84
Ғалымдар педагогиканың әдіснамасын 4 деңгейде қарастырады:
І деңгей – гносеологиялық:
педагогикалық
құбылыстар мен процестерді
талдауға қатысты жалпы ғылымилық бағыттылықты қарастырады;
ІІ деңгей – дүниетанымдық:
қоғамдық құбылыс негізінде баланың білім
алуда, тәрбиеленуде, оқуда, педагогикалық іс-әрекетте
жеке тұлға ретінде
қалыптасып дамуы факторларын қарастырады;
ІІІ деңгей – ғылыми-мазмұндық:
педагогика ғылымының заңдылықтарын
негіздеу және адамды тәрбиелеу, оқытудың
теориясы мен әдістемесін
қарастырады;
ІV деңгей – логикалық-гносеологиялық
:
педагогиканың пәні мен
объектісін, оның
негізгі ұғымдарын қарастырады, педагогикалық теория мен
практика арасындағы ара қатынасты анықтайды, педагогика ғылымының басқа
ғылымдармен байланысын қарастырып, іргелі және
қолданбалы зерттеулерді
жүргізіп, педагогиканың дамуына болжау жасай алады.
Педагогиканың жалпы әдіснамалық проблемаларын зерттеген ғалымдар:
М.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский және т.б.
Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне кіретіндер: жаңа мәселені қою, жаңаша
классификациялау, құбылыстың жаңа түрлерін анықтау, маңызды ұғымдар мен
категориялардың
мағынасын ажырату, зерттеудің жаңа әдістерін жетілдіру,
өзекті ғылыми мәселелердің жаңа шешу жолын ұсыну,
жаңа теориялар жасау,
ғылымдағы жаңа бағытты ұсыну және оны негіздеу.
Философиялық заңдар, заңдылықтар.
Қарама-қайшылықтың бірлігі мен өзара әсерлілігі заңы
табиғаттағы,
қоғамдағы өз кезегінде жүріп жатқан даму процестерінің ішкі әлеуетін ашады,
ескінің орнын басатын өмірге жаңаның келуіне септігін тигізеді.
Қарама-қайшылықтардың өзара қақтығысулары салдарынан өзара терістеу
пайда болады, оны
қайшылық дамуы
деп атайды.
Қарама-қайшылықтар
дамудың қайнар көзі болып табылады: бірін-бірі жоққа шығарып, терістеп қана
қоймай, сол терістеудің қасиеттеріне арқау сүйейді, нәтижесін басшылыққа
алады.
Дамудың кез келген сатысында дене немесе зат бір күйден екінші сапалы
күйге өтеді: оның ескі қасиеттері жойылады да орнына түбегейлі жаңа
қасиеттерімен толысады; ескі сапа жойылады да жаңа сапамен терістеледі.
Терістеу де дамудың қозғаушы күші болып табылады. Себебі, теріске шығару
ескіні мүлде жоғалту емес, осы терістелетін сапамен
бірлікте қарастырылатын
жаңа сапаның пайда болуымен түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: