«Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №123 Қаулысы


Өндіру және айдамалау ұңғымаларын пайдалану



жүктеу 1,42 Mb.
бет4/7
Дата22.02.2018
өлшемі1,42 Mb.
#10432
1   2   3   4   5   6   7
2.1.8. Өндіру және айдамалау ұңғымаларын пайдалану

 

181. Мұнай өндіру ұңғымаларын пайдалану олардың өнімділігімен, суланған дәрежесіне байланысты шапшымалық немесе механикаланған тәсілдермен жүзеге асырылады. Механикаланған тәсілдің құрамына сорғылық және газлифтік тәсілдердің әр түрлі түр өзгерістері кіреді.

182. Шапшымалау тәсілінде, ұңғыманың түбінен шыққан өнім жердің бетіне тек қана қаттық энергия есебінен жүзеге асырылады, бұл тәсіл мұнай кенішін игерудің бастапқы кезеңінде пайдаланылады, құбырлардың табиғи сулануына байланысты өндірілген сұйықтың орташа тығыздылығы артады.

183. Ұңғымалар өз шамасына қарай суланған сайын, орташа тығыздығы ұлғайып, ұңғыма өнімінің құрамындағы бос газдың үлесі азаяды және осылардың жинағы дебиттің азаюына әкеледі, содан кейін қат қысымы алғашқы деңгейде сақталғанда ұңғымалар атқылауын тоқтатады.

184. Пайдалану ұңғымалары дебитінің азаюына байланысты шапшымалау тәсілі экономикалық тиімсіз болғандықтан, олар едәуір пайдалы механикалық тәсілге аударылады.

185. Өндіру ұңғымаларының сипаттамасына, табиғи-климаттық жағдай, пайдалану және жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру жүйесіне байланысты кен орнын игергенде мынадай арнайы сораптар қолданылады:

штангілі терең сорапты қондырғы;

электр ортадан тепкіш сораптар қондырғысы.

186. Ұңғыманы пайдалану қиындаған жағдай (өте қою сұйықтарды сорғанда, өндірілетін өнімдерге шаруашылық қоспалауы көбейгенде, ұңғыманың өте үлкен тереңдігіндегі сұйықтың динамикалық деңгейінің төмендеуі) мынадай арнайы сорап қондырғыларын пайдалану қажет:



электровинттік сорап қондырғыларын;

диафрагменттік сорап қондырғыларын;

гидропоршенді сорап қондырғыларын.

187. Ұңғымаларды сипаттамасына қарай газлифтілік тәсілмен пайдаланғанда, газдың ресурстарының және ұңғыманың жер үстіндегі газ айдайтын жабдықтардың болуына қарай газлифт пайдаланудың мынадай негізгі сызбасы пайдаланылады:



сығымдық газлифт;

сығымсыз газлифт;

ұңғыма ішіндегі газлифт;

үздіксіз газлифт;

кезеңдік газлифт.

Пайдаланудағы нысандардың сұйықтарын алу деңгейі және қарқыны, өндіру ұңғымаларының түбіндегі және сағасындағы қысым, шапшымалардың шектеулі қысымы және топтық ұңғымаларды механикалық өндіруге ауыстыру, сонымен бірге механикалық өндірудің тәсілін таңдау кен орнын игерудің жобадағы құжаттарына негізделеді және геологиялық-техникалық шаралардың жобасына сәйкес мұнай-газ өндіру ұйымдары жүзеге асырады.

189. Ұңғымаларды пайдаланудың барлық тәсілдері сорапты-сығымдық құбырлар арқылы жүзеге асырылуы керек. Бұл құбырлардың өлшемі және ұңғымаларға түсіру тереңдігі, сорылатын сұйықтықтың сипаттамасына, ұңғыманың термобарлық жағдайына, пайдалану тәсіліне тәуелді және бекітілген ұсыныс пен әдісімен анықталады.

190. Ұңғыманы пайдаланудың тәсілдерін ұңғыманың жабдықтарын тереңге түсіру тәсілін және біртұтастық өлшемін таңдау, кен орнын игерудің және ұңғымаларды пайдаланудың нақты жағдайына үйлестіріліп бекітілген басшылық құжаттарымен және әдістермен мұнай газ өндіретін ұйымдар орындауы тиіс.

191. Өндіретін ұңғымаларды пайдалану үшін жабдықтарды таңдағанда мыналар қамтамасыз етілуі қажет:



ұңғыманың сенімді және ақаусыз жұмысы;

ұңғымадан алынатын сұйықтың берілген мөлшері;

жабдықтардың жөндеуаралық жұмыс кезеңіндегі және пайдалы қимылының жоғары коэффициенті;

басқа тәсілдермен салыстырғанда өте аз шығыны;

ұңғыманың жұмыс тәртібі және игерудің процесін реттеу және қадағалауды жүзеге асыру мүмкіндігі.

192. Ұңғымалардың жұмыс тәртібін біркелкі қамтамасыз ету және шапшымалау мезгілін ұзарту, қаттың қуатын аса жақсы пайдалану мақсатымен ұңғымаларды шапшымалық пайдалануда мүмкін болатын ұңғыма ішіндегі жабдықтардың бірі қарастырылады:



құбырдың сыртқы кеңістігін беріктейтін сораптық-сығымдық құбырлар ұстынының астыңғы жағына пакер орнату немесе мұнайдан ажырап шыққан газдың негізгі бөлігін тұтып алып, осы құбырдың ұстынына бағыттайтын арнайы май құйғыш бекіту;

құбырдың сыртқы кеңістігінің беріктілігін және мұнай-газ қоспасы ағынын бөліп тастап, апаттық ахуалдар жағдайында сораптық-сығымдық құбырлар бойынша кескіш-пакер бөлігін орнату;

ұңғымалар жұмысы режимін реттеyді және мұнайдан шығатын газдың (жер бетіне көтерілген кезде) энергиясын неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз ететін ұңғыма түбінің штуцерін орнату;

газлифтілік клапандарға орналастыру үшін бір (немесе бірнеше) ұңғымалық камералар орнату, олар шапшымалы игеру кезінде құбыр сыртындағы кеңістіктен сораптық-сығымдық құбырлар ұстынына газ жіберуді немесе, егер ол шоғырды игеру жобалық құжаттарында қарастырылған болса, шапшылау аяқталғаннан кейін, ұңғымалар жұмысын газлифтілік әдіспен қамтамасыз етеді.

193. Ұңғымаларды жұмыс агенті ретінде табиғи газды қолданып сығымсыз газлифті арқылы өндіруге пайдалануға тек қана пайдаланылмаған газ кәдеге жаратылғанда ғана рұқсат етіледі.



Ол жағдайда ұңғыманың құрылымы газды ұңғымаларға қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс.

194. Ұңғымаларды сораптық пайдалану кезінде, сораптық жабдықтарды, оларға құм, газ, механикалық қосындылар түсуден сақтандыру үшін арнайы қорғау құрылымдарын пайдалану қажет (газ айырғыштар, газды және құмды зәкірлер және басқалар).

195. Өздігінен қызып кететін шоғырларды игеру ұңғымаларын пайдалану кезінде жабдықтар жоғары температураға ыңғайланып, жегішті, тотықтырғышты көміртегі, күкіртсутегі және басқалай құрамдардың қостотықты мөлшері басым болса, ұңғыма жабдықтары соған сай таңдалады.

196. Екі немесе одан да көп объектілерді бір ұңғыма арқылы бірдей уақытта бөліп пайдалану өндірілетін өнімдер жеке-жеке есебін жүргізуді қамтамасыз ететін ұңғымалық және жер беті жабдықтарын қолдану жағдайында және әрбір объектінің кәсіпшіліктік зерттеулерін жүргізгенде ғана рұқсат беріледі.

197. Айдау ұңғымаларының іске қосу тәртібі мерзімдері және пайдаланылуы технологиялық сызбаларда және әзірлеу жобаларында белгіленеді.

198. Мұнайлы шектеменің ішінде орналасқан айдау ұңғымалары әуелі өндіруші ретінде мұнай жинағыштарға қосылатын етіп пайдаланылады.

199. Қат бойынша немесе құбыр сыртындағы кеңістік бойынша апатты газ жарып өткен ұңғымаларды пайдалануға тыйым салынады.

200. Шапшымалық немесе механикаланған тәсілге ауыстырылған ұңғымаларды құбыр арасынан пайдалануға тыйым салынады.

201. Жобалық мәндерден асатын газ факторлы ұңғымаларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

202. Егер жобалау құжаттарында басқасы қарастырылмаса, түпкі қысым мәнінен төмен қысымда ұңғымадан су алуға рұқсат етілмейді.

 

 

2.2.1.9. Ұңғымалар жұмысының технологиялық режимін бекіту және бақылау



 

203. Өндіру және айдау ұңғымаларының саны, пайдалануға енгізу тәртібі және оңтайлы жұмыс режимін әзірлеуге арналған жобалау құжаттарында анықталып, қабылданған әзірлеу көрсеткіштеріне қаттардан мұнай, газ және сұйықтық өндіру деңгейіне, қарқынына және динамикасына байланысты белгіленеді.

204. Қабылданған кен көзін игерудің негізгі көрсеткіштерін еске ала отырып, ұңғымалар мен қаттардың зертханалық, геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулерін талдау негізінде сұйықтықты алудың технологиялық мөлшерлері белгіленеді. Әр өндіруші ұңғымаға және ығыстырушы агенттің қабылдағыштығы, әр ұңғымаға, айдамалау көлемі бұлардың әрқайсысына сәйкес құжат түрінде рәсімделеді.

205. Ұңғыманың пайдалануын бақылау және жасалып жатқан геологиялық-техникалық іс-шараларды есепке алу үшін мынадай алғашқы геологиялық-техникалық құжаттар болуы қажет:

өндіруші және айдаушы ұңғымаларын пайдалану бойынша тәуліктік рапорты;

мұнай өнімінің көлемдерін, өнімнің суланғандығын, геологиялық-техникалық іс-шаралардың орындалуын есептеу журналы;

жерүсті мен жерасты жабдықтарының жөнделгендігін есепке алу журналы.

206. Мұнайды, сұйықтықты және газды алудың бекітілген нормасынан шыға отырып өндіруші ұңғыманың техникалық жұмыс режимін өндіруші ұйымның басшылары қарастырады және бекітеді. Ол кен өндіру объектісінің тұрақты жағдайына байланысты ай сайын не болмаса тоқсанына бір рет белгіленеді. Өндіруші және айдау ұңғымасы жұмысының технологиялық режимінің нысаны және режимін белгілеу кезеңділігі жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

207. Өндіруші ұңғымалардың жұмысының технологиялық режимімен бір уақытта, ұңғымадан және пайдалану объектісінен сұйықтықты алу мөлшерін қамтамасыз етудің геологиялық-техникалық жоспарын жасайды және бекітеді.

208. Пайдаланудың тәсіліне байланысты өндіруші ұңғымалардың жұмыстарының технологиялық режимінде мынадай негізгі өлшемдері көрсетіледі:



сұйықтықтың өнімі, суландырылуы, газ факторы;

ұңғыманың түбіндегі және сағасындағы қысымы немесе ұңғымадағы сұйықтықтың динамикалық деңгейінің жағдайы, штуцер диаметрі, сораптық-сығымдық құбырлардың диаметрімен (шапшымалық ұңғымаға) түсіру тереңдігі;

плунжердің диаметрі, теңселу саны, жүрісінің ұзындығы, сораптың түрмөлшері және түсіру тереңдігі (сораптық пайдалану үшін);

газдың меншіктік шығысы және жұмыс істеу қысымы, іске қосумен жұмыс клапандарының тереңдіктеріндегі қондырғылары (газлифтілік пайдалану үшін);

пакерлердің, газ якорлерінің, ұңғыма түбі штуцерлері және басқалардың түрі мен жіберу тереңдігі.

209. Өндіруші ұңғымалардың жұмысының белгіленген технологиялық режимінің орындалуын бақылауды жер қойнауын пайдаланушы ұйымның геологиялық және өндірістік-техникалық қызметкерлері жүзеге асырады.

210. Дербес өлшеу мен зерттеулер үшін арнайы техникалық құралдармен жабдықталмаған жаңа ұңғымаларды іске қосуға болмайды.

211. Технологиялық процестерде қолданылатын барлық өлшеу-бақылау аспаптары мен құралдары мемлекеттік өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету тізіміне енгізіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімділікпен тексеріліп отыруы тиіс.

212. Ұңғымалардың жұмыс режимі бойынша материалдары сақтауға, талдауға және қорытындылауға жатады. Мұнай өндіру цехы белгіленген технологиялық режимдердің орындалмау себептерін айқындап, ұңғымалардың және игеру жабдықтарының жұмыстарының тиімділігін арттыратын шаралар ұсынылып, осы шаралардың орындалу қорытындысын талдау, бақылауды жүзеге асырады.

213. Жер қойнауын пайдаланушы игеру объектілері, алаңдары, пайдалану тәсілдері бойынша ұңғымалардың жұмыс режимін талдау нәтижелерін жинақтап, оларды жыл сайынғы есеп беру құжаттарында көрсетеді.

214. Жер қойнауын пайдаланушылардың әр айдау ұңғымасы бойынша техникалық құжаттамасы жүргізіледі, бұлардың ішінде барлық пайдалану көрсеткіштері, жүргізілген геологиялық-техникалық шаралар және олардың тиімділігі, ұңғыма сағасының және пайдалану колонналарының беріктігі және сенімділігі тексеріледі.

215. Бекіту құбыры тізбегінің және айдау ұңғымаларында циркуляцияның болмауы қысымды қалпына келтіру қисығын талдаумен, тереңдік шығын өлшегішпен, резистив өлшегішпен, электр термометрмен тексеру, радиоактивті изотоптар, кигізбе құбырларды пакермен престеу арқылы анықталады.

216. Өндіру ұңғымалары мен ұңғыма жабдығының техникалық күйі мынаны қамтамасыз етуі тиіс:

ұңғымаларды белгілі уақытқа бекітілген технологиялық режимдермен пайдалану;

ұңғыма режимінің параметрлерін бақылау (сағасы мен құбырарты кеңістігіндегі қысымды өлшеу, сұйықтық пен газ бойынша ұңғыма дебитін, өнімнің сулануын, газдың қысымы мен үлестік шығынын, сорғының қысымы мен өнімділігін өлшеу, саға сынамаларын алу);

ұңғыма мен ұңғыма жабдығының күйін бақылау, қат сипатының динамикасын анықтау, игеру процесін бақылау және реттеу мақсатымен кәсіпшілік-гидродинамикалық зерттеу жүргізу;

ұңғымаларды пайдалану кезіндегі қиындықтармен күрес және олардың алдын алу;

қаттың ұңғыма маңы мен ұңғыманың түпкі маңына әсер ету жұмыстарын жасау.

217. Ұңғымалар жұмысының технологиялық режимі мен объект процесін бақылауды жүзеге асыру үшін ұңғымалар сағалық және құбырарты қысымын бақылайтын манометрлермен, сағалық сынама алу және саға температурасын өлшеу қондырғыларымен, ұңғымаға түсуге арналған арматуралық алаңдар мен лубрикаторлармен жабдықталуы тиіс (манометр, термометр, дебитомер, сынама алғыш және т.б.), сонымен қатар:



газлифтілік пайдалану әдісінде саға арматураларын қосымша манометрлермен, шығын өлшегіштермен және газдың қысымы мен шығымын реттейтін басқа құралдармен қамтамасыз етеді;

сағадағы штангалы тереңдік сорғы қондырғылары ұңғымаларды динамометрлеу, сұйықтық деңгейін эколотпен өлшеу, газ сынамасын алу үшін орнатылады;

ұңғымаларды электр ортадан тепкіш сорғылармен пайдалану кезінде сағаға олардың жұмысын бақылап, өзгертуге болатын басқару станциясы орнатылады, ал ұңғыма жабдығы сорғыдағы қысым мен температураны өлшейтін арнайы телемеханикалық құрылғы орнатылады;

ұңғымаларды гидропіспекті сорғылармен пайдалану кезінде сағаға жүктеме агрегатының жүріс санын бақылайтын, сұйықтық қысымы мен тазалық деңгейін бақылайтын аспаптар орнатылады;

айдамалау ұңғымаларын ұңғымалық және үстіңгі аспаптармен пайдалануда олардың қабылдағыштығы, айдау қысымы және қаттардың сулануы үнемі бақыланады;

218. Ұңғымаларды өзара қатынасы мен айдалатын агенттің қат бойынша қозғалысын гидротыңдау, геофизикалық әдіс, суға индикаторлар қосу және өндіру ұңғыма өнімінде олардың пайда болуын бақылау әдісімен тексеріледі.

219. Ұңғымалардағы зерттеу жұмыстарының мерзімділігі мен көлемі бекітілген міндетті кәсіпшілік-геофизикалық зерттеу кешеніне сәйкес, игерудің жобалық құжаттарының талаптарын ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушымен бекітіледі.

220. Өндіру ұңғымаларының технологиялық режимі бұзылған жағдайда жоспарланған ұңғыма жұмысының іс жүзіндегі параметрлерінің түрлі сатыларында ауытқуларды тудыратын себептерді анықтау мен жою бойынша шұғыл шаралар қолданылады (ұңғымадағы құм тығындары, ұңғыма түбіне газ не судың құйылуы, парафин, тұз, гидрат, коррозияның түзілуі).

221. Құм көп шығарылатын ұңғымаларда түп маңын бекіту бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Бекіту әдістері (сүзгі орнату, цементтеу, шайырмен өңдеу) нақты жағдайға қарай таңдап алынады.

222. Ұңғымалардың түбінде газ немесе судың тесіп шығуы себептеріне қарай технологиялық режимді өзгерту немесе тиісті оқшаулау жұмыстары арқылы жөнделеді.

223. Басқа қиындықтармен (тұздардың, парафиннің түзілуі, құбыр мен қондырғылардың эрозиялық және коррозиялық тозуы) күресу әдістері мен құралдары олардың тиімділігіне қарай таңдап алынады.

224. Айдау ұңғымаларын пайдалануда қиындықтардың сипаты мен ауырлығы (ұңғыма сыйдырымдылығының төмендеуі, сыйдырымдылық діңінің әртектілігі, кигізбе колонналардың герметикасының бұзылуы) айдау ұңғымаларының жұмыс режимімен де, оның құрылымының айдаланатын агенттің параметрлері мен сипаттамаларымен де анықталады.

225. Қатқа газ айдау кезінде айдау ұңғымаларының құрылымы газ ұңғымаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

226. Қатқа түрлі жылужеткізгіштерді (ыстық су, бу) құйғанда, құбыр-цемент қоршауы жүйесіндегі термикалық қысымды азайту, әсіресе, ұңғыманың қалыпсыз жұмыс режимінде төмендету шаралары қарастырылуы қажет.

227. Ұңғымалардың өнімділігін және сыйымдылығын арттыру, қатқа байланысты гидродинамикалық байланысын жақсарту, олардың игерілуін және пайдалануға берілуін тездету мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар ұңғыманың оқпантүп төңірегіндегі аймағы мен қаттың ұңғыма маңы бөлігіне әсер ету әдістері жоспарланып, орындалады (қышқылмен өңдеу, қаттың гидровликалық жарылуы, гидродинамикалық әсер).

228. Нақты әсер ету әдісін таңдауды жер қойнауын пайдаланушы қаттың түпкі аймағы жағдайын, кен мен сұйықтық құрамын зерттеу, сонымен қатар, мердігерлік немесе жөндеу қызметі ұйымдарының ұңғыма мен объектілер бойынша әртүрлі әдістерді жинақтау және зерттеу арқылы жүзеге асырылады.

229. Ұңғыманы ағымдағы (жерасты) жөндеу кезінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:

ұңғыма құрылғысының тозуына байланысты оны толық немесе жартылай алмастыру (штангінің үзілуі, сорғы плунжерінің сыналуы, өткізгіш сым-электр қозғалтқыш жүйесінде оқшаулау кедергісінің нөлге дейін төмендеуі, сорғы берудің үзілуі және т.б.);

ұңғыма қабырғаларын және оқпантүбін әртүрлі қалдықтардан (құмнан, парафиннен, тұздан, коррозия өнімдерінен) тазалау.

230. Ұңғыманы толық жөндеу кезінде мыналар орындалуы тиіс:



түзету-оқшаулау жұмыстары (қаттың кейбір суланған интервалдарының ауытқуы, цемент сақинасының герметикалық еместігін және кигізу ұстынын жөндеу, қаттың түп аймағындағы нашар цементтелген тау жыныстарын бекіту);

басқа қатқа өту және қаттарды ортақтандыру жұмыстары жүргізіледі;

ұңғымаларды санаттан санатқа қызметі бойынша өткізу;

ұңғыманы іске қосу немесе жөндеу жұмыстары кезінде апат жағдайларын болдырмау (сорғы сығымдау құбырларын, электр орталық құрылғыларды, тереңдік штангалық сорғыларды шығару, ұңғы бойын тазалау және т.б.);

кесіп тастау пакерлерімен, екі қатты қосарлап-бөлек іске қосу, ұңғыманың екінші жиегін шығару жабдықтарымен қамтамасыз етілген ұңғымаларды жөндеу;

қосымша тескілеу жасау және торпедалау;

консервация немесе ұңғыманы жою.

231. Мұнай өндіруді әртараптандыру мақсатында техникалық жағынан жарамды ұңғымаларда қаттың су айрылуын, қаттарды радиальдық ашуды, ағынды болдырмайтын технологияларды, акустикалық оңалтуды, термобарий-химиялық әсерді, электр әсерін, қаттарға толқынды бароциклдық әсерді, химиялық өңдеуді қолдануды, сондай-ақ қаттың өткізгіштігі жоғары учаскесі арқылы өндіруші ұңғымалардың түптік аймағына айдамалаушы ұңғымалардың әрекеті аймағынан судың бұзылуына жол бермеуге бағытталған, қаттардағы жөндеу-оқшаулау жұмыстарын қоса алғанда ұңғымалардың түптік аймағына және қаттың ұңғымалық бөлігіне әсер ету бойынша жұмыстар жүргізілуі мүмкін.



Ұңғыма түбі аймағына және қаттың ұңғыма маңы бөлігіне әсер ету жұмыстары ұңғыманың күрделі және/немесе ағымдық (жерасты) жөнделуіне жатпайды.

232. Ұңғы сағасы және бойы құрылғылары, жұмыс сұйықтықтарының тығыздығы мұнай-газ шығуын ескертуі қажет.

233. Ұңғыманы жөндеу жұмыстарын бекітілген жоспар бойынша мұнай-газ өндіру өнеркәсібіндегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау талаптарына, сонымен қатар қолданып жатқан құрылғыларды іске қосу ережелері мен нұсқауларына және технологиялық үрдістерді келтіруге сәйкес жүргізу қажет.

234. Жүргізілген жөндеу жұмыстары және оның мазмұны, ұңғыманы және оның құрылғыларын аралық жөндеу кезеңі және жүргізілген жұмыстардың техникалық-экономикалық әсері туралы ақпарат жер қойнауын пайдаланушыда пайдалану объектісінің барлық игеру мерзімі бойында сақталуы қажет.

235. Пайдалану объектілерін игеруді бақылауға алу қабылданған игеру жүйесін бағалау, оны одан әрі жетілдіру бойынша ақпараттар алу мақсатында жүзеге асырылады.

236. Кәсіпшілік зерттеулердің міндетті кешеніне кіретіндер:



тұтас объекті бойынша қатты және ұңғыма түбі қысымдарын және көп қабатты қат объектілерін тереңдік манометрімен және басқа әдістермен өлшеу;

жер бетіндегі ұңғыманың мұнай, газ, сұйық өнімдерін жеке немесе қозғалмалы өлшеуіш қондырғылармен, оған кіретін траппен және сыйымдылығын өлшеуішпен немесе жинау пунктінде, автоматикалық топтық қондырғы «Спутник» көмегімен және тағы басқалармен өлшеу;

жеке қаттардың ұңғыма өнімдерін көп қабатты объектілерде үздіксіз өлшеуді тереңдік аспаптарымен (өнімөлшеуіштерімен) орындау;

пайдалану объектілеріндегі газдың кәсіпшілік факторларын өлшеу;

ұңғыма өнімінің сулануын, сұйықтықтың сынамасын анықтау;

шығарып тастау бағыттарынан алынған айдамалау ұңғымаларының ұңғыма сағасы манометрлерімен және жұмысшы агентті айдау көлемін ұңғымаларда санаушы аспаппен немесе шоғырлық сорап станцияларындағы шығыс есептегіштермен өлшеулер, сонымен қатар көп қабатты объектілердің жеке қаттарының қабылдағыштығын тереңдік шығыс есептегіштерімен немесе басқа тәсілдермен (термограммамен, радиоактивтік изотоп айдаумен және т.б.) өлшеулер;

өндіргіш және айдамалау ұңғымаларды қалыпты және қалыпсыз режимдердегі гидродинамикалық зерттеулер;

ұңғыманың техникалық жағдайын мұнай, газ, суға қанғыштығын анықтаулар және ұңғыманың техникалық күйін кәсіпшіл-геофизикалық зерттеулер;

ұңғыма өнімінің тереңдегі және жер бетіндегі сынамаларын алу және зертханалық зерттеулер;

айдалған судың қалқыма бөлшектері мен тұз құрамының өлшеулері.

237. Аталған жүйелік өлшеулерден басқа, объектінің және айдалатын жұмысшы агентінің температуралық режимін бақылау, таңбаланған заттарды айдаумен қаттардың жұмысын бағалау, қаттардағы парафиннің түсу мүмкіншілігін зерделеу сульфат-редукцияны бақылау, гидроттықтау және т.б. арнайы зерттеулері алға қойылып және жекеленген жоспарлармен жүзеге асырылады.

238. Пайдалану объектілерінің кен көзін игеру жөніндегі бақылау зерттеулері мұнай-газ өндіруші ұйымдарының күшімен немесе олардың тапсырмасымен мамандандырылған ұйымдардың айлық жоспары бойынша орындалады.

239. Пайдалану объектілерінің кен көзін игеру жөніндегі бақылаудың алғашқы мәліметтері жер қойнауын пайдаланушыларда кен орнын барлық пайдалану мерзімінде сақталады.

240. Өлшеу кешенінің ерекшеліктері және олардың кезеңділігі міндетті түрде пайдалану объектілерінің кен көзін игеру, жобалау құжаттарында олардың геология-физикалық және кен көзін игерудің ұсынылған жүйесі ескеріле отырып негізделеді.

241. Кәсіпшіліктік зерттеулердің көлемі мен кезеңділігі кен көзін игерудің әр сатысында, әр пайдалану объектісі бойынша дербес бекітіледі.

242. Пайдалану объектілерінің кен көзін игерудегі бақылау жөніндегі зерттеулер кешені жүйелі және біржолғы өлшемдер жасауды көздейді.

243. Жүйелі зерттеулердің әрбір түрін жүргізудің мынадай мерзімділігін ұстану ұсынылады:



1) қаттық қысымды өлшеулер:

игерудің негізгі кезеңінде (І-II-III игеру сатыларында) - тоқсанында бір рет;

игерудің IV аяқталу сатысында - жарты жылда бір рет орындалады.

Істеп тұрған, өндіруші және айдау ұңғымаларының түп қысымын өлшеу әр тоқсан сайын бір реттен сиретілмей бақыланады.

2) Ұңғымалардың дебитін өлшеулер мынадай мерзімділікпен орындалады:

аз дебиттілер (тәулігіне 5 т. дейін) - 15 күнде бір рет;

орта және көп дебиттілер - 7 күнде бір рет.

Айдау ұңғымаларының қабылдағыштығын өлшеу ай сайын жүргізілуге тиіс.

3) Ұңғымалардың сулануын өлшеу мерзімділігі, олардың сулану жағдайына байланысты жүзеге асырылады:

сусыз ұңғымаларда - ай сайын;

суланып жатқан ұңғымаларда - ай сайын.

244. Газ факторын өлшеу қаттық қысым қанығу қысымынан асқанда жылына бір рет орындалады. Қат қысымы қанығу қысымынан төмендегенде өлшеулер тоқсан сайын немесе ай сайын орындалады.

245. Айтылған өлшеулер кешені әрбір жаңа ұңғыма бойынша бірден, сондай-ақ қандай да бір технологиялық немесе техникалық іс-шаралар жүзеге асырылғанға дейін және одан кейін орындалады (ұңғы түбін өңдеу, сумен жару, оқшаулау жұмыстары және басқалар), ал одан кейін - жоғарыда көрсетілген мерзімділікпен.

246. Гидродинамикалық зерттеулер қысымды (деңгейді) қалпына келтіру әдістерімен және қалыптасқан алулармен әрбір ұңғыма бойынша оны пайдалануға алған соң және одан кейін қажет жағдайларда орындалады.

247. Айдалатын судағы қалқымалы бөлшектерді және мұнай өнімдері және басқа қосындылар мөлшерін өлшеулер күн сайын орындалуға тиіс.

248. Жекелеген (біржолғы) өлшеу бір мерзімде орындалатын зерттеулердің толық кешенін немесе оның қажет бөлігін көздейді және әрбір жаңа бұрғыланған ұңғымада, сондай-ақ қандай да бір технологиялық немесе техникалық іс-шараларды (ұңғы түбі аумағын өңдеу, күрделі жөндеу, жабдықты ауыстыру және т.б.) жүзеге асырылғанға дейін және одан кейін орындалады.

249. Бір жолғыларға мұнайгаз суға қаныққан қаттарды бағалау үшін ұңғымаларда жүргізілетін кәсіпшіліктік-геофизикалық зерттеулер жатады, олар қажет болған жағдайларда орындалады және де олардың көлемі әсіресе ұңғымалар суланғанда көбейе беруі тиіс. Осыған ұңғымалар мен қаттардың өзара қатынасын, шоғырлар қималарын фотоколориметрлік зерделеу жөніндегі гидродинамикалық зерттеулер де жатады және т.б.

250. Игеруді бақылау, сондай-ақ осы мақсаттарда қолданылатын бақылаулық және пьезометриялық ұңғымаларда жүзеге асырылады, олардың саны мен орналастырылуы өнеркәсіптік игеру жобасында белгіленеді.

 

 

2.2.2. Газ және газ конденсатты кен орындарын жобалау және өнеркәсіптік игеру



 

251. Тәжірибелік-өнеркәсіптік жобалар кен орнына толық немесе жекелеген кен шоғырларына, немесе олардың учаскелеріне (блоктарын) жасалуы мүмкін.

252. Тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің жобасы осы пайдалану кезеңіне кәсіпшілікті жайластыру жобасын құру үшін негіз болып табылады.

253. Осы жоба мына бөлімдерден тұрады:

1) І бөлім - Геологиялық-өнеркәсіптік мәліметтер:

геологиялық зерттеу туралы қысқаша мәліметтер;

стратиграфия, тектоника және өнімді горизонттардың сипаттамасы (тиімді қалыңдық, кеуектілік, өтімділік, литология және басқалар) туралы қысқаша мәліметтер;

барлау ұңғымаларын сынамалау және зерттеу нәтижелері;

газдың және конденсаттың құрамы бойынша мәліметтері;

газдың және конденсаттың қоры туралы мәліметтер (С1 және С2 дәрежесінде);

ұңғымалардың мүмкін жұмыс дебитін есептеулер;

кен орындарын барлауға дейін ұсыныстар.

2) II бөлім - Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді жүргізудің негізгі көрсеткіштері:

игеру жүйесін таңдау;

ұңғымалардың технологиялық жұмыс режимін таңдау;

тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру мерзімінде игерудің әртүрлі нұсқаларын есептеу, игерімдік ұңғымалардың санын және орналасу орнын анықтау;

келісімшарт жасалған мерзімін қамтитын өте ұзақ кезеңге болжамдық есептер;

игерімдік ұңғымалардың құрылымы бойынша ұсыныстар;

өнімді горизонттарды аршу мен газ өндіруді қарқындату бойынша ұсыныстар;

жайғастыруды жобалайтын ұйыммен келісілген кәсіпшілікті жайғастыру бойынша негізгі ережелері;

газ тасымалдау мен оның мүмкін тұтынушылары бойынша ұсыныстар.

3) III бөлім - Техника-экономикалық есептеулер:

жайғастыру;

кен орнына тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің шығындары;

салықтар және басқа да төлемдер;

тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің шығыстары мен кірістерінің есептеулері.

4) IV бөлім - Газ және газ конденсатты кен шоғырының толық игерілуіне бақылау.

5) V бөлім - Газ және газ конденсатты кен орындарын әзірлеу кезінде жер қойнауы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау.

6) VI бөлім - Сызбалық қосымшалар:

шолу карталары;

тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруге енгізілетін өнімді горизонттардың игеруге жобалаған және бұрғыланған барлау ұңғымалары көрсетілген құрылымдық карталар;

геологиялық-геофизикалық қималар және профильдер.

254. Егер кен орындарында, қорларын анықтау сенімділігі төмен дәрежедегі және жалпы қордың көп мөлшері (70 пайыздан жоғары) С2 дәрежесінде анықталған кен шоғырлары болса, экономикалық пайдалылық болса, онда негізгі объектілерді игеру жобаларымен қатар тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобалары жасалуы мүмкін.

255. Газ және газ конденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасында газды, конденсатты және қосалқы компоненттерді барынша алуға және пайдалануға байланысты негізгі технологиялық және техника-экономикалық мәселелердің кешендік шешімі берілуі тиіс.

256. Өнеркәсіптік игеруге, геологиялық барлау жұмыстарының барлау-игерімдік сатысында шешілетін міндеттері анықталған газдың, негізгі және қосалқы компоненттердің қоры анықталған және белгіленген тәртіппен бекітілген, қажет жағдайларда тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жүргізілген кен орындары жатады.



Игеруге қосуға жоспарланған шоғырда өнеркәсіптік маңызы бар мұнайлы жиек болған жағдайда, олардың өзара байланысы, газ және мұнай бөліктерін кезектеп немесе бірге игеру туралы мәселелер шешілуі тиіс.

257. Газ және газконденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеруге қосуға рұқсат етіледі, егер:



1) өнеркәсіптік игеруді жобалауға қажет геологиялық-техникалық мәліметтер болғанда:

белгіленген тәртіпте бекітілген газ, сондай-ақ пайдалы және қосалқы компоненттердің қоры туралы;

кен шоғырының (кен шоғырларының) геометриясын, оның өнімділігін және қысымның ықтимал өзгеру динамикасын біржақты анықтауға мүмкіндік беретін барлау жұмыстарының, егер соңғысы жүргізілсе сынамалы игерудің нәтижелері туралы.

2) ұңғымаларды игеруден бастап игеру процесінде алынған газды, конденсатты және қосалқы компоненттерді толық пайдалану қамтамасыз етілгенде;

3) газ және газ конденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасы және жайластыру жобасы белгіленген тәртіпте бекітілгенде;

4) жайластыру жобасында қарастырылған іс-шаралар іске асырылғанда;

5) өндіруге арналған келісімшарт жасалғанда.

258. Газ және газ конденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасының, егер бұл мерзімде алынатын қордың 90 пайызы өндірілетін болса келісімшарттың қолданылу мерзімін қамтиды. Егер өндіру аз шаманы құраса, онда есеп іріктеудің 90 пайызына қол жеткенге дейін жүргізіледі.



Осы жоба мына бөлімдерден тұрады:

1) І бөлім - Алғашқы геологиялық-кәсіптік мәліметтер:

геологиялық зерттеулер туралы қысқаша мәліметтер;

стратиграфия, тектоника және өнімді горизонттардың сипаттамасы туралы қысқаша мәліметтер;

сынамалы игерудің нәтижелері, егер ол жүргізілмесе, онда барлау ұңғымаларын сынамалау және зерттеу нәтижелері;

газдың және конденсаттың құрамы бойынша мәліметтер;

газ құрамындағы газ, конденсат және өзге де компоненттердің қоры туралы мәліметтер;

кен шоғырларының гидрогеологиялық сипаттамасы мен жұмыстың мүмкін режимі;

игерімдік бұрғылау процесінде кен орнының геологиялық қатарын нақтылау міндеттері, қажет жағдайда осы міндеттерді барлау ұңғымаларын бұрғылау және сейсмикалық түсіру жүргізу арқылы шешу.

2) II бөлім - Өнеркәсіптік игеруді жүргізудің негізгі көрсеткіштері мыналарды:

кен орнын игеру жүйесінің негіздемесі және таңдау;

газ өндірудің, пайдалы және қосалқы компоненттерінің әр нұсқадағы игерілуінің және ұңғымаларды пайдаланудың жылдар бойынша есебі;

газ конденсат қайтарымының есебі;

ұңғыманың технологиялық жұмыс режимін таңдау;

пайдаланылатын резервтік, қадағалау, пьезометриялық, айдау ұңғымаларының қажетті санын, сондай-ақ бұрғылау мерзімдерін анықтау. Есеп әр бұрғыланатын объекті және жалпы кен орны бойынша жүргізіледі, көлденең ұңғымаларды бұрғылау жөнінде мәселе қаралады және шешім қабылданады;

пайдалану, резервтік, қадағалау және пьезометриялық ұңғымалардың барлық қорын іске қосу, орналасу жүйесін таңдау және бұрғылаудың дәйектілігі;

ұңғымалар құрылымы бойынша ұсыныстар;

өнімді горизонттарды ашу және газ өндіруді қарқындандыру бойынша ұсыныстар;

газ және конденсат дебиттерін, қаттық, түптік және сағалық қысымдардың барлық жоспараланған кезеңдегі есебі, сондай-ақ осы жайғастыруды жобалаушы жобалау ұйымдарымен келісілген қажетті кәсіптік ғимараттардың іске қосылу мерзімдері мен ораналасқан жері;

газ тасымалдау және оның ықтимал тұтынушылары бойынша ұсыныстар;

газ құрамындағы пайдалы және қосалқы компоненттерді кешенді пайдалану бойынша ұсыныстарды қамтиды.

3) III бөлім - Техникалық-экономикалық есептеулер:

газ және газ конденсатты кен орындарын игерудің әр нұсқасы бойынша кен орындарын толық дамыту үшін қажетті инвестицияларды есептеулер;

газ және газ конденсатты кен орындарын игерудің жоспарланған кезеңіне кен орындарын игеру шығындары;

салықтар және басқа да төлемдер;

газ және газ конденсатты кен орындарын игерудің барлық жоспарланған кезеңіне кіріс және пайданы есептеуді қамтиды.

4) IV бөлім - Газ және газ конденсатты кен шоғырының толық игерілуіне бақылау.

5) V бөлім - Газ және газ конденсатты кен орындарын әзірлеу кезінде жер қойнауы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау.

6) VI бөлім - Сызбалық қосымшалар:

шолу карталары;

барлық бұрғыланған және жобаланатын ұңғымаларды енгізумен барлық өнімді горизонттар бойынша құрылымдық карталар;

геологиялық-геофизикалық қималар және профильдер;

нұсқасы бойынша игеру карталары;

газ және конденсатты кәсіпшілік игерудің принциптік схемасы;

жер үсті құрылыстарының орналасқан орнымен газ жинақтаушы желілерінің принциптік схемасы.

259. Газ және газ конденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасы оны белгіленген тәртіпте бекіткеннен кейін газ және газконденсатты кен орындарын әзірлеуді жүзеге асыру негізінде негізгі құжат болып табылады.

260. Құрамында күкіртсутек және күкірт органикасы бар газ және газконденсатты кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасын жүзеге асыруды бастағанға дейін күкірт тазарту немесе осы газдарды экологиялық қауіпсіз пайдаланудың барлық мәселелері шешіледі. Сонымен қатар, осы жобаны жүзеге асырудың басталуына дейін табиғи газдың этан, пропан-бутан, қос тотықты көміртегі, гелий және басқа да компоненттерін пайдаланудың мақсаттылығы мен бағыты оларды өнеркәсіптік қамтыған жағдайда белгіленуі тиіс.

261. Газ құрамындағы конденсат мөлшері (5 г/м3 кем) болған жағдайда оны кәсіпте кәдеге жаратудың мақсаттылығы мәселесі шешілуі қажет.

262. Құрамында 100 г/м3 аса конденсаты бар газ конденсатты кен орындарын жобалау кезінде қаттық қысымды ұстаумен игеру әдістері қарастырылады.

263. Игеру әдісін таңдау әр жағдайда гидродинамикалық, термодинамикалық және техника-экономикалық есептер негізінде мынадай өлшемдерге негізделуі тиіс:



газдың алғашқы баланстық қорының, тұрақты конденсаттың және сұйытылған газ шамасына;

тұрақты конденсат құрамының кезең және жылдар бойынша игеру әдісіне байланысты өзгеруіне;

игеру әдісіне байланысты игерудің аяғына қарай қаттағы тұрақты конденсаттың жиынтық шығынына;

кезең және жылдар бойынша газ және конденсатты ықтимал өндіру олардың тауарлық сипаттамасының игеру әдісіне байланысты өзгеруіне.

264. Газ және газ конденсатты кен орындарын өндірілген газ (сайклинг-процесс), су, жанып кеткен газ т.б. конденсаттан тазартылған кері айдауды пайдаланумен, қысымды ұстаумен, айдамалау агентінің көлемін, айдамалау ұңғымаларының саны мен орналасуын, оның сыйдырымдылығын, айдалатын агенттердің мүмкін серпімділік уақытын және олардың өндірілген өнімдегі құрамын, өндірілген өнімнің тауарлық сапасын қамтамасыз етуге қосымша шығындарды, қысымды ұстаудың жалпы кезеңін, қаттық қысымның толық немесе жартылай өтеу нұсқаларын есептеу жүргізіледі.

265. Егер газ конденсатты шоғырда өнеркәсіптік маңыздылығы бар мұнай жиегі және қаттың газды бөлігінде жоғары қаныққан мұнай болса, онда қатқа ықпал технологиясымен бірге мұнай жиегін өңдеу нұсқасын қарастыру қажет, мұндай жағдайда мұнай газ бүркемелерінде газбен бір жола жүзеге асырылатын болады.

266. Газ және газ конденсатты кен орындарын әзірлеу процесінде жаңа ұңғымаларды бұрғылау және осы кен орындарын әзірлеу барысын қадағалау есебінен ақпараттар толығып отырады. Мәселелер туындаған жағдайда, бұрын қабылданған игеру жобасы елеулі өзгерістерді талап етсе, белгіленген заңнамалық тәртіппен бекітуге жататын игеру жобасына толықтырулар жасалады.

 

 

2.2.2.1. Газ және газ конденсатты кен шоғырын игеру мониторингі



 

267. Мониторинг жүйесіне мыналар кіреді: жүйелік және бақылау өлшемдері мен қаттық, забойлық және сағалық статистикалық қысымдарды, пьезометриялық ұңғымаларда сұйықтық деңгейін, газ - су байланысының жағдайын (мұнай жиегінің болуы кезінде газ-мұнай және мұнай-су) анықтау, дебиттердің және газдың, конденсаттың, судың (мұнайдың) химиялық құрамының өзгеруі. Жоғарыда аталған барлық зерттеулер сондай-ақ ұңғымаларды игеру барысында және тоқтаулардан немесе консервация кезеңінен кейін пайдалануға жіберудің алдында қолданылады.

268. Зерттеу нәтижелерінің негізінде мыналар анықталады және кезең-кезеңмен нақтыланады:



кен шоғырының жұмыс режимі мен оның температуралық режимі;

көмірсутек шикізатының бастапқы және ағымды қорлары;

кен шоғыры бойынша қысымның таралуы;

кен шоғырының жекелеген учаскелерінің өзара әрекеттесуі;

кен шоғырының түрлі учаскелерінде су (мұнай) қарқындылығы мен қозғалысының сипаттамасы;

газ бөлу, олардың дифференциалды дебиттерін бағалаумен интервалдары;

өңдеу қорларын қамту;

колоннадан тыс ықтимал ағындарды анықтау.

269. Статикалық қысымдарды өлшеу ұңғымалардың барлық қоры бойынша кезеңділікпен жүргізіледі. Игерудің бірінші кезеңінде, өндеудің аяқталу сатысында кезеңділігін бірте-бірте бір жылға дейін өзгерте отырып, тоқсанында кемінде бір рет жүргізілуі қажет.

270. Ұңғымалары көп кен орындарында және қысымды қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болса (бес тәуіліктен көп) өлшеу кезеңділігі өзгертілуі мүмкін.

271. Біртекті емес коллекторларды өндеу кезінде кен шоғырының түрлі бөліктеріндегі қаттық қысым әр түрлі төмендейді, сондықтан едәуір айырымымен аймақта статикалық қысым өлшемдерін олардың бірдей тоқтауымен ұңғыма топтары бойынша жүргізу орынды.

272. Ұңғымалардың сағасындағы статикалық қысым өлшемдерін қысымды қайта қалпына келтіру қисықтарымен сәйкестендіру қажет. Оның кезеңділігі өнімді горизонттың - қат қысымын қалпына келтіру уақытының ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.

273. Ұңғымалардағы қат қысымының өлшемдер жиілігі газ шығарудың қарқынына және сол себепті қат қысымының төмендеуіне байланысты өнеркәсіптік игеру жобасымен белгіленеді, қаттық қысым төмендеуін өлшеудің екі сериясы арасындағы кезең барысында орташа алғанда оны үш рет өлшеу қателігі есебінен жоғары болатындай таңдалады.

274. Игеруді қадағалау, сондай-ақ осы мақсатта пайдаланылатын бақылау мен пьезометриялық ұңғымаларда жүзеге асырылады, олардың саны мен орналасқан жері өнеркәсіптік игеру жобасында белгіленеді.

275. Қадағалау ұңғымаларына өнімді горизонтты оның газға қаныққан бөлігі шеңберінде аршитын ұңғымалар жатады. Бұл ұңғымалар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайды және қысымның нақты өлшеу, газ-су (газ-мұнай және мұнай-су) байланысының әрекеттерін қадағалау үшін қызмет етеді. Алдарында тұрған міндеттерді шешу шаралары бойынша қадағалау ұңғымалары пайдалану ұңғымаларына алмастырылуы мүмкін.

276. Пьезометриялық ұңғымаларға өнімді горизонтты оның суға қаныққан бөлігі шеңберінде аршитын ұңғымалар жатады. Оларда контурдан тыс және астыңғы жиек су деңгейінің төмендеуіне бақылау жүргізіледі.

277. Қадағалау және пьезометриялық ұңғымалардың саны мен орналасқан жерін белгілеу кезінде кен орындарында бұрғыланған барлау ұңғымаларын барынша пайдалану қажет. Шағын кен орындарында осы мақсатта тек осындай ұңғымаларды пайдалану қажет.

278. Қадағалау және пьезометриялық ұңғымалар бойынша өлшемдерді кем дегенде 1,5-2 айда бір рет өткізіп отыру қажет.

279. Ірі кен орындарында контурдан тыс, қаттың кен орнынан алып тасталынған бөлігінде қысымның түсу қарқынын қадағалау үшін бірқатар пьезометриялық ұңғымалар бұрғыланады.

280. Газды қаты көп кен шоғырлары үшін, сондай-ақ күрделі құрамды кен шоғырлары үшін тек шоғырлар ауданы бойынша ғана емес, оның көлемі бойынша да, яғни өнімді горизонт бойынша түрлі бөліктерінде қысымдардың таралуы туралы деректер болуы қажет.

281. Әр суланған газ ұңғымасы бойынша сулану себептерін анықтау жөнінде зерттеу жүргізу қажет.

282. Игеру процесінде қат суларының кен шоғырларына өтуі гидрохимиялық, кәсіптік-геофизикалық және гидродинамикалық мониторинг әдістері арқылы жүзеге асырылады.

283. Жедел бақылаудың гидрохимиялық әдісі пайдалану ұңғымаларының барлық қоры бойынша шығатын суда өзіне тән ион құрамының өзгеруіне байланысты жүйелік бақылауды талап етеді. Әртүрлі аудандар мен бөліктерде бақылау жүргізілетін иондар тәжірибелік жолмен анықталады. Тоқсан сайын су сынамасын алу қажет (экспресс-талдау үшін), ал бастапқы сулану көрсеткіштері бар ұңғымаларда ай сайын (толық талдау үшін) алу қажет.

284. Кәсіптік-геофизикалық бақылау әдісі пайдалану және бақылау ұңғымаларында газ бен су түйісуінің жоғарылауын тіркейтін арнайы радиоактивтік каротаж әдісі арқылы жүзеге асырылады. Зерттеулер жиілігі нақты шарттарға байланысты анықталады, бірақ кем дегенде жылына 1-2 рет жүргізілуі тиіс.

285. Газ өндіру есебі кәдеге жаратылған газдың, ұңғымаларды зерттеу және түрлі үрлеу жұмыстары кезінде кеткен газдың, сондай-ақ апаттық фонтандыру кезінде кеткен газдың есебін көрсетуі қажет. Осы және өзге де ықтимал шығындар жер қойнауын пайдаланушылар орындайтын қорлар балансында міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

286. Егер пайдалану басталарға дейін едәуір газ шығыны болса, онда олардың бағалануы үшін аудандағы барлық ұңғымалардағы қат қысымын өлшеу қажет. Бағалау нәтижелерін қорлар балансына шығындарының себептерін түсіндіре отырып енгізу қажет.

287. Екі жылда бір рет жұмыс жағдайында конденсат құрамын анықтау бойынша әр ұңғыма зерттеледі, оның ішінде температурасы төмен сепарация кезінде шикі және тұрақты конденсат құрамы анықталады. Осы зерттеулер негізінде графикалық түрде қат қысымы - конденсат құрамының байланысы көрінеді.

288. Графикалық түрде тәуелділікті көрсету үшін осындай жиілікпен тұрақты конденсаттың негізгі физикалық-химиялық қасиеттері анықталуы қажет: қат қысымы - конденсаттың үлесті және молекулалық салмағы.

 

 



2.2.2.2. Газ конденсатын өндіруді арттыру үшін кен шоғырлары мен кен орындарының


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау