Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет89/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

І
V
тарау
ХV-ХVІІІ ғ. БАСЫНДАҒЫ 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ 
ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ


ІV тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
277
там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде 
(XVIII ғасырдың екінші жартысынан) пайда болған. 
Тұтыну қажетіне орай киіз үй үш түрге бөлінеді. Бірінші – тұрғын үй, 
екінші – қонақ үй немесе салтанатты той үйі, үшінші – жорық немесе көш-
қонның үйі. Осы қажеттіліктер киіз үйдің алуан талапқа лайық түрлерін 
дүниеге әкелумен бірге, қолөнерінің шегіне жеткен мүмкіндіктерін бойына 
жинақтауға себепші болған. Мәселен, тұрғын үйдің үш қанаттан бастап, он 
екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлгілері болған. Бұларды қанат (ке-
реге) санына қарай үш қанат үй, бес қанат үй деп атаған. Кейде қанат санын 
аңғартатын қара үй (үш қанат), қоңыр үй (төрт қанат), боз үй (бес қанат), 
ақ үй (алты қанат) деп атаса, ақ ала орда, ақ орда немесе ақ шаңқан, алтын 
орда, алтын үзік деп 8-12-30 қанат үйлерді айтады. 
Төмендегі киіз үйдің түрлері туралы деректерді белгілі ғалым, этнограф 
Ө. Жәнібековтің «Үйлесімі жарасқан» деп аталатын мақаласынан алынды.
Қазақтың, халық болып қалыптасуына байланысты ресми пікірге 
жү гінсек, X-XII ғасырлардан бастап Оңтүстік Сібір мен Сарыарқаны, 
оларға іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікті мекендеген «қыпшақтардың 
моңғол үстемдігінен кейінгі дәуірде қазақ халқынын негізін құрағаны» 
(В. Бартольд) белгілі. Әйтсе де әзірге жазба деректерде X ғасырдан ба-
стап кездесетін «қазақ» этнонимінің ел арасында «қыпшақ» деген атаумен 
қатар пайдаланылып келгенін, жат жұрттық авторлардың дала тайпала-
рын, олардың тұрпатына, бет пішініне, тілінің бірегейлігіне, күнкөрісінің, 
тұрмыс-салтының, мінез-құлқының ұқсастығына қарап, бөле-жара атамай 
«қыпшақтар» деп есептегенін ескерсек, бұл екі атаудың екеуі де тектестік 
тамырын тереңге жайған бір халықтың есімі болып шығатыны даусыз. 
Мұны көрмеу – қазақтың «түйе өз өркешін көрмейді» дейтінінің кебі.
Құрастырылып ажыратылатын тұрғын жайдың сол түрік-қыпшақ үл-
гісіне жататын «қазақтың киіз үйі құрылымдық жағынан осы уақытқа дейін 
көшпелі халықтардың бірде-біреуі асып түсе алмаған, жылжымалы баспа-
нанын ең жетілдірілген түрі болып табылады». 
Моңғолдың үйімен салыстырғанда керегесі биіктеу, уығының төменгі 
жағы иіңкі болатындығынан күмбезі көтеріңкі, келбеті сымбатты болып 
келеді.
Академик Ә. Марғұланның айтуына қарағанда, қазақтың киіз үйі ағаш - 
тан қиыстырылатын немесе балшықтан соғылатын баспаналармен салыс-
тырғанда өзінің о бастағы нұсқаларының негізгі элементтерін бойына 
сіңірген жылжымалы тұрғын жайдың біршама кейінгі түрі болған. 
Киіз үй қазақпен көршілес Орта Азия халықтарында да кездеседі. 
Олардағы киіз үйде де құрылымында немесе кескінінде ішінара кездесетін, 
бұрын көшпелі, жартылай көшпелі өмір кешкен қырғыз, түрікпен, қара-
қалпақ елдерінің тарихи дамуы арқылы енген кейбір ерекшеліктер ғасырлар 
бойы қалыптасқан құрылғыны түбегейлі өзгерістерге түсіре алмағандықтан, 
түркі халықтарына тән бірегейлік сақталып қалған.
Қазақтағы киізбен жабылатын баспананың алғашқы түрлерінің бірі 
– қос.
­
Сырты жонылып, тәртіпке келтірілген, ұштарында басын қосып 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
278
байластыратын қайыс, жіп өткізетін арнайы тесіктері бар, 2,5-3 метрдей 
сырықтардан құрастырылатын болған. Сырықтарды іштен дем тартатын 
түтікпен қоса байластырып орнынан тұрғызғаннан кейін, араларын ашып 
жерге тіреп, екі туырлықпен немесе арнайы пішілген үзікпен жауып, ірге 
жағын бел арқанмен бастыра салады екен. Киіз баспананың бұл түрінің 
оңтайлылығы сонша, көшіп-қонғанда сырықтарын жалғыз түйеге тендеп, 
үстіне киізін, малшының көрпе-төсегін, қазан-ошағын артып кете беретін 
болған.
Қосты көбіне жылқы, сиыр малын жазда қысқы қоныстан 2-3 күндік 
өріске шығарып бағатын жылқышылар мен бақташылар уақытша баспана 
ретінде пайдаланған. Ал көшпелі ауылдың құрамында киіз үйге қосалқы 
ретінде қазан-ошақ, ыдыс-аяқ қоятын, астық сақтайтын, құрт, ірімшік қай-
нататын орын немесе қойшы-қолаң үшін баспана ретінде пайдаланылған.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ұжымшарлардың мал фермаларында 
кеңінен пайдаланылғанымен, көп ұзамай тұрмыстан шығып қалған. 
В.В. Востров пен И.В. Захаров Жетісуда қос терминімен қатар жаппа 
деген синонимнің өмір сүретінін жазған.
Қазақ қадым заманнан бастап-ақ өзінің ата-тегін құраған ежелгі тайпа-
лар мен халықтардан киіз басуды, тері ұқсатуды, алаша тоқуды, ши орау-
ды, алтынмен аптап, күміспен күптеуді өзіне мұра етіп қабылдаған ел. 
Дәстүрлі өнердің осы түрлерінің барлығы киіз үйден көрінетіні хақ. Солай 
бола тұрса да, академик Ә. Марғұланның, тарих ғылымдарының доктор-
лары X. Арғынбаевтың, М. Мұқановтың аса құнды еңбектеріне қарамастан, 
қазақтың киіз үйін палеоэтнологиялық тұрғыдан әлі де болса терең зерттей 
түсуді қажет ететін құбылыс екенін өмір көрсетіп отыр.
Киіз үй – қазақтың өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге асқан 
заттық, тұрмыстық мәдениетінің көрінісі. Отбасының салауаттылығы мен 
саулығының белгісі ретінде босағаға, шаңыраққа құрмет көрсету – ежелден 
келе жатқан дәстүр.
Ғасырларды артқа салып, көшпелі малшылар аңшының сүйір қосын, 
егіншілер кепесін бірте-бірте жетілдіре түскендіктен қазақ даласында 
тұрғын үйдің жылжымалы және тұрақты түрлері қатар дами берген.
Қазақ мекендеген ұлан-ғайыр кеңістіктегі күнкөріске байланысты қа - 
лыптасқан баспананың о бастағы түрлерінің бірі – осыдан шамамен үш мың
жыл бұрын пайда болған, қаңқасы арба үстіне көбіне мығым, сирегірек 
жинастырып, ажыратылатындай етіп орналастырылатын тұрғын үй үлгісі.
Мұндай үйлер ғұндарда да, түркілерде де, көшпелі ұйғырларда да, моңғол-
дарда да болған. Ал қазақтағы «Доңғалақты үй», «Үйлі арба» жөнінде 
біздің білетініміз ортағасырларда бізде болған Гильом де Рубрук, Әбу
Абдаллах Ибн Баттута, Фазаллах Ибн Рузбихан, Антони Дженкинсон секіл-
ді шетелдік авторлардың жазып қалдырғандары ғана. Азғана құнды мате-
риал академик П.С. Палластың «Сапарнамасында» бар. Бірнеше өгіз, түйе 
қосарлап жегілетін үйлі арбаларда малдың қуығынан, қарнынан тартылған 
терезелері, кіріп-шығатын есігі, оттығы, көлеміне қарай екі, төрт, алты, 
тіпті, онан да көп дөңгелегі болған.


ІV тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
279
XVI ғасырдағы парсы деректерінің бірінде жат жұрттықтарға зәулім 
биік ғимараттай болып көрінген қазақтың доңғалақты үйлері жайында 
мынадай мағлұмат бар: «Олардың (қазақтардың) мұндай үйлері ағаштан 
тұрғызылған, қаңқасы сарайдікі сияқты көтеріңкі және мейлінше кең. Ақ 
қайыңнан құрастырылған қабырғалары мінсіз, өте сәнді, киізбен, сирек
кездесетін түстерге боялған қой терілерімен қапталған. Осындай үйлерде 
қазақтың сұлтандары мен ақсүйектері тұрады. Құрылымы ерекше үйлес-
тірілген доңғалақты үйде 20 адамның жатып-тұруына болады екен. Мұндай 
үйлерді қосарлап жегілген көп түйе тартады. Үйлер зәулім, биік және 
сыйымды, тұс-тұсынан ашпалы көздері бар терезе ойықтары берілген. 
Сыр ты киізбен жабылған. Ішкі жиһаздары әмірлер мен сұлтандардың са-
райларындағыдай мейлінше әсем және үйлесімді».
Қос ат жегілетін жеңіл күйме көбіне бойжеткен қызға, жас жұбайларға, 
бәйбішеге тек көліктің ғана емес, жол үйдің де қызметін атқарған. Мұндай 
жеңіл құрылғыны соғыс кезінде шапшаң қимылдап, ұрыс әрекеттеріне же-
дел басшылық ететін қолбасшылар да пайдаланған.
Үйлі арбалардағы баспананы құрастырып-жинастырып әуре болмай-ақ
үдере көшіп күнелтуге мүмкіндік беретін құлазыған кең даланың табиға - 
тымен байланысты болғанымен, құрылымдық жағынан олардың сәулет-
кер лікке қосқан үлесі шамалы. Әйтсе де олардың төрт бұрышты немесе
бес бұрышты құрылғысы сәулет өнеріндегі шаршы үшкіліне, шеңбер бөл-
шектеріне дөп келетінімен қызықтырады. Кезінде көшпелі шаруашылыққа 
қызмет еткен тұрғын жайдың сирек кездесетін бірден-бір нұсқасы бола 
тұра, үйлі арбалардың XVIII ғасырдың алғашқы ширегіне қарай тұрмыстан 
шығып қалуының өзіндік себептері болды. Оның ең бастысы арагідік үзі-
лістермен 200 жылға созылған жоңғарлармен, қалмақтармен шайқаста, 
ешқашан толастап көрмеген жаугершілікте еді. 1723-1729 жылдардағы 
«ақ табан шұбырынды» кезіндегі елдің босып кетуі, даланың байлығына 
қармалауышын созған Ресейдің отарлау саясаты, Орта Азия хандықтарымен, 
әсіресе Қоқанмен, Хиуамен қақтығыстар елдің көшіп-қонатын кеңістігін 
тарылта түскендіктен XVIII-XIX ғасырларда көшпелі қазақтың негізгі бас-
панасы кәдімгі өзімізге белгілі киіз үй бола бастаған.
XVIII-XIX ғасырларда қазақтың сұлтандары, атақты билері екі үйді 
қатар тігіп, арасынан керегеден дәліз жасап екі бөлме етіп те пайдаланған. 
Кереге желкөз және торкөз болып екі түрге бөлінеді.
Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш 
саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Кереге киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналма-
лы бөліктен тұрады. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады. Уық – шаңырақ 
пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштан жа - 
салынған. Шаңырақ – киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңы рақ тың 
диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады. 
Сықырлауық – киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын 
дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, 
әдетте, шеберлер өрнектеп әшекейлеп жасайды.


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
280
Киіз үйдің киіз жамылғысы үш бөліктен тұрады: туырлық, үзік, түндік. 
Киіз үйдің бау-шуына желбау, аяқ бау, аспа бау, әр түрлі таңғыштap, бау-
басқұрлар жатады. Олар, әдетте, тоқылып жасалады. Әдемі геометриялық 
өрнектермен безендіріледі. 
Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары, көбінесе, өзен жағасында 
өсетін әр түрлі талдан жасалады. Мәселен, оған Қазақстанның әр өңірлерінде 
өсетін сәмбі тал, көк тал, қара тал, боз тал, құба тал сияқты түрлері пайдала-
нылды. Тал, халық тәжірибесі бойынша, киіз үй сүйегін жасауға ең қолайлы 
ағаш түрі деп танылған. Біріншіден, жиі өсетін тал тоғайы ішінен кереге 
мен уыққа жарайтындарын таңдап алу қиынға түспейді, екіншіден, өңдеуге 
өте қолайлы және одан бабымен кептіріліп жасалған уық-керегелер өте 
жеңіл және берік болады. Сән-салтанат құруды көксеген ірі байлар, төрелер 
мен билер үйшілерге киіз үй сүйегін түгелдей қайыңнан жасатады. Әдетте, 
қайыңнан жасалатын үйлердің көлемі үлкен болумен бірге, оның сүйегі 
де салмақты және өте берік. Қайыңнан жасалған кереге-уықтарды мұқият 
өңдеген соң, оны боямайды. Өйткені ағаштың жылтырата өңделген табиғи 
түсі үй ішіне аса ұнамды рең беріп тұрады.
Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты, көбінесе үйшілердің өздері ерте 
көктемнен бастап әзірлеп, кемінде бес-алты ай, кейде, тіпті, жыл бойы 
көлеңкеде кептіреді. Киіз үй сүйегіне арналып дайындалатын ағаштың 
ұзындығы мен жуандығы кереге-уық жасауға жарамды болуы қажет, ал 
олар-дың қисықтығына онша мән берілмейді. Шаңырақ үшін дайындалатын 
қайың мүмкіндігінше түзу, бұтақсыз болуы қажет. Кейде мұндай ағаштар 
тым жуан болса, оларды кесіп, ұзынынан жарып, ыңғайлап шауып қояды. 
Үйшіге қажетті жабдықтар: тез, сықаурын, жонғы, қуыс жонғы, тісті жонғы 
(сызғы, ыруыш), тесе шот, шапашот, балта, қашау, қол ара, ою-пышақ, үскі 
сияқты саймандармен бірге кереге, уық және шаңырақ жасауға арналған 
әр түрлі қарапайым қалыптар мен кепкен ағашты жібітуге арналған қоз, 
мор, обын атанатын ыстық «пештердің» де болуы аса қажет. Осы айтылған 
саймандар мен жабдықтардың барлығын да тәжірибелі шебер үйшілер, 
көбінесе, талғамдарына сай етіп, өздері жасап алады.
Осындай көшпелі тұрмысқа ыңғайланған киіз үйлерде қазақтар жазда 
ғана емес қыста да тұрған. Қыста киіз үйдің керегесіне жиілетіп тоқылған 
ши тұтып, туырлығын қос-қостан салып, іргесін көміп, сары қи мен ағашты 
жағып тұра берген.
XV-XVIII ғасырларда отырықшы қоныс-үйлердің 4 түрі болды. Олар
қыстау, қыстақ-қоныс, тастан, топырақтан салынған бекінісі бар уақытша 
қорған және қала (кент). XVIII-XIX ғасырларда Қазақстанның көпшілік 
аймақтарында қыста қыстайтын қыстаулар болған. Әсіресе оңтүстік ай-
мақтарда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасып, оларда жартылай көш-
пелілік, жартылай отырықшылық салты қалыптасқан.
Шошала – қыста тұратын үйдің ең ескі түрі болды. Формасы жа-
ғынан киіз үйге ұқсас, жартылай жертөленің төбесі сүйірлене шы-
ға рылып, құ рылыс іргесі жерге 50-60 см қазылып салынды. Екі-үш 
бөлмелі болды 


ІV тарау. XV-XVIII ғ. басындағы Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті
281
Қазақстанның көпшілік өңірлерінде, өте ертеден келе жатқан там үй-
дің бір түрі жартылай жеркепе қолданыста болған. Оларды салғанда жерді 
1-1,5 метр етіп тереңдетіп қазып, қабырғасын 50-60 см етіп шымнан, қам 
кірпіштен, тастан көтерген. Мұндай үйлерді қазба үй, жертөле немесе жер 
үй деп те атаған. 
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында үйді қам кірпіштен, сабан кір-
піш тен көп көтерген. Осы аймақта дымқыл топырақты ұзын қалыпқа са-
лып түю арқылы да үйлер тұрғызатын. Оны соқпа, ұрма әдісі дейді.
Үй жиһаздары үй кәсіпшілігінің көптеген бұйымдарынан тұрады. Онда 
ғажайып текеметтер мен әсем тоқылған кілемдер, аяққаптар мен қоржындар, 
зат сақталатын сандықтар мен абажалар, ыдыс-аяқтар және т.б. болды. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау