Жұмысының зерттелу деңгейі: Этноэкологиялық білім беру проблемаларын зерттеуге үлес қосқан И.Г. Агузарова, А.Н. Захлебный, И.Д. Зверева, Н.Н. Моисеев, этноэкологиялық білім берудің жалпы теориялық және әдістемелік аспектілерін енгізіп оны дамытққан еді.. Бірақ, экологиялық білім мен тәрбие беру туралы еңбектердің библиографиясына қарамастан, өлкетануды экологиялық зерттеу теориясы және кіші жастағы оқушылармен жұмысты экологиялық зерттеу әдістемесі жеткілікті дәрежеде жасалмаған. Яғни өлкетану пәніне дайындайтын мұғалімдер өте жеткіліксіз, - дейді өз еңбектерінде [1, б. 35].
Адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің мәдениетке қатысты философиялық аспектілері жөнінде В.С. Библер, А.Д. Грач, Б.Е. Давидович, Ю.А. Жданова, Г.Е. Марков С.С. шығармалары Агаширинова, С.Ш. Гаджиева, Б.А. Калоева, Л.И. Лавров, Г.Х. Мәмбетов, Р.Г. Маршаева, М. Османов, К.Х. Унежева және тағы басқалар зерттеген. Яғни бұл ғалымдардың еңбектерінде осы азия халықтарының этноэкологиясының ерекшеліктері қозғалады.
Этноэкологиялық дәстүрлер, олардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі туралы нашар зерттелген. Тау халықтарының этноэкологиялық мәдениетін жүйелі түрде қарастыру Кавказ монографиясының жеке бөлімдерінде ғана С.А. Арутюнова, Е.С. Маркарян және Ф.С. Эфендиева көрсеткен болатын.
Сондай-ақ экологиялық тәрбиенің негізі Ертедегі Шығыс филосфтардың
еңбектерінде маңызды орын алды. Бұл ғұлама ғалымдардың есімдерімен байланысты, атап айтқанда, Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Ж. Баласұғыни, Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Бируни, Ибн-Сина, М. Қашқари және т. б.
Табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, педагогикалық тәрбиенің құндылығын арттыру жайлы кезінде ұлы педагогтар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, Т. Песталоцци атап көрсеткен болатын.
Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру, білім беру, тәрбилеу, дүниетанымын дамытуды қазақ халқының ағартушы - ғалымдары мен ақын жазушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов өз еңбектерінде тілге тиек етеді.
ТМД елдерінің педагог-ғалымдары И.Д. Зверев, А.Н.Захлебный, Н.А. Рыков, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н. Пономарева, Ә.А.Тұрдақұлов және т.б. экологиялық тәрбие берудің мақсат-міндеттері мен мазмұнын жүйесін жасап, мектеп алдында тұрған күрделі міндеттері шешуге атсалысуда.
Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ә.С. Бейсенова, Ж.Ж.Жатқанбаев, H.C. Сарыбеков, Қ. Аймағамбетова, Ә.С Бірмағанбетов, Қ.Ж. Жүнісова, К.А.Сарманова, М.Н. Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаева және т.б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық білім-біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударады.
Экологиялық тәрбие, оның ішінде экологиялық әлеуметтік мәдениет мәселесіне философ социологтар, педагогтар, психологтар ерекше мән береді.
Бұл мәселенің философиялық негізі С.САверенцев, Э.В.Гирусов, А.Г.Маслеев, Н.Ф. Реймерс, К.О.Стошкус, A.Д.Урсу, Д.С. Лихачев, зерттеулерінде ашып көрсетілді.
Республикамызда біз қарастырған проблемаға айрықша мән берген философтар Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М. Әбділдин, Қ.Ә. Әбішев, М. Баймаханов, А.Н. Нысанбаев, Қ.Ш. Нұрланова, А.Қасабеков, Д.Кішібеков, Қ.Шүленбаев, Г.К. Шалабаева және т.б. Олар өз еңбектерінде адамның қоғамдық мәнін, рухани жан дүниесіндегі сезімдік қасиеттерін, олардың мақсаты мен мұратын, қажеттілігі мен мүддесін адамгершілік айқындамалары мен қағидасын, "қоғам-табиғат-адам" жүйесіндегі қарым-қатынастарды, ұлттық мәдениетті, оның әдет-ғұрпы дәстүрлерімен байланысын ашып көрсетеді.
Сондай-ақ, зерттеу жұмысының теориялық негізінде оқушыларға экономикалық тәрбие мақсаттары мен қағидаларың, мазмұнын (И.д. Зверев, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н.Пономарева), экологиялық білім және тәрбие берудің кейбір аспектілерін (И.Я.Габаев, H.А.Караван), оқушылардың табиғатқа деген қатынасының адамгершілік мотивтерінің мәнін (Н.А. Рыков, В.Г.Иоганзен), оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық негіздерін (Е.Д.Макаров), оқушыларда экологиялық мәдениеттін іс-әрекеттік компоненттерін дамытуды, (Т.В.Коростелева), төменгі сынып окушыларында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды (Л.А. Чистякова, Е.В.Яковлева), төменгі сынып оқушыларында өлкетану іс-әрекеті арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруды (Н.Э. Якубов: Г.В.Буковская), оқушылардың экологиялық білімін интеграциялауды (Н.М.Михайлова), жоғары сынып оқушыларында дүние танымын бөлімі ретінде экологиялық мәдениетті тәрбиелеудің теориялық проблемаларын (А.Н.Ильина), мектептің педагогикалық процесінде музыка өнері арқылы жасөспірімдерде экологиялық мәдениетті қалыптастыруды (М.В.Шептуховский), болашақ ұстаздарда педагогикалық катынас мәдениетін қалыптастыру (Н.Д. Иванова, К.Х.Хан), студенттер ұжымындағы кәсіптік-педагогикалық қатынас мәдениеті болашақ ұстаз тұлғасын қалыптастырудың шартын (А.К.Рысбаева), мұғалімен оқушы және оқушылардың өз арасындағы қарым-катынасты педагогикалық процестің тәрбиелік механизімі ретінде (Н.Д.Хмель), мектеп оқушыларында ұлт аралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздерін (Н.А.Асипонт) жоғары сынып окушыларында саяси мәдениеттің негізін қалыптастырушы (Қ.Қ.Жанпейісова), қазақтың музыкалық фольклоры арқылы жоғарғы сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды ашып көрсететін еңбек жұмыстары алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |