Орынбасары: Ш. Бижігітова Педагог-психолог: Г



жүктеу 17,14 Kb.
Дата06.01.2022
өлшемі17,14 Kb.
#36770
түріҚұрамы
Үйден оқу динамикасы


«Мыңшұңқыр» жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке үйден оқытылатын 6-сынып оқушысы Есенбек Ақеркенің І –тоқсан қорытындысы бойынша үлгерім есебі, пәнді меңгеруінің динамикалық жағдайы жайлы оқу үлгерімін тексеру

29.10.2021ж

Анықтамасы

Комиссия құрамы:


Директордың оқу- ісі жөніндегі

орынбасары: Ш. Бижігітова

Педагог-психолог: Г.Адырбекова

Сынып жетекші: Л. Ембердиева


«Мыңшұңқыр жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша денсаулығына байланысты жеке үйден оқытылатын 5-сынып оқушысы Есенбек Ақеркенің ПМПКБ-нің қорытындысы №154/ 23.08.2021ж. диагнозы: ДЦП правосторонии гемипарез. Ғ-06,6

Есенбек Ақеркенің есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау қабілеттері баяу жетілген. Сабақ үлгерімі төмен, сабаққа қызығушылығы төмен.

Оқу және тіл дамыту пәнінен І-тоқсан бойынша «Ертегілер», «Аңыз әңгімелер», «Қобыланды батыр», жырынан үзінді т.б тақырыптар қамтылды. Ертегілерді шама шарқы келгенше шығармашылық қиялын қоса отырып, «Бауырсақ» ертегісін айтып берді. Ертегілер тақырыбын орта деңгейде меңгерді.

Қазақ тілі пәнінен «Ана тілі-ұлт байлығы» тақырыбында 3- жаттығу нақыл сөздерді көшіріп жазуды өздігінен жаза алмады, тек мұғалімнің көмегімен жазды. «Сөйлеу мәдениеті. Амандасу қоштасу» тақырыбында адамдармен қарым-қатынаста амандасудың сәлемдесудің мәні зор екендігін түсінді. Сабақтарда айтқан анықтамаларды, түсініктерді тез ұмытып қалып отырады, жазба жұмыстарды өздігінен жаза алмады.

Математика пәнінен 1-ден 1000-ға дейінгі сандар жазуды үйренді, санаудан қиналады. Құн, ұғымдық, массаларды өлшеу, нәтижесінде алынған сандарды салыстыруды толық меңгере алмады. 1000 көлеміндегі сандарды қосу, азайту, салыстыруды үйренді. Қосу мен азайтуды аздап қана түсінді.

Орыс тілі пәнінен «Моя школа» тақырыбында жаттығуларды орындауда қателерді көп жіберді. Жазу дағдысы төмен. Көшіріп жазғандада қателерді көп жібереді. Ауызша тапсырмаларды тез ұмытып қалады. Үй тапсырмасын орындауы төмен.

Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлаудан І-тоқсан барысында достық туралы, сыртқы келбет, оқушының бейнесі, жеке гигиена, сауда- саттық, тамақтану туралы тақырыптарды өтті. Сабақ барысында оқушының этика-эстетикасын, тамақтану ережелерін, мектепте қандай ережелер сақтау керектігін меңгерді. Сурет салу барысында, түстерді ретімен қолданды, дәптерге жазуға қиналды.

Түзету дамыту сабағы бойынша, ұсақ моториканы пайдалануға арналған жаттығуларды, зейіннің қасиеттері, есте сақтау түрлеріне байланысты ойын жаттығуларды үйренді. Сабаққа қызығушылығы жақсы. Ойын барысында күрделі әрекеттерді, ережелерді меңгеруі орташа. Сасқалақтық, ұмытшақтық көрініс береді. Жаңа ортаға үйренуі қиындау.

Тіл ерекшілігінде кемістігі бар. Сөздерді анық айта алмайды. «Р» әріпіне тілі келмейді.Отбасымен және мұғалімдермен жақсы қарым-қатынаста.

Әрбір пәнге деген үлгеріміне келетін болсақ:


Қазақ тілі 3

Орыс тілі 3

Оқу және тіл дамыту 3

Математика 3

Әлеу. ж/е тұрм. бағд.
Ұсыныстар:


  1. І-тоқсан бойынша оқу үлгерімі төмен деп есептейміз.

  2. Оқушының сабақ кезінде белсенділігін арттыру пән мұғалімдеріне міндеттелсін.

  3. Мектептегі тәрбие шараларына қатысу, достарымен байланыс жасау сынып жетекшісіне міндеттелінсін.

Директордың оқу –ісі жөніндегі орынбасары: Ш. Бижігітова

Мектеп педагог-психологы: Г.Адырбекова



Сынып жетекші: Л. Имбердиева


жүктеу 17,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау