесі  толық, ресми  түрде  жазылады. Мысалы:
филология ғылымдарының докторы, профессор.
9. Ғылыми  еңбектеріңіз  талапқа  сай  толық  түрде  толтырылады:
Мысалы: Техникалық  қазақ  тілі. Оқулық. Жоғары  техникалық  оқу
орындарының барлық мамандықтарына арналған. «Ғылым» баспасы, 18 баспа
табақ, 2010ж.
10. Еңбек жолы тармағына оқу орындарында оқыған жылдары, қызметі,
қосымша  істеген  жұмыстары, басқа  жұмысқа  ауысқан  уақыты  толық
көрсетіледі.
11. Сайланбалы  органдарға  қатысуы  тармағына  республикалық,
облыстық, қалалық, аудандық, т.б. сайланбалы  органдарға  депутат  болып
сайланған  жағдайда  толтырылады. Қатыспаған  болса, қатысқан  жоқпын  деп
жазылады.
12. Мемлекеттік  наградалар  туралы  тармақты  марапатталғандар  ғана
толтырады. Марапатталмаған болса, марапатталған жоқпын деп жазады.
13. Əскери  қызметке  қатысы  пунктінде  əскери  қызметке  міндетті
немесе  міндетті  еместігі  жазылады. Мысалы: əскери  қызметке  міндеттімін,
əскери  қызметке  міндетті  емеспін.  Мысалы: əскери  билеті  СК  № 272046,
Алматы қаласы Бостандық аудандық əскери комиссариаты берген.
14. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы. Мысалы, əйел
адамдар: тұрмыстамын, тұрмыста  емеспін; ер  адамдар: үйленгенмін,
бойдақпын. Отбасы  бар  болса, олардың  аты-жөні, туған  жылы, күні, т.б.
көрсетіледі.
15. Мекен-жайы. Мысалы: Алматы қаласы, С. Торайғыров көшесі, 15 үй,
70 пəтер, телефоны: 386-42-01.
190-тапсырма. Мəтіннің  мазмұны  бойынша  берілген  сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1. Жеке іс парағында нақты не толтырылады? 2. Бұл құжат мазмұн-
мақсатына  қарай  іс  қағазының  қай  түріне  жатады? 3. Жеке  іс  парағының
құрылымына  не  кіреді? 4. Тұлғаның  білімі  туралы  қандай  мəліметтер
көрсетіледі? 5. Аталған  құжатты  толтыруда  қандай  жағдайларды, неге
байланысты  талап  етеді? 6. Жеке  іс  парағын  толтыруда  қысқарған  сөздерді
пайдалануға бола ма? 7. Жеке іс парағындағы мəліметтер қандай құжаттардың
негізінде  жазылады? 8. Жеке  іс  парағында  жазылған мəліметтердің растығына
кім жауап береді?
191-тапсырма. Кадрлар жөніндегі жеке іс  парағының  үлгісімен
танысыңыздар.


жүктеу 5,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау