«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі Ізғұттынова Р. О. “Бөбек” ҰҒпббсо, АҮди-ның жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ. к



жүктеу 0,95 Mb.
Дата14.11.2018
өлшемі0,95 Mb.
#19651
түріБілім беру бағдарламасы

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі Ізғұттынова Р.О. “Бөбек” ҰҒПББСО, АҮДИ-ның жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к.

Бәрін де жүрекке бағындыр. Абай

  • Жүрек әрдайым дұрыс шешім қабылдайды.
  • Жүрек ешқашан алдамайды.
  • Мұғалім балаға айтатын нәрсені алдымен өз жүрегінен өткізіп алғаны жөн.
  • Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді.

ЖОСПАРЫ

  • ЖОСПАРЫ
  • 1. Мұғалімнің жоғары рухы
  • 2. Мұғалімдер үлгі ретінде
  • 3. Мұғалімдерге арналған ереже
  • 4. Мұғалімнің басты қасиеттері

Адольф Дистервег

  • Адольф Дистервег
  • (Неміс педагогі, 1790 – 1866)
  • Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да
  • Әрине, кітап ақпарат көзі. Алайда ол жансыз дүние. Бала түсінбегенін кітаптан тікелей сұрап біле алмайды.
  • Мұғалім рух иесі. Бала да рух иесі. Сондықтан рух пен рухтың тілдесуі жанды сипатта өтеді. Мұғалім баланың жан дүниесін сезіне алады. Бала да мұғалімге ашыла алады.

А. Дистервег 1835 жылы өзінің «Неміс мұғалімдеріне білім беруде басшылық» атты басты кітабын жазды, бұл педагогтер үшін осы уақытқа дейін өзінің көкейкесті және маңызды шығарма. Осы жұмыста педагог мұғалімдер үшін ереже жиынтығын қалдырды.

  •  
  • I. Оқушыға, субъектіге қатысты оқыту ережесі
  • 1.1.Табиғи сәйкес оқыт!
  • 1.2. Оқыту кезінде өсіп келе жатқан адамның табиғи даму сатыларын басшылыққа ал!
  • 1.3. Оқытуды оқушының даму деңгейіне сүйеніп баста, және оны біртіндеп, үздіксіз, жіберместен және негіздеп жалғастыр!
  • 1.4. Оқушы үшін әзірше оқудың керегі жоқ нәрсені оқытпа, және де оқушыға келешекте аса керек емес нәрсені оқытпа!
  • 1.5. Көрнекі оқыт!
  • 1.6. Жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге қарай жүр!
  • 1.7. Оқытуды ғылыми емес, қарапайым тәсілмен жүргіз!
  • 1.8. Әрқашан формальды немесе біруақытта формальды және материальды мақсатты көзде!
  • 1.9. Ешуақытта оқушы әзірше меңгере алмайтын нәрселерге оқытпа!
  • 1.10. Оқушылар оқығандарын ұмытпауына қамқорлық жаса!
  • 1.11. Қатаң тәрбиеге алма, жалпы адами, азаматтық және ұлттық білім негіздерін сал!
  • 1.12. Оқушына жұмыс істеуге үйрет, оны тек жұмысты сүюге ғана мәжбүрлеме, оған етене жақын болуға, ол оның екінші табиғи болмысы болатындай болсын!
  • 1.13. Өз оқушыларыңның даралығымен санаса біл!

II. Оқу материалына, объектіге қатысты оқыту ережесі

  • 2.1. Әрбір оқу пәнінің материалын даму деңгейіне және оқушының даму заңдарына сәйкес жікте!
  • 2.2. Ең бастысы, негізін оқытуға тоқтал!
  • 2.3. Негіздеу кезінде туынды күйден бастапқы негізгі түсінікке жиірек орал және соңғысының біріншісін шығар!
  • 2.4. Әрбір материалды белгілі сатыларға және шағын аяқталған бөліктерге жікте!
  • 2.5. Әрбір сатыда келесі материалдың жеке бөліктерін көрсет және де айтарлықтай үзіліске жол берме, оқушының қызығушылығын тудыру үшін жеке мәліметтер келтір, оны толықтай қанағаттандыр!
  • 2.6. Келесі сатыда жаңаны оқыған кезде алдыңғыны қайталайтындай етіп материалды (мүмкін болған жағдайда) жікте және орналастыр!
  • 2.7. Мазмұны туыстас пәндерді байланыстыр!
  • 2.8. Пәннен оның белгісіне қарай жүр, керісінше емес!
  • 2.9. Оқыту әдісін таңдаған кезде пәннің табиғатымен санаса біл!
  • 2.10. Оқу материалын жіктеуде ойдан құраған түсініктер, жалпы сызба негізінде емес, жан-жақты қарастыр!
  • 2.11. Келесі жағдайды жалпы әрекеттер арқылы емес, пәннің табиғатына қарай дамыт!
  • 2.12. Оқыту мазмұны заманауи ғылым деңгейіне сәйкес келуі тиіс.

III. Сыртқы жағдайларға, уақытқа, мекенге, жағдайға және басқаларға сәйкес оқыту ережесі

  • 3.1. Өз оқушыларыңмен пәндерді біруақытта емес, біртіндеп жүргіз!
  • 3.2. Өз тәрбиеленушіңнің болашақ (болжамды) жағдайымен санаса біл!
  • 3.3. Мәдени сәйкес оқыт!

Мұғалімге қатысты оқыту ережесі

  • 1. Оқытуды тартымды етуге тырыс!
  • 2. Жігермен оқыт!
  • 3. Оқушыны оқу материалын ауызша дұрыс айтуға мәжбүрле!
  • Әрдайым жақсы сөйлеуін, екпіннің анықтылығын, айқын айтуын және сөйлеудің логикалық құрылуын қадағала!
  • 4. Ешуақытта тоқтамаңыз!

Януш Корчак (1878-1942)

  • Януш Корчак (1878-1942)
  • Ағымдағы сағат пен бүгінгі күнді қадірлеңдер!.. Әрбір жеке минутты қадірлеңдер, болмаса ол жоқ болады және ешуақытта қайталанбайды...
  • ... Пәк, таза, бейкүнә, киелі балалықты қадірлеңдер!
  •  

Я. Корчактің педагогикалық мұрасы тәрбиенің 10 өсиетінен тұрады:

  • 1.Сенің балаң сен сияқты немесе сен қалағандай болады деп күтпе. Оған сен сияқты емес, өзі болуға көмектес.
  • 2. Өзіңнің жасағандарың үшін баладан ақы талап етпе. Сен оған өмір бердің, ол сені қалайша риза етуі мүмкін? Ол басқаға өмір сыйлайды, ал ол – үшіншісіне, және бұл ризашылықтың қайталанбас заңы.
  • 3. Қартайғанда опық жемес үшін, өз ашу-ызаңды баладан алма. Не ексең, соны орасың.
  • 4. Оның проблемаларына жоғарыдан қарама. Өмір әркімнің күшіне қарай беріледі және де, сенімді бол, оған саған қарағанда ауыр, тіпті одан да ауыр шығар, өйткені оның тәжірибесі жоқ.
  • 5. Қорлама!
  • 6. Адам үшін ең маңызды кездесу – оның балаларымен кездесуі екенін ұмытпа. Оларға көп зейін қой – біз баладан кімді күтіп тұрғанымызды ешуақытта білмейміз.
  • 7. Егер балаң үшін ешнәрсе жасай алмасаң, өзіңді жазғырма. Егер қолыңнан келіп тұрып жасамасың, онда жазғыр. Бала үшін жасалғанның бәрі жеткіліксіз екені есіңде болсын.
  • 8. Бала сенің бүкіл өміріңді иеленетін тиран емес, жаның мен қаның ғана емес. Ол – асыл, өмір саған оны сақтауға және оның шығармашылық отын дамытуға берді. Бұл ана мен әкенің берік махаббаты, өсетін «біздің», «өз» баламыз ғана емес, сақтауға берілген жан.
  • 9. Бөтен баланы сүйе біл. Өз балаңа жасалмасын дегенді, ешуақытта басқаға жасама.
  • 10. Өз балаңды қалай болса да сүй – талантсыз болсын, жолы ауыр болсын, ересек болсын. Онымен қарым-қатынас үшін қуан, өйткені бала – мереке, әзірше ол сенімен бірге.

Корчак қалдырған нақты Өмір ережелері мұғалімдер үшін пайдалы

  • 1. Егер қиын болса, бірден емес, біртіндеп айналыс.
  • 2. Бастапқыда біреуін ғана таңда, ең жеңіл кемшілікті және соны аяқта.
  • 3. Егер ұзақ уақыт жақсармаса, тіпті нашарлап кетсе де еңсеңді түсірме.
  • 4. Аса жеңіл шарт қойма, алайда өзің таңдау жасай алатындай бол.
  • 5. Егер бірден арылсаң, аса қатты қуанба; жүре пайда болған әдеттерден арылу оңай, ал туа біткен әдеттен арылу қиын.
  • 6. Өзің сүймейтін нәрсені жаса, әдеттенген нәрсеңді жасамау арқылы еркіңді жаттықтырасың. Ал өз қолыңның, аяғыңның, тіліңнің, ойыңның қожасы болу – бұл ең бастысы.
  • «Баланы қалай сүю керек» (1918) – Корчактың бірден бір басты педагогикалық кітабы
  • Автордың өмірлік сенімі болған кітап. Оның бала және балалық туралы ой-толғауларының мәні.
  • «Балалар жоқ – адамдар бар.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы
  • (1858-1931)
  • Жастайынан бастап адамдардың бойында жоғары парасаттылық, өзін-өзі қадірлеу сезімін тәрбиелеу керек, бұл оның өзіндегі хайуандық инстинкті жоюға, қауіпті құмарлықты құртуға көмектеседі.
  • Сонда ғана адамның және адамзаттың түзелетініне үміттенуге болады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

  • Адамды тәрбиелеу барысында
  • Ар-ұждан ілімі ауадай қажет.
  • Бұл туралы ғалымдар ойлануы тиіс. Олар бұл ілімді баршаға міндетті пән ретінде құрулары тиіс.

Фильмнен үзінді көрсету

  • Фильмнен үзінді көрсету
  • “Менің атым Қожа”, 2 фрагм.
  • Фильмді талдау:
  • Мұғаліммен сөйлесуге тіптен құлқы жоқ Қожа неліктен шынайы түрде кешірім сұрады?
  • Мұғалім еңбегінің мәні неде?

Фильмнен үзінді көрсету

  • Фильмнен үзінді көрсету
  • “Менің атым Қожа”, 1 фрагм.
  • Фильмді талдау:
  • «Оқушы толтыратын құты емес, жағатын алау!»
  • деген нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Мұғалімдер үлгі ретінде Мұғалімдер үлгі болу қызметін атқара білсе, онда балалар сөзсіз кемелденудің үлгісі болады және қоғамды гүлдендіреді…

Мұғалімге арналған екі ереже

  • 1. Басқаларға үйреткеніңді, алдымен өзің орында.

2-ереже

  • 1- ережеге қара.

Мұғалімнің басты қасиеттері

  • Қарапайымдылық
  • (өз кемшіліктерін ұғыну үшін)
  • Кемелденуге тілек
  • (өз кемшіліктерінен құтылу үшін)
  • (ертеде мұғалім балалардың алдына бармас бұрын ойларын тазалап алған).

Ш.А.Амонашвили Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілген. Барлық мамандықтың ішінде мұғалім мамандығы ең ардақты, ең қиын және ең маңызды.

Ш.А.Амонашвили

  •  Сіз – «гуманды педагогиканы» жасаушысыз. Ендеше, Сіз біздің педагогика балаларға әрдайым гуманды емес екенін мойындайсыз ба?
  •  
  • Мен ғана емес. Бұл істің нақты күйі. Жақында Жаңа Ресей энциклопедиясының 2-томы шықты. Онда алғаш рет «авторитарлық педагогика» ұғымы көрініс тапты. Бұрын бұл ұғым болмаған. Энциклопедияда авторитарлық педагогика (қазір барлық мектепте кездеседі) колонияда ғана, онда да жанама айтылатын. Мұндай педагогикаға тек гуманды педагогика қарсы тұра алады.
  •  
  • Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
  •  
  • Ақ пен қара сияқты айырмашылығы бар. Гуманды педагогика баланы жанашырлық, көмек, бірге мазасыздану, өз тағдырына өзі баруға шақырады. Авторитарлық педагогика бұған мәжбүрлейді. Оның мақсаты бар – балаларға бар жақсыны беру. Бірақ – мәжбүрлеу, бұйыру, баға, қысым, қаталдық жолымен. Гуманды педагогика өзін-өзі құру үдерісіне тартады. Бұл әрине, аса ауыр үдеріс.

Балалар уақытпен өзгере ме?

  • Балалар уақытпен өзгере ме?
  •  Әрине. Әлбетте – уақытпен! Турасында, уақыт өзгереді, және олар балалардың жаңа ұрпағын шақырады. Уақыт балаларды шақырады. Акселерат-балаларды шақырған уақыт болған. Қазір уақыт Нұр балаларын шақырады.
  •  
  • Бұл қандай балалар?
  • Шамамен сол сияқты, индиго балалар, ғажап балалар. Олар, 90-жылдың басынан келеді, мысалға, 70-жылдың соңындағы балалардан өзгеше. Олар дарындылығымен ерекшеленеді, бұрынғы болғаннан 2-3 есеге. Екіншіден. Осы балалардың ішінде ғажап қабілет иелері бар, бұрын тіптен болмаған және ғажап деп бағаланған. Олар, мысалы, секундта алты орынды санды көбейте алады және тағысын тағы.
  • Балалар жаңа міндетпен келіп жатыр. Мүмкін, ғасырдың ортасы болғанда, олардың түсіндірілмейтін дарыны бізге керек болар. Қазір бұл бізге әзірше түсініксіз.
  • Біздің педагогикалық еңбегіміз оқушыларымыздың жүрегінде және ақыл-ойында өз жалғасын тапсын, осылайша олар әлемді өзгертсін, оны қуанышқа, жақсылыққа, нұрға толтырсын!
  • Бәрімізге бақыт, жанымызға тыныштық және шығармашылық шабыт!

жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау