П авлодар облысы білім беру басқармасы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Халықаралық зерттеулер форматындағы функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған



жүктеу 5,32 Mb.
бет17/94
Дата21.02.2022
өлшемі5,32 Mb.
#37574
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94
3. PISA жинақ (1)

Жауабы: А. Гептил

51- сұрақ: РЕАКТИВТІ ҚОЗҒАЛЫС

Зымыранның багындағы отын мөлшері

А. 400 тонна

В. 500 тонна

С. 550 тонна

D. 300 тонна

Жауабы: В. 500 тонна

52- сұрақ: РЕАКТИВТІ ҚОЗҒАЛЫС

Төменгі келтірілген пайымдауларды әр қатардан «иә» немесе «жоқ» деп айналдыра сызыңыздар



Бірінші ғарыш серігі Қазақстаннан ұшты

Иә/жоқ

Реактивті қозғалыс импульстің сақталу заңына негізделген

Иә/жоқ

Ғарышқа алғашқы қадам жасаған белгілі ғалым Королев

Иә/жоқ

18. ҚАЙНАУ

Берілген мәліметті оқып төменгі сұрақтарға жауап беріңіздер

Буланудың екінші тәсілі – қайнауды қарастырамыз. Қайнау процесін бақылау үшін құтыға су құйып, температурасын өлшей отырып, қыздырамыз. Біраздан кейін құтының үстіңгі жағында  тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа  шыққан су буы  салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде  көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде  олар судан бөлініп шығады.  Ауа көпіршіктерінің  іші су буымен толады да, олардың өлшемдері  біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында  ызыл естіледі. Өйткені жылы су буы көпіршіктерімен салқын су көпіршіктері соқтығысқанда дыбыс шағарады. Белгілі бір температурада  көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Бұрқылдап су қайнай бастайды.

Сұйықтың  тек үстіңгі  бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде  де бу көпіршіктерінің  пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау деп аталады.

Біз кез-келген жер бетіндегі денелерге  атмосфералық қысым әрекет ететінін білеміз. Енді осы су көпіршіктері  қандай жағдайда осы атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы  атмосфералық  қысымнан төмен болмау керек.

• Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;

• Қайнау кезінде  сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны  қайнау температурасы  деп атайды.  




жүктеу 5,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау