136
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР
ЖӘнЕ АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
IWPR-дің баспа стиліне қатысты қосымша ақпаратты мына
жерден қарауға болады:
www.iwpr.net/index.pl?development/resorces/training_
styleguide.html
Қолыңызда жақсы сөздіктің болуы маңызды. Интернет-
те Халықаралық ағылшын тілінің
Кембридж сөздігінің
электрондық нұсқасы
бар:
dictionary.cambridge.org
АҚШ-тың медиа нарығы үшін Ассошиэйтед Пресстің баспа
стилі жөніндегі кітап үлгі болып табылады:
www.ap.org/pages/order/html
Экономистің
стилі жөніндегі анықтамалық:
www.economist/com/research/StyleGuide/index/cfm
Amazon.com.
Сөздік форматында ыңғайлы етіп құрас-
тырылған Нью-Йорк
Таймстің стилін қолдану жөніндегі
нұсқаулықтың сандық нұсқасын сатады.
Вильям Странк Мл. және Е.Б.Уайт Стиль негіздері атты оқу-
лықта ағылшын тіліндегі жазу стилі туралы жалпы мағлұмат
береді. Уайттың алғысөзі мен толықтырулары бар жетілдірілген
нұсқа да көпшілік көңілінен шыққан. Оның түпнұсқасын мына
сайттан табуға болады:
www.bartleby.com/141
9-тарау:
Баспа стильдері
137
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
10 - тарау
Ж
ала
жабу
жөнінде
Сөз бостандығының
ажырамас құқығы
журналистің осы құқықты
жауапкершілікпен
қолдана білу талабымен
реттеледі
с
өз
бостандығының
ажырамас
құқығы
журналистің осы
құқықты жауапкершілікпен қолдана білу талабымен ретте-
леді. Медиа-репортаж субъектілері өздеріне жала жабылған
жағдайда сот төрелігіне жүгіне алады.
Жала жабудан қорғайтын заңдар әр мемлекетте әртүрлі
болып келеді. Нақтылы өз еліңізде жала жабу дегеннің не
екенін және адамның жеке өміріне қол сұғылмауын реттейтін
қандай заңдар бар екенін анық білу қажет.
Репрессивті билік объективтілігіне қарамастан, жарияла-
нымның өздеріне жала жапқанына айғақтар келтіре оты-
рып, сын айтушылардың аузына құм құю үшін осы тараптағы
заңдарға жүгіне алады. Сот органдарының тәуелсіз жүйесі
қалыптаспаған елдерде мұндай процестердің ақыры жер-
гілікті журналистердің ұзақ уақытқа түрмеге қамалуымен
аяқталады.
Англияда жала жапқаны үшін жауапкершілікке тартатын
заңдар тым қатал. Ал жаладан қорғану үшін кең көлемді
еркіндіктерді ұсынады. Журналистерге толып жатқан
қорғаныс құралдарын ұсына отырып, өздерінің кінәсіз екенін
дәлелдеуді журналистердің өз құзырына қалдырады. Бұл
елде азаматтық істер бойынша салынатын айыппұлдардың
мөлшері тым көп екеніне қарамастан, жала жапты деген айып-
пен қозғалатын істер өте сирек кездеседі.
Құрама Штаттарда жала жабуға қатысты жауапкершілікті
реттейтін заңдар сәл басқаша. Бұл елде жала жапты деп
өтініш беруші шын мәнінде жала жабылғанын нанымды
түрде дәлелдеуі тиіс. әсіресе, қоғам қайраткерлерінің біраз
тер төгуіне тура келеді (жеке тұлғалар үшін заңнама өзгеше).
138
«Жала жапты» деген
айыпқа қарсы ең жақсы
қорғаныс – журналистік
жұмысты адал атқару
Құрама Штаттарда жала жапты деп арыз беруші қоғам
қайраткері репортердің жалған ақпаратты жариялап қана
қоймай, мұндай әрекетке өрескел қателік салдарынан жол
бергенін және оны қасақана жасағанын дәлелдеуге тура
келеді. Мәселенің рас-өтірігін анықтауға талпынбағанын да
дәлелдеуі керек. Шынында да, мұндай әрекет әдейі жасалуы
мүмкін.
Қорғанудың ең жақсы құралы – бейтарап жур-
налистика
Журналистер өсек таратып, жала жапқаны үшін жауапкер-
шілікке тартылатынын білуі тиіс және жеке адамның өміріне
қол сұқпау туралы заңдарды құрметтеуі тиіс. Ондай заңдар
жеке тұлғаның «атына кір келтірмеу» құқығы мен жеке адам
өміріне бөгденің араласпау құқығын қорғайды.
Алайда, кей жағдайда тепе-теңдік сақталмауы мүмкін. Жа-
ңағыдай заңдар журналистердің өз жұмысын адал атқа-
руына кедергі келтіріп, оларға қысым жасамауы тиіс. «Жала
жапты» деген айыпқа қарсы ең жақсы қорғаныс – журналистік
жұмысты адал атқару: тыңғылықты, объективті және негізді
репортаждар, мұқият және ұқыпты редакциялау, сондай-ақ,
материалды бейтарап жеткізу.
Заңдар мен оларды қолдану тәсілдері ұдайы өзгеріп отыра-
тындықтан, журналистер өз жұмысында өте мұқият бо-
луы тиіс. әрі материалдарының басқа елдерге таралуы
10-тарау: Жала
жабу жөнінде