Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет37/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

127
Вегетативтiк 
жолмен 
көбейтiледi. 
Жапырағы  қорапайым  ұзын  са ғақты, 
ала қантəрiздi.  Гүлдерi  майда,  екi  жы-
нысты,  əдетте  шоқ  (бас)  деп  аталатын 
күрделi гүлшоғырға орналасады.
Мəдени  жүзiм  гүлiнiң  құры лысы 
осы  тұқымдасқа  тəн  гүл  құрылысына 
ұқсайды, бiрақ бұн да 5 күлтежапырақша 
бiр-бiрiне  қосылған  болады,  олар 
аналық пен аталықтар үстiнен қалпаққа 
ұқсап  қаптап  тұрады  да,  гүлі  ашылар 
кезде түсiп кетедi.
Өзбекстанда 
жүзiмнiң 500-ге 
жуық  сұрыптары  (нави)өсiрiледi.  Олардың  кишмиш, 
каттақорған,  дарои,  буваки,  хилоли,  қыр мызы,  хусай-
ни, сохиби, ризамат, тоифи, чарос, сояки, шiлдекi деп 
аталатын сұрыптары кең тараған (119-сурет).
Өзбекстан  Республикасы  Ғы лым  академиясының 
құрметтi  академигi,  халық  селекционерi  Ризамат  ата
Мусамухамедов (1881–1979) Өзбекстанда  жүзiм  шаруа-
шы лығын дамытуға үлкен үлес қосқан.
Жазғы  асханалар  мен  шайханалардың,  дала  қостары 
мен  аулалардың  алдына  жабайы  жүзiм  атымен  əйгiлi 
болған  сəндiк  өсiм дiк – бесжапырақты  партеноциссус 
егiледi.  Бұл –пар те ноциссус  туысына  жататын  сабағы 
жiңiшке,  ұзын  мұрт шаларымен  өрмелеп  тiк 10–15(20) 
метрге дейiн кө те рiле алатын, жапырақтары саусақтəрiздi 
күрделi  өсiмдiк.  Гүлiнiң  жəне  же мiсiнiң  құрылысы  жү-
зiмдiкiне ұқсайды. Отаны – Солтүстiк Америка.
Республикамыздың  оңтүстiк  ау дандарындағы  тау-
лардың  жартасты  жəне  тасты  баурайларында  терекжа-
пырақты  лифток  өседi.  Бұл – лифток  туы сына  тиесiлi 
жатып өсетiн бұта. Жапырақтары бүтiн, шетi iрi тiстi. Гүлi 
жүзiмдiкiне  ұқсас.  Жемiсi  қора,  майда,  жидек  жемiстi, 
жеу ге жарамайды.
119-сурет. 
Мəдени жүзім:
1 – сабағы; 
2 – гүлшоғыр; 
3 – аталықтары; 
4 – аналық; 
5 – жемісі.
1
5
2
3
4


128
Өзбекстанда жүзiм табиғи түрде де өседi. Ол Өз бекстан 
Республикасының «Қызыл кiтабына» енгiзiлген.
1. Жүзiмнiң гүлi қалай түзiлген,жемiсi қай жемiске жатады?
3. Жүзiмнiң қандай сұрыптарын бiлесiңдер?
4.  Өзбекстанда  жүзiм  шаруашылығын  дамытуға  Ризамат 
ата ның қос қан үлесі қандай?
5. Жүзiмнiң халық шаруашылығында қандай маңызы бар?
§ 54.  АСҚАБАҚ   ТҰҚЫМДАСТАР
Тж
(5)
Кж
(5)
Ат
(2)+(2)+1
Ан
0
;  Тж
(5)
Кж
(5)
Ат
(0)
Ан
(3)
Жер  жүзiнде  осы  тұқымдасқа  жататын 800-ге  жуық 
өсiмдiк түрі өседi.
Асқабақ  тұқымдастарға  негiзiнен  бiр  жылдық  жəне 
көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер жатады. Олардың сабағы 
(пəлегi) өрмелеп немесе мұртшалармен шырмалып өседi. 
Гүлдерi  түзу,  дара  жынысты,  бунақденелiлердiң  көмегi-
мен  тозаңданады.  Гүлсерiгi  күрделi,  тостағаншасы 5, 
күлтесi  де   5 ,  күлтежапырақтың  қосылуынан  пайда  бол-
ған.  Аталықтары – 5-еу,  олардың 4-еуi 2-ден  жұп  болып 
қо сылған, 1-еуi бос. Аналығы біреу, 3 тұқымжапырақтың 
қосылуынан пайда болған.
Асқабақ  тұқымдастарға  жататын  өсiмдiктердiң  гүлдерi 
даражы нысты болғандықтан олардың аталық жəне аналық 
гүл дерi нiң жеке-жеке формуласы мен диаграммасы болады.
Асқабақ  тұқымдастардың  жемiсi  етжендi,  сулы, 
жалған жемiстi болады (120-сурет).
Асқабақ – қабақ  туысына  жататын  бiр 
жылдық  бақша  өсiмдiгі.  Сабағы  цилиндр-
тəрiздi, жұмсақ түктермен қапталған, өрмелеп 
немесе мұртшалары арқылы шырмалып өседi. 
Жапырақтары iрi, бүйректəрiздi, жүйкесi 5–7-
ге бөлiнген. Оның аталық жəне аналық гүлдерi 
бiр түпте жетiледi. Гүлдерi сары түстi. Аталық 
гүлдерi iрi  болады,  олар  аналық  гүлдерден 
бұрын  ашылады,  аталықтары – 5-еу.  Аналық 
гүлдерде 3 ауызды бiр аналық бар.
120-сурет.
Асқабақ


129
Асқабақтың   жемiсi  
iрi,   жалған  же мiс.  Жемiстiң 
сыртқы қабаты қатты, ал  iшкi  қабаты  шырынды жəне ет-
жендi. Тұқымында 50%-ға дейiн май бар.
Асқабақ  тұқымдастарға  жататын  итқауын  егiндiктер 
арасында арамшөп ретiнде  кездеседi (121-сурет).
Республикамызда  кең  көлемде  егi летiн  тəттi  шы-
рынды  қауын-қарбыздар  мен  қияр,  алуан  пiшiндегi 
ыдысқабақтар,  қазанжуғыштар  да  асқабақ  тұқым-
дастарға жатады (122–123-суреттер).
1. Асқабақ тұқымдастарға тəн белгiлер қандай?
2. Асқабақ өсiмдiгiнiң құрылысын түсiндiр.
3.  Асқабақтағы  аталық  пен  аналық  гүлдердiң  бiр-бiрiнен 
қандай айырмашылығы бар?
4. Асқабақ тұқымдастарға жататын қандай жабайы жəне мə-
дени өсiмдiктердi бi лесiңдер?
5. Асқабақ тұқымдасына жататын өсiм дiктердiң халық ша-
руашылығындағы маңызы қандай?
Ашық  жерде  немесе  жылыжайда  өсiрiлетiн  қиярдың  гүлi 
мен  жемiсiн  алып,  олардың  құрылысын  көрiп  шық  жəне 
суретiн сал.
§ 55. КҮРДЕЛIГҮЛДІЛЕР   (БАҚБАҚ)
ТҰҚЫМДАСЫ
Тж
5
  Кж
(5)
  Ат
5
  Ан
2
Күрделiгүлдiлер тұқымдасы гүлдi өсiмдiктер iшiндегi 
ең  үлкенi  есептеледi.  Ол  барлық  континенттерде  жəне 
алуан түрлi экологиялық жағдайларда өсетiн 920 туысқа 
жататын 19000 түрдi қамтиды. 
Күрделiгүлдiлер  тұқымдасының  көп  түрлерi  бiр 
жылдық жəне көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер, олардың 
122-сурет. 
Ыдыс-қабақ
123-сурет. 
Қазанжуғыш
121-сурет.
Итқауын
9 – Биология, 6-сынып


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау