Сызба геометрия және инженерлік графика қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,42 Mb.
Дата20.11.2018
өлшемі5,42 Mb.
#22525
түріПрезентация
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
  • К.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
  • СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА
  • ПӘН ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
  • “Кәсіптік білім беру” 5В012000 мамандығы
  • 3 кредит: дәріс 1, зертхана сабағы 2, СОӨЖ, СӨЖ
  • Оқытушы
  • Оспанова Зере Қанатқызы
  • Педстаж : ҚазҰТУ-де 5 жылдан асты
  • Безендіруші: Габжалилова Сара Мағауияқызы,
  • Оспанова Зере Қанатқызы
  • Сызба геометрияда кез келген объекттердің ақиқи не абстрактты болсын, жер асты, жер үсті болсын проекциялау әдісімен салынған жазық кескіндері зерттеледі, қарастырылады. Сызба геометрияның әдістері геология мен құрылыста қолданылатын бірталай объекттерді: нүкте не түзумен, жазықтық не беттермен модельдеуге мүмкіншілік береді.
  • 5В012000 – кәсіптік білім беру мамандығының студенттеріне СГ және ИГ-ның қажеттілігі төмендегідей:
    • олардың жалпы техникалық және графикалық мәдениеттерін дамыту үшін;
    • келесіде техникалық графика, материалдар кедергісі, машина және механизмдердің теориясы пәндерін оқып, меңгеру.
  • Инженерлік графика пәні бұл мамандық студенттері үшін қолданылатын сызбаларды стандарт талаптарына сай еткізіп, құжат ретінде орындау үшін кажет.
  • Пәннің мақсаты – мамандық пәндерді меңгеру үшін теориялық және техникалық негізін құру.
  • Сондықтан:
    • студенттердің кеңістіктік пішіндерді жазықтықта бейнелеудің негізгі әдістерін меңгеруі;
    • кеңістіктік ойлауды, кеңістіктік пішіндердің графикалық модельдері негізінде контруктивті-геометриялық ойлауды дамыту;
    • сызбаларды оқу және орындауға, эскиздерді және жұмыс сызбаларын орындауға қажетті білім алып, дағдылану.
  • Аксонометрия СБП А-А тілігі
    • берілген шарттарға сәйкес геометриялық объекттерді салуды меңгеру;
    • күрделі емес тетіктердің, қосылыстардың сызбасын құруды үйрену, осы сызбаларда есептерді шешуге машықтану;
    • стандарттарды қолданып, сызбаларды орындауға және оқуға білікті болу.
  • СГ және ИГ пәнін оқытудағы жаңалықтар техниканы кең пайдаланып, кеңістіктік қабілетті дамытуға, сызбаларды жылдам оқуға негізделу керек. Мұнда тек СГ және ИГ-нің негіздерін ғана қарастыруға болады. Қазіргі мектепті бітіргендер үшін жаңа түрдегі электронды оқулықтарды шығару керек. Олар студенттерді ойландырып, қызықтырып пәнді үйрететін болуы керек. Пән жаңалығы – есептерді шешу жаңа әдістерге, мамандыққа қатысты есептерді енгізуге, оқыту барысын қарқындатуға байланысты болу керек.
  • СГ және ИГ пәні мамандыққа сәйкес етіп жасалған. Сондықтан алдыңғы 7 апта аксонометрия мен Монж эпюрі, қалған 4 апта техникалық элементтерді: көріністер мен тіліктерді, бұрандалы қосылыстарды, эскиздерді салу қарастырылған.
  • Бағдарлама бойынша оқыту түрлері: дәріс, зертханалық сабақтар, СОӨЖ және СӨЖ – офисте болып табылады. Дәрістерде пәннің теориялық негіздері карастырылады. Зертханалық сабақтарда сызбаларды салу және есептерді шешу әдістері үйретіледі. СОӨЖ сабақтарында дәріс тақырыптары пысықталып, сұрақтарға жауаптар беріледі, өзіндік (графикалық) жұмыстар (МГЖ) түсіндіріледі, бақылау, өздік жұмыстары орындалады. СӨЖ - офисте өзіндік жұмыстар тексеріледі, қабылданады, кеңестер беріледі.
  • Құрметті студенттер! Өзіндік жұмыстарды тапсыруды артқа қалдырып жүрмеңдер, Барлық жұмыстарды дер кезінде орындап, тапсырып жүріңдер!
  • Студенттердің СГ және ИГ-ны оқып меңгеру нәтижелері төмендегідей болу керек:
    • аксонометрия, Монж эпюрінде күрделі емес бұйымдардың сызбаларын салуда, оқуда білікті болу;
    • жоғарыда айтылған сызбаларды стандарттар талабына сай орындауда білікті болу.
  • ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
  • Озық технологиялар мен мультимедиа жабдықтарды қолдануды, студенттердің кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту үшін, сызбаны жылдам оқуға негізделу керек. Ол интерактивті тақта мен компьютерлік графиканы қолданумен дуниеге келеді.
  • Оқытушылардың сапалы білім беру және пән меңгеруді жеңілдету мақсаттары кредиттердің аз болуынан біріне бірі қайшы болып тұр. Мүмкін озық технологияларды қолданып осы 3 кредитпен де жақсы нәтижелерге қолымыз жетер келешекте. Қазір кафедрада графикалық жұмыстарды қабылдау төмендегідей ретпен жүргізіледі:
  • - өзіндік орындау;
  • - графикалық безендіру
  • сапасы;
  • - жұмысты қорғау.
  • СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ӨЗІНДІК ҒЫЛЫМИ
  • Мен Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институтын 1978 жылы бітіріп, ҚазҰТУ-ғы педстаж 20 жылға толды. Осы уақытта 7 ғылыми жұмыс жасап, 15 оқу-әдістемелік жұмыстарым шықты.
  • ЖЕТІСТІКТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
  • Студенттердің білімін бағалау үшін рейтингтік бақылау қолданылады. Мамандықтың оқу жоспарына кірген әр пәннің рейтингі қорытынды бақылауға байланыссыз, 100 балдық шкаламен бағаланады.
  • БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА КОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
  • СГ және КГ-ны студенттер жүйелі түрде дәйектілікпен оқып, меңгеру керек. Сабаққа сызу аспаптарымен дайындалып келу керек. Бұл пәнді меңгеру оңай емес, бірақ мүмкін. Компьютер барда қолмен сызудың еш қажеті жоқ демеңдер.
  • Компьютер өте керемет машина, бірақ бар болғаны ол сызу аспабы. Оның орындаған сызбаларын түсініп, оқи білу керек, сызбада әр түрлі есептерді шығара білу керек. Ол үшін СГ-ның көмегімен техникалық сауатты алдымен ашып алу керек. Өз қолдарыңмен сызбаны орындауды үйреніп жаттығыңдар, сызудан қашпаңдар.
  • Графикалық жұмыстарды уақытында тапсыруды әдет етіп алыңдар, сонда оқу жемісі тәтті болады. Тапсырмада не берілді, нені анықтау керек, қалай орындау керек екенін біліп, сызбаларыңды жақсы қорғаңдар. Білім жолын, жоғары ұпай жолын таңдаңыздар! Оқуларың табысты болсын!

жүктеу 5,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау