І тарау. Ұлы Далада моңғол билігінің орнығуы және ұлыстардың құрылуы
21
Бағындырылған халық хан әулетіне тиесілі деп саналды, оларға ауыр
салықтар салынып, міндеткерліктер жүктеліп отырды. Әскери міндеткерлік
өте-мөте ауыр болды – жоғарыда аталған ұйымдастырудың ондық жүйесіне
сәйкес халық моңғол әскері үшін жауынгерлер беріп отыруға міндеттелді.
Материалдық игіліктерді жасайтын халық өндірістен қол үзіп, әскери
қару-жарақ үшін зор шығынға ұшырады. Отырықшы халық та әскери бо-
рышын өтеуге тиіс болды, олар жаяу әскерге алынып, моңғолдар оларды
қамалдарды қоршау үшін пайдаланды.
Салық түрлерінің көп және көлемінің ауыр болуы халықтың жаппай
күйзелуіне әкеп соқтырды. Рашид ад-Динде ол туралы келесідей мәліметтер
бар: «... күштеумен қорқытып тартып алу барған сайын күшейіп, егіншілердің,
әсіресе белгіленген алымдар мен міндеткерліктердің көптігінен жиналған
астықтың өзі белгіленген алымдардың жартысын да өтеуге жетпейтін болды».
Қазақстан аумағында ежелден тұратын этникалық топтар мен халық-
тардың және олардың жерлерінің моңғол ұлыстарына бөлінуі олардың
ұзаққа дейін әр түрлісаяси құрылымдар құрамында болғызды, ал ол өз
кезегінде халықтың этникалық, шаруашылық, мәдени тұрғыдан бірігуіне
кедергі жасады, керісінше бытыраңқылық үрдісін ұзартады.
Сонымен бірге Моңғол империясының, одан соң Алтын Орда мем ле-
кетінің құрылуы Қазақстан мен оған көршілес елдерді ортақ саяси, эко номи -
калық, мәдени кеңістікке біріктірді. Сондай-ақ дала мәдениеті мен оты -
рықшы-егіншілік мәдениетті таратушылардың өзара әсері мен
ықпалы
тұрғысындағы интеграциялық үрдістердің дамуына жол ашты. Қазақстанда
өмір сүрген этностың мұсылман Шығысымен, Еуропамен, Қытаймен кеңінен
араласуына мүмкіндік туғызды. Моңғол билігі сауданы, халықаралық
қатынастарды дамытуға ынталандырылды, жер-жерде пошта және жәмшік
қызметін енгізді. Бұрын алыс болып келген халықтар арасында сауда және
мәдени байланыстар орнатылды. Ұлыстардың аумағымен сауда керуендері
жүріп өтті, алыс өлкелерге дипломатиялық миссиялар, саяхатшылап ат-
танып, Еуропаға Азия елдері мен халықтары туралы мәліметтер жеткізді.
Моңғолдар далаға орталықтандырылған өкімет идеясын әкелді, бұрын
ұйымдаспаған тайпаларды біріктірді, жаңа жағдайларға бейімделген дала
заңдарын іске қосты. Моңғолдардан кейінгі уақыттағы Қазақстан аумағын-
дағы мемлекеттерде кейін келе әлеуметтік ұйымның көптеген нормалары
мен мемлекеттік нысандары пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: