117
§ 49. АЛАБОТА ТҰҚЫМДАСТАР
Жг
0,5
Ат
2-5
Ан
(2-5)
Бұл тұқымдасқа бүкiл Жер шарының шөл жəне
шөлейт аймақтарында, құмдарда жəне сортаң жерлерде
өсетiн қарапайым 1500 түрге қатысты ағаштар, бұталар,
көп жылдық, екi жылдық жəне бiр жылдық шөптер жа-
тады.
Бұл өсiмдiктер көбiнесе етжендi, суы мол болады.
Жа пы рақтары қарапайым, жанамажапырақсыз, кезек-
тесiп немесе қарама-қарсы орналасқан. Жапырағы өте
кiшiрейiп кеткен немесе түгелдей жойылып кеткен бо-
луы да мүмкiн. Гүлдерi майда, жасыл немесе түссiз,
тура немесе қисық, екi жынысты, кейде жеке жынысты,
масақтəрiздi немесе шашақтəрiздi гүлшоғырға орналасқан.
Гүлсерiгi жай, тостағантəрiздi, 5 жасыл немесе түссiз
пердетəрiздi жапырақшалардан құралған немесе гүлсерiгi
түгелдей жойылып кеткен. Аталығы 2–5. Аналығы 2–5
жемiсжапырағының қосылуынан пайда болған. Жемiсi
негiзiнен жаңғақша болып келедi.
Алабота тұқымдасының кең тараған өкiлдерiнiң бiрі –
кəдімгі қызылша (99-сурет).
Қызылша – қызылша туысына жататын екi жылдық
өсiмдiк. Ол тұқымнан шыққан бiрiншi жылы ұзын
сағақты iрi жапырақтардан құралған топжапырақ жəне
қоректiк зат тарға бай, жуандаған та-
мыр (тамыржемiс) түзедi. Екiншi
жы лы онда майда жапырақты,
бұтақ тары мол, ұшы гүлшоғырмен
аяқ талатын сабақ түзiледi. Ол ма-
мыр айында гүлдейдi. Гүлдерi май-
да. Гүлсерiгi жай, гүлтостағанша
тəрiздi, аталығы – 5-еу. Аналығы 3 же-
мiсжапырақтың қосылуынан пай да
болған. Қызылшаның жемiсi – жаң-
ғақша қыркүйекте пiседi.
99-сурет.
Кəдімгі қызылша
118
Өзбекстанда Алабота тұқымдасына жататын асжа пы-
рақ туысы ның 2 түрi өседi. Олардың бiрi – дəмдiк ас жа-
пы рақ, ол зирелi өсiмдiктер қатарында егiледi. Дəмдiк ас-
жа пы рақ – бiр жылдық өсімдік, са ба ғы мен жапырақтары
тамаққа қолданылады. Екiншi сi – Түркiстан асжапырағы.
Ол – бiр жылдық, екi үйлi арам шөп.
Құмды шөлдерде сексеуiл туысына жататын ақ жəне
қара сексеуiл өседi. Бұлардың екеуi де – онша iрi болмайтын
ағаштар. Сексеуiлдердiң жапырақтары өте майда болады.
Сек сеуiлдер наурыздың соңы – сəуiрдiң басынан өсе бастай-
ды жəне гүлдейдi. Қыркүйектiң екiншi жартысынан бастап
сексеуiл дердiң жемiстерi жетiледi. Жемiсiнiң өсу кезеңiнде 5
гүлсерiк жапырақшалардан қанат өсiп шығады (100-сурет).
Сексеуiл жапырақтарының өте майда, қабыршақ
түрінде болуы, бiр жылдық өркен дерiнiң бiр бөлiгi төгiлiп
кетуi – оның ыстық жəне құрғақ шөл жағдайында өсуге
бейiмделуiнiң белгiсi.
Сексеуiлдiң сабағы – қымбат бағалы отын, ал бiр
жылдық өркендерi мен жемiстерi шаруа малдары үшiн
азық есептеледi. Сексеуiлдердi көш пелi құмдарды
орнықтыруда кең қолданады.
Алабота тұқымдасының көптеген
түрлерi гипстi жəне сортаң шөл
жайылымдарындағы негiзгi шөптесiн
өсiм дiктер қатарына жатады. Мыса-
лы, терiскен, изен, соршөп туыстары-
на жататын өсiмдiктердi түйелер мен
қаракөл қойлары күзде сүйсiнiп жейдi.
Шеркездiң жапырағы мен жемiсiнен
алынатын дəрi медицинада қан
қысымын түсiру үшiн қолданылады.
Итсигектен алына тын улы зат – ана-
базин – ауыл ша руашылығына зиян
келтiретiн бу нақ денелiлерге қарсы
күресте қолда нылады (101-сурет).
101-сурет. Итсигек
100-сурет. Сексеуіл
119
1. Алабота тұқымдасы өкiлдерiнiң гүл құрылысы қандай?
2. Алабота тұқымдасына жататын өсiмдiктерді айт?
3. Қызылшаның гүлi мен жемiсiнiң құрылысы қандай?
4. Сексеуiл туралы не бiлесiң?
5. Алабота тұқымдасының ауыл шаруашылығында қандай
маңызы бар?
6. Алабота тұқымдасына жататын өсiмдiктердi бiлесiң бе?
Кеппешөпті пайдаланып, алабота мен көкпектiң құрылысын
салыстырып, қандай жағдайларда өсетiн анықта
.
§ 50. ҚҰЛҚАЙЫРГҮЛДIЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Тж
(3)+(5)
Кж
5
Ат
(∞)
Ан
(∞)
Бұл тұқымдасқа негiзiнен тропиктiк, жартылай қо-
ңыржай климаттық белдеулерде таралған 70 туысқа
қатысты 900 өсiмдiк түрi жатады.
Құлқайыргүлдiлерге негiзiнен шөптесiн өсiмдiктер,
жартылай бұталар жəне ағаштар жатады. Олардың та-
мыры – кiндiк тамыр жүйелi. Сабағы негiзiнен тiк. Жа-
пырақтары жай, ұзын сағақты, алақантəрiздi тамырлы,
тұтас немесе ойылған, көбiнесе алақантəрiздi қырқылған.
Гүл дерi – жапырақ қолтығында немесе бұтақ ұшында
гүлшоғырда бiреуден орналас қан, тура, екi жынысты.
Гүлсерiгi – күрделi. Тостағаншасы 5 тостағанжапырақтың
қосылуынан пайда болған. Көптеген өкiлдерiнде тос-
тағанша екi қабат болып келедi. Бұнда төменгi тостағанша
еркiн, бос күйдегi немесе қосылған жапырақшалардан
құралған. Күлтежапырақшалары – 5, еркін. Аталықтары
көп, оның жiпшелерi бiр-бiрiмен қосылып, аналықты
қоршап тұрады. Аналығы – бiреу. Жемiсi 3–5 үйлi көсек не-
месе бiр тұқымды өте көп жемiстерге бөлiнетiн топжемiс.
Құлқайыргүлдiлердiң көп тараған өкiлдерiнiң бiрi –
жербауыр түймегүл (102-сурет). Ол – түймегүл туы-
сына жататын, бойы 10–40 см болатын, бiр жылдық
арамшөп. Оны барлық суарылатын жерлерде, арықтардың
Достарыңызбен бөлісу: |