Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған



жүктеу 8,71 Mb.
Pdf просмотр
бет117/303
Дата29.10.2022
өлшемі8,71 Mb.
#39896
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   303
buzaubakova pedagogika

 
Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған
тапсырмалар 
1.«Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық процесс» 
ұғымдары ның мәні. 
2.Педагогикалық процестің белгілері мен сапа-қасиеттері. Педагогикалық 


130 
процестің біртұтастығы.
3.ТПП 
компоненттерінің 
құрылымы 
мен 
сипаттамасы. 
Тұтас 
педагогикалық процестің қызметтері (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық). 
4. Педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс сапасының бірлігі жеке 
тұлғаны қалыптастырудың шарты. Педагогикалық процесс дамушы жүйе.
5. Қарама-қайшылық – педагогикалық процестің қозғаушы күші. 
6. Педагогикалық процестің қозғалыс тетіктері: құралдар, формалар, 
әдістер мен тәсілдер.
7. Тұтас педагогикалық процесс теориясы туралы білім – мұғалімнің кәсіби 
құзыреттілігінің негізі. 
 
3.1.2 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі 
 
Мақсат 

ғылыми категория және тұлғаның идеалдық моделі. 
Тәрбиенің мақсаты - тұтас педагогикалық процестің жүйе түзуші факторы. 
Педагогикалық процестегі мақсаттардың иерархиясы. 
Тәрбиелеу процесі дегеніміз

жеке адамды әлеуметтік тұрғыдан 
қалыптастыруда, өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір 
әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке басына қанағаттанған 
сезіммен қарауға тәрбиелеу. 
Тәрбие процесінің мәнін ашуда Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, 
С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б. үлес қосты. 
Тәрбие процесі арқылы жасөспірімдер халықтың материалдық және рухани 
байлықтарын, адамзат қауымының бай тәжірибесін игереді.
Тәрбиенің мақсаты
– 
қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, 
еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі 
мен дене күші мығым, белсенді, өмірлік позициясы айқындалған креативті жеке 
тұлғаны қалыптастыру. 
Тәрбиенің негізгі міндеттері: 
-
жалпы адамзат қоғамы жинақтаған мәдени байлықты танып білуге 
қатысу; 
-
ішкі ар бостандығын дамыту: өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі басқара білу, өз 
беделін кез келген ортада, кез келген жағдайда сақтап, қорғай білу; 
-
жас ұрпақтың білімге, ғылымға деген ынтасын, ықыласын арттыру,
ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру; 
-
жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен адам өмірінің бірлігін 
терең сезінетін жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты 
аялап, оны қорғай алатын зияткер тұлғаны тәрбиелеу; 
-
жас ұрпаққа ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық 
тәрбие беру және оларды сұлулыққа, тазалыққа үйрету; 
-
жас ұрпақты саламатты өмір сүруге баулу; 
-
қазақ халқының ерлік, жауынгерлік тарихын, ұрпаққа ерліктің өшпес 
үлгісін қалдырған батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін 
қорғай алатын, елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу; 


131 
-
мемлекет заңдарын білу және оған сый-құрметпен қарау, оны жүзеге 
асыруға дайын және ынталы болу; қоғамдық заң ережелерін бұзушылыққа 
төзбестік білдіру, бұл жолда азаматтық жауапкершілік көрсету, адамгершілікке 
жат кеселдерге қарсы күресуді әрбір жастың күнделікті мінез-құлқына 
айналдыру. 

жүктеу 8,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   303




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау