Киізүйдіңжиһаздарыменыдыс-аяқжасауөнері:
Біз төменде қазақ
халқының атадан-балаға мирас болып келген қазақ қолөнершілерінің қолы-
нан шыққан тамаша үй жиһаздар түрлерінің үлгісі туралы деректерімізді
белгілді ғалым, этнограф Х. Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері»
еңбегіне арқа сүйеп сипаттауды жөн көрдік.
Қазақ халқының күнделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалатын
үй іші жиһаздары мен ыдыс-аяқтары да көші-қонға немесе отырықшылыққа
бейімделіп жасалады.
Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарының құрамына төсек ағаш, жастық
ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, әбдіре, жағлан, қант шаққыш тоқпақ, саба
аяқ, піспек, астау, табақ, тегене, шара аяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш
шелек, келі, келсап және басқа да көптеген бұйымдар кірді. Қазақта бұл
бұйым дардың әрқайсысын дербес жасайтын арнайы маманданған шебер-
лер болмаған. Олай болса, әр шебер өзінің мүмкіндігіне қарай үй бұйым-
дарының қайсысын болсын жасаған. Аса шебер ұсталар ағаштан жасалатын
үй бұйымдарының беттеріне ою ойып, түрлі түсті бояулармен өрнек салып,
әсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металдармен, түрлі түсті тастармен,
шынылармен көркемдей білген. Ендеше мұндай ұсталар темір, мыс, жез,
күміс ұстау ісін де меңгерген шынайы өнер иелері болған. Қазақ арасын-
да он саусағынан өнер тамған қолөнердің сан-саласын жақсы меңгерген
ісмерлер аз болмаған.
Кілем
– сәнді тоқылатын, баспананың жылылығын сақтайтын және
дыбысын бәсеңдететін арнайы үй жиһазы. Оларды тоқылу ерекшеліктеріне
қарай, түкті кілем, тақыр кілем деп бөледі. Қазақ жеріндегі тоқылатын кі-
лемдердің және бір ерекшелігі ол ру үлгілеріне сәйкестендірілген, мысалы:
адай кілемі, керей кілемі, коңырат кілемі, үйсін кілемі, т.б. үлгілер. Кілемдер
қосалқы белгілеріне байланысты шашақты және оқалы кілемдерге жікте-
леді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында түкті және тақыр кілемдерін
қолдан тоқу дамыған.
Сырмақ
(сыру деген сөзден шыққан), сырмақ – ою бастырып немесе
жиекпен өрнектеліп сырыған төсеніш үй жиһазын айтады. Жоғары сапалы
үлпілдек жүннен басылған жұқа киіздің бетіне оюлар салынып, кенеппен
астарлап сырмақ жасайды. Сырмақ негізінде қазақ және қырғыз ұлттарына
тән жиһаз. Оның ою-өрнегіне сәйкес бірнеше түрі болады: ақ, қара неме-
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
282
се қызыл және көкпен боялған, киізден ойыстырылған сырмақ, шымқай ақ
киіздің бетіне қызыл, кек, сары маталардан ою бастырылған сырмақ, жиек-
пен өрнектелген сырмақ.
Алаша
– әр түрлі түске боялған мақта, жүн жіптерінен өрмекпен то-
қылатын төсеніш. Екі әдіспен тоқылады. Бірі – түрлі-түсті жіптерді жарыс-
тыра жолақтап тоқу арқылы көп мәнерлі өрнектер түсіру. Алғашқысын
қақпа алаша, соңғысын терме алаша , кейде кілем алаша деп те атайды. Ала-
шадан төсеніш, түс кілем, қоржындар жасайды. Алаша – қазақ тұрмысында
жиі қолданылатын мүлік.
Текемет
– тұрмыста жылу ұстағыш, екінші жағынан киіз үйдің ішкі
интерьеріне сән беріп, керегеге ілінген әсем кілем, түскиіз, бау-басқұрлар -
мен үндесіп, толықтырып тұрған. Текемет басу тәсілінінң негізгі ұзы ныр-
ғысы бір болғанымен, оның бетін әр түске боялғанымен, оның бетін әр
түске боялған жүнмен оюлау әдісі әр елдің өзіне тән белгілі бір жүйесімен
жасалынады.
Басқұр
– киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі уық пен керегенің түйіскен
жерін сыртынан бастырып танатын өрнекті жалпақ құр. Басқұрдың ұзын-
дығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады. Ені 20-30 см. Басқұрды
өрмекпен терме тоқу, қақпа тоқу әдістерімен әр түсті жіп, арқау салып, ою-
өрнекті етіп тоқиды. Түкті немесе ақ басқұр және түксіз немесе ала басқұр
болып екіге бөлінеді. Түкті (ақ) басқұрды түрлі-түсті жіптерді негізгі жіп-
терге түйіндеп, түкті ою-өрнек салып тоқиды. Түксіз (ала) басқұр әр түсті
жіптерден алаша секілді тоқылады. Басқұрды түйе, қой және жылқы қылы
қосылған ешкі жүнінен тоқиды.
Ши
– киіз үйдің ішін әсемдеуде шидің алатын орны ерекше. Неше түрлі
сырмен боялып, сағанақтары күмістендірілген кереге көздері мен құлпыр-
ған құр таңғыштарға, термелеп өріп, жібекпен шашақтаған уық бауларға,
зермен кестелеп шұғамен оюлаған туырлық пен үзіктің ішкі өрнектеріне
ши жалпы түр беру ретінде өте үйлесіп-ақ тұрады. Ши бұйымын жалпы
сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым ши (шы-
мораулы ши). Қазақ арасында осы түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен
қолданылады. Мәселен, ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан
көбінесе киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, шыптаға мал сойғанда еттің асты-
на салуға, сырғауыл салынған үйдің төбесін жабуға ұстайды. Ал өн бойы
түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді. Оны киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ
тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнында ұстайды. Өнбойы
тұтас емес, әр жерінен оралған шиді ораулы ши дейді. Тоқылатын ши мал
аяғы баспаған соны жерден жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде
тартылады. Шиді таңертең, кешке немесе жаңбырдан кейінгі шық кетпей
тарту керек. Мұндай кезде жер жұмсақ ши суырылғыш келеді. Әзірленген
шиді шыбығын аршып, бумалап көлеңкеге кептіреді де, өрнектеп орайды.
Бөстек
– түйенің не қойдың жабағы жүнінен бір адамға арналып
жасалған көрпеше не төсеніш. Оны жылқы, түйе, сиыр терілерінің жүнін
алмай, от басына пайдаланатын төсек ретінде де дайындайды. Ал ертеректе
түйе терісінен жасалған бөстек құрметті қонақтарға төселген.
ІV тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
283
Құрақ
– төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып,
тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құ-
рақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін
қонаққа арналған «қасиетті орын» санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқ-
тамайтын үй «тіл-көзден аман болсын» деген ырыммен қырық құрақ құрап,
баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің
жүнін салып, сырып тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: |