Оқулық Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен


 Мүктерге тəн қандай белгiлердi бiлесiң? 2



жүктеу 3,36 Kb.
Pdf просмотр
бет30/40
Дата08.03.2018
өлшемі3,36 Kb.
#11996
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40

103
1. Мүктерге тəн қандай белгiлердi бiлесiң?
2. Фунария мүгiнiң құрылысы қандай?
3. Фунарияның жыныстық буыны деп ненi айтады?
4. Жыныссыз буын деп ненi айтады?
5. Фунарияның балдырдан қандай айырмашылығы бар?
1. Фунария өсетiн жерлердi анықта.
2. Фунарияның сырт қы құрылысын зертте (лупаның көме-
гiмен). 3. Фу нария дан кеппешөп даярла.
§ 43. ҚЫРЫҚБУЫНДАР   БӨЛIМI
Жер  бетiнде  қырықбуындардың 30-дан  артық  түрi 
өседi. Өзбекстанда қырықбуындардың бiр туысына жа-
татын 2 түрi  кездеседi.  Қырықбуындар – көп  жылдық 
өсiмдiк, ве гетативтiк жəне жыныстық жолмен көбейедi.
Дала  қырықбуыны – тамырсабақты көп жылдық шөп-
тер,  олар  өзендердiң,  каналдар  мен  арықтардың  жаға-
сындағы ылғалды жерлерде, бұлақтардың маңын да, кей-
де  суғарылатын  егiн дердiң  арасындағы  арам  шөптер мен 
қатар  өседi.  Оның  сабағы,  бұтақтары  сан  қырлы  жəне 
буындарға бөлiнген. Сондықтан да оны қырықбуын деп 
атайды. Буын аралықтарының iшi қуыс. Оның бұтақтары 
тек  қана  сабақ  буындарынан  шығады  жəне  буындарға 
сақина  түзiп  орналасады.  Қырықбуынның  жапырақтары 
жiңiшке, майда теңгешелерге ұқсаған болады, ол сабағы 
мен бұтақтардағы буындарда сақина түзiп орналасқан.
Ерте  көктемде  дала  қырықбуынының  тамыр  саба-
ғындағы бүршiктерден сабақ өсiп шығады. Бұл сабақтар 
қоңыр  түстi,  бұтақтанбаған  болады,  олардың  ұшында 
бiр  спора  түзетiн  масақ  жетiледi.  Оларда  спорофиллдер 
(пішіні өзгерген жапырақ) сақина тəрізденіп орналасады. 
Спорофиллдердің астыңғы жағында 6-8 спорангий бола-
ды. Бұл спорангийде споралар жетіледі (87-сурет).
Спора  беретiн  масақтарда  жетiлген  споралар  сыртқа 
шық қан судың немесе жел дiң көмегiмен таралады. Өсу үшiн 
қолайлы  жағдайда  түскен  споралардың  кей бi реулерiнен 
аталық  гаметофит  (өсiндi),  ал  кейбi реулерiнен  аналық 


104
гаметофит  өнiп  шығады.  Аталық  гамето-
фит  шағын,  шет терi  бөлiнген.  Ондағы  антеридийде  көп 
талшықты сперматозоид жетiледi. Ал аналық гаметофит 
аталық гаметофиттен бiраз үлкен болады, ондағы архего-
ний iшiнде жұмыртқа жасуша пайда болады.
Сперматозоидтың  жұмыртқа  жасушасына  келiп  қо-
сылуы (ұрықтануы) қырықбуындарда тек суда ғана жүзеге 
асады.  Ұрықтанған  жұмыртқа  жасушадан  пайда  болған 
өскiн жаңа өсiмдiк – спорофиттi құрайды.
Жаз  айларының  бастарында  дала  қырықбуынының 
тамырсабағынан жазғы – вегетативтік өркен өсiп шы-
ғады.  Бұл  сабақ  нəзiк,  жасыл  жəне  бұтақтанған  болады. 
Олар фотосинтез үдерісiнде органикалық заттардың пай-
да болуына қатысады.
Қырықбуындар  споралары  арқылы  ғана  көбейiп  қой-
май, басқа тамырсабақтары арқылы, вегетативтiк жолмен 
де көбейедi.
Өзбекстанда қырықбуынның молбұтақты қы рық буын 
деп  аталатын  екiншi  түрi  де  өседi.  Бұл  түр  дала  қырық-
буынынан көктемгi сабағының жоқ тығы, спора түзетiн ма-
сақтары бұтақты сабақтар ұшында пайда болуы жағынан 
айырмашылығы  бар.  Қырықбуындар – бағалы  дəрiлiк 
өсiм дiк. Са бағы мен бұтақтарынан дайындалған қай натпа 
тұндыр масы зəр айдайтын дəрi ретiнде пайдаланылады.
1. Қырықбуындардың құрылысы қандай жəне қалай көбейедi?
2. Споралар қай жерде жəне қалай жетiледi?
3. Вегетативтiк сабақтардың маңызы туралы айт.
4. Қырықбуындардың шаруашылықтағы маңызы қандай?
Табиғаттан көктемгi жəне жазғы дала қырықбуыны сабақ-
тарын тауып салыстыр жəне олардан кеппешөп дайында.
87-сурет. Дала қырықбуыны:
A – көктемгі өркені. Ə – жазғы сабағы. 
1 – тамыры; 2 – тамырсабақ; 3 – бұтақтары; 
4 – спора беретін масақ; 5 – буындар; 
6 – жапырақтары. 
A
B
1
2
6
3
6
5
4


105
§ 44. ҚЫРЫҚҚҰЛАҚТАР   БӨЛIМI
Жер  бетiнде  қырыққұлақтардың 10 000-ға  жуық  түрi 
бар.  Қырыққұлақтарға  негiзiнен  тамырсабақты  жақсы 
дамыған көп жылдық шөптер жатады. Тек қана тропиктiк 
жəне субтропиктiк аймақтарда ғана олардың ағаштəрiздi 
өкiлдерi кездеседi.
Жер бетiне қырыққұлақтардың бiр топ қауырсынтəрiздi 
қырқылған ұзын жапырақтары өсiп шығады. Жас жапы-
рақтардың ұшы тегiстелiп оралған, ол жапырақ өскен сай-
ын жазыла түседi.
Қырыққұлақтар  өсуi  жағынан  қырықбуындарға  ұқ-
са ғанымен,  жапырағының  iрiлiгi  мен  спора  түзетiн  ма-
сақтарының болмауы жағынан олардан айырмашылығы  бар. 
Қырыққұлақтардың  споралары  жапырақтарының  төменгi 
жағында немесе шетiнде орналасқан қоңыр түстi бұдырдың 
(сорустар) iшiне орналасқан споран гийлерде жетiледi.
Қырыққұлақтардың  көбеюi  де  дəл  қырықбуындарды-
кiне ұқсас, жыныссыз жəне жынысты буындардың кезек-
те суiмен  жүзеге  асады.  Сорустардағы  спорангийлердiң 
iшiнде  пiсiп  жетiлген  споралар  спо рангий дiң  қабығы 
жарылған соң сыртқа (ауаға) шығады жəне желдiң немесе 
судың кө мегiмен таралады.
Ылғал  топыраққа  түскен  спорадан  гаметофит  өсiп 
шығады.  Қырыққұлақтардың  гаметофитi  бойы 1 см  ке-
летiн, жүрек пiшiнiндес, жұқа жасыл пластинкаға ұқсайды 
жəне  төменгi  бөлiгiндегi  ризоидтармен  топыраққа  жабы-
сып тұрады. Бiрақ ол ұзақ жасамайды. Гаметафитте пайда 
болған антеридийлерде көп талшықты қозғалғыш сперма-
тозоидтар, ал архегонийлерде жұ мыртқа жасуша жетiледi. 
Жаңбыр  кезiнде  антеридий  мен  архегоний  ұшынан  ашы-
лады  жəне  антеридийден  шыққан  сперматозоидтар 
архегонийлердiң iшiне кiрiп, тұқым жасушамен қосылады. 
Ұрықтанған жұмыртқа жасушадан өскін пайда болады. Ол 
өсiп, жаңа қырыққұлақты – спорофиттi түзедi (88-сурет).


жүктеу 3,36 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау