Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет28/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

І
V
тарау
ШЫҒЫС ДЕШТІ-ҚЫПШАҚТАҒЫ 
ХІV-ХV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЭТНОСАЯСИ
ӨЗГЕРІСТЕР


IV тарау. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы XIV-XV ғасырлардағы этносаяси өзгерістер
67
жазады: «Әуел бастан-ақ Орда тұқымының қайсыбіреуінің Бату тұқымынан 
тараған хандарға барған кезі болған емес, өйткені олар бір-бірінен шалғай 
орналасқан, сонымен қатар өз ұлысының тәуелсіз патшалары болып табы-
лады. Бірақ оларды Батудың орынбасары кім болса соны өзінің патшасы әрі 
әміршісі санау әдеті болған және олардың есімдерін бұлар өз жарлықтары - 
ның жоғарғы жағына жазып отырады». Сондай-ақ Рашид ад-Дин Ұлыстың 
Жошы ұлысының сол қанаты екенін, Орда Ежен ұлысының сұлтандарын 
Жошының Ұдұр, Тұқатемір, Шингкур және Сингкум атты ұлдарының ұр-
пақтарымен бірге сол қанаттың сұлтандары деп аталатынын айтады. 
Іс жүзінде XIII ғасырдың ортасынан бастап Орда Ежен ұлысы дербес 
мемлекет болып, шығыс деректемелерінде ол Ақ Орда деп аталған. Оған 
билік жүргізгендер хан атағын иеленді. Кейбір зерттеушілер Орда Ежен 
ұлысын Алтын Орданың құрамдас бір бөлігі деп санайды. Ал жазба де-
рек мәліметтерінде Алтын Орда хандарының Ирандағы Хулағу әулетімен 
соғысып жатқан кездерінде, Ақ Орданың хандары Хулағу ұрпақтарымен 
дипломатиялық байланыста болып, елшілер алмасып отырғандығы туралы 
айтылады.
Орда Ежен ұлысының алғашқы ханы – Орда Ежен, ол өз ұлысында 
XIII ғасырдың ортасына дейін билік құрып, 1246-1251 жылдар аралығында 
қайтыс болады. Одан кейін билікке оның төртінші ұлы – Күнқыран отыра-
ды. Тақты иелену кезегі одан кейін Орда Еженнің үлкен ұлы Сартақтайдың 
тұңғышы – Қонышаға өтеді. Рашид ад-Дин оның билікте ұзақ отырғанын ха-
барлайды. Қонышаның үлкені Байан әкесінен соң хан болады. Байан ханның 
билігі тұсында Орда Ежен ұлысында алғаш рет тақ үшін күрестер бастала-
ды. Орда Еженнің жетінші әрі ең кіші ұлы Хулағудың немересі – Құблұқ 
үгедейлік Хайду мен шағатайлық Дуваның қолдауына сүйеніп таққа тала-
сады. Рашид ад-Дин Байан мен оның қарсыласы арасында 18 рет ұрыстың 
болғанын, оның ішінде 6 рет өзі тікелей ұрысқа қатысқанын айтады. «Жами 
ат-тауарих» авторының қысқа ғана баяндауына қарағанда Байан хан кезекті 
бір ұрыста Құбұлықтан жеңіліс тауып, амалсыздан Алтын Ордаға келеді. 
Осында қыстап шығып, көктемде құрылтайға қатысады да, Тоқтай ханнан 
әскери көмек сұрайды. Тоқтай хан болса Ноғайменен ұрысып жатқанын және 
Газан хан жағынан қауіптің зор екенін айтып, азар да безер болады. Бірақ 
ол Хайду мен Дуваға елшілік жіберіп, Құблұқты өзіне жіберуін талап етеді 
және Ұлыстың нақты билеушісі Байан екенін дәлелдейтін жарлық береді. 
1302/03 жылы Байан хан хулағулық Газан ханға елші аттандырып, одан 
әскери көмек сұрайды. Хайду болса хулағулық әскердің Байан хан әскеріне 
қосылуына мүмкіндік бергізбейді. Құблұқ өзіне көмекке келген Хайду мен 
Дуваның және Байаннан бөлініп кеткен әскерлермен қарсыласына соққы 
беріп Ұлыстың Байанға қарасты бір бөлігін басып алады. Дегенмен де 
Ұлыстың басым бөлігінде Байанның билігі сақталып қалынады. 
Ұзаққа созылған тақ үшін ұрыстар Ұлыстың әлеуметтік және экономика-
лық жағдайын қатты әлсіретіп жібереді. Рашид ад-Дин Ұлыс халқының 
күйзеліске түскенін және оның әскерінің бір бөлігі – атты, бір бөлігі – жаяу 
әскер болып қалғанын айтады да, одан әрі соған қарамастан Байанның әлі тақта 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
68
отырғанын, оның әскері өте ерлікпен күресіп жатқанын, оның елшілігін Газан 
ханның өте мол сыймен кері қайтарғанын жазады.
Осылайша, Орда Ежен ұлысы Жошы ұлысының бір әкімшілік бөлігі 
ретінде қалыптасып, көп ұзамай жеке мемлекет деңгейіне дейін көтеріледі. 
Ал XIII ғасырдың соңы мен XIV ғасырдың алғашқы жылдары әулет өкіл-
дері арасындағы тақ үшін күрестер Ұлысты қатты күйзелтіп жібереді де, ол 
екіге бөлініп кетеді.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау