Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет34/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. «Ноғай» этнонимінің мәні мен ноғай этносаяси қауымдастығының этника-
лық құрамын талдаңыз.
2. Ноғай Ордасының құрылуының барысын сипаттаңыз.
3. Ноғай билеушілері ұстанған екі бағытты талдаңыз.
4. Ноғай Ордасының ыдырау үдерісі қалай жүрді?


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
76
§­5.­«Көшпелі­өзбектер»­мемлекетіндегі­этносаяси­
­­­­­­­­үдерістердің­дамуы
Тарихта «көшпелі өзбектер» мемлекеті немесе Әбілқайыр хандығы 
деген атпен белгілі мемлекет өзінің этникалық, саяси және шаруашылық 
құрылымы жағынан алғанда өзіне дейінгі Ақ Орда мемлекетінің заңды 
жалғасы болды. Ақ Орда мемлекеті сонау Алтын Орда мемлекетінің негізін 
қалаған Бату хан тұсында ағасы Орда Еженнің ұлысы ретінде шығыс бөлігі 
Алтай таулары мен Ертіс өзені, Балқаш көлінен Сырдария алабы мен Арал 
теңізінің солтүстігіне дейінгі ұлан-байтақ өңір және оған іргелес жерлерді 
қамтыған аумақта құрылды. Ал бұл өлкенің негізгі халқын қыпшақ, қаңлы, 
үйсін, жалайыр, алшын, қарлық, найман, керей, арғын, қоңырат және т.б. 
ру-тайпалар құрады. Бұл тайпаларды біз Қадырғали Жалайыри көрсеткен 
«Алаш мыңының» негізін қалаған негізгі ру-тайпалар деп атай аламыз. 
Тарих ғылымында «Көшпелі өзбектер» мемлекеті немесе Әбілқайыр 
хандығы деп аталған бұл мемлекеттің тарихына қатысты даулы мәселелер 
көп. Зерттеушілердің кейбір тобы оны жеке дербес мемлекеттік құрылым 
ретінде қарастырса (Б.А. Ахмедов), екіншілері оның жаңа қалыптасып келе 
жатқан, өтпелі кезеңдегі мемлекеттік құрылым (В. Трепавлов), үшіншілері 
Әбілқайыр хандығын «көшпелі өзбектер» мемлекеті деп танудан бас тар-
тады (З. Қинаятұлы). Аталған мәселе біздің негізгі зерттеу нысанымыз бол-
мағандықтан оларға тоқталмаймыз. Дегенмен Әбілқайыр хан Ақ Орданың 
бұрынғы астанасы Сығанақта 20 жыл отырып, Сібірдің оңтүстік шебінен 
Сырдария жағалауы, Қаратау бөктеріне дейінгі аумақта 40 жыл билік құр-
ғаны тарихтан белгілі. 
Ақ Орда мемлекетінің көрнекті мемлекет басшылары – Орыс хан мен 
Барақ ұрпақтарының билігі оның оңтүстік аудандарында ХV ғасырдың 
20-жылдарынан кейін де сақталып қалды. Ал оның басқа аумағында бірнеше 
феодалдық ұлыстардың билеушілері жеке дара билікке ұмтылды. Солардың 
ішіндегі ең ірілерінің бірі Әбілқайыр хандығы болды. 
XV ғасырдың 20-жылдарында бұрынырақта Алтын Орда иелігіне кіріп, 
бірақ оның әлсіреу кезеңінде одан біраз уақыт дербес мемлекет ретінде 
өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің далалық аумақтарында жаңа әулет
саяси билікке келеді. Атап айтар болсақ, Жошының үлкен ұлы Орда Ежен 
ұрпақтары билеген Ақ Орда мемлекетінде 1428 жылы ұзақ саяси күрестен 
кейін Жошының тағы бір баласы Шайбаннан тарайтын Әбілқайыр билікті 
иеленеді. Бұл оқиға туралы ортағасырлық авторлардың бірі Махмуд бен 
Уәли «Бахр ал-асрар» атты еңбегінде былай деп жазды: «Жәнібек хан 
(өмірінің) аяқталу мезгілінің ең шегі болған хижра бойынша 758 жылдың 
(1356-1357 ж.) басынан Шайбан ұрпақтары шығуының басы болған хиж-
ра бойынша 835 жылдың (1431-1432 ж.) ортасына дейін Дешті Қыпшақ 
мемлекетінің тағы ақылды падишах пен жігерлі билеушісіз қалды, сол 
себепті дін мен мемлекет істерінің құрылысында жүгенсіздік пайда бол-
ды, сол аумақтағы қоғамды (байланыстырушы) арқау үзілді, сөйтіп, бірлік 
жойылды». Міне, Алтын Орда мемлекетінің әлсіреуі мен ыдырауына байла 


IV тарау. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы XIV-XV ғасырлардағы этносаяси өзгерістер
77
нысты орын алған осындай тұрақсыз заманда Жайықта және оның батысы-
на қарайғы аумақты иеленген Ноғай Ордасы дербестеліп, күшейе түсті. Ал
Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл 
мен Еділдің жоғарғы ағысында Шайбани ұрпақтары, Сарысу, Жем аралығы 
мен Арал өңірінде Жұмадық хан, Тобыл мен Есілдің оң жақ саласы Атбасар 
аралығында Махмуд Қожа хан және т.б. күшейеді.
Ақ Орданың әлсіреу кезеңі мен Дешті Қыпшақ даласының әр өңірінде 
дербес билікке ұмтылған билеушілер заманында Шайбани ұрпағы Әбілқайыр 
олардың барлығын 20 жылға созылған күрестің нәтижесінде жеңіп шығып, 
өз билігін орнатады. Шайбани ұрпағы Дәулет-Шайхтың баласы Әбілқайыр 
Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан деп жарияланды. Сонымен, хижраның 833 
жылы (1428-1429 ж.) 17 жасында хан сайланған Әбілқайырды сол кездегі 
ру-тайпалардың ықпалды өкілдері толығымен қолдайды. Әбілқайырдың 
жеңісінің де сыры осында жатса керек. Бұл туралы жазған Махмуд ибн Уәли 
Әбілқайырды екі жүздей ру-тайпа өкілдері қолданғанын айтады. Олардың 
ішінде сол кездегі белді әрі ықпалды ру-тайпалар: қыпшақтар, найман, 
маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, кенегес және т.б. аталады.
1428-1429 жылғы Әбілқайырдың Тура қаласын алғаны туралы хабар 
бүкіл Дешті Қыпшақ даласына лезде тарап кетеді. Бұл жеңіс Әбілқайыр 
маңына басқа да ру-тайпалардың көптеп топтасуына жағдай жасады. 
Әбілқайыр хан өзінің алдына тек Шайбан ұлысын ғана қалпына келтіріп 
қоймай, өз билігін бір кезде Алтын Ордаға бағынған облыстардың бәріне, яғни 
Жайық (Орал) өзенінен шығысқа қарай орналасқан аумаққа орнату мақсатын 
қойды. Әбілқайыр хан алдына қойған мақсатын орындау үшін ең алдымен 
Шығыс Дешті Қыпшақтағы жоғарыда айтып өткен тәуелсіз ұлыс билеушілерін 
бағындырудан бастайды. Ол 1430 жылы Махмұд қожаға қарсы аттанады. 
Әбілқайыр әскері Махмұд Қожа ханды Тобыл өзені бойында талқандайды.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау