"Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 сәуiрдегi № 437 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1425 қаулысы
"Егемен Қазақстан" 11.01.2014 ж. № 6 (28230); "Казахстанская правда" от 11.01.2014 г. № 6 (27627)
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 сәуiрдегi № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 409-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасында:
2-тармақта:
1), 16) және 20) тармақшалар алынып тасталсын;
4), 6) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әуе кемесiнiң бортындағы демалу орны – күшейтiлген ұшу экипажының мүшесi үшiн бизнес-салонның соңғы қатарындағы кресло, күшейтiлген экипаждың қызмет көрсететiн персоналы үшiн экономикалық сынып салонының соңғы қатарындағы кресло. Ұшатын жұмыс уақыты 13 сағаттан асқан жағдайда, күшейтiлген ұшу экипажының мүшелерiне арналған демалу орны тiгiнен 800 (сексен) және одан артық бұрышқа шалқаятын, экипаж кабинасынан және жолаушылардан оқшауланған, желдеткiшпен қамтамасыз етiлген жиналмалы ыңғайлы креслолармен жабдықталуға тиiс. Қос экипажға арналған демалу орны, экипаж кабинасынан және жолаушылардан оқшауланған, желдеткiшпен қамтамасыз етiлген жатып демалу орындарымен жабдықталуға тиiс;»;
«6) ең көп жұмыс уақыты – көрсетiлген кезеңдердегi жұмыс уақытының жиынтығын құрайтын тiзбектi кез келген 7 (жетi) тәулiкте (апта), тiзбектi кез келген 28 (жиырма сегiз) тәулiкте (ай), тiзбектi кез келген 365 (үш жүз алпыс бес) тәулiкте (жыл) сенiмдi кәсiптiк қызмет үшiн экипаждың (экипаж мүшесiнiң) психофизиологиялық функцияларының қажеттi деңгейi сақталатын жалпы жұмыс кезеңi;»;
«13) демалыс күнi – негiзгi әуежайда немесе оның шегiнен тысқары жерде демалу уақыты, ол жергiлiктi уақыт бойынша 2 (екi) түндi қамтиды және кемiнде тiзбектi 36 (отыз алты) демалыс сағатын құрайды;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) күшейтiлген ұшу экипажы – мүшелерiнiң саны әуе кемесiн басқару үшiн ең төменгi қажеттiлiктен асатын және ұшу экипажының әрбiр мүшесi ұшу кезiнде демалу мақсатында өзiне белгiленген жұмыс орнын тастап, ұшу экипажының әуе кемесiн басқару кезiндегi лауазымдық мiндеттерге сәйкес келетiн бiлiктiлiгi бар басқа мүшесiмен ауыса алатын ұшу экипажы;»;
25), 26), 27), 29), 30) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«25) ұшу алдындағы демалу уақыты – лауазымдық мiндеттерiн атқарғанға дейiнгi үзiлiссiз және белгiлi бiр уақыт кезеңi, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелерi барлық лауазымдық мiндеттерiн атқарудан босатылады, ұшу алдындағы демалу уақыты ұшудан кейiнгi демалу уақытымен сәйкес келуi немесе оның бiр бөлiгi болуы мүмкiн;
26) ұшу арасындағы демалу уақыты – лауазымдық мiндеттерiн атқару кезеңiнен кейiнгi және оған дейiнгi үзiлiссiз және белгiлi бiр уақыт кезеңi, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелерi барлық лауазымдық мiндеттерiн атқарудан босатылады;
27) ұшатын жұмыс уақыты – экипаж мүшесi өзiнiң ұшуды немесе ұшулар сериясын орындауды қамтитын лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн келген кезде басталатын және өзi экипаж мүшесi болып табылатын ұшу аяқталғаннан кейiн әуе кемесi толықтай тоқтаған кезде аяқталатын уақыт кезеңi;»;
«29) ұшу уақыты: ұшақтар үшiн – ұшып көтерiлу мақсатында қалып жиналып, әуе кемесi қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейiн ұшақ толықтай тоқтап, қалыптар орнатылған және барлық қозғалтқыштар немесе әуе бұрандаларының айналуы ажыратылған сәтке дейiнгi жалпы уақыт;
тiкұшақтар үшiн – ұшып көтерiлу мақсатында тiкұшақтың тiрек бұрандаларының қалағы айнала бастаған және қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейiн тiкұшақ толықтай тоқтаған және тiрек бұрандаларының айналуы тоқтаған сәтке дейiнгi жалпы уақыт;
30) ұшудан кейiнгi демалу уақыты – лауазымдық мiндеттер атқарылған кезеңнен кейiнгi үзiлiссiз және белгiлi бiр уақыт кезеңi, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелерi барлық лауазымдық мiндеттерiн атқарудан босатылады, ұшудан кейiнгi демалу уақыты ұшу алдындағы демалу уақытымен сәйкес келуi немесе оның бiр бөлiгi болуы мүмкiн;»;
«35) пайдаланудағы болжанбаған мән-жайлар – жоспарлауға болмайтын оқиғалар, мысалы пайдаланушыға байланысты болмайтын алдын ала болжанбаған ауа райы жағдайы, жабдықтардың бұзылуы немесе әуе қозғалысының кiдiруi;»;
мынадай мазмұндағы 36) тармақшамен толықтырылсын:
«36) қолайлы үй-жай – ұшу экипажының және кабина экипажының қанағаттанарлықтай демалу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн жиһаздалған бөлме.»;
7-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) резервте кезекшiлiкте болған, ұшып кетудi күту кезiнде қолайлы үй-жайларда өткiзiлген уақыт;»;
11) тармақшадағы «уақыты ретiнде айқындалады.» деген сөздер «уақыты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) экипаж (экипаж мүшесi) тiкелей тренажер кабинасында әуе кемесiнiң кешендi тренажеры пайдаланылатын жұмысқа жұмсаған уақыты ретiнде айқындалады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Экипаж мүшесiнiң жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Экипаждың (экипаж мүшесiнiң) ұшу уақытына:
1) ұшақтар үшiн – ұшып көтерiлу мақсатында қалып жиналып, әуе кемесi қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейiн ұшақ толықтай тоқтап, қалыптар орнатылған және барлық қозғалтқыштар немесе әуе бұрандаларының айналуы ажыратылған сәтке дейiнгi жалпы уақыт;
2) тiкұшақтар үшiн – ұшып көтерiлу мақсатында тiкұшақтың тiрек бұрандаларының қалағы айнала бастаған және қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейiн тiкұшақ толықтай тоқтаған және тiрек бұрандаларының айналуы тоқтаған сәтке дейiнгi жалпы уақыт.
10. Коммерциялық әуе тасымалын орындау кезiнде экипаж мүшесiнiң айына және жылына ұшу уақытының ең көп ұзақтығы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Коммерциялық әуе тасымалын орындау кезiнде экипаж мүшесiнiң айына және жылына ұшу уақытының ең көп ұзақтығы экипаж мүшесiнiң жазбаша келiсiмiмен тiзбектi кез келген 365 (үш жүз алпыс бес) тәулiк үшiн 900 (тоғыз жүз) сағат және тiзбектi кез келген 28 (жиырма сегiз) тәулiк үшiн 100 (жүз) сағат болып белгiленедi.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Экипаж мүшесiнiң ұшатын жұмыс уақытына:
1) кемiнде 1 (бiр) сағат ұшу алдындағы дайындық уақыты;
2) экипаж мүшесiнiң ұшатын уақыты;
3) ұзақтығы 2 (екi) сағаттан аспайтын демалуға және ас iшуге арналған үзiлiс уақытын қоспағанда, әуежайларда (аралық және базалық) тұру уақыты;
4) қандай да бiр себептер бойынша кешiккен жағдайда, ұшып шығуды күту уақыты;
5) пайдаланушының нұсқауы бойынша кейiннен аралық демалыссыз ұшуды орындай отырып, экипаждың лауазымдық мiндеттерiн орындау орнына баруына жұмсалған уақыт кiредi.
Коммерциялық әуе тасымалын орындау кезiнде экипаж құрамын ескере отырып, экипаж мүшесiнiң ұшу уақытының ең көп ұзақтығы осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес белгiленедi.»;
13, 14, 15 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ұшатын жұмыс уақыты қолайсыз кезеңде басталатын, аяқталатын немесе оны тұтастай қамтитын жағдайларда, ұшатын жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы экипаж мүшесiнiң қолайсыз кезеңде болу уақытының мөлшерiне азайтылады, бiрақ 2 (екi) сағаттан аспайды.
Ұшатын жұмыс уақыты қолайсыз кезеңнiң 50 %-дан астамын қамтитын жағдайларда, ұшудан кейiнгi демалу уақытының ұзақтығы ұшатын жұмыс уақытының екi еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
14. Пайдалануда болжанбаған мән-жайлар туындаған кезде пайдаланушы әуе кемесi және экипаж командирiмен келiсiм бойынша ұшатын тәулiктiк жұмыс уақытының ең көп ұзақтығын 1 (бiр) сағатқа ұзарта алады.
15. Пайдаланушының шешiмi бойынша ұшатын ең көп жұмыс уақытын ұзарту жүргiзiлгенi туралы пайдаланушы мұндай шешiм қабылдаудың себептерiн көрсетiп, ұзартқаннан кейiн 28 (жиырма сегiз) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етедi.»;
«22. Ұшу кестесi ұшудың жоспарланатын уақыты рұқсат етiлген ең көп ұшатын жұмыс уақытынан аспайтындай түрде жасалуға тиiс. Осы мақсатта пайдаланушы жоспарланатын ұшу кестесiн өзгерту не экипажды жоспарлауды өзгерту бойынша дереу шаралар қабылдайды.
Егер ұшу экипажы мүшесiнiң ұшу қауiпсiздiгiне керi әсер ететiндей шамада шаршап тұрғаны белгiлi болса немесе болжанса, пайдаланушы ұшу экипажының бұл мүшесiне әуе кемесiн басқаруды тапсырмайды.»;
30 және 31-тармақтар алынып тасталсын;
34, 35 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Базалық әуежайда ұшу алдындағы демалудың ең аз уақыты, ұзақтығы жағынан қайсысы неғұрлым ұзағырақ болғанына байланысты алдыңғы жұмыс уақытына немесе 12 (он екi) сағатқа тең болуға тиiс.
35. Базалық әуежайдан тыс жерде ұшу алдындағы демалудың ең аз уақыты, ұзақтығы жағынан қайсысы неғұрлым ұзағырақ болғанына байланысты алдыңғы жұмыс уақытына немесе 10 (он) сағатқа тең болуға тиiс.»;
«37. Экипаж мүшелерiне аптасына бiр демалыс күнi берiледi, ол кемiнде 36 (отыз алты) тiзбектi демалыс сағатын құрайды және 2 (екi) түндi қамтуға тиiс, әрбiр түн жергiлiктi уақыт бойынша сағат 22.00-ден 08.00-ге дейiнгi аралықтағы 8 (сегiз) сағаттан тұратын кезеңдi бiлдiредi.
Демалыс күнi демалыс күнiнiң аяқталуы мен келесi демалыс күнiнiң басталуының арасындағы кезең 168 (жүз алпыс сегiз) сағаттан аспайтындай түрде берiледi. Ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi демалу кезеңi демалыс күнiнiң бiр бөлiгi болуы мүмкiн.»;
42-тармақ алынып тасталсын;
44, 45, 49, 53, 55 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Экипаж мүшесiнiң демалыс уақыты экипаждың алдыңғы қызметiне тiкелей жұмсалған жұмыс уақыты аяқталған және барлық лауазымдық мiндеттерiн атқарудан босатылған сәттен бастап есептеледi.
45. Пайдаланушы экипаж (экипаж мүшесi) үшiн әдеттегi кестеге сәйкес салыстырмалы түрде ұзақ күту кезеңдерi көзделген әуеайлақтардағы, межеленген пункттердiң әуежайларындағы және аралық аялдама пункттерiндегi қолайлы үй-жайларда демалуды қамтамасыз етедi.»;
«49. Пайдаланудағы болжанбаған мән-жайлар кезiнде әуе кемесi командирiнiң шешiмiмен ұшатын жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы 2 (екi) сағаттан аспайтын, ал күшейтiлген ұшу экипажы пайдаланылған жағдайда, 3 (үш) сағаттан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкiн.»;
«53. Егер ұшатын жұмыс уақытының ұлғайтылуы немесе экипаж мүшелерiнiң демалу уақытының қысқартылуы 1 (бiр) сағаттан асып кетсе, пайдаланушы әуе кемесi командирi есебiнiң көшiрмесiн қоса берiп және қабылданған шешiмнiң себептерiн көрсетiп, көрсетiлген оқиғалар орын алған күннен бастап 28 (жиырма сегiз) күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi.»;
«55. Үй резервiндегi кезекшiлiк уақыты ұзақтығы 12 (он екi) сағат болатын үзiлiссiз бiр кезеңнен аспауы тиiс. Үй резервтерiнiң саны шектелмейдi.
Ұшу тапсырмасын орындау үшiн экипаж (экипаж мүшесi) үй резервiндегi кезекшiлiктен шақырылып алынған жағдайда, үй резервiнде өткiзiлген уақыт жұмыс уақыты болып есептеледi, бiрақ алдағы ұшатын жұмыс уақытына қосылмайды, бiр ай үшiн жеке есептеледi және үстеме жұмысқа жатқызылмайды.»;
«63. Оқу және (немесе) жаттығу ұшуларын орындау кезiнде ұшатын жұмыс уақытының ұзақтығы, ұшу уақыты және қонуға бет алу саны бойынша мынадай шектеулер белгiленедi:
1) ұшатын жұмыс уақытының ұзақтығы 10 (он) сағаттан аспайды;
2) ұшатын жұмыс уақытындағы ұшу уақыты 6 (алты) сағаттан аспайды;
3) қонуға бет алу саны 25 (жиырма бес) реттен аспайды;
4) сертификатталған ең ауыр ұшып көтерiлу салмағы бес мың жетi жүз килограмнан аз ұшақтар мен сертификатталған ең ауыр ұшып көтерiлу салмағына қарамастан тiкұшақтар үшiн қонуға бет алу саны 40 (қырық) реттен аспайды.»;
мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:
«66-1. Авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде ұшу экипажының мүшелерi үшiн ұшатын жұмыс уақыты iшiнде қонудың мынадай шектi саны белгiленедi:
1) ұшақта – 45 қону;
2) тiкұшақта – 55 қону.»;
71-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сертификатталған ең ауыр ұшып көтерiлу салмағы 5 700 (бес мың жетi жүз) килограмм және одан жоғары ұшақтардың экипаждары үшiн – жұмыс уақытының 13 (он үш) сағат 00 (нөл нөл) минутқа дейiнгi ұзақтығымен 11 (он бiр) сағатқа дейiн.
1 (бiр) тәулiкте ұшу уақытын белгiленген нормадан тыс арттыруға 1 (бiр) жылдың iшiнде 3 (үш) айдан артық жол берiлмейдi.
Бiр ай iшiндегi ұшу уақытының ұзақтығы авиациялық жұмыстарды орындайтын экипаждың жазбаша келiсiмiмен 100 сағатқа дейiн, бiрақ бiр жыл iшiндегi ұшу уақытының жалпы ұзақтығы осы Қағидаға 4-қосымшада белгiленген нормалардан асып кетпеуi үшiн жылына үш реттен асырмай ұзартылуы мүмкiн.»;
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«72. Еңбектi ұйымдастырудың вахталық әдiсi кезiнде әуе кемесiнiң экипаждары жұмысының ұзақтығы экипаждың барлық мүшелерiнiң пiкiрлерi мен денсаулық жағдайларын ескере отырып және жұмыс уақыты мен демалу уақыты нормалары сақталған кезде 28 (жиырма сегiз) күнтiзбелiк күн iшiнде 15 (он бес) күннен аспауға тиiс.
Вахталық әдiс кезiнде әуе кемесiнiң экипаждары жұмысының ұзақтығы экипаж мүшелерiнiң жазбаша келiсiмiмен күнтiзбелiк отыз күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.»;
көрсетiлген Қағидаға 1, 2 және 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес көрсетiлген Қағидаға 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1425 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтық
және эксперименттiк авиациясы әуе
кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң
жұмыс уақыты мен демалысын
ұйымдастыру қағидасына
1-қосымша
Экипаж мүшесiнiң жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы
Уақыт кезеңi
|
Сағаттар
|
Апта
|
60 сағат
|
Ай
|
190 сағат
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1425 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтық
және эксперименттiк авиациясы әуе
кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң
жұмыс уақыты мен демалысын
ұйымдастыру қағидасына
2-қосымша
Коммерциялық әуе тасымалдарын орындау кезiнде экипаж мүшесiнiң
айына және жылына ұшу уақытының ең көп
ұзақтығы
Әуе кемелерi
|
Ұшу уақыты (сағат)
|
28 (жиырма сегiз) тiзбектi тәулiк
|
365 (үш жүз алпыс бес) тiзбектi тәулiк
|
Ұшақтар үшiн
|
90 сағат
100 сағат (экипаж мүшесiнiң келiсiмiмен)
|
800 сағат
900 сағат (экипаж мүшесiнiң келiсiмiмен)
|
Тiкұшақтар үшiн
|
80 сағат
90 сағат (экипаж мүшесiнiң келiсiмiмен)
|
800 сағат
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1425 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтық
және эксперименттiк авиациясы әуе
кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң
жұмыс уақыты мен демалысын
ұйымдастыру қағидасына
4-қосымша
Авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде жұмыс және ұшу уақытының
рұқсат етiлетiн ең көп нормалары (сағат)
Әуе кемесiнiң түрi
|
Жұмыс уақыты
|
Ұшу уақыты
|
тәулiк
|
ай
|
жыл
|
тәулiк
|
ай
|
жыл
|
1 пилоты бар ұшақты пайдалану
|
10
|
190
|
1470
|
7
|
80
|
700
|
2 пилоты бар ұшақты пайдалану
|
10
|
190
|
1470
|
8
|
90
|
800
|
1 пилоты бар тiкұштақты пайдалану
|
10
|
190
|
1470
|
7
|
80
|
700
|
Бортоператорларға арналған 2 пилоты бар тiкұшақты пайдалану
|
10
|
190
|
1470
|
8
|
90
|
800
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1425 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтық
және эксперименттiк авиациясы әуе
кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң
жұмыс уақыты мен демалысын
ұйымдастыру қағидасына
5-қосымша
Коммерциялық әуе тасымалдарын орындау кезiнде экипаж құрамын
ескере отырып, экипаж мүшесiнiң ұшатын жұмыс уақытының ең көп
ұзақтығы
Экипаж құрамы
|
Бiр экипаж
|
Күшейтiлген экипаж
|
Қос экипаж
|
Уақыты
|
13 сағат
|
15 сағат
|
17 сағат
|
Достарыңызбен бөлісу: |