Әлемдік және ұлттық мәдениет
–
тәрбие мақсатын анықтаудың
әдіснамалық
негізі.
Қазақстан
Республикасының
әлеуметтік-
экономикалық дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тәрбиелеу
мен дайындау мақсатына, міндеттеріне әсері. Педагог құзыреттілігінің
мақсатты процеске әсері.
Қай ғасырда болмасын тәрбие мәселесі назардан тыс қалып көрген емес.
Әрбір ұлттың, қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің
ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саламатты, саналы және елін,
жерін, Отанын сүйетін ұрпақты тәрбиелеу. Біздің міндетіміз – болашақ қоғам
иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі биік
азамат етіп тәрбиелеу.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің басты міндеті – рухани адамгершілік қасиеттері
қалыптасқан, креативті ойлайтын, жалпы адамзаттық құндылықты меңгеруге
дайын, шығармашылық, іскерлік, бәсекелестікке дайын, түрлі мамандықтарды
138
меңгере алатын, өмірлік мәселелерді ұтымды шеше алатын, бойында азаматтық
пен патриоттық сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Тәрбиенің стратегиялық басым бағыттарының мәні:
жеке тұлғаның бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
ұлттық сана-сезімі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол жеке
тұлғаны тәрбиелеу;
өскелең ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, елжандылыққа
баулу;
біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген пәлсапалық көзқарас
қалыптастыру;
өз Отанына деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу,
халық дәстүрлерін қастерлеу, Қазақстан Республикасының Конституциясына
қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
әлемдік бәсекеге қабілетті, ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігі
қалыптасқан, креативті маман даярлау.
Тәрбиенің мақсаты – Цифрлы Қазақстанға көшу жағдайында іскер, өмірге
икемделгіш, жан-жақты мәдениетті, ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан
зияткер тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.
Тәрбиелеу дегеніміз – халықтың бойына білімге негізделген этикалық
игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз (әл-Фараби).
Педагогиканың жалпы мақсаты – жеке тұлғаның рухани және дене
қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін
қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу. Тәрбие процесі арқылы жас өспірімдер
халықтың материалдық және рухани байлықтарын, адамзат қауымының
бай тәжірибесін игереді.
Соның барысында жеке адамның және оқушылар ұжымының өмір
тәжірибелерінен білім алуы, еңбектенуі мен бір-бірімен қарым- қатынас
жасауы молая береді. Сонымен қатар,
жеке адамды әлеуметтік тұрғыда
қалыптастыруда, оларды өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге
үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруден, өз жеке
басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелейді.
Тәрбиенің түпкі мақсаты – қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары,
еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптастыру үстіндегі, эстетикалық
талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді өмірлік позициясы айқындалған
жас өспірімді дамытып қалыптастыру.
Тәрбие процесінің құрылымы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына
айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұнын соған негіздеп, оларды іс жүзіне
асыруда тәрбиенің құралдары, формасы мен әдіс-тәсілдерін, обьективті
мүмкіндіктерін, сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктердің
қорытындысын белгілейді.
Тәрбие процесінің мәні – педагогтың белгілі мақсатпен жасаған
педагогикалық ықпалы табиғи түрде оқушының өмірі мен іс-әрекеттерімен
үйлесуі қажет. Егер педагогикалық ықпал баланың дара табиғи
ерекшеліктерімен ұштасса, соғұрлы оның ішкі белсенділігін оятады, дара
139
қасиеттерін өрбітеді, өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігін, мұқтаждығын туғызады,
тәрбие оң нәтижесін береді. Оқушы болса, ол – тәрбие обьектісі ғана емес,
сонымен бірге субектісі. Сол себептен, мектеп практикасында өзін-өзі
тәрбиелеуге оқушыларды дайындап болашақ жоспарын жасап, өзі ұзақ уақыт
бойы басқара білуіне обективтік жағдайлар туғызу керек.
XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім мен
тәрбие болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында оқу-тәрбие
процесін халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған ірі
конгрестердің өткізілуі, соның ішінде Болон процесінің қарқынды дамуы
дәлел.
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның қабілеттілік деңгейін,
іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн
тәртібіне өткір қойылып, адамның білім мен біліктілігі қазіргі кезеңде
мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр.
Шетелдік тәлім-тәрбие берудің негізгі тенденциялары: ізгілендіру, тұлғалық
бағыттылық және т.б.
Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі сияқты Қазақстан Республикасында да
қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда.Бәсекеге
қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмайынша, әлемдік
бәсекеге төтеп бере алатындай экономика, білім саласы дамымайды. Қай
заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің
негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуында ұстаздар
шешуші рөл атқарады.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа
стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен
қарқынды дамуы жеке тұлғаны тәрбиелеуге қойылатын талаптарды түбегейлі
өзгертті.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр:
-
тәрбие берудің парадигмасы өзгерді, тәрбиенің мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда;
-
тәрбие мазмұны жаңа біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің
дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарықтық жағдайындағы тәрбие
бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
-
ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және
радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын
беруде;
-
тәрбиеленушінің жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани
баюына, азамат-тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
-
мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі
ынтымақтастық бірлігіне ұмтылыс жасалуда.
140
Өркениеті дамыған елдердің тәрбие жүйесінің ерекшеліктері 8-кестеде
ашылды.
Педагогика адам іс-әрекетінің басты саласы ретінде өз құрылымына
процестің объектісі мен субъектісін ендіреді. Дәстүрлі субъект-объектілік
педагогикада тұлғаны объект рөлінде қарастырады, ол алдыңғы аға ұрпақтың іс-
тәжірибесін үйренеді. Бұл жүйенің түпкі мақсаты – оны өмірге даярлау.
Ал қазіргі педагогика тұлғаны оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде
қарастырады. Тұлғаның қоршаған ортамен барлық іс-әрекеті айқын көрініс
табады. Адам өзін қоршаған ортада өзінің «Мен» деген санасымен,
көзқарасымен субъективті бағыт ұстанады. Талап ететін педагогикадан
қарым-қатынас педагогикасына өту, оған ізгілік-тұлғалық бағыт ұстануды
көздейді. Ол мектепке, оның тұлғасына, ішкі жан дүниесіне бағытталады, оны
ұғынуға, оның ашылмаған құпия қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға
тырысады. Мектептің мақсаты – жеке тұлғаның еркін дамуына толық
мүмкіндіктер жасау, оның өмірге деген құлшынысын, ішкі сезімін ояту.
Достарыңызбен бөлісу: |