Оқушыладың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әлeумeттiк аспектері
Социальные аспекты формирования экологической культуры учащихся
Мазмұны
Кіріспе
|
|
3
|
1
|
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың териялық-әдіснамалық негіздері
|
8
|
|
1.1
|
Жеке тұлғада экологиялық тәрбиені қалыптастырудың философиялық аспектісі
|
8
|
|
1.2
|
Оқушылардың экологиялық тәрбиені қалыптастырудағы әлеуметтік мәдени аспектісі
|
15
|
|
1.3
|
Ойын әрекеті арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру
|
|
|
2
|
Эксперименттік-тәжірибе жұмысы жағдайында оқушылардың экологялық мәдениетін қалыптастырудың жүйесі
|
35
|
|
2.1
|
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру деңгейінің диагностикасы
|
35
|
|
2.2
|
Ойын әрекеті арқылы бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша эксперимент жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
45
|
|
2.3
|
Зерттеу нәтижелерін талдау
|
|
|
Қортынды
Әдебиеттер тізімі
|
65
|
|
66
|
|
|
|
|
|
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XXI ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің өзіне қауіп төніп отыр. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалаумәселесі қойылып отыр. Қазір экологиялық білім мен тәрбие беру маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық жүйесі жасалуда. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім заңдарына (3 бап (негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды.
Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық
дамуындағы негізгі құжаттар - «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары», «XXI ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және
т.б. әзірленді. Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар әлеуметтік мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.
Жалпы экологиялық мәдениет дегеніміз не? - бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.
Экологиялық тәрбие үш жақты міндет түрінде қарастырылуы тиіс:
1) адамның табиғатпен қарым-қатынасын анықтау;
2) Қазіргі және болашақ ұрпақ алдына табиғаттың сақталуы үшін азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
3) Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешуге үйрету.
Экологиялық тәрбие беру жаңа адамды тәрбиелеудің бөлінбес құрамды бөлігі болуы қажет. Оқушыларға экологиялық мәденииетің қалыптастыру басты аспекті құралдары ол, білім беру орталықтары ретінде мәдениет орындары, кітапханалар, ботаникалық бақтар, зообақтар, ерекше қорғауға алынған территорияларды тиімді пайдаланудың комплексті іс-шараларын жасау қажеттілігі туып отыр.
Экологиялық білім беру базалық білім берудің бөлінбес бөлігі екендігін
түсіну қажет. Экологиялық білім беру процесі адамның бүкіл өмірі барысында,
мектепте және одан тыс барлық азаматтарға білім берудің барлық түрлері мен
деңгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс.
Оқушыладың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әлeумeттiк аспектерінің негізгі факторы мына сызба бойынша нақты координацияны асыру керек: отбасы бала бақша - мектеп - жоғары білім бару - мамандарды қайта дайындау және әлеуметтік мәдени экологиялық білім беру.
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жасаудың мақсаты біртұтастығы, табиғатқа он эмоционалды – бағалық табиғи ортадағы нақты қызметінің негізінде экологиялық мәдениетті калыптастыру болып табылады.
Коршаған ортаны корғау саласындагы үздіксіз білім беру жүйесіне жаңа экологиялық ойлауды, өмір сүрудің жаңа стильн қалыптастырудың негізінде қарап, әлеуметтік және экологиялық тұрақты даму, сондай-ақ түбейгейлі жаңа технологиялық саясатты қалыптастырудың негізі ретінде әлеуметтік интеллектуалды потенциалын арттыру құралы ретінде қарау қажет.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту Тұжырымдамасы" отандық білім саласында соңғы жылдары қордаланып қалған
басқа да көптеген мәселелерді түбегейлі шешуге бағытталған, олардың нақты ұстанымдары мен бағыттарын анықтап беруші құжат болып отыр.
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030 жолдауында» халықтың денсаулығын көтеру стратегиясын міндетті түрде таза (сау) қоршаған табиғи ортамен байланыстырады. Ұлттың болашағы больш табылатын спортпен айналысатын, есірткі заттар, ішімдік, темекі өнімдерін пайдаланбайтын, салауатты өмір сүруді жақтайтын және табиғи ортада өмір сүретін жастарға үміт артады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивті технологияларға арқа сүйеу отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде, Сойтіп әлемдік өркениетке кауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады.
Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айкындалып арнаулы бағдарламалар қабылдауда.
Сондықтан ең көп халықты қамтитын білім беру сатысы - жалпы білім беретін мектептің міндеті-дүниеде қауіпсіз және бақытты өмір сүріп жердегі барлық тіршілік түрлері үшін физикалық және адамгершілік тұрғысынан сау адамды, Республиканың планетаның толық қанды азаматын тәрбиелеу болып табылады. Адамның табиғатқа ықпалы қоршаған ортаның экологиялық сапасының кенеттен төмендеуін туғызып және ортаның өзгерген жағдайында адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр.
Осыған орай экологиялық білім беру мен тәрбие берудің маңызы «Қазақстан Республикасы азаматынын жана әлеуметтік экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында» (1995), «Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында» (1996), «Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы» (1997), «Қазақстан Республикасындағы экологиялық білм мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы» 998), «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999) құжаттарында басты орында тұр. Яғни оқушыладың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әлeумeттiк аспектерілерін бүгінгі күні таныстыру өте өзекті тақырып болып отыр.
Зерттеу жұмысында жаһандану жағдайындағы экологиялық үрдістердің еліміздегі даму бағыттары қазақ мәдениетінің табиғатты аялау дәстүрі кеңмәтінінде қарастырылады. Отандық және шетелдік ғалымдардың экологиялық тұжырымдарына салыстырмалы талдаулар жасай келе, олардың қол жеткізген маңызды ғылыми ұстанымдары мәдениеттанулық тұрғыдан сарапталады.
Яғни, зерттеу тақырыбының өзектілігі алдымен табиғат пен қоғамның өзара әрекетінің қазіргі кезеңі өмір сүрудің сапасы мен адамның тіршілік етуіне қауіп төндіретін, асқынған экологиялық мәселелермен анықталады. Қазіргі замандағы экологиялық мәселелердің өткірлігі мен маңыздылығының сақталуы әлеуметтік-экологиялық дискурсты әлеуметтік және рухани өмірдің ортасына қатысты күрделі үдерістермен бірге қайта ойлау қажеттілігін тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |