Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет32/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Ақ Орда мен Көк Орда туралы пікірталастың маңызы неде?
2. Ақ
­
Орда атауы Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы мемлекетке қатысты 
деген пікірді жақтаушылар қандай жазба деректерге сүйенеді?
3. Ақ Орда және Көк Орда туралы пікірлерді талдаудағы Өтеміс қажының ең-
бегінің өзіндік ерекшелігін көрсетіңіз.
4. Зерттеушілердің талқылауы барысында Шибан ұлысы қай Ордаға жатқы зылды? 
§­4.­Ноғай­Ордасының­құрылуы­мен­күшеюі
Ноғай Ордасы – Алтын Орданың ыдырауы мен Ақ Орданың әлсі-
ре уі барысында Қазақстанның батыс аумағында пайда болған мемлекет.
Мемлекеттің этникалық негізін маңғыт тайпалар одағы құраған. Мемле-
кеттегі билеуші әулет осы тайпаның өкілдері болып табылады. Ал ноғай, 
ноғайлықтар, Ноғай Ордасы деген терминдер әдебиеттерде XV ғасырдың 
соңында пайда бола бастайды. Оған дейін Маңғыт ұлысы немесе Маңғыт 
хұрты, маңғыттар деген атаулар қолданылып келеді. 
Зерттеушілер ноғайлардың этногенезін моңғол және жергілікті қыпшақ 
тілдес тайпалармен байланыстырады. Ноғай Ордасының құрамына маңғыт-
тармен бірге қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенегес, 
қарлұқ, алаш, тама және басқа рулар мен тайпалар енеді. 
XIII ғасырдың екінші жартысында Жошы ұлысының ең батыс бөлі-
гіндегі ұлыста Жошы ұрпақтарының бірі, түмен басы Ноғай билік құрып, 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
74
ол өз заманында ірі саяси тұлғаға айналады. Тіпті, өз ұлысын дербес мем-
лекет қылуға күш салады. Жазба деректерде Ноғайдың бұл әрекеті «Ноғай 
бұлғағы» деп аталады. 1299-1300 жылы Ноғай қаза тапқаннан кейін ұлыс 
таратылып, оның құрамында енген ру-тайпалардың бір бөлігі Еділ мен 
Жайық өзендерінің аралығына көшіріледі. 
Ноғай Ордасының негізгі аумағы Еділ мен Жайық өзендерінің ара-
лығында, Еділдің төменгі бойында болатын. Негізінен көшпелі мал шаруа-
шылығымен айналысқан ноғайлар Жайықтың сол жағалауы бойында көшіп-
қонып жүрді, олардың көшіп жүретін жерлерінің аумағына: солтүстік-
шығыста Батыс-Сібір ойпатына дейінгі, солтүстік-батыста Қазанға дейінгі, 
оңтүстік-батысында Аралдың солтүстігіне дейінгі жерлер жатты. Олар 
кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейін, Орталық Қазақстанға, Сырдың орта 
және төменгі ағысы бойына дейін көшіп баратын. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау