Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет42/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Әмір­Темір


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
96
өз тайпалары жалайырлар мен қыпшақтардан құралған әскерлерімен Са-
марқандты қоршауға алады. Бұл оқиғалар Әмір Темір мемлекетінде де 
оның билігіне қарсы күштердің бар екендігін көрсетіп қалды. Әсіресе Әмір 
Темірге қарсы күшті оппозиция Ходженд және оның маңында орналасқан 
жалайырлар ұлысынан төнді. Бірақ Әділ шах жалайыр мен Сары Бұға 
қыпшақ Самарқандты қорғауға аттанған Жаһангердің әскерінен жеңіліп, 
Дешті қыпшаққа қашып Орыс ханды паналауға мәжбүр болады. Бұдан әрі 
деректерге сөз берсек: «Әділ шаһ пен Сары Бұға Орыс ханға қызмет ете 
бастады. Ақырында олардың бойындағы бұзақылық пен жаман пиғыл бас 
көтеріп, Орыс хан жайлауға шыққан кезде қиянат қылышын опасыз қыннан 
суырып Ошы би деген ханның сенімді өкілімен шайқасып, оны өлтірді. 
Сонан соң ол жерден қашып шығып Жете ұлысына, яғни Моғолстанға, 
Қамар ад-Динге барып оны бүлік пен жамандық жасауға арандата баста-
ды». Егер осы мәліметтерді тереңірек талдасақ, Әмір Темірдің билігіне 
қарсы шыққан Әділ шах жалайыр мен Сары Бұға қыпшақтың Әмір Темірге 
қарсы күресте оның ең күшті қарсыласы Қамар ад-Динмен күш біріктіруге 
шешім қабылдағанына көз жеткіземіз. Осылайша, көшпелілік пен көшпелі 
өмір салтын сақтап қалуды көздеген әрі Әмір Темірдің үстемдігі мен 
тонаушылықтарына қарсы топтар біріге бастайды. Қамар ад-Дин Темірдің 
иелігі Әндіжан уәлаятына басып кіреді. Әмір Темірдің тағы бір ұлы Омар-
шейхтың әскері құрамына кіретін кадак тайпасынан құралған мыңдық
одан бөлініп, Қамар ад-Дин жағына өтеді. Қамар ад-Дин Әндіжанды басып 
алды. Бұл туралы Омар шейх әкесі Темірге Данишманд деген біреуді жі - 
беріп «бүлікшілер толық жеңіске жетіп, Әндіжанның тас-талқанын шы-
ғарды» деп хабар жеткізеді.
Бұл хабарды естіген Әмір Темір әскерімен Үзгендтке жеткен кезде қолға 
түскен тұтқындар мен олжаны алған Қамар ад-Дин әскерімен 2 күн бұрын 
бұл жерден кетіп қалған еді. Оның артынан іле-шала аттанған Әмір Темір 
әскері Қамар ад-Динді Атбасы деген жерде қуып жетеді. Жау хабарын естіген 
Қамар ад-Дин отбасы мен басқа да адамдарды басқа жерге жіберіп, өзі төрт 
мың әскермен жауды тосқауылдап қалады. Қамар ад-Диннің елі мен әскері 
туралы ешбір мәлімет біле алмай әрі оның өзін қолға түсіруден күдер үзген 
Темір әскері аймақты тонауға кіріседі. Тонау мен талан-таражға Темірдің 
қасында қалған 5 мың әскердің басшылары – Муаййад, Хитай баһадүр, Ақ-
Темір баһадүр, Шей-Али баһадүр сияқты және т.б. әмірлер де қосылып кетеді. 
Осылайша, Әмір Темірдің қасында 200-дей, келесі бір дерек мәліметі бой-
ынша 400-дей ғана әскер қалады. Осындай тиімді сәтті пайдаланған Қамар 
ад-Дин төрт мың әскерімен Әмір Темірге бас салады. Дегенмен тарихта аз 
санды әскердің өзінен саны жағынан анағұрлым артық қарсыластарын жеңуі 
туралы фактілер өте көп. Бұл жолы да дерек мәліметтері бойынша Әмір Темір 
өз қолымен Қамар ад-Динді шегінуге мәжбүр етеді.
Ортағасырлық келесі бір деректің хабарлауынша Қамар ад-Динді іздеп 
жүрген Әділ шах пен Сары Бұға Санкиз-Ағаш деген жерде онымен кездесіп, 
болашақ іс-әрекеттерінің біріккен жоспарын талқылайды. Осылайша, Сары 
Бұға қыпшақ, Әділ шах жалайырдың қолымен күш біріктірген Қамар ад-


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
97
Дин әскері мен Әмір Темір әскері Сегіз-Ағаш деген жерде кездесіп, шайқас 
болды. Қамар ад-Дин қайта шегінеді. Үш Қара баһадүр Қамар ад-Диннің 
ізінен қууға түседі. Бірақ орта жолға жеткенде Қамар ад-Дин сегіз нөкерімен 
қайта оралып, оны қоршап, атын садақпен атып өлтіреді. Өзі жаралы, жаяу 
қалған баһадүрді Қамар ад-Дин өлтіруге тыйым салып, тірі қалдырады. Ол 
жаяу, жаралы күйінде аман қалады.
Қамар ад-Дин әскері жеңілгенімен, оның басты күштері негізінен сақ-
талып қалады. Қамар ад-Дин өз тайпасы дулаттар және оның билігін мойын - 
даған өзге ру-тайпалардан құралған елін алып, Моғолстанның түкпір аймақ-
тарына көшіп кетеді. Темір көшкен елдің жұртын тонап, қолға түскен ол-
жасымен Мәуереннахрға қайтып оралады. Қамар ад-Дин негізгі күшін сақ - 
тап қалғанымен, осы жолы үлкен шығынға ұшырайды. Жалпы Қамар ад-
Дин және Моғолстанның өзге де дербес билеушілері Темірге қарсы күресте 
көшпелілердің ежелгі әдісі – қоныс аударып кетуді жиі пайдаланған. Осы-
лайша олар өздерінен бірнеше есе асып түсетін жауға тиімді тойтарыс бере
білген. Темірдің ресми тарихын жазған авторлардың барлығы дерлік Темірдің 
Қамар ад-Динге қарсы күресін сипаттай келе, соңғысының бұл әрекетін 
қашып кетуге мәжбүр болды, «жеңілді», «тоз-тозы» шықты деп бағалайды. 
Әрине, бұл бағалар белгілі бір дәрежеде шындықты білдіргенімен, оны 
толық ашып көрсете алмайды. Мұның себебі көшпелілер мен отырықшы 
халықтардың дүниетанымдық түсініктеріне барып тірелсе керек. Көшпелілер 
мен отырықшы халықтардың құндылықтар өлшемі және оларға қатысты 
қалыптасқан таным-түсініктері бір-бірінен ерекшеленеді. Мәселен, отырық-
шы халықтар үшін ең маңыздысы – жер. Жер шаруаның тіршілік көзі, оның 
болашағы, оның сенімді тірегі. Жерден айырылу өліммен тең. Ал көшпелілер 
үшін керісінше, ең алдымен, елдің амандығы басты құндылық. Ежелден 
рулық, қауымдық тіршілікке бейімделген көшпеліге өз руластары, қандаста-
ры мен елінің ішінде жүрсе ғана бүгіні мен болашағының қауіпсіздігін 
қатамасыз ете алады. Елден айрылып жалғыз қалу – табиғаты қатал, негізінен 
көшпелі мал шаруашылығы дамыған далада жалғыз қалып өмір сүру емес, 
тіршілік қана ету дегенді білдіреді.
Сондықтан Қамар ад-Дин де ең алдымен елдің амандығын сақтап қалу 
үшін осындай амал-әрекетке барған. Әмір Темірдің әр шапқыншылығы 
басталған тұста Моғолстанның көшпелі өмір салтын ұстанатын ру-тай-
палары өткелі қиын таулы аймақтарға көшіп кетіп, мұнда бірнеше ұсақ-
ұсақ топтарға бөлініп, шашырап қалатын. Ал жау әскері кеткеннен кейін 
келесі шапқыншылыққа дейін қайта оралатын. Міне, көшпелілердің бұл 
әрекетін отырықшы халықтардың өкілі болып табылатын Темірдің тарих-
шылары «Қамар ад-Диннің жеңілісі» деп бағалауының сыры осында жа-
тыр. Бұл жерде ортағасырлық тарихшылардың бағалауынша Қамар ад-Дин 
Әмір Темірден күл-талқан болып жеңілсе, онда оған қарсы он жылға жетер-
жетпес уақытта жеті дүркін жорық жасаудың қандай қажеттігі болды деген 
сұрақ туындайды.
Дегенмен Қамар ад-Дин Әмір Темірге қарсы күресте жеңілмей, ел-
жұртын аман алып қалғанымен, бұл шапқыншылықтар мен Моғолстан 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
98
халқы үшін із-түссіз кеткен жоқ. Жау тырнағынан аман қалу үшін қайта-
қайта көшу барысында олар малынан, жанынан айырылып, шығынға 
ұшырады. Көшкен жұрттың артынан жаудың алдын торуылдап қалған 
әскерлер ауыр шайқастарда қаза тапты. Ал кейде жау табан астынан басып 
кіргенде көшуге үлгере алмай қалған ел талан-таражға түсіп, тонаушылық 
пен қырғынға ұшырады. Осылайша, Моғолстан халқын құраған ру-тайпалар, 
соның ішінде дулаттар Әмір Темірдің шапқыншылығынан ауыр зардаптар 
шекті. Сегіз ағаш (Секиз-Ағаш) түбіндегі шайқастан кейін Әмір Темірдің 
Атақұм арқылы Сырдарияның жағасына, одан Самарқандқа аттанғанын 
айттық. Ол Самарқандқа оралысымен Қамар ад-Динге қарсы жасаған 
төртінші жорығы барысында Қамар ад-Диннің одақтастары ретінде өзіне 
қарсы шайқасқан өзінің бұрынғы әмірлері Әділ шах жалайыр мен Сасы-
Бұға қыпшақты іздестіруге кіріседі. Қарсыластарының біріккен әскерін 
жеңгеннен кейін Әмір Темір олардың жеке-жеке көзін жоюды көздесе ке-
рек. Жоғарыда аталған шайқастан кейін «Қамар ад-Дин қашып құтылған 
соң, ол арнайы адам жібертіп, Әділ Шахты іздестіреді. 1376 жылдың аяғына 
таман Әділ-Шахтың Сырдария мен Талас өзендерінен оңтүстік-шығысынан 
солтүстік-батысқа қарай созылып жатқан Қаратау тау жоталары бойын-
да жүргені туралы хабар келеді. Әділ-Шахқа қарсы аттанған Барат-қожа 
Күкелташ пен Елші Бұғы атты әскермен Самарқанд қаласынан шығып, 
Қаратауға аттанады. Отырар қаласынан қосымша жасақ алғаннан кейін 
олар Әділ-Шах жалайырдың соңынан мықтап түседі. Қаратау баурайында 
Дешті Қыпшақты бақылап отыру үшін тұрғызылған Ақсума деп аталатын 
мұнара түбінде Әділ шах қолға түсіп, өлтіріледі».
Ал Сасы-Бұға Қыпшақ қашып құтылады. Әмір Темірдің баласы Омар-
Шейхқа Ақ-Бұға, Хитай баһадүр және т.б. әмірлерімен бірге Қамар ад-
Диннің артынан түсіп, көзін жоюға тапсырма береді. Екі жақтың әскері Ку-
ра-Тау (Қаратау) деген жерде кездесіп, Қамар ад-Дин жеңіліске ұшырайды. 
Темірдің әскерлері Қамар ад-Диннің елі мен ұлысын тонап, көптеген олжаға 
кенеліп, тұтқындарды алып қайтады.
Міне, Әмір Темірдің Қамар ад-Динге қарсы жасаған төртінші жорығы 
осындай нәтижелермен аяқталады. Бірақ арада біраз уақыт өтпей жатып-ақ 
Әмір Темір осы жылы (1377 ж.) Қамар ад-Динге қарсы тағы әскер жібереді. 
Осылайша, Әмір Темірдің Моғолстанға бесінші жорығы басталады. Біз бұл 
жорықтардың барлығы дерлік Қамар ад-Дин дулатқа қарсы бағытталғанын 
байқаймыз. Себебі Ильяс Қожа хан өлтірілгеннен кейін Моғолстандағы 
билікке ұмтылған Қамар ад-Диннің билігі бүкіл елге жүрмегенімен, оны 
дулаттардан басқа ру-тайпа билеушілері жоғарғы билеуші деп танығанын 
көреміз. Себебі деректердің көпшілігі алғашында бұл жорықтарды «Қамар 
ад-Динге қарсы» жорық деп атап көрсетсе, соңғы жорықтар туралы жаз-
ғанда «Моғол ұлысына қарсы», «Жете ұлысына» қарсы жорық ретінде 
бағаланады. Бұл дегеніміз замандастарының көпшілігінің Қамар ад-Динді 
Моғолстанның жоғарғы билеушісі ретінде қабылдағанын көрсетеді.
Әмір Темірдің екінші ұлы Омар-Шейх бастаған әскер мен Қамар ад-
Дин әскерінің арасындағы ең ірі шайқас Аба-құм деген жерде өтті. Екі 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
99
жақтан да шығын өте көп болады. Дерек тілімен айтсақ, «Омар Шейхтың 
бұл жеңісінен кейін Қамар ад-Диннің күші сарқылады, ал оның бұған 
дейін шағатайлардың шапқыншылығынан аман қалған Моғол ұлысының 
әскеріне тұтқынға түседі». Яғни бұл шайқаста екі жақ та табан тіресе, аян-
бай шайқасқандарымен, Қамар ад-Дин қолы жеңіліс табады. Дерек мәлі-
меттеріне қарағанда бұған дейінгі шайқастармен салыстырғанда, бұл шай - 
қастың Қамар ад-Дин және оның елі үшін аса зор зардапты болғанын 
байқаймыз. Дегенмен қанша зор шығынға ұшырағанымен, Қамар ад-Дин 
жау тырнағынан аман қалады. Бар жағдайды көз жазбай бақылап отырған 
Әмір Темір Қамар ад-Диннің түпкілікті көзін жою үшін өзі жеке әскер бас-
тап, іле-шала Омар-Шейхтың артынан аттанады. Ол Қамар ад-Диннің аман 
қалған күшін құрту үшін Қашқарға дейін барады. Ол Қамар ад-Динмен 
Боам шатқалында (Шу аңғарынан Ыстық көлге барар жолда орналасқан 
– авт.) кездесіп, шайқас болады. Бірақ бұл жолы да Қамар ад-Дин аз 
ғана адамымен аман құтылып кетеді. Ал Темір осы кезде Шығыс Дешті 
Қыпшақтан Тоқтамыс оғланның өзінен пана іздеп келгені туралы хабар 
алады. Сондықтан осы хабарға байланысты әрі Қамар ад-Динді енді қолға 
түсіре алмасын білген соң ордасына қайтады. Бұл жорықтың орасан зор 
ауыр салдары болғандығы соншалық, Моғолстан аймағы бұл жолғы тонау 
мен қырғынның салдарынан ұзақ уақыт айыға алмады. Деректердің хабар-
лауынша осы кезден бастап Мәуереннахр мен өзге де елдерде моғол гулам-
дары мен құлдары пайда болады». Басқаша айтқанда Әмір Темір тұтқынға 
түскен Моғолстан халқын құлдыққа сатып жіберген.
Қамар ад-Диннің Әмір Темірдің шапқыншылығына қарсы соғыс та-
рын дағы жеңілістерінің легі оның Моғолстандағы беделіне әсер етпей 
қоймады. Соңғы жылдардағы үздіксіз шапқыншылықтардан көз ашпаған 
Моғолстаның халқы ауыр зардаптарды бастарынан кешті. Әмір Темір осы 
жолғы жеңісінен кейін бес жылдай уақыт Моғолстанға шапқыншылығын 
тоқтатады. Бұл жылдарда Қамар ад-Дин ауыр соққыдан ес жиып, бытырап 
кеткен ел-жұртын жинаумен, бейбіт тіршілікті қайта қалпына келтірумен 
айналысса керек.
Әмір Темірдің бұл жорықтарымен Моғолстан халқын, соның ішін де
Қамар ад-Дин басқарған дулаттарды зор шығынмен қырғынға ұшырат-
қанымен, оларды түбегейлі бағындыруға қол жеткізе алған жоқ. Бірақ Әмір 
Темірдің шапқыншылықтарының зардаптары да өте ауыр болды. Дегенмен 
халық бұл шапқыншылықтардың зардаптарынан айығып келе жатты. 
Сондықтан 1383 жылы Темір Моғолстанға қарсы тағы да әскер аттан-
дырады. Әмір Темір әскерінің басшысы ретінде тағайындалған ұлы Әли 
ханзада барын тайпасының қарсылығына ұшырап, Қамар ад-Диннің «көзін 
жоюдан» үміті үзіліп, кері шегінуге мәжбүр болады. Әмір Темір бұл хабар-
ды алысымен Шейх-әли баһадүр, Сайф ал-Мүлік, Итилмиш пен Арғын-шах 
ахтачи бастаған әскерді қосымша аттандырады. Жақын арада бұлардан бір 
хабар келмеген соң өз ұлы Жаһан-шах бастаған, Елші-Бұғы, Шамс ад-Дин, 
Үшқара, Сайн Темір баһадүр басқарған 10 мың әскерді тағы аттандырады. 
Екі топ Атақұмда кездесіп, барын тайпасын қырғынға ұшыратады. Бірақ 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
100
Қамар ад-Дин бастаған дулаттар қолға түспейді. Жаһан Шах әкесінен алған 
нақты тапсырма бойынша Қамар ад-Диннің артынан түседі. Ол әскерімен 
Ыстықкөлден өтіп, Көктөбеге дейін жетеді. Бірақ Қамар ад-Динді қолға 
түсіре алмай, амалсыз кері қайтуға мәжбүр болады. Қамар ад-Дин бұл жолы 
өз ұлысымен Жетісудың солтүстігіне кетіп үлгерген еді.
Жоғарыда Қамар ад-Дин ұлысына негізінен тек дулаттар ғана емес, 
Жетісудың өзге де көшпелі тайпалары кіргенін айтқан едік. Мәселен, 
1383 жылғы жорықта көп қырғынға ұшыраған барын тайпасы Қамар ад-
Дин билігін мойындаған, оның ұлысына кірген тайпалардың бірі болған. 
Қамар ад-Диннің жеңілістері, оның қол астына қараған ел жұртының жау 
шапқыншылығынан ауыр зардаптар шегуі, Қамар ад-Диннің ұлыс билеу -
шісі ретіндегі беделін төмендетті. Сондықтан оның билігін мойындаған 
тайпалар бірте-бірте одан бөліне бастады. Мұндай қолайлы сәтті Қамар
ад-Диннің жеке дара билікті иеленуін қаламаған басқа дулат әмірлері тиімді 
пайдаланып қалуға ұмтылды. Әмір Болатшының ұлы Хұдайдад әкесінің
саясатын жалғастырып, Шағатай ұрпақтарынан хан сайлау арқылы өздері-
нің билігін нығайтуға ұмтылды. Негізінен, Маңғылай Сүбе иелігіндегі ду-
латтар Шығыс Түркістан мен оңтүстік Тянь-Шяньдағы отырықшы-егінші 
аймақтардың мүддесін қорғады. Сондықтан олар Қамар ад-Дин бастаған 
көшпелі және жартылай көшпелі ру-тайпалар және олардың билеушіле рі - 
нің ұстанған бағытымен салыстырғанда Әмір Темірмен жақындасу, одақ-
тасу саясатын ұстанды.
1389 жылы Хұдайдад дулат бастаған топ Тоғылық Темір ханның ұлы 
Қызыр Қожаны Моғолстанның ханы деп жариялайды. Бірақ Қамар ад-Дин 
бастаған дулаттар мен оның ұлысына кірген өзге де ру-тайпа билеушілері 
Қызыр Қожаны жоғары билеуші деп танудан бас тартады. Мұхаммед Хай-
дар Дулатиге сүйенсек, әмір Хұдайдад Қамар ад-Дин кезінде Тоғылық Темір 
ханның ұлы Ильяс қожа ханның және оның туыстарының көзін жойып, 
жоғарғы билікке ұмтылған тұста, Қызыр Қожаны Мир аға деген шешесімен 
бірге жасырып үлгерген. Сөйтіп, оны Бадахшан мен Қашқар арасындағы 
тауға алып кетіп, асырап сақтаған. Мұхаммед Хайдар Дулати Қызыр Қожа 
«Қамар ад-Диннің көзі жойылған соң халық өзіне хан іздей бастайды. 
Әмір Хұдайдад әлгі аймаққа кісі жіберіп, Қызыр Қожа ханды алғызады», 
– деп жазады. Бірақ Әмір Темір мен оның ұрпақтарының тарихын жазған 
авторлардың еңбектерінде Қызыр Қожа хан мен Қамар ад-Диннің есімдері 
жиі-жиі бірге аталады. Осы деректерге сүйене отырып, Қызыр Қожаның 
Қамар ад-Диннің тірі кезінде-ақ хан деп жарияланғанын көреміз.
Осындай жағдайда Әмір Темір 1389 жылы Моғолстанға қайтадан басып 
кіреді. Бұл жолғы жорық бұдан бұрынғы шапқыншылықтармен салыстырған-
да көлемі жағынан да, салдары жағынан да аса үлкен әрі ауыр соғыс болады. 
Бұл жорықты ұйымдастырудың бірнеше себептері болды. Соның бірі саяси 
өмірде орын алған біраз өзгерістермен де тікелей байланысты болды.
Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын Әмір Темірді барып паналаған 
Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда мемлекетін біріктірген күшті мемле-
кеттің билеушісіне айналады. Сондықтан ол көп ұзамай Әмір Темірге қарсы 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
101
шыққаны белгілі. Міне, осындай жағдайда Қамар ад-Дин бастаған дулаттар 
және Моғолстанның өзге де ру-тайпаларының билеушілері Тоқтамыспен күш 
біріктіре бастайды. Кезінде Қамар ад-Диннің Темірге қарсы күресінде оның 
одақтасы болған Қажыбек аркинуттың бауыры Елге-төре де өз ұлысымен 
бұл одаққа бірігеді. Осы кезде Тоқтамысқа қарсы жорыққа дайындалып 
жатқан Әмір Темірге оның әскери қолбасшылары алдымен Тоқтамыстың 
одақтастарын талқандап, өз тылын қауіпсіздендіріп алуға кеңес береді. 
Осылайша, Әмір Темір бастаған үлкен әскер Моғолстанға аттанады. Осы 
сәтте Қамар ад-Диннің ұлысына қарайтын және Моғолстан аймағындағы 
өзге де ру-тайпалардың қолдауына ие болу үшін Маңғылай Сүбедегі дулат 
әмірлері Қызыр Қожа ханды Темірге қарсы коалицияға қосылуға көндіреді.
Бірақ одақтастар, әсіресе Моғолстанның бір-біріне бағынудан бас 
тартқан дербес билеушілері дер кезінде ортақ іс-қимылдың жоспарын жа-
сап үлгере алмайды. Темір әскері басып кірген қауіпті сәтте Тоқтамыстан 
да көмек келмейді. Орасан зор әскермен Моғолстанға басып кірген Темір 
әскері еш жерден ұйымдасқан, табанды қарсылыққа кездесе қоймайды. 
Себебі тұрғындардың барлығы дерлік мал-мүлкімен, дүниесімен шығысқа 
қарай жөңкіле көшкен еді. Сондықтан Темірдің үлкен әскері негізінен су 
мен азық-түліктің тапшылығынан зардап шегеді. Әскерлер шаршап, ат-
тар көтерем болуға айналған соң Темір әскердің үштен бір бөлігін кері 
қайтаруға мәжбүр болады.
Әмір Темір Моғолстанға жорығын әл-Қошын деген жерден бастап, 
Бөрібасы мен Төпелік-Қарақ арқылы Өрлек (Орлак, Ознак, Ортас) атты та-
улы асудан өтеді. Одан әрі Атқан-Сүрі деген жер арқылы Айғыржал, Улан-
Чарлыг, Шапар-Айғыр (Шыбар Айғыр) атты жазықта Елге төренің әскерімен 
кездесіп қалып, шайқаста жеңеді. Қашып құтылған Елге төренің артынан 
әскер аттандырады. Бірақ келесі күні Темір әскері жолдан адасқандарын 
біліп, Қыйан-қазы арқылы жолға оралып, келесі күні Аягөзге жетеді. Осы-
дан кейін Темір әскерін екіге бөліп, өзі Тарбағатайдың батысына қарай, ал 
оның баласы Омар-Шейх Қобық өзені жағалауында Елге төрені жеңеді. 
Баласының әскерімен кездесіп, Итішпес Алакөл арқылы Қара-Гучурге 
қайтып оралады. Осы жерден бір отрядты Ертіске аттандырады. Өзі Еміл 
бойына тоқтап, осы жерден Моғолстанның оңтүстік бөлігін тып-типыл 
ету үшін бар әскерін бірнеше топқа бөліп аттандырады. Бұлар соңында 
Жұлдызда кездесуі тиіс болады. Осы бұйрыққа сәйкес Түркістандағы 
(Темір мен Моғолдардың иелігі арасындағы шекаралық аймақ) әмірлер өз 
әскерлерімен Үш-Дабан арқылы Іле өзенін кесіп өтіп, Сайрам көлі бойы-
мен жүріп отырып Чичеклик, Балайқаз деген жерлер арқылы Жұлдызға 
оралуы керек болды. Бұл әскер осы жолды дулат әмірлерінің бірі Құдайдад 
бастаған топтың қолдауымен билікті иеленген Қызыр Қожа ханның әскерін 
кездестіреді. Екі жақта екі күнге созылған, бірін-бірі аңдысқан шайқастан 
кейін келісімге келіп, айырылады. Қызыр Қожа ханның орналасқан жері ту-
ралы нақты мәлімет алған Темір өз әскерімен тез жылжып, оның ұлысының 
тас-талқанын шығарады. Қызыр Қожа ханның ұлысының аман қалған адам-
дары бас сауғалап, Турфан жаққа қашады. Бұл жерде де оларды Омар-Шейх 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
102
әскерлері «жер бетінен жойып» жібереді. Қызыр Қожа ханның ұлысын 
талқандағаннан кейін Темір әскері көп олжамен Мәуереннахрға қайта ора-
лады. Темірдің бұл жорығы Моғолстан халқы үшін алдыңғы жорықтармен 
салыстырғанда өте ауыр болды. Темір осы жолы Моғолстан халқын түгел 
жойып жіберуді мақсат тұтса керек. Оның бірнеше топқа бөлінген әскерлері 
бүкіл Моғолстан аумағын сүзіп өтіп, көздеріне көрінген жандардың бәрін 
қырып, тұтқындап, мал-жандарын олжалап алды. Темірдің бұл жорығы 
туралы жазған ортағасырлық авторлардың ешқайсысы Қамар ад-Диннің 
Темірмен шайқасы туралы хабарламайды. Дегенмен біз бұл кезде Қамар 
ад-Дин басқарған әскерде Темір әскерімен шайқасқаны анық. Себебі, 
Әмір Темірдің Моғолстанға осы жолы басып кіруінің себебі де оған қарсы 
Қамар ад-Дин, Елге-Төре және т.б. Моғолстандағы ірілі-ұсақты ұлыс би-
леушілерінің Тоқтамыспен құрған одағын жоюдан туындағанын айтып 
өткенбіз. Осы жолы Әмір Темір Моғолстанды қаншалықты қырғынға ұшы-
ратқанымен, келесі 1390 жылы қайтадан 25 мың әскер оның алдыңғы жылғы 
жорықтан аман қалған ел-жұртын толық жою үшін аттандырады. Темірдің 
бұл әскері көбінесе қаңырап қалған бос өлкені бекер кезіп қалады.
Тек Қаратал өңірінде ғана Қамар ад-Диннің ұлысынан аман қалған 
жұртын кездестіреді. Қуғыннан аман құтылу үшін Қамар ад-Дин оларды 
алып, Ертістен ары өтіп, Телеу көлінің маңына кетеді. Бұл жерде оның 
адамдары шашырап кетеді, ал Қамар ад-Диннің өзі осы кезден бастап ха-
барсыз кетеді.
Мұхаммед Хайдар Дулати Қамар ад-Диннің соңғы күндері туралы 
халық арасында сақталып қалған мынандай бір әңгімені жазады: «Әмір 
Қамар ад-Диннің өмірінің соңғы сәттері туралы Моғолстанның сенімді 
адамдарының айтуы бойынша ол Кол Качурде шемен ауруына шалдығып, 
дертінің күшейіп кеткендігі соншалық, кіндік астының терісі жарылып, 
сұйық зат тиылмаған. Дәл осы мезетте Әмір Темірдің қолы оған қарай бет 
алғанын естіп жатты, алайда оның атқа мініп, тізгін ұстауға әл-дәрмені 
жетпеді. Әйтеуір елі оны бірнеше күнге жететін азық-түлікпен жанына 
екі адам және емші қосып, орман ішіне жеткізген болатын. Қалған кісілер 
қашып кетті. Қуғыншылар оны және оның адамдарын орман ішінен қанша 
сарылып іздесе де таба алмай қойды».
Қамар ад-Диннің ізіне түсіп, оны Ертістің арғы бетінен де таба алмай 
қойған Темір әскері ормандардағы ағаштарды таңбалап кетеді. Бұл тәсіл 
арқылы Темір өз билігінің Алтайға дейін жеткенін дәлелдегісі келсе керек.
Сонымен, Қамар ад-Диннің Әмір Темірдің шапқыншылығына қарсы 
ұзақ жылдар бойы жүргізген күресі осылайша аяқталды. Әмір Темір өзінің 
үздіксіз шапқыншылықтарының нәтижесінде Моғолстан халқын үлкен қыр-
ғынға ұшыратты. Моғолстан жорығының белгілі зерттеушісі К.А. Пищули-
на жазба дерек мәліметтеріне сүйене отырып, Моғолстанның барлық халқы, 
соның ішінде кейінірек қазақ халқының негізін құраған дулаттар, керейлер, 
үйсіндер, қаңлылар және т.б. ру-тайпалардың зардап шеккенін атап өтеді.
Қамар ад-Дин қайтыс болғаннан кейін Моғолстандағы жоғарғы билікке 
әмір Болатшының ұлы Хұдайдад әмір бастаған дулат әмірлері ұмтылып, 


V тарау. Қазақстан аймағы Моғолстан құрамында 
103
қалыптасқан дәстүр бойынша Шағатай ұрпақтарының бірі Қызыр Қожа 
ханды билікке әкеледі. Бұл хан көп ұзамай өзін Әмір Темірдің вассалымын 
деп жариялайды. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау