Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет40/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

137
§ 58. АСТЫҚ   ТҰҚЫМДАСТАР
Жг
(2)+2
  Аг
3,6
  Ан
1
Бұл  тұқымдасқа  Жер  шарындағы  құрлықтың  барлық 
бөлiгiне  таралған 10 000-ға  жуық  түрге  жататын  бiр 
жылдық,  екi  жылдық  жəне  көп  жылдық  шөптесiн 
өсiмдiктер жатады.
Астық  тұқымдастардың  тамыры – қосалқы  тамыр-
лар  жиынтығынан  құралған  шашақ  тамыр.  Сабағы 
цилиндр тəрiздi,  тiк  өседi,  буындарға  бөлiнген.  Астық 
тұқымдастарға жататын өсiмдiктердiң сабағы сабан сабақ 
деп аталады.
Жапырақтары жай, екi қатар болып, буындарда кезек-
тесiп  орналасқан.  Жапырағы  екi  бөлiмнен:  сабақты 
орап  алған  төменгi  бөлiмнен – жапырақ  қынынан  жəне 
қайырылған  қа йыс тəрiздi,  жұмыртқатəрiздi  немесе 
бiзтəрiздi пiшiндi жапырақ алақанынан тұрады. Жапырақ 
алақанының  астында  немесе  оның  қыннан  ажыралған 
жерiнде  кiш кентай,  жұқа,  пердетəрiздi  өсiндiсi  болады. 
Ол  тiлше  деп  аталады.  Тiлше  жаңбыр  кезiнде,  жапырақ 
қынының iшiне су кiруден сақтайды 
(142-сурет).
Гүлдерi  майда,  түссiз,  көгiлдiр 
түстi  масақшаларға орна ласқан. Ал 
масақшалары 1–10 немесе одан көп 
гүлдi  болады,  олар  күрделi  масақ, 
сыпыртқыгүл  сияқты  гүлшоғырға 
топтас қан.  Гүлдерi – екi  жынысты 
яки  бiр  жынысты.  Əрбiр  масақша 
астынан екi (астыңғы жəне үстiңгi) 
масақша  үлпегiмен  оралған.  Оның 
iшiнде  екi  гүл  үлпегiмен  оралған 
гүлдiң  негiзгi  бөлiгi – аталықтар 
мен  ана лық  орналасқан.  Гүл  үл-
пегiнiң  масақша  өзегiнен  шық қан 
еттiсі жəне үлке нiрегi –төменгi гүл 
142-сурет. Бидай: 
1 – жалпы көрінісі;
2 – буын; 3 – жапырақ 
қыны; 4 – тілше; 
5 – тілше тізбегі;
6 – гүлі; 7 – жемісі.
1
2
3
5
4
7
6


138
үлпегi,  оның  қарама-қарсысынан 
гүлсағағынан  шыққан,  кiшiрек, 
нəзiк  те  жұмсағын  үстiңгi  гүл 
үлпегi  деп  атайды.  Аталықтары 
көп шiлiгiнде 3, кейде 2 немесе 
6.  Аналығы – бiреу,  тұмсықшасы 
2–3,  қауыр сынтəрiздi  бұтақтанған. 
Жемiсi құрғақ, бiр тұқымды дəнек.
Адырлардан 
жоғары 
жəне 
таудың  ор  та бөлiгiндегi беткейлер-
де бойы 50–150 см келетiн пиязшық 
арпа  өседi.  Оны  қара  бидай,  так-
так, тауарпа деп те атайды.
Өзбекстанда тұқымдастың таб-
и ғи  түр де  өсетiн  так-так,  құмай,  қоңырбас,  ажырық, 
қамыс сияқты түрлерi өседi.
Өзбекстанда құмай деп аталатын арамшөптi бiл мей-
тiн  адам  жоқ.  Құ май  –  жүгерi  туысына  жататын,  бойы 
50–150 см келетiн тамырсабақты көп жыл дық шөп.
Көпшiлiкке  таныс  арамшөптердiң  бiрi – шайыр 
ажырық.  Шайыр  ажырық – ұзын  жəне  молбұтақты, 
тамырсабақты көп жылдық шөптесiн өсiмдiк.
Шексiз  шөлдер  мен  адырлардағы  қаракөлшiлiк  жай-
лауларында өсетiн жемшөп өсiмдiктердiң бiрi – қоңырбас 
туысына жататын өсiмдiктер.
Азық-түлiктiң негiзгi көздерiнiң бiрi жəне ежелгi дəуiр-
ден берi егiлiп келе жатқан өсiмдiк – бидай, салы, жүгерi 
жəне ақжүгерi де астық тұқымдасына жатады (143-сурет).
Астық  тұқымдасының 2 түрi  ғана  Өзбекстан  Респуб-
ликасының «Қызыл кiтабына» енгiзiлген.
1. Астық тұқымдасына тəн негiзгi белгiлер қайсылар? 
2. Бидайдың тамыры қандай тамырға жатады?
3. Бидайдың сабағы мен жапырағы қалай түзілген?
4.  Астық  тұқымдасына  жататын  қандай  жабайы  жəне 
мəдени өсімдік терді білесің?
143-сурет. Жүгері:
1 – жалпы көрінісі; 
2 – сыпыртқы топгүлі;
3 – сотасы; 4 – аналық 
гүлі; 5 – аталық гүлі;
6 – жемісі.
1
2
5
4
6
3


139
7-зертханалық жаттығу
Өсімдіктердің құрылысындағы кластық жəне
тұқымдастық белгілерді анықтау
1.  Даражарнақты  жəне  қосжарнақты  өсімдіктердің  кеппешөп-
тері мен тірі өсімдіктер үлгілерін бақылаңдар.
2.  Үлгілері  келтірілген  өсімдіктердің  өмірлік  пішіні,  тамыр  жү-
йесінің түрі, өркені, жапырағының тамырлану түрі мен өркенде орна-
ласуы, гүлі мен гүлшоғыры, жемісінің түрі секілді белгілерін анықтап, 
гүлінің формуласын жазыңдар жəне гүлдің диаграммасын сызыңдар.
3. Анықталған белгілер негізінде өсімдіктерді даражарнақты жəне 
қосжарнақты өсімдіктер кластарына бөліңдер.
4. Өсімдіктердегі дара жəне қосжарнақты өсімдіктер кластарына 
бөлуге мүмкіндік беретін белгілерін анықтаңдар.
5. Өсімдіктердің қай тұқымдасқа жататынын көрсететін белгілерін 
анықтаңдар.
6. Төмендегі кестені толтырыңдар.
Өсімдік
аты
Класы
Тұқым-
дасы
Тамыр 
жүйесі
Жапырақ 
тамырлануы
Гүл фор-
муласы
Гүл 
шоғыры
Жеміс
түрі
§ 59.  ЖЕР    БЕТIНДЕ   ӨСIМДIКТЕР
ДҮНИЕСIНIҢ   ДАМУЫ
Ғалымдардың  анықтауынша,  бұдан  үш  жарым  мил-
ли ард жыл бұрын Жер бетiнiң өте көп бөлiгi су астында 
болған. Мiне, осы су iшiнде бiрiншi болып, ең қарапайым 
тiрi  заттар  түзілген.  Олардан  ерте дегi  бiр  жасушалы 
ағзалар  түзілген.  Олардың  кейбiреулерi  түссiз,  қазiргi 
бактерияларға  ұқсап  кеткен.  Ал  кейбiреулерiнде  уақыт 
өте  келе  хлорофилл  пайда  болып,  қа зiргi  бiр  жасушалы 
балдырларға  ұқсап  қалған.  Тiршiлiктiң  негiзгi  заңына 
сəйкес олар бiрте-бiрте күрделенiп, бiр жасушалы балдыр-
лардан көп жасушалы балдырларға айналған. Бұдан 570–
510  миллион  жыл  бұрын  Жерде  балдырлардың  қаулап 
өсiп, басымдылық жасаған кезеңi болған (144–145-сурет-
тер).


140
Теңiз  шегінген  сайын  балдырлардың  көпшiлiгi  құр -
лыққа  шығып  қалған.  Кейбiр  балдырлар  теңiздiң  саяз-
данған  жерлерiнде,  бiрте-бiрте  теңiз  жағасындағы  ыл-
ғалды  жерлерде  тiршiлiк  етуге  бейiмделе  бастаған. 
Олар  судан  құрлыққа  шыққан  алғашқы  құрлық  өсiм-
дiктерi саналады. Бұған мысал етiп, 1859 жылы Канада-
дан  табылған  псилофитті, 1912 жылы  Шотландия-
дан  табылған  ринияны, 1937 жылы  Ұлыбританиядан 
табылған куксония ларды айтуға болады. Оларда тамыр 
жəне жапырақ болмаған, бұтақтанған сабақ жəне бұтақ-
тардың  ұшында  спорангийлерi  болған.  Олардың  бойы 
50–70 см, ал сабағының жуандығы 5–10 см-ге жеткен.
Бұл  өсiмдiктер  бiр неше  миллиондаған  жылдар  бойы 
құрлықта өсуге бейiмделiп келген. Бiрте-бiрте оларда та-
мырлар мен жапырақтар пайда болған.
Бұдан 400–230 миллион жылдай бұрын құрлыққа шық-
қан алғаш қы өсiмдiктерден мүк тер мен қырық құлақтəрiз-
дiлер  пайда  болған.  Бұл  дəуiрде  қырыққұлақтардың 
өсуі  мен  дамуына  қолайлы  жағдай  туып,  бойы 25–30 м, 
жуандығы 1–1,5 м келетiн ағаштəрiздi қырықбуындар мен 
ағаштəрiздi қырыққұлақтар пайда болған. Сол дəуiрдiң 
соңдарында  қырыққұлақтардың  тұқым  түзетiн  өкiлдерi 
қалыптасқан.
Бұдан 200 миллион  жылдай  бұрын  тұқымды  қырық-
құлақтардан жалаңаштұқымды өсiмдiктер пайда болған.
Жаңа, күрделi тiршiлiк жағдайы қырыққұлақтəрiздiлер-
ге  қолайсыз  болып,  олардың  кейбiреулерi  жойыла  бас-
144-сурет. Риниялар мен псило-
фиттер – алғашқы өсімдіктер
145-сурет. Алғашқы қырыққұ-
лақтар жəне қырықбуындар


141
тайды.  Бiздiң  заманымызға  дейiн  олардың  көп  жылдық 
шөптесiн  өсiмдiк  түрiндегiлерi  ғана  жетiп  келген. 
Олардың  көпшiлiгi,  əсiресе  ағаш  пен  бұта  түрiндегiлерi 
жойылып  кеткен.  Олардың  қалдықтарын  тек  қазба  кү-
йiнде  кездестiруге  болады.  Қырық құлақ тəрiздiлердiң 
орнын  бiрте-бiрте  құрғақ  климатқа  жақсы  бейiмделген 
жалаңаштұқымды өсiмдiктер иелене бастаған.
Бұдан 140 миллион  жылдай  бұрын  тұқымды  қы-
рыққұлақтардың  осы  дəуiрге  дейiн  сақталып  келген 
өкiлдерiнен жабықтұқымды өсiмдiктер пайда болған.
Климаттың құрғақшылыққа айналуы себепті тұқымды 
қырыққұлақтардың  қалған  өкiлдерi  жəне  олармен  бiрге 
ертедегi  жалаңаштұқымды  өсiмдiктер  де  бiрте-бiрте 
жойы ла  бастаған.  Жалаңаштұқымды  өсiмдiктердiң  бiзге 
дейiн  жетiп  келген  қарағай,  қарақарағай,  арша  сияқты 
өкiлдерi ылғалдылық көбірек түсетiн солтүстiктегi орман 
зонасында жəне биiк тауларда сақталып қалған.
Əсiресе Бор дəуiрінен бері жабықтұқымды өсiм дiктер 
өте тез көбейiп, Жер бетiн иелей бастаған.
1. Алғашқы өсiмдiктер қашан жəне қандай жағдайда пайда 
болған?
2.  Сен  танысып  шыққан  өсiмдiк  топтарының  қайсысы  ең 
ежелгi болып есептеледi?
3.  Ер тедегi  балдырлар  қандай  себептермен  құрлыққа өсуге 
бейiмделген?
4. Жалаңаштұқымды  жəне  жа бықтұ қымды  өсiмдiктер 
қашан,  қайсы  өсiмдiктерден  жəне  қандай  себептердiң 
əсерiнен келiп шыққан?
5. Жабықтұқымды өсiмдiктер қай дəуiрде, қай жерде пайда 
болған?
6. Орталық Азия өсiмдiктерiнiң келiп шы ғуы туралы қандай 
пiкiрлер бар?
Өсiп  тұрған  өсімдікті  немесе  сақталған  кеппешөптi  пай-
даланып,  қырықбуынды  арша  мен  итмұрынды  салыстыр, 
олардағы  ұқсас тықтар  мен  айырмашылықтарды  анықтап, 
қорытынды шығар. Нəтижелердi дəп терiңе жазып ал.


142
М А З М Ұ Н Ы
Сөз басы ................................................................................................... 3
І тарау. Өсімдіктер дүниесімен жалпы танысу
§1. Ботаника – өсімдіктер жайындағы ғылым ..................................... 4
§2. Гүлді өсімдіктермен жалпы танысу ................................................ 7
§3. Өсімдіктердің тіршілік пішіндері .................................................... 9
ІІ тарау. Жасуша – тіршіліктің негізі
§4. Өсімдік жасушасының құрылысы ................................................. 12
§5. Жасушалардың тіршілік қызметі .................................................. 15
§6. Өсімдік ұлпалары ............................................................................ 18
ІІІ тарау. Өсімдіктердің вегетативтік жəне
генеративтік мүшелері
§7. Тамыр түрлері мен жүйелері ......................................................... 21
§8. Тамырдың сыртқы жəне ішкі құрылысы ...................................... 23
§9. Пішіні өзгерген тамырлар .............................................................. 26
§10. Өркен .............................................................................................. 27
§11. Сабақтардың алуан түрлілігі ........................................................ 28
§12. Бүршік ............................................................................................ 30
§13. Сабақтың ішкі құрылысы ............................................................. 31
§14. Сабақ жүйесінің қалыптасуы ....................................................... 34
§15. Жапырақтың сыртқы құрылысы ................................................. 36
§16. Жай жəне күрделі жапырақтар .................................................... 38
§17. Жапырақтардың өркенде орналасуы .......................................... 40
§18. Жапырақтың ішкі құрылысы ....................................................... 41
§19. Пішіні өзгерген өркендер ............................................................. 43
§20. Гүл – өсімдіктердің генеративтік көбею мүшесі ....................... 46
§21. Гүлдердің алуан түрлілігі ............................................................. 50
§22. Гүлшоғырлар ................................................................................. 52
§23. Жемістер ........................................................................................ 55
§24. Тұқым ............................................................................................. 58


143
ІV тарау. Өсімдіктердің тіршілік қызметі
§25. Өсімдіктердің минералды қоректенуі.
        Тамыр қысымы. Тыңайтқыштар ................................................. .61
§26. Қоректік заттардың сабақ бойымен қозғалуы ........................... .63
§27. Жапырақта органикалық заттардың түзілуі ............................... 65
§28. Өсімдіктердің тыныс алуы мен қоректенуі.
        Өсімдіктердегі зат алмасу ........................................................... .68
§29. Өсімдіктердің суды буландыруы ................................................ 70
§30. Күзге қорай өсімдіктер өмірінде пайда болатын өзгерістер ..... 73
§31. Өсімдіктердің көбеюі .................................................................. .75
§32. Гүлдердің тозаңдануы .................................................................. 79
§33. Гүлді өсімдіктердің жыныстық көбеюі. Ұрықтану .................. .81
§34. Жемістер мен тұқымдардың таралуы ........................................ .83
§35. Тұқымның өнуі .............................................................................. 85
§36. Өсімдік – біртұтас ағза ................................................................ .87
§37. Өсімдіктер дүниесіне экологиялық себепшарттардың əсері .... 89
V тарау. Өсімдіктер систематикасы
§38. Өсімдіктер систематикасы туралы ұғым .................................... 92
§39. Балдырлар. Бір жасушалы жасыл балдырлар ........................... .94
§40. Көпжасушалы жасыл балдырлар ................................................ .97
§41. Қоңыр жəне қызыл балдырлар бөлімдері ................................... 99
§42. Мүктер бөлімі ............................................................................. .100
§43. Қырықбуындар бөлімі ................................................................ 103
§44. Қырыққұлақтар бөлімі ............................................................... .105
§45. Жалаңаш тұқымды өсімдіктер бөлімі. Арша ........................... 107
§46. Жабық тұқымды өсімдіктер туралы мəліметтер ..................... .110
§47. Раушангүл тұқымдастар ..............................................................112
§48. Орамжапырақтəрізділер тұқымдасы ......................................... 115
§49. Алабота тұқымдастар ................................................................. 117
§50. Құлқайыргүлділер тұқымдасы .................................................. .119
§51. Бұршақ тұқымдастар ................................................................. .121
§52. Алқа тұқымдастар ....................................................................... 124
§53. Жүзім тұқымдастар ..................................................................... 126
§54. Асқабақ тұқымдастар ................................................................ .128
§55. Күрделігүлділер (бақбақ) тұқымдасы ...................................... .129
§56. Лалагүл тұқымдастар ................................................................. .133
§57. Пияз (жуа) тұқымдастар ............................................................. 135
§58. Астық тұқымдастар .................................................................... 137
§59. Жер бетінде өсімдіктер дүниесінің дамуы .............................. .139


Пайдалануға  берiлген  оқулықтың
жағдайын  көрсететiн  кесте

Оқушының 
аты,
фамилиясы
Оқу
жылы
Оқулықтың 
пайдалануға 
берілгендегі
жағдайы
Сынып 
жетек-
шісінің 
қолы
Оқулық-
тың тапсы-
рылғандағы 
жағдайы
Сынып 
жетек-
шісінің 
қолы
1
2
3
4
5
6
Пайдалануға  берiлген  оқулық  оқу  жылы  аяқталғанда 
қайта  тапсырылады. Жоғарыдағы кестенi сынып жетек шiсi 
төмендегi бағалау өлшемдерi негiзiнде толтырады:
Жаңа
Оқулықтың алғаш рет пайдалануға берілгендегі жағдайы
Жақсы
Мұқаба  бүтін,  оқулықтың  негізгі  бөлігінен  ажы-
рамаған.  Барлық  парақтары  бар,  жыртылмаған,  беттері 
шимайланбаған.
Орташа
Мұқаба  езілген,  аздап  шимайланған,  оқулықтың  не-
гізгі  бөлігінен  ажыраған  жерлері  бар.  Пайдаланушы 
қанағаттанарлық жөндеген.
Нашар
Мұқаба  былғанған,  сызылған,  жыртылған,  негізгі  бө-
лігінен  ажыраған  немесе  мүлдем  жоқ,  нашар  жөн-
делген. Беттері жыртылған, парақтары жетіспейді, əбден 
шимайланған. Оқулық қалпына келтіруге жарамайды.

жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау