Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет69/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135

Қазақ тілі 

 

 



209 

Университеттерде қазіргі заман талаптарын қанағаттандыра 

алатын жаңа мамандықтар ашылды.  

Осы  жылдары  Түркістанның  1500  жылдық  мерейтойында 

«Қазақстан  мен  түркі  әлемінің  рухани    тарихындағы  Түркістан 

және Қожа Ахмет Йасауи»  тақырыбында халықаралық ғылыми-

практикалық  конференция  ұйымдастырылды.  Оған  Қазақстан 

мен  жақын алыс  шетелдерден  200-ден  аса  ғалым мен  мамандар 

қатысты.  

Ғаламдық  өзгеріс  рухани  салада  да  орын  алды:  діни  сенім 

мен қасиетті орындарға зиярат етуге еркіндік берілді. Алматыда, 

Павлодарда,  Таразда,  Көкшетауда,  Шымкентте  сәулеттік 

әсемдігімен  ерекшеленетін  мұсылман  мешіттері  жөнделді  және 

жаңадан  салынды.  2005  жылы  сәуірде  астана  тұрғындары  араб 

елдері  көмегімен  салынған  Астанадағы  Орталық  мешіттің 

ашылуының куәсі болды.   

Бүгінгі  күні  Қазақстанның  елордасы  –  Астана  қаласының  

мәдени  инфрақұрылымы  кеңейтілуде.    Қаладағы  құрылыс 

жұмыстары  кең  масштабпен  құлаш  жайып,  Астана  халықтың 

көз алдында жайнап сала берді. 

Қ.  Қуанышбаев  атындағы  қазақ  музыкалық  драма  театры  

мен    М.  Горький  атындағы  орыс  драма  театры,  К.  Байсейітова 

атындағы  Ұлттық  опера  және  балет  театры  жұмыс  істейді. 

Президенттік  мәдениет  орталығы,  Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық  академиялық  кітапханасы  салынып  іске  қосылды. 

Мемлекеттік цирк, Бейбітшілік және келісім сарайы қолданысқа 

берілді.  Бұл  құрылыс  нысанасын  салу  идеясы  2003  жылы 

қыркүйек  айында  өткен  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер 

өкілдерінің бірінші съезінде көтеріліп, пирамида пішіндес сәнді 

ғимарат  салуды  жиналғандар  бірауыздан  қолдаған  болатын. 

Жобаның авторы британ сәулетшісі Норман Фостер. Биіктігі 77 

метр,  аумағы  25,5  мың  шаршы  метр  ғимарат  2006  жылы 

пайдалануға берілді.     

    


 516-тапсырма. 

Ұсынылған 

тақырыптардың 

біреуіне 

әңгіме құрастырыңыздар. 

 

1.  Серпінді елдің сәулетті Астанасы. Қазақстан  мұражайлары. 



2.  Алматы қаласы − Қазақстанның мәдени орталығы. 


Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

210 



3.  Йассауи мұражайы − Қазақстандағы зиярат орталығы. 

4.  Бас қаланың бойтұмары. 

 

517-тапсырма.    Құрылыс  экономикасына  қатысты  термин 

сөздерді жазып, берілген кестені толтырыңыздар. 

 

Терминдер 

(қазақша) 

Терминдер 

(орысша) 

Сөйлем 

Қаржылындыру 

жүйесі 

Система 


финансирование  

Құрылыс 


экономикасының 

дамуында қаржы-

ландыру жүйесінің 

маңызы зор. 



 

518-тапсырма. 

«Тәуелсіздік 

жылдарындағы 

мәдени 


құрылыс»  мәтіні  бойынша  төмендегі  тіркестерді  пайдаланып, 

сөйлем құрастырыңыздар. 

 

«Астана –Бәйтерек»  



Бірінші бөлігі 

Орта бөлігінде 

Алтын шар 

«Аялы Алақан» 

Халықаралық сәулет өнерінің жүлдегері 

Халықаралық байқауда 



 

519-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндап беріңіздер. 

 

Тәуелсіздік монументі 



 

Тәуелсіздік монументі 1996  жылы  16 желтоқсанда Алматы 

қаласында  орнатылды.  Монументтің  авторлары:  Шота-Аман 

Ыдырысұлы  Уәлихан  –  шығармашылық  тобының  жетекшісі, 

Әділет  Жұмабай,  Нұрлан  Далбай,  Қайрат  Сұраншы  – 

мүсіншілер, Қазыбек Жарылған  – сәулетші, бірлескен авторлар: 

Мұрат Мансұр, Азат Баярлы, Қазыбек Сатыбалды – мүсіншілер,  

Қалдыбай Монтахов – сәулетші, инженері – С . Қаламқаров. 




Қазақ тілі 

 

 



211 

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ ғұмыры хақында ғасырлар 

тереңінен  сыр  шертетін  осынау    монумент  туралы    белгілі 

жазушы  Герольд  Бельгер  былай  деп  ой  түйген  еді:  «Бұл  сүйір 

дулығалы  сымбатты  алтын  батыр,  бағынып,  керілген  қанатты 

барыс  үстіндегі  тік  бойлы  жас  жауынгер-аңшы  еліміздің  бас 

алаңында  таяуда  пайда  болды,  десе  де  оның  өршіл  де  өжет, 

бейбіт  те,  ержүрек  рухы  Ұлы  Дала  үстінде  қашанда  оның 

әртүрлі  халықтарының  және  әртүрлі  тайпаларының  жүрегін 

тербетіп,  жан  дүниесін  сілкінтіп,  шарқ  ұшып  қалықтап  келе 

жатқандай». 

Батыс  пен  Шығыстың  монументтерді  тұрғызу  тәжірибесіне 

сүйенген, халық өнеріне және тума дәстүрлерге жақын төл, өзіндік 

қайталанбас шешімді табанды ізденістер болды. Монументтің алты 

нұсқасы  жасалды.  1995  жылдың  13  шілдесінде  Қазақстан 

Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Алматыда  Тәуелсіздік  монументін 

орнату  туралы  қаулысы  жарияланды,  жасалынған  жобалық 

монументтердің ең соңғы үздік нұсқасы қабылданды. 

Монументтік  кешен  Республика  алаңына  орнатылады. 

Сәулет,  мүсін,  ұлы  тұлғалардың  даналық  сөздерінің  мәтіндері 

үйлесіп, бірегей көркем шығарма болып шыққан. 

 

520-тапсырма.Ойларыңызды айтыңыздар. 

 

Қалай  ойлайсыз,  Тәуелсіздік  монументі  сәулеттік  өнерде 



өзіндік өшпес із қалдырады деп ойлайсыз ба? 

 

521-тапсырма.  Мәтінде  қай  ақынның  өлең  жолдары 

қолданылғанын  айтыңыздар.  Өлеңді  жалғастырып,  3  шумағын 

жазыңыздар. 

 

522- тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар. 

 

Силуэт  орла  возник  и  от  идеи  стремления  молодого 



суверенного Казахстана в высоты мировой цивилизации. 

“В  конкурсе,  посвященном  разработке  государственного 

флага, принимали участие более 600 проектов”; 

” Любовь к Родине начинается с семьи”. 

 



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау