«Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің
«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға
жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
С-R-5 санаттары үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-R-5
|
64960
|
88279
|
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ (101700, Ақсу-Аюлы селосы, Шортанбай жырау көшесі, 12, анықтама телефондары 8(71031) 2-13-28, факс 8(71031) 2-19-18, электрондық мекен-жайы nryskulova@sht.taxkrg.mgd.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Салықтық бақылау бөлімінің бас маманы (1 бірлік, С-R-5 санаты, №СББ-03-04).
Функционалдық міндеттері: Камералдық тексеруді жүзеге асыру. Салық есептеме уақыттылы тапсырмаған үшін хабарлама жіберу. Тексеріс нәтижесіне сәйкес уақытылы және сапалы құжаттарды дайындайды және өткізеді. Салықтық төлемдерді уақытылы бюджетке түсуін бақылайды. Салық салу объектілерін зерттейді, мәмілелер арқылы деректер қорын жүргізеді. Шаруашылық субъектілер- заңды және жеке тұлға, әр-түрлі салық салу сұрақтары бойынша өз еркімен тексеріс жүргізеді. Рейдтік тексеріс жұмыстарын жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша жоғары білім немесе «экономика және басқару» мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Шет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________
____________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |