ТӘРБИЕ
Тар мағынада
Кең мағынада
Тәрбиеші
тәрбиелейді
Өмір
тәрбиелейді
135
қиындықтармен күреске шығындамай-ақ биіктеткен үстіне биіктете беруге
мүмкіндік береді» – деп атап өтті.
Атақты педагог
А.С.Макаренко
: «Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-
жақты дамыту» деген пікірді қолдаса, ал
В.А.Сухомлинский
оны жүзеге
асырды.
Ұлы ұстаз
әл-Фараби:
«Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек.
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі» – деп тәрбиенің мәніне ерекше тоқталды.
Тәрбие
– нақты педагогикалық мақсат, міндетті шешуге бағытталған,
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылығы, жүйелі өзара ықпалы,
қызмет ету процесі.
Тәрбие адам қоғамының барлық кезеңдерінен орын алған. Осыған орай,
«тәрбие» ұғымына берілген анықтамаларға сараптама жасап, оларды төмендегі
кестеге сәйкес жүйелеуге болады (7-кесте).
Тәрбиенің мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау
дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында
басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Сондай-ақ, қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш,
ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші
мығым, белсенді, өмірлік позициясы айқындалған тұлғаны дамыту.
«Жақсы әдет – жақсылыққа бастайтын періште» (Шекспир).
«Жақсы әдет – өсімге берілген ақша, адам өмір бойы соның өсімімен
пайдаланады, ал жаман әдет – борыш, адам өмір бойы сол борыштың өсімінен
азап шегуі мүмкін» (К.Д.Ушинский).
Тәрбиенің негізгі міндеттері:
Жалпы адам қоғамы жинақтаған мәдени байлығымызды танып білуге
қатысу. Өз Отанының және халқының мәдени мұраларын игеру.
Жалпы адам қоғамы жинақтаған имандылылық, адамгершілік, мораль
нормаларын, қатынас мәдениетін (қайырымдылылық, өзара түсінушілік, кең
пейілділілік, келешекке сенушілік, адамдармен қарым- қатынаста төзімділік,
имандылық) игеру.
Ішкі ар бостандығын дамыту: өзіне-өзі баға беру, өзін басқара білу, өз
беделін кез келген ортада және кез келген жағдайда сақтай білу және қорғау.
Қоғам заңдарын, ұжымдасқан өмір нормаларын, азаматтық және
әлеуметтік жауапкершілікті, адамзат өркениетін сақтау және т.б. орындауға
тәрбиелеу.
Өмірде еңбек ету – ең жоғарғы байлық, еңбекті шығармашылықпен
ұйымдастыру, іскерлік қатынасқа адалдық және т.б. негізде тәрбиелеу.
Жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру бағыттары:
Жас өспірімдердің білімге, ғылымға деген ынтасын, ықыласын арттыру,
ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру.
Жер тағдыры мен ел тағдырын, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең
сезінетін жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, оны қорғай
алатын азаматты тәрбиелеу.
136
Достарыңызбен бөлісу: |