Оқулық ретінде ұсынған Алматы 2013



жүктеу 3,67 Mb.
Pdf просмотр
бет70/135
Дата16.02.2018
өлшемі3,67 Mb.
#9902
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

212 



523-тапсырма. 

Берілген 

сөз 

тіркестерімен 



сөйлем 

құрастырыңыздар. 

 

Қазақ халқының ұлы, екі жүз жылдық мерейтой, ескерткіш 



тұрғызу,  конкурсқа  түскен  барлық  жобалар,  тәжірибелі  шебер, 

бедерлі көпфигуралы композиция. 

 

524-тапсырма

“Монумент” 

сөзімен 

сөз 


тіркесін 

құрастырыңыздар. 



 

 

 



525-тапсырма. Берілген сөздерге анықтама беріңіздер. 

 

Тәуелсіздік 



Монумент 

Сәулетші 

Мүсін 

Дәстүр 


Нұсқа  

Қаулы 


Келбет

 

526-тапсырма.  Мәтінді  мағынасына  қарай  бөлімдерге 

бөліп, тақырыпша қойып, сұрақ дайындаңыздар. 

 

527-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, 

шағын мәтін құрастырыңыздар. 

 

1.  Тәуелсіздік  .  2.  Мемлекет.  3.  Монумент.  4.  Қала.  5. 



Орнату.  6. Сәулетші.  7.  Мүсінші.  8.  Нұсқа.  9.  Алаң.  10.  Ізденіс. 

11. Қаулы. 12. Қабылдау. 

 

528-тапсырма. Берілген мәтінді аударыңыздар. 

 



Қазақ тілі 

 

 



213 

Как создавался монумент 

 

К  праздниванию  200-летию  юбилея  легендарного  сына 

казахского  народа  Махамбета  и  его  сподвижнику  Исатаю  было 

решение  создать  памятник  в  г.Атырау.  Установление  такого 

крупного  памятника  происходило  в  республике  впервые  за 

последние  годы  и  приобрело    серьезное  значение.  Принцип 

соревновательности 

с 

целью 



созданию 

значительного 

монументального  произведения  имел  большое  значение.  Поэтому 

был  объявлен  Республиканский  конкурс,  и  все  проекты, 

поступившие  на  конкурс,  рассматривались  на  самом  высоком 

уровне. И вот среди восьми представленных на конкурс вариантов, 

предпочтение  было  отдано  проекту  опытного  мастера  Бахыта 

Абишева  в  соавторстве    с  Е.  Сергебаевым  предоставил  двух-

фигурную  конную  скульптуру  на  фоне  сферического  среза, 

напоминающего  восходящее  солнце,  на  плоскости  которого 

выполнена рельефная многофигурная композиция Е. Сергебаева. 

 

529-тапсырма.  Мәтінді  оқып,  орыс  тіліне  аударыңыздар. 

Мазмұнын айтып беріңіздер. 

 

Пирамида 



 

Осыдан  бес  мың  жылдай  бұрын  б.д.д    2700  жылдарда 

перғауын  Хеопс  бұйрығымен  алғашқы  пирамида  құрылысы 

басталып  және  кейінірек  салынған  бірнеше  үлкенді-кішілі 

пирамидалардан  соң  мыңжылдықтар  бойына  үзіліп  қалған 

осынау  ғажайып  құрылыс  ХХІ  ғасырда  өзгеше  қырмен 

Сарыарқаның  жүрегіндегі  сәулетші  қауымның  небір  арман  – 

қиялдардың жүзеге асатын қаласы – Астана төрінде жарқ етті.  

Пирамида  авторы  –  сәулетші  лорд  Норман  Фостер  Британ 

музейін,    Берлин  Рейхстагіндегі  жаңа  парламентті,  Гонконгтың 

«Чек Лап Кок» аэропортын, Франкфурттегі банк ғимараттарын, 

Малайзиядағы университет қалашығын және т.б. құрылыстарды 

жобалап,  400  арнайы  жүлделер  мен  алғыстар  алып,  65 

халықаралық  және  ұлттық  байқаулардың  жеңімпазы  атанған. 

Сәулетші    аталған  жобаны  жасауда  «Табаноглы  Мимарлық» 

атты архитектуралық  компаниясымен  тізе  қоса  еңбек  етіпті.  Ол 




Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова 

 

214 



дүниежүзілік  аренада  танылып  көптеген  халықаралық  және 

ұлттық  конкурстардың  жүлделерін  қанжығасына  байлаған 

көрнекті компания екен.  

Пирамида құрылысына дүние жүзіндегі ең жақсы, ең сапалы, 

мықты  әрі  әсем  деген  құрылыс  материалдары  жұмсалды. 

Қабырғасы  да,  әйнектері  де,  лифтілері  де,  колонналары  да  иіліп, 

қиғаштай орналасқан мұндай ірі нысанды салу машығының бүгінгі 

заманғы құрылысшылардың ешқайсысында жоқ екендігі белгілі.  

Көлбеу  бойымен  пирамида  биігіне  шығарар  лифтімен 

жоғарыға  көтерілгеніңізде,  алдыңыздан  пейіш  бағындай  жасыл 

желекке  жолығады  екенсіз.  Мұндағы  нәзік  гүлдер  мен  пальма 

тектес,  табақтай  жапырақтары  бар  биік  гүлдер  мен  алуан  түрлі 

өсімдіктері  иранбақ  ертегісін  көргендей  әсер  қалдырады.  Осы 

әсемдік  арасымен  тіке  көтерілсе,  Пирамиданың  ұшар  басында 

230 тонна болаттан жасалған үлкен зал орналасқан. Ал 14 метрлік 

жасыл  бақ  ішін  жарып  өтіп,  төменге  баспалдақпен  түсер 

болсаңыз, Елбасының қонақтармен әңгімелесетін бөлмелері мен 

мейрамхана, одан төменгі  қабатта дін өкілдерінің  әрқайсысы өз 

құдайларына  құлшылық  ететін  32  бөлме  орын  тепкен.  Жалпы 

пирамиданың  жер  астындағы  көрінбейтін  қабатының  биіктігі    

13 метр болса, жер бетінен үшкіл биігіне дейінгі аралық 62 метр, 

сонда  барлығы  75  метрді  құрайды.  Пирамидаға  кіргендегі  холл 

мен  опера  залы  алдыңғы  13  метрде  орналасқан.  8  қабат 

сарайдағы  барлық  бөлмелердің  жалпы  көлемі  29 мың  шаршы 

метр.  Құрылысқа  5500  тонна  болат  қолданылған  және  осының 

бәрі өртке қарсы сырланыпты. 

 Адамзаттық ізгі мұраттарды өрістете түс – Пирамида. 

 

530-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер. 

 

1. Пирамида Қазақстанның қай қаласында салынды? 



2. Пирамиданың авторы кім? 

3. Автор қандай компаниямен бірлесіп жұмыс істеді? 

4. Норман Фостер кім? 

5. Пирамиданың ең жоғарғы қабатында не орналасқан? 

6. Құрылысқа көбіне нені пайдаланды? 

7. Неге қарсы сырланды? 

8. Пирамиданың әдемі көрінісінің бірі не?  



жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау