Теодолиттік түсіру теодолит, өлшеуіш таспа және рулетка арқылы жүргізеді. Нәтижесінде контурлық немесе ситуациялық план пайда болады.
Тахеометрлік түсіру теодолит – тахеометр арқылы орындалады.Бұл түсіру бедерді бейнелеуге арналған.
Мензулалық түсіру кезінде бедер мен ситуация суреті бар планды мензула және кипрегель арқылы, тікелей далаға шығып, құрастырады.
Фототопографиялық түсірудің өз ерекшеліктері бар. Планды немесе картаны жасау үшін жергілікті жерді суретке түсіріп алып, пайда болған фотосуреттерді тиісінше өңдейді. Ал жер бетін ұшақтан түсіруді аэрофототүсіру деп атайды.
Тура геодезиялық есептің мақсаты нүктенің координаталарын анықтау.
Берілген сызығының нүктесінің координатасы, дирекциондық бұрышы және горизонталь ұзындығы арқылы нүктесінің координатасын есептеу – бұл тура геодезиялық есеп.
Сурет бойынша
x2 – x1 = rx
y2 – y1 = ry
АВ сызығының соңғы және бастапқы нуктелерінің координаталарының айырмасы, яғни rx, ry координаталар өсімшелері деп талады
Яғни, сызықтың координаталар осіндегі ортогональдық проекциясының аталымы координаталар өсімшелері
rx = немесе rx =
ry = ry =
В нүктесінің координатасын болады:
x2 = x1 +rx
y2= y1 +ry
Кері геодезиялық есеп
Кері геодезиялық есептің мақсаты бағыт пен арақашықтықты анықтау
Берілген сызығының және нүктелерінің координаталары арқылы дирекциондық бұрышты және горизонталь ұзыңдықты есептеу – бұл кері геодезиялық есеп
Сурет бойынша немесе
Горизонталь ұзындықты d келесі формулалар арқылы анықтайды:
немесе
Теодолитпен өлшеуіш лента көмегімен түсіру арқылы контурлық план шығару теодолиттік түсіріс деп аталады.
Планда горизонтальдар көрсетілмейді, рельеф түсірілмейді.
Теодолиттік түсіріске жатады:
- дайындамалық жұмыстар;
- дала жұмыстары (құрамы: жерді алдын-ала зерттеп, сол жерлерге нүктелерді бекітіп, теодолиттік жүріс жүргізеді және ситуацияны түсіреді);
- камеральдық жұмыстар.
Дайындық кезінде рекогносцировка жүргізіледі. Рекогносцировка –учаске шекарасын бекіту және орнату мақсатында байқап қарап шығу, сонымен қатар теодолиттік жүрістің байланысы үшін геодезиялық тордың пунктері мен координаттарын анықтау.
Қарап шыққаннан кейін түсіру негізінің пунктерін бекітуді қолға алады.
Теодолиттік жүрістер түсіру неігізіне қызмет етеді.
Теодолиттік жүріс - бұрыштарды теодолитпен, арақашықтарды өлшеуіш лентамен өлшейтін жергілікті жердегі сынық сызықтар жүйесі. Олар тұйық (замкнутые) ашық (разомкнутые) болады. Сызық жүрісі 50 м-ден кем емес, 200 м-ден аспауы керек. Сызық ұзындығы тура және кері бағытта өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |