Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
336
(Әл-Фараби)
Еңбекжанды адам үнемі өзіне-өзі сұрақ қоюмен болады, ал
басқалар ондай сұрақтарға қашан да дайын жауап алады.
(Шыңғыс Айтматов)
... Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда
ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан
жалтырай да, жарқырай да береді.
(Қаныш Сәтбаев)
Етістік
Етістік заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді.
Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
Тұлғасына қарай:
Негізгі етістік
Туынды етістік
Заттың қимылын білдіретін төл
етістік. Сөздің түбірі етістік
болады.
Мысалы: кел, кет, көрген,
айтпады, т.б.
Түбір етістікке және басқа сөз
таптарына жұрнақ жалғану
арқылы жасалған етістік.
Мысалы: ой-ла, сан-а, күл-імсіре,
көг-ер, т.б.
Құрамына қарай:
Дара етістік
Күрделі етістік
Бір ғана түбірден (негізгі /
туынды) тұрады. Мысалы:
баста, кес, тасы, тара, аяқта,
байы
Кемінде екі етістіктің тіркесуі
арқылы жасалады. Мысалы: алып
кел, жазып отыр, уәде берді, т.б.
Қазақ тілі
337
Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай:
Болымды етістік
Болымсыз етістік
Іс-әрекеттің жүзеге
асқанын білдіреді.
Мысалы: алды,
жаздыр, өшірді
Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын
білдіреді.
1. Етістікке -ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе
жұрнақтарының жалғануы арқылы
жасалады: өшірмеген.
2. Етістік пен жоқ, емес сөздерінің
тіркесуі арқылы жасалады: өшірген жоқ,
өшірген емес
Мағынасына қарай:
Салт етістік
Сабақты етістік
Өзінің алдынан табыс
септігіндегі сөзді қажет етпейтін
етістік. Мысалы: үйге кел, үйден
шық, үйде отыр, үймен хабарлас
Алдындағы сөздің табыс
септікте тұруын қажет ететін
етістік. Мысалы: хатты оқы,
ақшаны сана, есепті шеш,
шашыңды тара
Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар:
№
Жұрнақ
Мысал
1
-ла,-ле,-да,-де,-та,-те
аяқта, ретте, өкпеле, ойла,
қолда
2
-лан,-лен,-тан,-тен
ойлан, үйлен, әдеттен, рақаттан
3
-лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-
тес
көмектес, пікірлес, сырлас,
ақылдас
4
-лат,-лет,-дат,-дет
әндет, дауылдат, түнделет
5
-а,-е
ата, деме, сына
6
-ай,-ей,-й
күшей, мұңай
7
-қар,-кер,-ғар,-гер
басқар, ескер
8
-ар,-ер,-р
жаңар, ескір
Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева, Г.Д. Рыскелдиева, А.С. Итемирова
338
9
-ал,-ел,-ыл,-іл,-л
жоғал, сұйыл-тарыл, теңел
10
-ық,-ік
бірік, дәнік, тынық
11
-сы,-сі,-ымсы,-імсі
үлкенсі, пысықсы
12
-сын,-сін
жатсын, көпсін
13
-сыра,-сіре
әлсіре, қансыра, жетімсіре
14
-ыра,-іре
бұрқыра, күркіре, жарқыра
15
-ырай,-ірей
кішірей, бақырай, бажырай
232-тапсырма. Мәтінді оқып, етістіктерді тұлғасына қарай
ажыратыңыздар.
Машинажасау саласы шаруашылықтың барлық салаларын
еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді. Алуан түрлі өнімдер шығар-
ғанымен, машинажасау зауыттарының бәрінің технологиялық
процесі біртектес. Олар дайындама жасау, тетіктер өндіру және
дайын тетіктерді құрастырудан тұрады. Соған сәйкес, машинажасау
зауытында құю, ұста-пресс, механикалық және құрастыру цехтары
болады.
Машинажасау зауыттарының әрқайсысы өзі маманданған
өнім түрін шығарады.
Машинажасау зауыттарының мамандану түрлерінің бірі –
технологиялық мамандану. Технологиялық мамандану дегеніміз
– дайын тетіктерден, бөлшектерден машина, автомобильдер
құрастыру. Мысалы, Алматыда құрылған «Іскер-ГАЗ» кәсіпорны
«Камаз», автобустарды тек дайын тетіктерден құрастырады.
233-тапсырма. Етістіктерді тұлғасына, түрлеріне қарай
ажыратыңыздар.
Тұздың бірнеше түрі бар. Солардың ішінде көбірек
қолданылатыны – ас тұзы.
Әрбір адамның тамағына күнделікті 20 г шамасында ас
тұзы жұмсалады.
Тұз түссіз, мөлдір жеке түйіршіктерден тұрады. Түйіршіктің
беті жылтыр, тегіс текшеге ұқсайды. Бұл – тұз кристалдары. Текшені
жеке алғанда мөлдір, түссіз. Бір жерге үйсе, ақ түсті болып көрінеді.
Тұз суда тез ериді, дәмі ащы.
Мұхиттар мен теңіздер суында тұз ерітінді түрінде
кездеседі. Бірақ теңіз суынан тұзды айырып алу көп еңбек
Достарыңызбен бөлісу: |