«Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №123 Қаулысы


Көмірсутек шикізаты мен ілеспе компоненттердің қорын бағалау



жүктеу 1,42 Mb.
бет2/7
Дата22.02.2018
өлшемі1,42 Mb.
#10432
1   2   3   4   5   6   7
2.2.1. Көмірсутек шикізаты мен ілеспе компоненттердің қорын бағалау

 

32. Көмірсутек шикізатының кен орындарындағы анықталған геологиялық қорлар екі топқа бөлінеді: рентабельді (алынатын) және рентабельді емес.

33. Көмірсутек шикізатының қорын есептеу геологиялық-барлау жұмыстарының әрбір сатысының аяқталуы бойынша және игеру процесінде жүзеге асырылады:

көмірсутек шикізатының кен орны ашылғаннан кейін, яғни іздестіру сатысы аяқталғаннан кейін - жедел;

көмірсутек шикізатының кен орнын бағалау сатысының аяқталуы бойынша - қорларды Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссияның бекітуімен (бұдан әрі - Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия);

шоғырларды сынамалы пайдаланумен барлаудың барлық сатыларының аяқталуы бойынша - қорларды Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның бекітуімен;

игерудің алғашқы жобалық құжаты бойынша кен орындарын пайдаланушылық бұрғылаудан кейін (мұнай және мұнай-газ кен орнын игерудің технологиялық схемасы немесе газ және газ конденсатты кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жобасы бойынша) - бұрын бекітілген геологиялық немесе алынатын қорлардың ірі және ерекше кен орындары үшін 10 пайыздан, және басқалары үшін - 20 пайыздан артық өзгерген жағдайда, қорларды Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның бекітуімен.

34. Өнеркәсіптік маңызы бар мұнай, газ, конденсат және олардың құрамындағы бөлшектердің қорларын есептеу және есеп жүргізу зерттеудің барлық сатысында басым жағдайда көлемдік әдіспен, қажеттілік пен мүмкіндікке қарай саладағы қабылданған және құрылатын басқа да әдістермен жүргізіледі.

35. Барлау сатыларында көмірсутек шикізаты кен шоғырларының сынамалы пайдалану деректері болған жағдайда, шағын көлемдегі мұнай және конденсат қорларын бағалау зерттелетін шоғырлар қорының масштабын анықтау мақсатында материалдық баланс принципіне (газ үшін - қаттық қысымның түсу әдісімен) негізделген әдістерді қолдануға рұқсат етіледі.

36. Кен орындарын іздеу, барлау және пайдалану сатыларында көмірсутек шикізаты мен оның құрамындағы компоненттердің геологиялық қорларын есептеу және есепке алу әр өнімдік қат немесе кен шоғарларының жеке-жеке тұтас және мұнай, газ, су-мұнай, су-газ,су-газ-мұнай аймақтарына бөліп біртұтас кен орны бойынша жүргізіледі.



Стандарттық шарттарда (0,1 МПа және 20оС) мұнай, конденсат, этан, пропан және бутан қорлары - мың тоннамен, бос газ қорлары - миллион м3, гелий мен аргон қорлары - мың м3 есептеледі.

37. Кен орнындағы көмірсутек шикізатының қорлары, сондай-ақ оны алудың деңгейі жер қойнауының мемлекеттік сараптамасына және Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның бекітуіне жатады.

38. Алынатын қорлар және көмірсутек шикізаты мен олардың құрамындағы өнеркәсіптік маңызы бар компоненттердің алыну коэффициенттері жер қойнауының мемлекеттік сараптамасына жіберілетін көмірсутек шикізатының алыну коэффициентінің техникалық-экономикалық негіздемесі түрінде игеру нұсқаларының технологиялық және техникалық-экономикалық есептері негізінде анықталады.

39. Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия көмірсутек шикізатын алудың шекті коэффициентін технологиялық, экономикалық және экологиялық талаптарға барынша сәйкес келетін нұсқа бойынша бекітеді.

 

 

2.2. Көмірсутек шикізаты кен орындарын игеру



 

40. Кен орындарын өнеркәсіптік игеруге дайындау төмендегілерді көздейді:

барлау жұмыстарын жүргізу;

сынамалы пайдалануды жүргізу;

3 млн. тоннадан астам қоры бар кен орындары үшін сандық модельдер жасауды қоса алғанда, көмірсутек шикізаты шоғырларының статикалық геологиялық модельдерін құру;

көмірсутек шикізаты қорларын есептеу.

41. Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушы өнеркәсіптік игеру жобасын әзірлеуге көмірсутек шикізатының қоры бекітілгеннен кейін немесе осы Қағиданың 33-тармағына сәйкес олар өзгерген жағдайда көмірсутек шикізаты қорларын қайта бекіткеннен кейін үш айда кіріседі.

42. Кен орнын жайластыру жобасы өнеркәсіптік игеру жобасы негізінде орындалады.

43. Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын игеру схемалары мен технологияларында маңызды өзгерістер болған жағдайда кен орнын жайластыру жобасын дайындауға кіріседі.

44. Егер:

мұнай кен орнын барлау бойынша жұмыстар орындалса, қажет болған жағдайда шоғырларды сынамалық пайдалану немесе кен орнының ауқымды учаскелерін тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру, ал газ және газ конденсаттық кен орындары бойынша - тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жүргізілсе;

көмірсутек шикізаты қоры мен оның құрамындағы қосалқы компоненттердің мемлекеттік сараптамасы жүргізілсе және қорлар пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансына қойылса;

жоба өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құзыретті органмен келісілген болса;

өнеркәсіптік игеруге арналған жобалық құжаттар белгіленген тәртіпте бекітілген болса, көмірсутек шикізаты кен орындарын (шоғырларын) өнеркәсіптік игеруге енгізуге рұқсат етіледі.

45. Көмірсутек шикізаты кен орындарын (шоғырларды) өнеркәсіптік игеруге ілеспе газдарды қайта игерусіз (кәдеге жаратусыз) рұқсат етілмейді.

46. Газ және газконденсаттық кен орындарын игеру тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдаланудан басталады, ол сандық модельдер жасау газ және газконденсаттық кен орындарын жобалаудың алғашқы сатысы болып табылады және мынадай жағдайларда жүргізіледі:

өнеркәсіптік санаттар бойынша газ, конденсат және басқа компоненттердің қорларын есептеуді қамтамасыз ету, игеру және кәсіпшілікті жайғастыру жобаларын жасауға қажетті бастапқы деректерді алу үшін;

ірі және бірегей кен орындарында қаттық қысымның әртүрлі бөліктерінде пайдалану ұңғымаларының дебиттерінің динамикасын бағалау бойынша нақты деректерді алу үшін, сондай-ақ игеру жобасын жасауға қажетті басқа деректерді нақтылау үшін;

мұнай газ-конденсаттық кен орындарында мұнай шоғыршақтарыныңөнеркәсіптік құндылығын және оларды игерудің мүмкін жолдарын нақтылауүшін.

47. Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануды жүргізуге өндіруге арналған келісімшарт болғанда рұқсат етіледі.

48. Егер:

мұнай шоғыршағы болған жағдайда белгіленген тәртіппен оның өнеркәсіптік мәні мен шоғырдың газ бөлігімен байланыс сипатын бағалау бағдарламасы жасалса және бекітілсе;

белгіленген тәртіппен тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану жобасы бекітілсе;

тау-кендік бөлу алынса;

қажетті кәсіпшілік құрылыстар белгіленген тәртіпте пайдалануға берілсе;

магистральдық құбыр иесімен тасымалдау мәселелері реттелсе, газ және газконденсаттық кен орындарын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге рұқсат етіледі.

49. Газдағы күкірт сутегі мен күкірторганиканың мөлшері 10 ppm артық болса, кен орындарын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруге енгізу, тек онымен бірге тазартқыш қондырғыларды қосқанда ғана мүмкін.

50. Жекелеген жағдайларда барланатын немесе өнеркәсіптік игерілетін объектілерде шағын шоғырларды немесе ірі шоғырлар учаскелерін пайдалануға беруді көздейтін мұнай және мұнай-газ кен орындарын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жүргізіледі.

51. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің жобасында негізделетіндер:



жұмыс жүргізу үшін шағын шоғырды немесе ірі шоғырдың ауқымды учаскесін таңдау;

өндіруші және айдамалау ұңғымаларының саны және орналасуы;

тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің технологиясы;

арнайы жабдық пен қатқа әсер ететін агенттерге қажеттілік;

игеру процесін бақылау бойынша зерттеулер кешені және объектінің геологиялық-физикалық ерекшеліктері туралы қосымша деректер алу;

мақұлданған технологияның тиімділігін бағалау үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің ұзақтығы;

тәжірибелік жұмыстарды жүргізу кезеңіне көмірсутек шикізатын өндірудің және әсер ететін агентті айдаудың деңгейі;

кәсіпшілік жайластыру жүйесіне қойылатын негізгі талаптар;

тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстардың технологиялық және экономикалық тиімділігін алдын-ала болжау.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстардың нәтижесінде кен орнының анықталмаған гидродинамикалық және геологиялық модельдеріне талдау жасалуы, резервуарды қосымша геологиялық-геофизикалық зерттеу бойынша ұсынымдар дайындалуы тиіс.

 

 



2.2.1. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын жобалау және өнеркәсіптік игеру

 

52. Мұнай және мұнай-газ кен көздерін игеруді жобалау белгіленген тәртіпке сәйкес есептелген және Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен қорларды барлау және бағалау нәтижелеріне негізделеді.

53. Жобалау кезінде тікелей өлшеулердің және есептеулер арқылы анықталған деректер пайдаланылады.

54. Есептеу арқылы рұқсат етілетін ең аз тиімді қалыңдық шегінде бұрғылауға жататын аудан анықталады, ол үшін жалпы қалыңдыққа арналған вариация коэффициентінің орташа мәндері мен квадраттары, жекеленген қаттар сандары, ұңғымалар мен қаттардың өнімділігінің коэффициенті және әрбір қаттың тиімді қалыңдығының бірлігіне өнімділіктің меншікті коэффициенті анықталады.

55. Шоғырды сынамалы пайдалану деректері бойынша забойлық қысымды қаныққан қысымнан төмен азайту кезінде мұнай бойынша өнімділік коэффицентінің азаю дәрежесін анықтау ұсынылады.

56. Айдамалау ұңғымаларына нақты су жіберу және өндіруші ұңғымаларды нақты суландыру нәтижелері бойынша қаттық жағдайларда қозғалғыш су мен мұнайдың ара қатысын, өндіруші ұңғымаға судың мұнайды ығыстыруының біртекті емес көрсеткішін, сондай-ақ өткізгіштігі бойынша қаттардың қаттарының біртекті еместігінің есептік көрсеткішін анықтау ұсынылады.

57. Көрсетілген қажетті физикалық мәліметтер жоқ болған жағдайда, қаттардың қаттарының біртекті еместігін геофизикалық өлшемдердің деректері арқылы, ал су мен мұнайдың қозғалысының ара қатысын - олардың тұтқырлығы мен қалдықты мұнай қанықтылығының мәндері бойынша табу керек.

58. Басқа кен орындары деректерінің ұңғымалардың тығыз торымен ұқсастығы қаттардың коллекторлық қасиеттерінің (тиімді қалыңдықтың, меншікті өнімділіктің) ретсіз өзгеру қадамдары белгіленеді.

59. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік игеру үшін мыналар жасалады:

тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы;

игерудің технологиялық схемасы;

өнеркәсіптік игеру жобасы;

игерудің техникалық-экономикалық негіздемесі.

Егер қажеттілігі болмаса, аталған құжаттардың кейбіреуі алынып тасталады.

60. Жобалау құжаттарынан басқа, игеру процесін жедел жетілдіру ұсынымдарымен бірге, жобаны іске асыруды авторлық қадағалау және игеруді талдау бойынша есептер орындалады.

61. Егер экономикалық есеп нәтижелері бойынша көмірсутек шикізатын алудың соңғы коэффициенттерінің өзгеруі болжанса, көмірсутек шикізатын алудың соңғы коэффициенттерін Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия қайта бекітеді.

62. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік игеруді бірнеше жер қойнауын пайдаланушы жүргізсе, жұмыстар жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы кен орнын біртұтас бүтін ретінде бірігіп игеру жөнінде келісім жасалып, құзыретті органмен келісіледі. Аталған келісімнің негізінде белгіленген тәртіп бойынша жобалау құжаттарына тиісті өзгертулер енгізіліп, онда жер қойнауын неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың игеру операцияларын үйлестіру жұмыстарының тәртібі мен мазмұны негізделеді.

ҚР Үкіметінің 2014.30.09. № 1047 Қаулысымен 63-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

63. Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутекті таңдап алудың жобалау құжаттарындағы нормаларды бұзуына жол берілмейді. Нақты жылдық өндіру көлемі жобадағы көрсеткіштен он пайыздан артық болмауы тиіс және бұл жағдайда ұңғымалардың жобадағы жұмыс тәртібін сақтау және жобалау құжаттарындағы пайдалану объектісін игеру бойынша мыналарды орындау шарты қойылады:

пайдалану қорын бұрғылау жөніндегі бағдарламалар;

агентті айдау көлемі мен құрамы;

өндіруді қарқындату жөніндегі іс-шаралар.

 

 



2.2.1.1. Мұнай және мұнай-газ кен орнын игеру жүйесін таңдау, пайдалану объектілерін бөлу

 

64. Мұнай және мұнай-газ кен орнын игеру техникалық және технологиялық іс-шаралар кешенін қамтиды: белгіленген торлар бойынша түрлі ұңғымаларды бұрғылау және оларды оңтайлы пайдалануға жағдай жасау, өнімді қаттарға әсер етуді, игеруді бақылауды, өнімді тауарлық сапаға дейін дайындауды, өнімді тапсыру орнына дейін тасымалдауды, сондай-ақ басқа да осы жұмысқа қатысты ілеспе іс-шараларды ұйымдастыру.

65. Әрбір пайдаланылатын объектіге нақты геологиялық-физикалық шарттарға және жеткілікті экономикалық тиімділігі болған жағдайда техникалық мүмкіндіктерге сай келетін игерудің өз ұтымды жүйесі сәйкес келеді.

66. Ұтымды игеру жүйесін таңдау жүйенің негізгі элементтерін оңтайландырумен нұсқаларды қарау арқылы жүзеге асырылады.



Негізгі мақсат мыналарды дәлелдеуге арналады:

пайдалану объектілерін атап көрсету;

ұңғымаларды пайдаланудың тәсілі мен режимі;

ұңғымалар торларын орналастыру және тығыздық жүйелері;

қатқа әсер етудің түрлері;

өндіруші және айдамалаушы ұңғымалардың қабылданатын есептік забойлық қысымдары;

қаттардың мұнай өнімділігін арттыру үшін агентті таңдау;

ілеспе газды кәдеге жарату, ілеспе газды тауарлық күйге дейін қайта өңдеу.

67. Көмірсутек шикізатының кен орындары бойынша пайдалану объектілерін бөлу - игеруді жобалаудың бірінші кезеңі - оңтайландырылған міндеттер ретінде геологиялық-физикалық, техникалық, экологиялық және экономикалық факторлар есепке алына отырып шешіледі. Нәтижесінде бір, екі және одан да көп объектілерді бөлуге рұқсат етіледі.

68. Біртұтас игеру объектілеріне өнімді қаттар немесе мұнайлығы бір қатта, мұнайдың, физикалық-химиялық қасиеттеріне, коллекторлық қасиеттеріне, шоғырлардың жұмыс режимдеріне, қаттық қысымдар шамаларына жақын қаттар біріктіріледі.

69. Көп қатты кеніштен екі немесе одан да көп игеру объектілерін таңдау үшін олардың қыртысы арасында барлық ауданы бойынша өткізбейтін тау жынысы болуы қажет.

70. Игеру үшін таңдалған объектінің сусыз кезеңде және суландырған кезде пайдаланудың ұзақ мерзімі ішінде ұңғымалардың жоғары дебитін қамтамасыз ету үшін шоғырдың аудандық бірлігіне жеткілікті меншікті қорына және жеткілікті өнімділікке ие болуы тиіс.

71. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын игеру екі типті режимде жүзеге асырылады: қаттық энергияны табиғи және жасанды режимдерде толықтыру.

72. Режимдердің бірінші типіне табиғи су қысымын пайдалану жатады, бұл кезде контурдың сыртындағы сулы аумақтан мұнай шоғыры жатқан жерге су кіріп, мұнайды ығыстырып шығарады, сонымен қатар әртүрлі ара қатынаста: серпінді режим, еріген газ режимі.

73. Газды газ бүркемесінен негізсіз шығаруға және қаттық жағдайларда мұнайды газсыздандыруға жол берілмейді, ол негізгі өндірілетін флюидті алу коэффициентін азайтуға әкеп соғады.

74. Режимдердің екінші типі қаттарға әсер ету процестерінің әр түрлі схемалары кезінде қаттарға түрлі ығыстырғыш агенттерді айдауға негізделеді.

75. Ығыстырғыш агент ретінде мыналар қолданылады:



әр түрлі табиғи көздерден алынған және тазаланған ілеспе кәсіпшілік сулар;

түрлі химиялық реагенттермен өңделген су, ыстық су, бу, газ және сумен ығыстырылған шоғыршақ түріндегі басқа энергия тасымалдаушылары.

 

 



2.2.1.2. Ұңғымалар торы

 

76. Игеруді жобалау кезінде ұңғыманың негізгі торы (негізгі қордың ұңғымалары) және резервтік ұңғымалар қарастырылады.

77. Негізгі қордың ұңғымаларын бүкіл пайдалану объектісінде барлық ұңғымалардың ара қашықтығы бірдей төртбұрышты және үшбұрышты геометриялық немесе ұңғыма қатарлары арасында ара қашықтығы ұзартылған және қатардағы ұңғымалар арасында қашықтығы азайтылған торларда орналастырады.

78. Резервтік ұңғымалар қаттардың құрылысын ұқыпты тексеру үшін бұрғылау жұмыстары жүргізілген кезде объектінің алаңдарында орналасады.

79. Пайдалану-бағалау ұңғымалары коллекторлардың фильтрациялық-көлемдік қасиеттерін зерттеу бойынша қысқа бағыттағы міндеттерді, кен орнының параметрлерін анықтау бойынша өндірістік-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, өндірістік қорларды растауды орындайды.

80. Әр объект үшін ұңғыма торларының ұтымды тығыздығы алынады. Ұтымды болып көмірсутек шикізаты қорларын неғұрлым толық алу мүмкіндігі кезінде ең жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізетіндей осындай ұңғымалар саны мен осындай тығыздығы бар тор есептеледі.

81. Ұңғымалар торының тығыздығы геологиялық-физикалық факторларға байланысты іріктеледі, олардың негізгілері:

Аудан бірлігіне мұнайдың меншікті қоры;

қаттағы мұнайдың қасиеті (тұтқырлығы, газдың мөлшері, қаттық қысым мен сіңірушілік қысымының ара қатысы);

өнімді қаттардың әртектілігінің сипаты мен дәрежесі;

тау жынысы - коллекторларының сүзгілік қасиеттері.

82. Ұңғыма торларының тиімді тығыздығы гидродинамикалық есептердің негізінде бірнеше түрлі игеру жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады.

83. Екі-үш және одан да көп объектілері бар жүйеде өндіру және айдамалау ұңғымалары бір-бірімен байланысады.

 

 



2.2.1.3. Айдамалау ұңғымаларын орналастыру

 

84. Су және су ерітінділерін кіргізуде айдамалау ұңғымаларының өзіндік ерекшелігі суландыру жүйесінің түрін анықтайды.

85. Объектінің барлық ауданында айдамалау ұңғымаларын біркелкі орналасқан жағдайда беснүктелік, жетінүктелік, тоғызнүктелік және басқа контур ішінде суландырудың жүйесі қалыптасады.

86. Айдамалау ұңғымаларының объект ауданында әртекті орналасқан жағдайында контур ішінде әсер ететін іріктеу жүйесі қалыптасады.

87. Айдамалау ұңғымалары мұнайлы контур сыртында, немесе контур бойында қатарынан орналасқан кезде контурдың сыртында, немесе контурдың ішінде суландыру қалыптасады.

88. Айдамалау ұңғымаларын мұнайлы контурдың ішінде қатарынан орналастырған жағдайда қатар (блоктық), барьерлік және басқа контур ішіндегі кенішті блоктарға бөлген суландыру қалыптасады, бұның ішінде бірдей беске дейін өндіруші ұңғыма орналасады.

89. Кейбір жеке жағдайларды контур ішіндегі суландырудың қатар (блоктық) жүйесі ошақтық суландырумен толықтырылады және (немесе) контур сыртындағымен (контур ішіндегімен) үйлестіріледі.

90. Айдамалау ұңғымаларын орналастыру, суландырудың түрі объект құрылысының ерекшелігімен, қат флюидтерінің қасиетімен және басқа да геологиялық-физикалық факторлармен анықталады.

 

 

2.2.1.4. Айдамалау және өндіру ұңғымаларының түптік қысымын таңдау



 

91. Өндіру ұңғымаларының түптік қысымы түптік қысымның сіңірушілік қысымнан төмендеген кезінде мұнай бойынша өнімділік коэффициентінің төмендеуі есепке алынумен жобалық ұнғымаға (өндіруші және қысымдаушы бірге алынғанда) толық дебитпен анықталады.

92. Тұтқырлығы жоғары, аз парафинді, аз газдалған мұнай кен орындарын игеру кезінде өндіру ұңғымаларында мұнай және газдың қанығу қысымына байланысты емес, түптік қысымды мүмкін болатын деңгейде ұстау қажет. Парафиннің еру температурасынан 10 пайызға үлкен қат температурасы бар кен орнын игерген кезде қат қысымын мұнай және газдың қанығу қысымына байланысты емес, технологиялық негізделген деңгейде ұстау қажет.

93. Жобалық құжаттардағы қарастырылған көрсеткіштерден төмен түптік қысымда өндіру ұңғымаларын іске қосуға рұқсат етілмейді.

 

 



2.2.1.5. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын игерудің техникалық-экономикалық көрсеткіштері мен нұсқалары

 

94. Мұнай және мұнай-газ кен орындарын игерудің жобалық құжаттарында негізгі технологиялық және экономикалық көрсеткіштердің динамикасы негізделеді: мұнайды өндіру, сұйықты өндіру, ағымды суландыру, жұмыс істеп тұрған ұңғымалар саны, су айдау көлемі, мұнайды және сұйықтарды алудың жиынтығы, салықтар мен тасымалдау шығындарын алып тастағандағы сату құнын есепке алу арқылы есептелген күрделі және ағымды шығындар, несиеге мұқтаждық, несие өтемі, несиені қайтару мерзімі.

95. Жылдық көрсеткіштер пайдалану объектісін жайғастыру кезеңдерімен байланыстырылады. Ол төрт кезеңге бөлінеді: бірінші - негізгі қорды бұрғылау ұлғайту және мұнай өндірудің өсуі; екінші - мұнайды өндіруді тұрақтандыру; үшінші - мұнайды өндірудің кенет құлдырауы; төртінші - ұзақ уақыт кезеңі ішінде аз мөлшерде бәсең төмендетумен мұнайды аз өндіру.

96. Пайдалану объектісін және кен орнын игеруге арналған жобалық құжаттарда тұтас алғанда игеру жылдары бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштердің үш нұсқасы қарастырылады.



Бірінші (негізгі) нұсқа қат энергиясының қуатты пайдаланудың табиғи режимі арқылы игеру болып табылады. Келесі жобалық құжаттарда бірінші нұсқа болып алғашқы жобалық құжат арқылы қолданылатын, бұрын тиімді, геологиялық құрылымның және мұнайлық қаттардың өнімділігі жөніндегі жаңа мәліметтер және технология мен экономикалық жағдайға байланысты жаңа мағлұматтарға сәйкес қайта есептелген нұсқа қабылданады.

Екінші нұсқасы игерудің негізгі элементтерін жетілдіру арқылы ұсынылатын игерудің тиімді нұсқасы.

Үшінші нұсқасы ұсынылған игерудің ұтымды нұсқасынан айырмашылығы, техникалық әрекеттерді іске асыру қарқынында және тәжірибелік сынақтау ұтымды жүріп жатқан тиімді технологияларды қолданудың айтарлықтай тәуелділігімен ерекшеленеді.

97. Қажет болған жағдайда есептелетін нұсқалар саны үшеуден артық болуы мүмкін. Қағидаттық мәнге әртүрлі қарқынды бұрғылау және әртүрлі күрделі қаржыландыру нұсқалары ие болады.

 

 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау