Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
218
кіре берістен кіруге болады. Ұлттық өрнекті шойын торлардан
жасалған сүйеніші бар салтанатты үш тармақты баспалдақтар
театрдың екінші қабатындағы басты дәлізіне апарады. Театрдың
композициялық өзегі 1200 адамға арналған көрермендер залы
болып табылады.
543-тапсырма.
Берілген
мәтіннің
идеясы
туралы
айтыңыздар. Ол қандай сөздермен беріліп тұр. Ой желісін
сақтап әңгімелеңіздер.
544-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен сәулет-құрылыс
саласына қатысты терминдерді теріп жазып, әр терминмен
сөйлем құрастырыңыздар.
545-тапсырма. «Опера және балет театры» сөзімен сөз
тіркесін құрастырыңыздар.
546-тапсырма. «Сізге театрға бару ұнай ма?» деген
тақырыпқа дөңгелек үстел ұйымдастырыңыздар.
547-тапсырма. Мына сөздердің сыңарын табыңыздар.
театр
сәулет
ою -өрнек
архитектуралық
көрермендер
өнерін
шешім
залының
ғимаратын
мұраларын
Қазақ тілі
219
548-тапсырма. Сөздердің орыс тіліндегі баламасын
жазыңыздар.
аралығында кіреберіс
жобалау қоршалау
сәулет өнері қапталған
ою-өрнек мұралары текпішек
тікбұрышты шешім
қасбетінде бүйір беті
әрленген өрнектелген
кеңістік
549-тапсырма. Берілген термин сөздердің түсініктемесін
жазыңыздар.
алыптас ескерткіштер сәулеті − металлическая архитектура
арматура шыбығы − арматурная стержень
артық су құбыры − переливной трубопровод
әмбебап желім − универсальный клей
әрленген таңба − шлифованная плита
әрлеу − отделки
барқыт түсқағаздар − бархатные обои
берік жік − прочный шов
бұрыштамалы жік − угловой шов
болат құбыр − стальная труба
болат − сталь
блокты іргетас − блоковый фундамент
бүктеу тістеуігі, қысқышы − фальцовочные
ескерткіш ғимараттар − мемориальное сооружения
ескерткіш саяжайлар − мемориальные парки
жарылғыш тас − колотый камень
550-тапсырма.
Мәтінді
оқып,
негізгі
бөлімдерге
бөліңіздер.
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
220
Бас қаланың бойтұмары
Астанадағы ірі архитектуралық-көркем композициялардың
бірі «Астана-Бәйтерек» монумент ескерткіші. Ол ашылып келе
жатқан қызғалдақ сияқты. Ол қаланың нышаналы символы.
Оның биіктігі 97 метр. Монумент астананың барлық көрінісіне
шолу жасауға болатын көру алаңшасы бар өзгеше ғимарат.
Бәйтерек үш бөліктен тұрады. Жерасты бөлігі ұлттың тамыр
жаю, өркендеу кезеңдерінің нышанын
айғақтайтындай. Яғни, бұл − кафеде
орналасқан орасан зор аквариумде көрініс
тапқан мұхит әлемі дерлік. Дәл осында
шолу жедел сатылармен қоса тереңдігі
төрт жарым метр болатын дөңгелек холл
бар. Мұнараға кіре берістегі холлда белгілі
суретші
Ерболат
Төлепбайдың
өнер
туындыларының көрмесі көрермендерді
толғанысқа бөлеп, шаттыққа кенелтеді.
Ал, «Даму» кешенінің орта бөлігі
ағаш діңгегі тәріздес. Онда аспанға
асқақтауды
бейнелейтін
«Mitsudishi»
фирмасының
екі
жеделсатысы
қондырылған.
Бұл
жеделсатылар
келушілерді
«жаңғыру
ағашының»
диаметрі 22 метрлік діңгегіне − Алтын
шарға әп-сәтте шығара салады. Бұл шар
металл
құрылымдармен
бедерленіп
жасалынған, енді ғана бүршік жарып
келе жатқандай көрінетін гүл қауызына
шебер сыйдырылған. Ол көлденеңінен
үш
қабаты,
алтындай
жарқыраған
жапырақтармен
шыныланған.
Оның
мәнісі мынада: ол мұнараны сыртқы
атмосфералық
әсерлерден
қорғайды.
Шардың ішінде жедел сатылық холл,
дәмхана, Астананың жаңа бейнесін көз алдыңа тосатын
панорамалық зал орналасқан.
Қазақ тілі
221
Ең жоғарғы жағында − «Аялы Алақан» композициясын
тамашалауға болады. Былайша айтқанда, Бәйтерек идеясының
апогейі Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы бар күміс
тұмар кім-кімді де зор әсерге бөлері хақ. Оған қол тигізгенде
спираль түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылса,
Қазақстанның Әнұраны ойнай жөнеледі. Одан әрі қосымша
жарық есебінде композиция өз негізінен бөлініп, жер бетінде
қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді.
«Астана-Бәйтерек» сәулет-құрылыс кешені халықаралық
сәулет триенналының күміс медаліне ие болды. Бұдан басқа
ТМД Сәулетшілер одағы халықаралық ассоциациясының
қатысушы елдерінен шыққан сәулетшілердің 2002 жылғы үздік
шығармаларының халықаралық байқауында Гран-при мен
алтын медальді жеңіп алды.
Елімізде
отандық
авторлардың
көркемдігі
жоғары
туындылар жасауға тарту, сондай-ақ өнерді дамыту мақсатында
жыл сайын « Астана-Бәйтерек» ұлттық байқауы өткізіледі.
Астананың көрнекі «Атамекен» этно-мемориалдық паркінде
Қазақстанның барлық облыстары макеттік түрде көрініс тапқан.
551-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып аударыңыздар.
Медеу мұз айдыны
«Медеу» мұз айданы кешені Іле Алатауының теңіз деңгейінен
1700 метр биіктіктегі 13 шақырым жерде орналасқан. Бұл жердің
тамаша жұмсақ ауа райы мен күн көзінің шуағы әркімді
қызықтырады. Ауа қысымы да төмен. Тау суынан қатқан мұздың
жоғары сапалығы «Медеу» мұз айдынының «рекордтар
фабрикасы» атанып, бүкіл әлемге әйгілі бірден-бір септігін тигізді.
Көрермендер трибунасы мұз айдынын шығыс, оңтүстік,
батыс жақтан қоршай орналасқан. Әкімшілік корпусы солтүстік
жақтағы қуысқа жайғасқан. Шығыс жақтағы трибунаның
астында спортшылар шешінетін бөлмелер, төрешілер бөлмесі,
медицина орталығы, массаж бөлмесі, спортшылар буфеті,
пресса орталығы, коментаторлар бөлмесі бар. Батыс трибунаның
астында көрермендер киім ілгіші, буфеттер, сыйлы қонақтарға
арналған бөлмелер және 80 орындық мейманхана орналасқан.