140
Өзіңіздің шығармаңызды
он-лайн түрінде жария-
лайтын болсаңыз, сіздің
жазғаныңызды ондаған
елдерде оқитынын және
сол елдердің кез келгенінде
оған наразылық тууы
мүмкін екенін естен
шығармағаныңыз жөн
луы мүмкін деген қаулы шығарды. Рейтер және Amozon.
com сияқты агенттіктердің Доу Джонсты қолдау үшін сотқа
жасаған ұсыныстарына да, ақпаратты жариялаған сервердің
орналасқан жеріне де қарамастан, шағымданушы Джозеф
Гутниктің жала жабу туралы дәлелсіз айыптауына қатысты
сот процесі Виктория штатында өтті.
әлбетте, мұндай сот ісі кез келген жерде осылай табысты
өтуі әбден мүмкін еді. Судьяның қаулысында былай делінген:
«Менің жеке өзіме келсек, мен тікелей себепті көріп тұрған
жоқпын. Неліктен десеңіз, егер қандай да бір тұлға бірнеше
юрисдикцияның шеңберінде жала жапты деп есептейтін бол-
са, сол юрисдикцияның ешқайсысында тараптардың бірі
бола алмайтынына тікелей себепті көрмей отырмын».
Осы іске қатысты бұл қаулы Австралия мен басқа да
елдердегі көптеген сот процестеріне жол ашуы мүмкін еді.
Интернет арқылы жала жабудың кәдімгі жала жабудан
ешқандай айырмашылығы жоқ. Егер сіз біреуге жала
жапсаңыз, онда сіз сол елдегі сот алдына келуіңізге тура
келеді. Өзіңіздің шығармаңызды он-лайн түрінде жария-
лайтын болсаңыз, сіздің жазғаныңызды ондаған елдерде
оқитынын және сол елдердің кез келгенінде оған наразылық
тууы мүмкін екенін естен шығармағаныңыз жөн.
Осылайша, бұқаралық ақпарат құралдарына келешекте әр
елдегі жала жабуға қатысты заңдарды білу қажеттілігі туады.
IWPR жала жабу туралы көпұлтты және халықаралық сот
10-тарау: Жала
жабу жөнінде
141
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
істері ережелеріндегі өзгерістерді мұқият қадағалап, кез кел-
ген маңызды өзгерістер туралы редакторлар мен басқа да
қызметкерлерге кеңес береді.
Қазіргі таңда үшінші елдердің заңнамаға қатысты ұсыныстары
айқын:
өз елінің
заңнамасын білу
Англияның заңнамасын білу
үшінші елдерде жала жабу туралы заң Англиядағыдай
қатал болуы ықтималдығын ескеру
Байыппен ойлау тұрғысынан қарағанда
Түрлі заңнамалардың өзіне тән ерекшеліктеріне үңілместен
бұрын мәселеге байыппен ойлау тұрғысынан қарау ма-
ңызды:
Нақтылық пен объективтілікке қатысты шағымдарды
мұқият қарап, қателіктерді тез арада түзету керек. Ашулы
оқырманға сыпайылық танытсаңыз және қателіктеріңізді
түзететініңізді жеткізсеңіз, әрі қарай әрекет етуге аса
қатты тырыспауы мүмкін. Тез арада қателікті түзету сотта
жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде де қарастырылуы
мүмкін.