Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар



жүктеу 8,71 Mb.
Pdf просмотр
бет128/303
Дата29.10.2022
өлшемі8,71 Mb.
#39896
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   303
buzaubakova pedagogika

 
Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, 
өмірлік ұстаным. Тұлғаның іс-әрекеті 

 оның дүниетанымының көрінуі.
Дүниеге көзқарас
– қоғамдық сана мен тұлға санасының ең жоғарғы 
деңгейі. Дүниеге көзқарас ұғымы біртұтас дүниені жалпылама ұғынумен ғана 
шектеліп қалмайды, сонымен бірге осы біртұтас дүниемен қарым-қатынас 
жасаудың жалпы өлшемдерін, басқаша айтқанда, дүниеге белгілі бір қарым-
қатынас өлшемдерін белгілеп міндеттейді.
Дүниеге қарым-қатынас дегеніміздің өзі адамның дүниеге тұрмыстық, 
практикалық-қызметтік 
қарым-қатынасы. 
Дүниеге көзқарас осы 
қарым-
қатынастан туындайды. Ол – нақты процестің жемісі. Осы тұрғыдан келгенде 
дүниеге көзқарас дүниеге қарым-қатынаспен салыстырғанда кейін пайда болған. 
Алайда пайда болып, қалыптасып алған соң ол дүниеге қарым-қатынасты 
бағыттаушы ықпалға ие болады, осылайша олар тарихтың өн бойында өзара 
бірін-бірі түзете отырып, қоғамдық-саяси өмірдің біртұтас процесінде бірін-бірі 
толықтыратын, біріне-бірі көшетін процесс болып табылады.
Дүниетаным
– дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, 
табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік - 
эканомикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын 
қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің 


146 
органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылым-
философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, 
болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде 
қалыптасады. 
Дүниетаным немесе дүниеге көзқарас, адамның сыртқы дүние қоршаған 
ортаға, өзіне-өзінің, басқаларға қарым-қатынасы туралы мәліметтердің 
жиынтығы. Сонымен қатар, ол адамның бағыт бағдарын, сенімі мен 
идеалдарын, принциптерін, ұмтылыстарын білдіреді. 
Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана 
шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге 
деген 
қатынас. 
Адам 
дүниеге 
бей-жай, 
немқұрайлықпен 
немесе 
қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. 
Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние 
туралы түсініктер жинақталып тиянақталады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, 
олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы 
түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным – өзін өзі, айналадағы ортаны 
өзгертетін адамның практикалық іс- әрекетінің тірегі. 
Дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік педагогикалық мәселе. 
Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және 
құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың 
жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан 
көкейкесті мәселеге айналуда. 

жүктеу 8,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   303




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау