Оқушылардың тәжірибені және техникалық қауіпсіздігін өткізу бойынша жалпы инструктажы



жүктеу 278 Kb.
бет4/8
Дата04.01.2022
өлшемі278 Kb.
#36155
1   2   3   4   5   6   7   8
Образец каз

3 Теодолиттін негізгі тексерілу


Горизонталь бұрышын өлшеу – бұл алаңның кеңістік бұрышының горизонталь жазықтығына ортогональ проекциясын өлшеу деп атаймыз.

Горизонталь жазықтығында жақтары жатпайтын АВС бұрышы алаңда берілген. Бұл бұрыштың горизонталь проекция авс = β бұрышы болады, бұл бұрыш MN горизонталь жазықтығына ВА, ВС қабырғаларын жобалаудан алынған.

Горизонталь бұрыш β – бұл берілген бұрыштың ВА және ВС қабырғасы арқылы өткен А'авВ' және C'cвВ' тік жазықтықтар арасында пайда болған бұрыштың бірлігі болатын сызықтық бұрыш.

Горизонталь β бұрышын шеңбер көмегімен өлшеуге болады, бұл шеңбердің жазықтығы горизонталь, ал центрі екі қабырғалы В'в қабырғасымен қосылған.

Егер шеңбер бөліктері сағат бағыты бойымен сандармен белгіленсе, онда β бұрышын шеңбер а және с, яғни β = а' - с' нүктелеріндегі есептеулердің айырмасы арқылы анықтауға болады.

Мұндай шеңбер бұрыш өлшегіш шеңбер деп аталады.

Бұл шеңберге енгізілген дөңгелек шкала лимб деп аталады.

Лимбада а және с нүктелерін белгілеу үшін лимб центрінде вВ' тік осінің айналасында айналатын тік жазықтық болу керек.

Мұндай жазықтық визирлік жазықтық деп аталады және де көру дүрбісінің көмегімен іске асырылады. Көру дүрбісі лимб жазықтығындағы вВ' осі бойымен айналатын шеңбермен қосылады. Бұл шеңбер алидада деп аталады.

Алидада есептік құрылғы орналасқан. Лимб жазықтығының горизонталь орналасуына үш көтергіш бұрандылар мен деңгей көмектеседі.

Алидада, лимбасының айналатын бөліктерін және көру дүрбісінің бекіту бекіту бұрандаларымен жасалынады.

Вертикаль бұраштарды өлшеу үшін көру дүрбісінің қырында орналасқан вертикаль шеңбер қолданылады.

Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге пайдаланылатын құрылғы теодолит деп аталады.

Горизонталь жазықтыққа түсірілген жер бетіндегі сызықтар проекциялары арасындағы бұрыш – горизонталь бұрыш.

Вертикаль бұрыш көлбеу бұрышы арқылы анықталады.

Жер бетіндегі сызық пен горизонталь жазықтық арасындағы бұрыштың аты – көлбеу бұрыш

Теодолиттің негізгі осьтері

- теодолиттің айналу осі

- дүрбінің айналу осі

- горизонталь дөңгелектің алидадасындағы цилиндрлік

деңгейлеуіштің осі



- көру дүрбісінің көздеу осі

Теодолиттердің поверкасы мен юстировкасы

1 Горизонталь дөңгелектің алидадасындағы цилиндрлік деңгейлеуіштің осі құралдың айналу осіне перпендикуляр болуы керек

Алидаданы тексерілетін деңгейінің осі екі көтергіш бұрандаларға параллель етіп орналастырады да осы бұрандалармен деңгей көпіршігін ноль пунктіне келтіреді. Лимб бойынша есеп алып, алидаданы 1800 бұрады. Егер көпіршік жылжымаса немесе одан бір өлшемнен көп емес ауытқыса – шарт орындалады. Керісінше жағдайда деңгейді түзету бұрандаларымен деңгей көпіршігін ноль- пунктқа жарты ауытқуға жылжытады; ауытқудың келесі жартысын көтергіш бұрандамен алып тастайды. Бұны деңгей көпіршігі ноль пунктен бір бөлімнен көп емес ауытқуына дейін қайталай береді.

Түзетілген деңгейді, теодолитті жұмыс жағдайына келтіру үшін пайдаланады. Ол үшін алидаданы 90о-қа бұрып көпіршікті үшінші көтергіш бұранда арқылы ноль-пунктке келтіреді.

2 Көру дүрбісінің көздеу осі дүрбісінің айналу осіне перпендикуляр болуы керек.

Тексерілген деңгей арқылы құралдың вертикаль осін тік қалыпқа келтіріп, көру дүрбісін оның айналу осімен бірдей деңгейде орналасқан кез келген алшақ нүктеге көздейді. Лимб бойынша КЛ есеп алып, көру дүрбісін зениттен өткізіп, оны сол нүктеге көздейді де, лимб бойынша тағы да КП есепті алады. Бір жақтық есептер теодолиттерге (Т30, Т15) көздеулер мен есептерді (КЛ2; КП2) алдын ала тағандағы көлденең шеңберді босатып және оны 1800-қа бұрып қайталайды. Коллимационды қателіктін шамасын мына формула бойынша есептейді:


(2Т30 теодолит бойынша)

Егер С – есептік құрылымның дәлдігінен аспаса, шарт орындалады. Ұйғарылмайтын коллимационды қателікті білу үшін алидаданы мына формулалар арқылы алынған есептердің біріне қояды:


КП = КП2 + С

КЛ = КЛ2 - С


Жіптер торының центрі көзделген нүктеден С- бұрышқа жылжиды. Жіп торларының түзетілген бұрандаларымен (Т30, Т15) тағы да тор центрін көзделіп отырған нүктемен сәйкестіреді. Поверканы тексеру үшін лимб бойынша басқа есептеу қайталанылады.

3 Көру дүрбісінің айналу осі теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы керек.

Теодолитті ғимараттың ортасынан 10-20 м қашықтықта орналастырып, құралдың тік осін тік жағдайға келтіріп, тордың центрін жоғары орналасқан пунктіге көздейді. Көру дүрбісін көлденең жағдайға дейін түсіріп, қабырғадағы тор центрінің проекциясын қарындашпен белгілейді. Дүрбіні зениттен өткізіп, оны тағы да сол нүктеге көздейді де аналогиялық жолмен оның екінші проекциясын алады. Егер екі нүкте тордың биссектрисасында орналасса, шарт орындалады.

Ұйғарылмайтын қателіктердің түзетуі тек қана арнайы шеберханаларда іске асырылуы мүмкін.

Дүрбінің жіптік торының вертикаль жібі дүрбінің айналу осіне перпендикуляр болуы тиіс

Құралдың вертикаль осін вертикаль жағдайға келтіріп жіптер торының центрін құралдан 5-10 м қашықтықта орналасқан тік жібіне көздейді. Егер дүрбіні көтергенде және төмен түсіргенде тордың тік жібі тіктеуіштің жібімен сәйкес келсе, шарт орындалады.

Керісінше жағдайда торлы диафрагманың қорғаныс колпачогын шешіп, окуляр мен дүрбінің корпусын қысып тұрған бұрандаларды босатып, диафрагманы керекті бұрышқа бұрайды. Осыдан кейін міндетті түрде дүрбінің визирлі осінің оның айналмалы осіне перпендикулярлығының поверкасын қайталау керек.

Т30 теодолитінен басқа оптикалық теодолиттердің барлығында оптикалық центрдің поверкасы жүргізілген. Ал компенсаторлы теодолиттерде компенсатор поверкасы жүргізіледі.

Горизонталь және вертикаль бұ-рыштарды, магниттік азимутты, арақашықтықты және биікайырымды жергілікті жерде өлшеуге қолданылатын аспап теодолитдеп аталады.

Қазіргі уақытта теодолиттердің барлығы оптикалық болып санала-ды. Қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі, есептеу құрылғыларының түрі, горизонталь дөңгелегінің вертикаль осьтері жүйесінің құрылмасы және атқаратын міндеті жағынан әр түрлі болады.

Бұрыштарды өлшеуге арналған тео-долиттер дәлдігіне байланысты үш

түрге бөлінеді:

І. Жоғары дәлдікті Т05 және Т1 тео-долиттері 1, 2-класс триангуляциясы мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған.

2. Дәл теодолит Т2 3,4-класс триан-гуляциясы мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған; Т5 теодолиті 1 және 2-разрядтық триан-3.1. Теодолиттердің жіктелуі гуляциялық жүйелер мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеу және инженерлік-геодезиялық ізденістерді және геодезиялық жұмыстарды жүр-гізу үшін қолданылады.

3. Техникалық теодолиттер – Т15, Т30 және Т60 теодолиттік және тахеометриялық жүрістерде және түсіргі жүйелерінде, сондай-ақ инженерлік-геодезиялық ізденістерді және геодезиялық жұмыстарды атқару кезіндегі бұрыштарды өлшеуге ар-налған.

Теодолиттердің шартты белгіле-ріндегі цифр горизонталь бұрышты бір тәсілмен өлшеудің секундтық ор-таша квадраттық қателігін білдіреді; Т5 теодолиті үшін , Т30 үшін және т.с.с.

Осы аталған теодолиттердің ішінен практикумда қарастырылатын 2Т5К және Т30 теодолиттерінің техникалық және метрологиялық сипаттамалары .

План, карта немесе кескін салу үшін жер бетінде жүргізілетін бұрыштық және сызықтық өлщеулердің жиынтығын жергілікті жерді түсіру деп атайды.

Егер план жасау кезінде оған бедер көрсетілмесе, бұл түсіру контурлық немесе горизонталь түсіру, ал бедер көрсетілгенде оны топографиялық түсіру деп атайды.

Бедердің немесе биіктік сипаттамаларының суретін түсіріп алу үшін биіктік немесе вертикаль түсіру қолданылады.

Түсіру барысында пайдаланатын құралдар мен жұмыс әдістеріне қарай түсіру әр түрлі болады, оның ішінде теодолиттік, тахеометрлік, мензулалық және фототопографиялық түсіру.


жүктеу 278 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау