Минералдық агрегаттардың ішкі құрылысы. Минералдарды диагностикалауда кейде олардың түйірлерінің ішкі құрылысы; жымдастығы; қосарланған және белдемдік құрылысы үлкен мәнге ие болады. Ӛңделген тастілімдерде рудалық минералдардың жымдастығы олардың дайындау ерекшеліктеріне қарай әлсіз кӛрсетіледі. Жымдастығы жиі ӛңделгенде ұсақ қабыршақтарының бұзылу нәтижесінде құрылымдық бұзылудан соң, тотықсызданудан не деформациядан кейін жақсы байқалады. Әдетте жымдастықтың жарықшақтары және ұсатылған бейнесі ірі түйірлі агрегаттарда және сапасы нашар ӛңделген тастілімдерде кӛрінеді.
Рудалық минералдардың жымдастығы тастілімде әртүрлі дәрежеде байқалатын бір немесе бірнеше жүйедегі параллель жарықтарда байқалады. Кейбір минералдар, минералдағы жымдастықтың санына тәуелді және жоғарғы бетінің тегістелу бағдарына қарай бір немесе үш жүйеге дейін жарықтар кездеседі. Егер жымдастықтың үш немесе тӛрт бағыттағы жымдастыққа ие болса, үгітілу пішіндері үшбұрыш және тӛртбұрыш пішінді болады.
Үгітілу үшбұрыштары кубтық сингония минералдарына тән (галенит, алтаит, пентландит, сфалерит, магнетит т.б.). Минералда жымдастық жарықшақтары құрылымдық ӛңделуден басқа динамометаморфизмде және тотығу процесінде байқалуы мүмкін; мысалы галениттің англезитке тотығуы кубтық жымдастықтың жарықшақ бойымен ӛтеді.
Минералдарда түйірлердің егіздік құрылысы микроскоппен байқалады . Ӛзгерудің және қысымның егіздік ӛсуі бӛлінеді. Егіздік ӛсуі рудалық және бейрудалық минералдарға тән мысалы: антимонит, станнин, сфалерит, халькопирит, марказит, магнетит, ильменит, гематит, сильванит, геокронит, кальцит және т.б. Ӛсу егіздігі қарапайым және полисинтетикалық болып келеді. Минерал түйірлерінде егіздіктер жіңішке және кең түзу сызықты пластиналар кездеседі. Егіздік ӛсуі мономинералды агрегаттардың кейбір түйірлерінде дамуы және сол агрегаттардың басқа түйірлерінде болмауыда мүмкін. Кейбір минералдарда торлы егіздіктер байқалады, мысалы: бурнонит.
Ӛзгеру егіздіктері пластиналы немесе ұршық тәрізді болып келеді және жиі айқасады. Олар тек кейбір түйірлерде ғана кездеседі. Жоғары температуралы ірі түйірлі халькопиритте, кубанитте, пирротинде, аргентитте, станнинде, шапбахитте, халькозинде, сомтума висмутте тағы басқаларда байқалады.
Қысымның полисинтетикалық егіздіктері динамометаморфизм түйірлерінде туындайды. Айқын мысалдары молибденит, антимонит, пирротин, ковеллин және т.б. Сондықтан, барлық түйірлерде егіздіктердің енділігі бірдей жұқа пластиналары жиі түрде жарықшақтарда қысылып, жылжуынан жаралады. Түйірлерде егіздіктерден басқа қысым толқынды
ӛшу, ұнтақталу жарықшақтары, жымдастық жарықшақтарының майысуынан байқалады. Үштік – жұлдызшалар саффлорит және арсенопирит агрегаттарында байқалады.
Кейбір минералдар үшін егіздік құрылысы тән, сондықтан оны зейінділікпен зерттеу қажет. Мысалы, сфалериттің егізділігі вюртциттен,
раммельсбергит егізділігінің ерекшелігі парараммельсбергиттен, халькопириттің егіздік құрылысы алтыннан (ӛңдеуден кейін) ажыратуға кӛмектеседі және т.б.
Анизотропты минералдарда егіздіктер айқас николде ажыратылады. Микроскоп үстелшесін айналдырғанда жарықтанған пластиналар ӛшеді, ал қараңғылар, керісінше, жарықтанады. Изотропты минералдарда егіздіктер құрылымдық ӛңделумен байқалады. Мысалы, сфалерит және халькопиритті патша арағында (хим. Азот пен тұз қышқылының металдарды ерітетін қоспасы) 15-20 с. уақыт аралығында ӛңдейді.
Белдемдік құрылыс кӛптеген минералдарға тән , ал кейбіреулер үшін (смальтин, герсдорфит, кобальтин, касситерит, арсенопирит, саффлорит, бравоит және пирит) бұл құрылыс ерекшелігі тұрақты және диагностикалау белгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Минералдарда кристалды-белдемді құрылыс түрінде, кристалдану орталығының
айналасында түзілімдердің тізбегін куәландыратын жекелеген кристалдарда байқалатын ӛсу белдемділігі табылады.
Белдемдік құрылыс кристалдар мен метакристалдар үшін тән және кристаллобластарда болмайды. Гѐтиттің, псиломеланның, настуранның және басқа минералдардың сауысты агрегаттарында концентрлік - белдемдік құрылыс байқалады.
Қатты кірінділер қатты ерітінділердің ыдырауында жаралу, минералдарды диагностикалауда үлкен мәнге ие , мысалы сфалерит үшін халькопириттің, пирротиннің және станниннің тамшы тәрізді кірінділері;
титан құрамды магнетитте ильменит ыдырағандағы денелер, ульвошпинел эмульсия, пластина және тор тәрізді; магмалық пирротинде пентландиттің пластина тәрізді және жалын тәрізді бӛлінуі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |