IV тарау. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы XIV-XV ғасырлардағы этносаяси өзгерістер
75
Ноғай Ордасы бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтың ХV ғасырдағы саяси
өмірінде маңызды рөл атқарады. Едіге ұрпағы Уақас бидің билігі тұсында
ол Әбілқайыр ханмен жақындасып, маңғыттар «көшпелі өзбектердің» құра-
мындағы тайпалық одақтың бірі болады. Оның мұрагерлері Жаңбыршы,
Хорезми бек, Мұса билер кезінде Ноғай Ордасы дербес саясат жүргізеді.
Әсіресе Мұса бидің тұсында Ноғай Ордасы бұрынғы Жошы ұлысы аума-
ғындағы ең мықты мемлекеттердің бірі болып, бүкіл аумақтағы саяси үр-
дістерде маңызды рөл атқарады.
Ноғай Ордасы XVI ғасырдағы өзінің саяси дамуында үш рет үлкен саяси
дағдарысты басынан өткереді. Олардың бәрінің себебі біреу ғана болды, ол –
маңғыт мырзалары арасында билік үшін күрес болды. Алғашқы саяси дағдарыс
XVI ғасырдың екінші он жылдығында Мұса би қайтыс болғаннан кейін оның
үлкен ұлдары арасында өтеді де, сол ғасырдың 20-жылдары аяқталады.
Екінші үлкен саяси дағдарыс XVI ғасырдың 50-жылдарының ортасын-
да болады. 1552 жылы Қазан хандығын Мәскеу княздігі жаулап алғаннан
кейін орыс патшасының ықпалы артып, ноғайлық мырзалар арасында
Мәскеуді жақтайтын және оған қарсы топтар пайда болады. Мұса бидің
кіші ұлдары Жүсіп пен Исмайыл бір-біріне қарама-қарсы топтарда болып,
олардың арасындағы күрестер 1555 жылы Исмайылдың Жүсіпті өлтіруі-
мен аяқталады. Бұған қоса 1550 жылдары ноғайлар арасында басталған
жұт халықтың көптеп аштан қырылуына, басқа елдерге көшіп кетуіне алып
келеді. Көптеген рулар мен тайпалар Қазақ хандығының құрамына келіп
қосылады.
Екінші саяси дағдарыс барысында Ноғай Ордасы бірнеше ордаларға
бөлініп кетеді. Олар Үлкен Ноғай Ордасы, Кіші Ноғай Ордасы, Алтыұл
ноғайлары, Жембойлық ноғайлар деп аталынды.
XVI ғасырдың екінші жартысында Үлкен Ноғай Ордасында саяси
жағ дай біршама тұрақтанады. Бірақ сол ғасырдың соңында тағы да билік
үшін күрестер өрбіп, ол Оразмұхаммед бидің өлтірілуімен аяқталады. Бұ-
рынғы кішігірім ордалар тағы да өз ішінде жіктеле бастайды. Мұндай жағ-
дайды XVII ғасырдың алғашқы отыз жылында ойраттардың бір бөлімі
– торғауыттар шебер пайдаланып, бұрынғы Ноғай Ордасының жерін ба-
сып алады. Ноғайлардың бір бөлігі батысқа қарай – Қырым хандығына
көшсе, бір бөлігі қазақ халқына келіп қосылады. Ал қалған бөлігі Еділ
қалмақтарының билеушілеріне салық төлеп тұруға мәжбүр болады. Жал-
пы, мемлекет ретінде Ноғай Ордасы XVII ғасырдың 30-жылдары тарихтан
өшеді.
Ноғай Ордасы таза этникалық құрылым емес болатын, ол әр түрлі эт нос-
тардың бөліктерін құраған саяси құрылым болды. Ноғай Ордасында өмір
сүрген көптеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуына қатынасады.
Достарыңызбен бөлісу: