Оқушыларға қауіпсіздік ережесі



жүктеу 37,5 Kb.
бет3/4
Дата21.02.2022
өлшемі37,5 Kb.
#37580
1   2   3   4
Оқушыларға қауіпсіздік ережесі

Cуда жүзу тәртібі

СУДА / ЖАҒАДАН АЛЫС ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕ ЖҮЗУ

Егер сіз жақсы жүзу білсеңіз ғана жағадан алыс жүзуге болады.

Суық суда (судороги) бұлшық еттің тартылуы пайда болу мүмкін.

1.      Бұлшық еттің тартылуын сезсеңіз бірден тоқтап арқаға бұрылып суға жатыңыз.

2.     Егер тартылу санның алдыңғы жақ бұлшық етті тартылып кетсе, аяқты және аяқтың саусақтарын  түзеңіз.

3.      Егер тартылулар өте қатты болса және аяқтарыңыз түзелмесе, онда оны қолдың көмегімен істеп көріңіз.

4.     Бұлшық еттерді уқалаңыз. Содан кейін тағыда аяғыңызды тартып көріңіз.

5.     Егер тартылулар тоқтаса, онда кішкене демалып басқа стильмен жағаға жүзіңіз.

 Суда көп уақыт өткізу сізді шаршатуы мүмкін.

1.     Шаршағанды немесе тоңғанды сезсеңіз, тез бұрылыңыз және жағаға қарай жүзіңіз.

2.     Өз күшіңізді сақтаңыз. Мезгіл сайын арқаға жатып демалыңыз. Қатты тоңып қалмау үшін демалуды тым созбаңыз.

3.     Егер сіз жағаға өз күшіңізбен жететіндігіңізге сенбесеңіз, онда арқаға жатып, басқа адамдардың зейінін аударту үшін қолыңды жоғары көтеріп шайқаңыз.  

СУДА / ЕГЕР СІЗДІ ҚАТТЫ СУ АҒЫМЫ АЛЫП КЕТСЕ

Сіздің іс-әрекетіңіз:

1.     Күшіңізді бекерге шығарып, су ағымымен күреспеңіз.

2.       Су ағымымен диагональ бойынша жүзе отырып, ең жақын жағаға қарай жүзіңіз.


СУДА / ЕГЕР БАЛДЫРЛАРДА ОРАЛЫП ҚАЛСАҢЫЗ

Сіздің іс-әрекетіңіз:

1.     Балдырлар жүзуге кедергіні жасап жабысқанын сезсеңіз, тоқтамаңыз және бір орында тұрмаңыз, әйтпесе сіз одан да қатты балдырларға шатасып қаласыз.

2.     Екі аяқпен қатты итеріңіз, босануға ұмтылыңыз.

3.     Бұл көмектеспесе, бір аяқпен екінші аяқтағы балдырларды алып тастаңыз.

4.     Судың астына қарай сіңбеңіз, әйтпесе балдырлар мойныңызды орайды.

5.     Балдырлардан құтылған соң, қауіпті жерден аяқтарыңызбен ақырын сермей жүзіп кетіңіз.

 СУДА / ЕГЕР СІЗ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ

Сіздің іс-әрекетіңіз:

1.     Дем алуды тоқтаңыз және саусақтармен мұрныңызды жабыңыз.

2.     Жаға жақын болса аяқпен судың түбін тауып көріңіз.

3.     Егер су терең болса, онда артық ауыр заттардан құтылыңыз. Ол сізді судың астына алып кетуі мүмкін.

4.     Егер сіздің аяғыңызда резеңке етіктер болса, оны тастамаңыз және қонышымен төмен қойып ауадан жасалған жастықшалар ретінде пайдалануға болады. Олай жасау сізге судың бетінде болуға ыңғайлы болады.

5.     Ең жақын жағаға су ағымына диагональмен жүзіңіз.  

СУДА / ЕГЕР СІЗ СУДА ЖҮЗУ БІЛМЕЙ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ

 Егер сіз жүзу білмесеңіз, көмек келгенше судың бетінде көбірек болуға ұмтылыңыз.

1.     Суға бетімен төмен жатып, аяқты және қолды кең жазып ақырың және терең дем алуға ұмтылыңыз.

2.     Судың бетіңде көбірек қалудың басқа әдісі бар. Аяқпен педальдарды бұрағандай жүзіңіз. Қолмен суды ұрыңыз. Олай жасап күшті суға түсіресіз және де тепе-теңдікті сақтаңыз.

3.       Тағыда бір әдіс бар: вертикальды күйде екі аяқты бірдей бүгіп жан жаққа итеріңіз және тез түзу қылыңыз.

СУДА / СУҒА БАТҚАНҒА КӨМЕКТЕСУ

Адамның батқанын қалай білесіз:

Суға батып бара жатқан адамның денесі суда тік тұрады, басы толқында бірде көрінеді, бірде көрінбейді.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

1.     Егер сізде қайық бар болса батып бара жатқан адамға жүзіп, оны қайыққа көтеріңіз. Байқаңыз, қайық аударылып қалуы мүмкін.

2.     Егер қайық жоқ болса, онда жүзіп батып бара жатқан адамға жетіңіз.

3.     Батып бара жатқан адамға жеткен соң, оған артынан иық жағынан ұстаңыз. Әйтпесе ол сізді ұстап алуы мүмкін және сіз бірге батып кеу қаупі туындайды.

4.     Егер батып бара жатқан адам сізді ұстап жібермесе, онда оны бір қолымен жағынан ұстап өзіңе қарай тартыңыз. Оның басы сіздің басымен қатар беті жоғары болу керек.

5.     Жағаға қарай қырмен немесе арқада жүзіңіз.

6.     Егер батып жатқан адам есін жоғалтқан болса, оны жағаға қарай жүзгенде жағынан ұстап, беті судан жоғары болуын қадағалаңыз.

                            


жүктеу 37,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау